Информатика курсы 3-сынып оқушыларына арналған аптасына 1 сағат,барлығы 34 сағат
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытуды тұжырымдамасының жобасының «Білім беру мазмұны мен деңгейлері» деп аталатын 4.3.1. Білім мазмұнында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оқытумен тәрбиелеудің негізгі бағыттары көрсетіліп белгіленген. Сондықтан заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептен бастап алғашқы дайындық курсы ретінде ендірудің қажеттілігі бүгінгі күнгі педагогика саласындағы іргелі мәселелердің бірі болып отыр. Бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы түсініктерімен ұғымдарын беру, сонымен қатар басқа пәндерді оқып үйренуге пәнаралық байланыста жүзеге асыру арқылы қажет болатын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге дайындауға осы кезеңнен бастау қажеттілігі басты назарда болып отыр.Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне ғылымымызбен біліміміздің өркендеуіне тікелей байланысты. Жаңа информациялық технологияны жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енгізілуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік технологияны пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерге деген көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру.
“Қазақстан -2030″ бағдарламасында көрсетілгендей көкей кесті мәселелердің бірі қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерінің қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық
ой-өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды
компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы мәселенің әр түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет мемлекеттердің іс-тәжірбиелерін оқып үйрене отырып:
- Бастауыш мектепте оқылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану арқылы;
- Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту арқылы;
Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатыны көз жеткізуде
Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір-бірімен ұштастырылса жас жеткіншек мәдениетті болып өсуіне жол ашады.
Мазмұны
Қазіргі кездегі жүргізіліп жатқан білім беру жүйесін қайта құру әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге бейімделе алатын, психологиялық, педагогикалық негіздері тұрақты, байыптауға қолайлы жаңа сипаттағы үлгілерді қалыптастыруға сипатталған. Яғни, оқушыларға тек белгілі бір білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқытудың әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, жастарды жан-жақты тәрбиелеу, олардың жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін басты орынға қою қажет.
Информатиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі – сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығын кезінде Сократ та атап көрсеткен. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Дәстүрлі оқыту пәндерінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс түрлерін информатика пәнінен де ұйымдастырылады.
Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі білім берудің ең жоғарғы мақсаттарының бірі болып отыр. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс түрінде ұйымдастырылады. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі. Себебі, оқушылар ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерімен жұмыс жасауда өздеріне қажет мағлұматтарды өз бойларына игеріп, шығармашылық қабілетін дамытады. Ақпараттық технологиялар мектеп пен ақпараттық қоғамды өзара байланыстырады. Оқушылар ақпараттық технологиялар туралы нақты білімге негізделе отырып, олардың ғажайып сырларын ашады, ал аталған технологиялар оқушылардың білімге, еңбекке деген құштарлығын арттырады, ақпараттық қоғамға, өз еліне аз да болса пайда келтіруге ынталандырып, ақпараттық технологиялар жайлы түсінігін кеңейтеді.
Ақпараттық технологиялар оқушылардың сабақтан немесе оқулықтан дайын білімді алуын ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өзіндік жұмыстарын, ізденіс-зерттеу әдістерін қамтиды. Бүгінгі таңда жас ұрпақты шығармашылық қабілеті дамыған тұлға етіп тәрбиелеуде және оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруда сабақтан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстар оқушының жеке тұлға болып қалыптасып, жан-жақты білім алуының, шығармашылық қабілетінің дамуының негізгі жолдарының бірі
Бастауыш сыныптан бастап компьютерді оқыту тәрбиелеу ісінде қолдану мынандай міндеттерді қамтиды:
- Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
- Оқыту тәрбиелеу үрдісіндегі информациялық алмасу сипатын айқындау:
- Дайын программаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;
- Қисынды ойлауын дамыту;
- ЭЕМ мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім беруді информатикаландыру
Оқушылардың бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық психологиялық ерекшеліктерін пайдалану арқылы жүзеге асырады. Қазіргі кездегі орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлінің артуы еліміздің информатика мұғалімдеріне үлкен міндет қойып отыр. Бұл пән арқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің, ойлаудың математикалық негіздерін меңгереді. Пәннің мазмұны тек жалпы дамушылық міндеттерді ғана қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге ақпарат туралы ұғымдарды қамтиды.
Бастауыш сыныптарда информатика пәнін оқытуға негіз болатын басты факторлар мыналар:
- бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
- ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
- бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік – ақпараттық білім кеңістігін даярлау.
