Оқыған материалды қайталау және қорытындылау сабағы. Білімді қорытындылау мен құрылымдык элементтер сабақтың алдыңғы типтерінде де қамтылғанды және олар білімді меңгеру процесінің элементтері ретінде көрінген болатын. Жаңа материалды бұрын өткен материалдармен байланыстыру үшін барлық сабақта қайталау қолданылады, бірақ ол информациялық материалдарды шағын көлемде ғана қамтиды. Материалды қайталау мен баяндандыру білімді практикада қолдануға үйрету сабақтарында қарастырылады және ол мұнда да тек қажетті мағлүматтарға ғана сүйенеді. Сондықтан, мектеп математикасының жеке мәселелерінің арасында тығыз байланыс орнату үшін, білім мен іскерліктің бірегей жүйесін жасау үшін бұларға арнайы бөлінген уақыт ішінде — оқу материалын қайталау мен қорытындылау сабақтарында мүғалім мен оқушылар қосымша жұмыс істеуі қажет. Мұндай сабақтарды ұйымдастырудың түрлері әр алуан: қорытынды әңгіме өткізу, шолу лекцияларын оқу, әр түрлі есептер шығару (VIII—X кластарда), оқу және ғылыми-бұқаралық фильмдер көрсету, арнайы оқу телехабар беру және т.б. Сөйтсе де, мұндай типтегі сабақтардың бәрінде де, мұғалім оқушылардың білімін бір жүйеге келтіруге талаптануы тиіс.
Материалды қайталау және қорытындылау сабағы, сонымен бірге, оқытылған тақырыптар мен тарауларға жаңа білім элементтерін енгізуі тиіс. Мәселен, туынды ұғымын қайталағанда, оның тек физика мен механикада қолданылуын ғана емес, биология мен химияда да қолданылатынын көрсетуге болады. Мұндай қысқаша мағлұматтарды мұғалім немесе оның көмегімен, жеке оқушы беруі мүмкін.
Осы тарау бойынша қайталау мен қорытындылау сабағын ұйымдастыру жолдарының бірі: алдымен әңгімелеу барысында негізгі ұғымдарды анықтау; одан соң осы ұғымдарды қолданып есептер шығару; әр алуан мысалдармен мүмкіндігінше практикалық қолданысын көрсету болуы мүмкін.
Осы типтегі сабақтарды оқушылардың түбегейлі жауап беруін қамтамасыз ететіндей ұйымдастыру керек. Бұл олардың логикалық ойлауын өрістетуге мүмкіндік туғызады. Сондықтан, сабақ үстінде оқушылар тек анықтамалар мен теоремалардың тұжырымдарын айтумен ғана шектелмей, тақырыптын, немесе тараудың басты-басты мәселелерін жан-жақты және бірізділікпен баяндауын, жекелеген фактілердің арасындағы маңызды байланыстарды көрсетуін талап ету керек. Бұл жұмыстың басында түбегейлі жауаптың үлгілерін көрсетіп, берілуге тиісті жауаптардың толық жоспарын жасаған дұрыс.
Білімді қорытындылау мен тереңдетудің пәрменді құралдарының бірі – оқу фильмдерін көрсету. Әр тақырыпқа арналғаи фильмдер математика кабинетінде сақталуы тиіс.
Қайталау мен қорытындылау сабағының құрылымы мүғалімнің таңдаған жұмыс түріне сәйкес әр түрлі болады. Әдетте осы типтегі сабақтар: 1) қайталанатын тақырып бойынша қажетті математикалық ұғымдарды талдауды; 2) жаттығулар мен есептерді түсіндіруді; 3) оқушылардың хабарламалары мен рефераттарын талдауды; 4) тақырып бойынша оқу киноларын көрсету немесе телехабарлар беруді; 5) сабақты қорытындылауды; 6) үй тапсырмасын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |