Текстік құжатты құру.
Тестік редакторлар жазу машинкаларына қарағанда тексті көркемдеудің көптеген мүмкіндіктеріне ие. Ішкі тақырыптарды, абзацтарды, жолдар арасындағы үлкейтілген аралықтарды, шрифт түрлерін, астын сызуды т.б. қолдану текст мазмұнының әсерлілігін арттырады. Дегенмен бір құжатта әр түрлі гарнитур шрифтерін көп қолданбаған дұрыс, себебі ол текст мазмұнын қабылдауды қиындатады. Бір мезгілде 2-3 шрифтен артық қолданбаған жөн. Мәтіндегі маңызды бөліктерді көрсету үшін әр түрлі түстерді қолдануға болады. Егер текст ақ-қара принтерде шығарылатын болса, кейбір түстер баспаға шығару кезінде қоңыр түс беріп, текстті оқуды қиындататынын есте ұстау керек. Тексті бөлу үшін рамкаларды қолдануға болады. MS Word құжат құрумен бір мезгілде орфографиялық тексеруді жүзеге асырады және қате терiлген сөздер болса, таныс емес сөздердің астын толқынды қызыл сызықпен сызып шығады. Грамматикалық тексеру дұрыс қойылмаған тыныс белгілерін, сөздердегі үйлесімсіздік және басқа қателерді анықтайды.
Тексті теру.
Тексті енгізудің екі режимі бар - қою және ауыстыру. Режимдерді ауыстырып қосу Insert пернесінің көмегімен жүзеге асырылады. Backspase пернесі курсордың сол жағындағы қате символды өшіреді, ал Delete пернесі курсор тұрған позициядағы символды өшіреді, оң жақтағы қалған символдар солға жылжиды. Енгізілетін символ қою режимінде автоматты түрде жолды жылжытады немесе ауыстыру режимінде символды алмастырады. Ағымдағы жолдың соңына жеткен кезде курсор автоматты түрде жаңа жолға көшеді. Enter пернесі абзацтың соңына жеткен кезде басылады.
Текстік құжатты редакциялаудың базалық функциялары
Редакциялаудың негізгі операцияларына келесі әрекеттер жатады:
Текст фрагментін қосу;
Текст фрагментін жою;
Текст фрагментін жылжыту;
Текст фрагментін көшіру;
Іздеу және контекстік ауыстыру.
Фрагментті қолданушы көрсеткен текстің бір бөлігі деп түсінеміз. Ерекшелеу тышқанның немесе клавиатураның көмегімен жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. MS Word
2. Word редакторының мүмкіндіктері:
3. Текстік құжатты құру.
4. Тексті теру.
5. Текстік құжатты редакциялаудың базалық функциялары
6. Құжат терезесінің элементтерін ата және сипатта
5 тарау. Компьютерлік графика
Тақырып 5.1 Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.
Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.
Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.
Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.
Компьютерлік графиканың түрлері
Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.
Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады. Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан). Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады). Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады. Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.
Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.
Бақылау сұрақтары:
1. Компьютерлік графика
2.Растрлық графика
3.пиксельдер
4.Векторлық кескіндер
5.Фракталды графика
Тақырып 5.4 Анимация, мультипликация. Дыбыстық эффектілер.
Анимация қозғалмайтын, өлі объектіден қозғалыс иллюзиясын құратын технология.
ЕҢ көп тараған түрі- мультипликация, салынған суреттердің сериясынан тұрады. Барлық келесі суреттерде фигура әр түрлі қозғалыста болады. Суреттің бөліктері кадрлап фотоға түсіріледі, одан кейін экранға проектіленеді. Дыбысты анимацияда секундына 24 кадр, ал дыбыссызында секундына 16 кадр. Анимацияның мақсаты-шынайы өмірде болмайтын қозғалыстар мен эффектілер. Мысал үшін: кейіпкерлер ауада жүреді, оларды бірнеше бөлікке бөліп тастасаң да өздерін қайта құрасырады.
(multiplicatio латынша - көбейту, үлкею, өсу) мультипликация - қозғалмалы және қозғалыссыз табиғаттың түрлi объекттерінің формасының өзгерiсiнiң және қозғалатын суреттер, қозғалыстың бос қиялдарының алуының техникалық әдiстерi.
Кино және телефильмдердiң кейiпкерлер немесе сахналары жеке алғанда. Мультипликациялық техниканың арқасында кинематограф және көркем фильмдер пайда болды.
Адам қабылдауына байланысты 1 секунда 18 кадр қозғалысы болуы керек.
(animation француз - жандану) анимация - мультипликацияның батыстық атауы: кино өнерiнiң түрi және оның (мультфильм ) шығармасы
Компьютер анимациясы - объекттердiң формасы немесе қимыл фазалары бар кадрлар, бiртiндеп суреттердiң көрсетуi алдын ала дайын тұрған график түрiнде файлдардың (слайд) бiртiндеп көрсетiлуі , сонымен бiрге қозғалыстың компьютер арқылы өзгеруі.
анимация – жансыз заттарға жан бітіреді, оларды әр түрлі қозғалысқа түсіреді. Жансыз заттарға адамныңәртүрлі фантазияларын қолдануға мүмкіндік береді.
Мультипликация мен анимация – өнердің бір түрі, мультипликация технологиясын туынды эленменті ретінде қолданады.
Мультипликация, анимация — суреттер жинағы, толық мультпликациялық қойылым немесе оның фрагменті.
Мультипликациялық фильм, мультфильм — мультипликациялық өнердің біткен туындысы.
Бақылау сұрақтары:
1. Мультипликация
2.Анимация
3.Кадр
4.Компьютерлік анимация
6 тарау. Презентация
Тақырып 6.1 Презентация компоненттері
Достарыңызбен бөлісу: |