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасы бастапқы қарастырылады және машинамен қарым-қатынас жасау дағдысын үйренеді.
Алғашқы кезеңде информатика пәнін мектепте оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.
Информатиканы оқыту барысында төмендегідей мазмұндық желілер қарастырылады:
3-сыныпта.
Кіріспе. Оқушылар компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелерін,компьютерді пайдалану ережелерін еске түсіреді.
Нысандар..Ақпара ,нысандар және олардың түрлері,белгілері жайлы мағлұмат беру.
Нысандар жиыны.Нысанның және оның қасиеттерінің күнделікті өмірмен байланыс қызметтері туралы мағлұмат беріледі.
Бұтақ.Жиын және оның элементтерінің информатикадағы орны туралы мағлұмат алады.
Графтар. Логикалық тұжырымның ақпараттармен жұмыс жасаудағы қызметі туралы мағлұмат беріледі.Логикалық есептер шешу.
Комбинаторика. Логикалық тұжырымның ақпараттармен жұмыс жасаудағы
қызметі туралы мағлұмат беру .Логикалық есептер шешу.
Координаттық жазықтар. Координаттық жазықтар туралы мағлұмат алады. Сызықтық алгоритм құра білуге үйренеді.Алгоритмді информатиканың іргелі ұғмы ретінде мағұлмат алады.Алгоритм қасиеттерінің күнделікті өмірдегі рөлі мен мәні,алгоритм графиктік түрде бейнелеудің практикалық мәнін ашып,алгоритм туралы жалпы мағлұмат беріледі.Логикалық тапсырмаларды орындайды.
Ақпаратты кодтау.Ақпаратты кодтау,графикалық ақпаратты қолдануды,кодтық кесте құруды үйренеді.Код кестесін пайдаланып,графикалық редактормен жұмыс жасайды.
Ақпаратты сақтау.Ақпаратты сақтау тәсілдері.Ақпаратты сақтау тәсілдерінің түрлерімен танысады.
Компьютердің жады.Компьютер және оның құрылымы жайлы мағлұмат алады.Компьютер жады және оның түрлерімен танысады.
«Paint» графикалық редакторы. «Paint» граф редакторымен практикалық жұмысты жасап үйренеді.Суретті аяқтау,суретті ашу,жазуды қою,нысанды көшіру,нысанды бұру,нысанды қиып алу және қоюды үйренеді.Симметрия ұғымы практикалық түрде орындайды.
Ақпарат қасиеттері.Ақпараттың түрлері және олардың қасиеттері туралы мағлұмат алады.
Екілік код.Шамдар коды және екілік код жайлы мағлұмат алады.Логикалық тапсырмалар орындайды.
Ақпараттың көлемі.Ақпараттың көлемі,өлшем бірлігі(БИТ,БАЙТ) танысады. Ақпараттық көлемді есептеуге үйренеді.
Модельдер.Модельдер туралы ұғыммен танысады.Графикалық модельдермен және ақпараттық модельдермен жұмыс жасауды үйренеді.
- әрекет және кері әрекеттер;
- алгоритм және оның қасиеттерін;
- алгоритм және оның түрлерін;
- компьютер және оның құрылымы;
- алгоритмді графиктік түрде бейнелеуді;
- сызықтық алгоритмнің мәні мен мағынасын;
- тармақталу алгоритмнің мәні мен мағынасын;
- қайталану алгоритмнің мәні мен мағынасын;
- алгоритм түрлерінің графиктік түрде бейнеленуі;
- графиктік ақпараттардың мүмкіндіктерін алгоритмді өңдеуге қолдану;
- мәтіндік ақпараттардың мүмкіндіктерін алгоритмді өңдеуге қолдану;
- жиын және олармен жұмыс жасау әрекеттері;
- логикалық тұжырымының мәні;
- әлемнің ақпараттық бейнесі мен информатиканың ғылым ретіндегі түсініктері туралы мағлұматты беру;
- ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдау туралы мағлұматты беру;
- компьютердің қызметін ұйымдастыру, оның негізі бөліктерінің жұмыс жасау принциптері мен оның қосымша құрылғылары туралы мағлұматты беру;
- графиктік, мәтіндік және дыбыстық ақпараттарды компьютерде өңдеу туралы мағлұмат беру;
- Графиктік редактордың қызметі туралы мағлұмат беру
- Калькулятордың сандық ақпараттарды өңдеудегі қызметі туралы мағлұмат беру
- Мультимедиялық программаның дыбыстық ақпараттарды өңдеудегі қызметі туралы мағлұмат беру
- Нысанның және оның қасиеттерінің күнделікті өмірмен байланыс қызметтері туралы мағлұмат беру
- Жиын және оның элементтерінің информатикадағы орны туралы
- Логикалық тұжырымның ақпараттармен жұмыс жасаудағы қызметі туралы мағлұмат беру
- Алгоритмді информатиканың іргелі ұғымы ретіндегі мағлұматты беру;
- Алгоритм қасиеттерінің күнделікті өмірдегі рөлі мен мәнін
- Алгоритмді графиктік түрде бейнелеудің практикалық мәнін ашу
- Алгоритм түрлері туралы жалпы мағлұмат беру
- Сызықтық алгоритмді құра білуге үйрету
- Сызықтық алгоритмді графиктік түрде бейнелеуге үйрету
- Тармақталу алгоритмін қызметші сөздерін пайдалану арқылы құра білуге үйрету
- Тармақталу алгоритмін графиктік түрде бейнелеуге үйрету
- Сызықтық мен тармақталу алгоритмі арасындағы өзара байланысты айқындайтын мысалдар келтіре білуге үйрету
- Компьютердің графиктік және мәтіндік мүмкіндіктерін алгоритмді түрлендіруге қолдана білу туралы мағлұмат беру
- Графиктік редакторды алгоритмнің графиктік түрлерін бейнелеудегі қызметі туралы мағлұматты беру;
- Мәтіндік редакторды алгоритм түрлерінің қызметші сөздерін жазу арқылы мағлұматты беру
- Информатиканың пән арасындағы алгоритмнің ролін келтіру арқылы аша білуге үйрету;
- Калькулятордың сандық ақпараттарды өңдеудегі қызметі туралы мағлұматты беру;
- Нысанның және оның қасиеттерінің күнделікті өмірмен байланыс қызметтері туралы мағлұматты беру;
- Жиын және оның элементтерінің информатикадағы орны туралы мағлұматты беру;
- Логикалық тұжырымның ақпараттармен жұмыс жасаудағы қызметі туралы мағлұматты беру;
Бастауыш сыныптарда Информатика үйірмесінің мақсаты: Білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық әлемдік бейнесін қалыптастыру және жеке тұлғаның өзіне қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып дамыту. Өз бетімен білім алу өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.
Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, ақыл-ойын,
ойлау қабілетін, ынтасын дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау. Оқушыларға ақпаратты өңдеу, жеткізу және оны пайдалану туралы білімдерді меңгерте отырып, ақпараттық технологияны оқу үрдісінде өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде саналы да тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Ал информатика пәнінен ұйымдастырылатын үйірмелердің негізгі максаты – оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
- оқушының информатикадан білімін тереңдете отырып кейбір программада толық қамтылмаған тақырыптардан оқушыларға мағлұмат беру
-Шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру;
-Оқушылардың логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін дамыту;
-Компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейіне еркін пайдалана білуге үйрету;
-Нәтижелі жұмыс жасауға баулу;
Міндеттері:
- Ғылымның негізін қалайтын 3 ұғымның бірі болып есептелетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;
- Қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық
үрдістерді табиғат, қоғам, техника аймақтарын да қарастыру;
- Оқушылардың теориялық шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- Тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау деп аталатын жаңаша
ойлай білуді қалыптастыру;
- Ақпараттық құралдарды ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, дамыту;
Қорыта келгенде айтарым, информатикадан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыра отырып, тұлға ретіндегі танымдық белсенділіктерін арттырудың және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы зор.
Нысаны: үйірме курсы
Пәні: Информатика
Болжам: Егерде информатика пәндерінде қызықты материалдар дайындай отырып, оларды өз бетінше компьютерде еркін ойнай алуына, қарапайым есептер шығаруға, қысқаша өлеңдер мен әңгімелерді, ертегілерді компьютерде теру, онда кеткен қателерді жөндеуді және суреттерді салуды жүйелі үйретсек, оқушы әр салада еңбек ете алуға мүмкіншілік алады.
Пәнаралық байланыс:
математика
тарих
сурет
сызу
технология
Күтілетін нәтиже
коммуникативті және интеллектуалды біліктілігінің дамуы;
оқушының информатикалық терминдерді білуі, ойлау қабілетінің дамуы;
шығармашылық жұмысқа қабілетті, өзіндік ой-өрісі дамыған, ізденімпаз, терең білімді тұлға болуы;
өзіндік білім жетілдіру қабілеттерінің дамуы;
оқушылардың ойлау қабілетін компьютерлік дамытушы ойындар арқылы дамуы;
өзіндік танымдық іс-әрекеттерін ақпараттық ортада қалыптастыру;
оқушылар ақпараттық мәдениеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің, ойлаудың математикалық негіздерін меңгеруі;
оқушыларды ақпараттық қоғамның негізгі талаптарын қанағаттандыратындай деңгейге жеткізу.
Соңғы кезде оқушылар сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын рецептерді жазып алу қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді.
«Ешбір адамға білім алу мен жетілу жай беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс», – деп Дистерверг айтқан болатын.
Сондықтан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл керек, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, мұғалім ролін арттыратын процесс жүргізілуі тиіс, бұрынғы педагог-информатордан қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы педагог дәрежесіне көтерілу керек.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда, бүгінгі күні білім беру технологияларының көптеген жетістіктерін игермей, сауатты маман болу мүмкін емес.
Мектепте компьютерді оқыту процесінде пайдалану мәселесі үлкен пікірталас туғызды. Кейбір адамдар мектепті компьютерлендіру оқушылардың жалқаулығын туғызады, – деп пікір туғызса, ал енді біреулері компьютерді оқыту процесіне пайдалану оқушылардың белсенділігін туғызады деген ойлар айтылды.
Академик А. П. Ершов 80-жылдарды мынадай ой айтқан болатын: «Компьютер – баланың интеллектісін арттырудағы көмекшісі әрі досы».
Бүкіл әлемде мектепте компьютерлер пайдалану тәжірибесі мынадай болжам айтқан: компьютер, біріншіден, оқушыға қарындаш немесе қалам құралы ретінде қолданылса, ал екіншіден, оқыту процесінде көрінбейтін ақпараттық процестер арқылы оқушының қызығушылығын туғызатын құрал ретінде қолдануға болады.
Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз. Кезінде К. Д. Ушинский: «бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді», – деген болатын. Көрнекілік схемалар, кестелер немесе суреттермен шектеліп қала алмайды, олар қозғалыссыз, статикалық түрде тұр, қазірде олар ғылыми танымдық түрде болса да, бала жанына жақынырақ ойын түрінде болуы тиіс. Білім беру ісінде ақпараттық технологиялардың оқытудың дифференциалдық және жеке адамға бағытталған түрлерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері бар. Мұғалім сабақта әрбір балаға дараланған схема бойынша тиянақты түрде талдауға қол жеткізетін жаңа мәліметтермен жеке жұмыс істеу мүмкіндігін бере алады.
Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады.
Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар енгізу оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бігінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып компьютерді де тез игеруге жағдай жасап отыр. Өз тәжірибемде берілген тақырыпты оқытуда төмендегідей оқыту технологияларын қолданып келемін.
Даралап оқыту Оқушылардың танымдық, шығармашылық ой – өрісін дамыту Оқу -танымдық міндеттерді дәйекті және мақсаткерлікпен ұсыну Ізденістік әдістер; танымдық міндеттер қою, ой операцияларын жүзеге асыру
Модульдік оқыту Оқытуды оңтайландыру, жеке тұлғаның ойлау деңгейін бейімдеу Оқушының жеке жұмысын ізденімпаздықпен орындауы Мәселелік әдіс, жеке қарқынмен жұмыс
Дамыта оқыту Жеке тұлғаны және оның қа-сиеттерін, ойлау қабілетін дамыту Білімін, біліктілік-терін шығарма-шылық ойлау қабі-леті арқылы әлеу-метін жетілдіру Оқушыларды алуан түрлі ой қызметі түріне тарту
Саралап оқыту Ойлау қабілетін және т.б. қабілеттерін дамытуға оңтайлы жағдай туғызу Бағдарламалық материалды әр түрлі жобадағы деңгейде ұсыну, міндетті деңгейден төмен емес Жеке дара оқыту әдістері
Ойын арқылы Білімді, білікті, дағдыны игерудің тұлғалық – қызметтік сипатын қамтамасыз ету Ақпараттар іздеуге, өңдеуге, игеруге бағытталған өз бетінше атқарыла-тын танымдық қызмет Шығармашылық қызметке тартатын ойын әдістері
Ойын: Оқушының ішкі, сыртқы, белсенділігін бөле – жара, бір – бірінен ажырата қарауға болмайтыны байқалады. Нақтылап айтсақ, баланың ойы, қабылдауы, дағдысы ең алдымен сырттан болатын әсерлердің негізінде ішкі әсерлерді туғызып, қабылдау белсенділігін арттырады. Егер сыртқы әсер солғын болса, ішкі әсердің де солғын болары сөзсіз. Сондықтан А.Макаренконың «бала ойында қандай болса, өмірде де сондай болады, үлкендердің жұмыстағы, қоғамдық өмірдегі қызметкерлігі, қайраткерлігі баланың ойынымен тең» деген пікірін шындықтан алшақ деп түсіну қиын.
Ойлау қабілетін дамыту – аса маңызды мәселе, себебі, ол болашақ маманның өзін – өзі танытуға, ойлау еркіндігінің ұшқырлығына, қиялдауға, шығармашылық еңбегінің нәтижелі болуына, ізденімпаздығына тікелей әсер етері даусыз.
Дамыта оқыту.Бірінші деңгейдің тапсырмалары білімнің минималдық шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сай оқушының жас ерекшелігіне сәйкес болады. Бұл деңгеймен сынып оқушылары толықтай жұмыс жүргізе алады.
Екінші деңгейдің кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойына ойлау, таным, дағдылары қалыптаса бастайды.
Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтерінің айқын көрінуімен, қисынды ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады. Оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық әдістермен жұмыстар жүргізеді.
Төртінші деңгей қабілетті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты. Бұл сатыға сыныптағы өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр ойлы оқушылар ғана көтеріле алады.
Біздің тәжірибемізде төртінші деңгейге көбіне көп бір сыныптан тек 3 – 4 оқушы ғана бұл деңгейге жете алды. Бұндай оқушылардың бірнеше сабақты біріктіріп бір жұмысты жасауы үлкен жетістік деп ойлаймыз. Бұл жұмыстарды біріктіріп курстық жұмыстар деп атадық.
Жаңа технологияларды тәжірибеде қолдану.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы 2007. 07.07
2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңы 2003ж
3. Мұхамбетжанова С. Т. «Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық – телекоммуникациялық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздері». 2006 ж.
4. Г.Ә. Жапарова «Информатика негіздері»
5. Информатика негіздері. № 4, 2006 ж.
6. Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов. «Жаңа информациялық технологиялар. Информатикадан 30 сабақ.» 242 – 380 бет. 2003 ж.
7. Информатика образование. Журнал. № 4, 2006 ж
8. «Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі»Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2005 ж.
Сабақтың тақырыбы: Нысандар жиыны.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға нысандар жиыны туралы түсінік беру;
2. Нысандар жиыны туралы білімдерін жаттығулар арқылы дамыту ;
3. Нысандар жиынымен жұмыс істеу барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: Слайд,жұмыс дәптер
Сабақтың жоспары:
І .Ұйымдастыру. Сәлемдесу,түгендеу.
ІІ.Психологиялық дайындық кезеңі Оқушылар бірге қайталайды:
Біз бақытты баламыз,
Күнде бестік аламыз.
Қуанады бізбен бірге
Үйде ата анамыз.
Ортақ ұран- бірге болу!
Мақсатымыз- білім алу!
Ұлтын сүйген ұрпақ болып
Болашаққа бірге бару!
ІІ. Топтастыру
Оқулық,компьютер сөздері жазылған кеспе қағаздар арқылы екі топқа бөлу
ІІІ. Жаңа сабақ:
1.Қызығушылығын ояту.
Екі топқа кітапхана,сынып,топ,табын,орман сөздері беріледі.Әр оқушы осы сөздерге қатысты өз ойларын айтады,қорытынды шығарады.Ортақ белгілері бар нысандар тобы жиын деп аталады.Жұмыс дәптерге толықтырып жазады.
2. Мағынаны тану.
№ 2 тапсырма Нысандарды берілген жиындар бойынша топта.
3.Ой толғаныс.
Бұл заттар қандай мамандықтар үшін қажет?
№ 3-тапсырманы бойынша әр оқушы өз ойын айтады,жұмыс дәптерге орындайды
4.Миға шабуыл
№ 4 –тапсырма.Әрбір жиынға және жиындардың қиылысуына сөздер ойлап жазу.
ІҮ. Түсінгендерін тексеру
Веен диаграммасы
№ 5-тапсырма Жиынның әрбір жұбы үшін суреттер таңда.Жиындардың аттарын дұрыс толтыр.
№ 6-тапсырма.Гүлдерді бояп,Веен диаграммасы бойынша сипаттап айтады.
Ү.Қорытынды
ББҮ стратегиясы
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |