Информационное письмо



жүктеу 1,13 Mb.
бет87/106
Дата21.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#33979
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   106
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.

п Шылым шегу – ең кең таралған зиянды әдеттердің бірі. Дамыған елдерде шылым 20 % астам мезгілсіз өлімдердің болу себебі.

Қазіргі таңда дамыған елдерде шылым шегудің салдарынан өлген еркектердің саны бірқалыпты деңгейде тұрады немесе төмендейді, ал шылым шегу тәуелсіздіктің және қазіргі заманға сай болудың символы болған әйелдер арасында өлім осының салдарынан өсуде. Болжам бойынша алдағы онжылдықта АҚШ пен Англияда шылым шегуден әйелдер арасында өлім еркектерге қарағанда көп болады. Мұндай тенденция Канадада байқалады. Зерттеулер, едәуір қамтамасыз етілген әлеуметтік топтар арасында шылым шегуден өлгендердің саны көп екенін көрсетті. Шылым шегумен қауіп-қатердің бірде-бір факторы салыстыруға келмейді. Статистикалық деректердің негізінде құрастырылған болжам 18 жастағы 100 мың жас балалардың ішінде 35 мыңы 70 жасқа дейін өмір сүрмейтінін, 300 өлтірілетінін, 600 өздеріне өзі қол жұмсап өлтіретінін, 750 СПИД-тың құрбаны болатынын, 770 автокөлік астына түсіп өлетінін, 2200 маскүнемдік әкетеді, 12 мыңның өлімінде шылым кінәлі болады [2, 48 б.].

Қазақстан Ұлттық Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Орталығының деректері бойынша Қазақстанда 20-59 жастағы шылым шегетін еркектердің саны 60 %, ал 12-15 жас жасөспірімдер арасында – 30 % астам, оның үстіне басым бөлігі – қыздар.

Зерттеулер, сондай-ақ, шылым шегетіндердің 60-70 проценті жаман әдеттен құтылуды тілейтінін көрсетеді, бірақ көп жылдық сынау көрсететіндей, бұны жасау оңай емес. Сондықтан, әрбір жас адам, шылымды ақымақтықтан ішке тартқан адам, екінші рет тартады, содан кейін үшінші рет және қалған өмірінде құмарпаз «темекі тартқышқа» айналатынын ұғынғаны дұрыс.

Қазіргі таңда шылым түтінінде бестен астам улы заттар анықталған. Әсіресе жүйке жүйесін құртатын никотин және дегтео тәрізді заттар (фильтрлерде көрінетін) қауіпті болып табылады. Оның құрамында қорғасын, висмут, калий, полоний, радон изотоптары элементтерінің болуымен қатерлі ісікке әкеледі. Айтпақшы, шылым тартатындарда несеп қуығының қатерлі ісігі пайда болады, себебі олардың несебінде жоғарыда аталғандардың басым бөлігі бар. Бір күннің ішінде құмарпаз шылым шегуші радиоактивті сәулелену мөлшерін алады, ал ол 7 есе ықтимал шекті мөлшерге артады.

Медициналық статистика деректері бойынша, әлемде шылымнан жыл сайын екі жарым миллион адам өледі. Темекі тартатын адамның жасы орташа 10-12 жылға қысқарады. Шылым шегуден жиі өкпе, жүрек, асқазан, бүйрек зақымданады. Егер адам 15 жасында шылым шеге бастаса, онда қатерлі ісікпен ауыру қаупі 15 есе, 25 жаста 3 есе артады, ал шылым шегу өтілін үш есе көбейту қатерлі ісікпен ауыру қаупін 100 есе көбейтеді. Жүрек тамырлары ауруларынан өліп қалу қаупі темекі тартатындарда тартпайтындарға қарағанда екі есе. Темекі тарту әйел организміне және болашақ ұрпаққа өте зиян, бала анасының құрсағында бола тұра зақымданады. Шылым шегетін әйелдер тез қартаяды, олар бет реңін жоғалтады, тері күңгірттеніп, саршыл-сұр колоритке ие болады, дауыстары жуандай бастайды, оларда кеуде қысымы жиі болады, үнемі азартты жөтел, қақырық пайда болады және нәтижесінде созылмалы бронхит және өкпе эмфемизмі дамуы мүмкін. Айтпақшы, бұл сырқаттар әрбір шылым шегушіге тән. Сонымен қатар, шылым шегетіндердің шашынан үнемі темекінің иісі шығып тұрады, олардың «тістері сарғайып кеткен», саусақтарында сары дақтар бар, аузынан шылымның иісі шығып тұрады, терілері ақшыл немесе қоңыр түсті дақтарымен құрғақ болады. Мұндай іздер адамның ішкі органдарында (өкпе, кеңірдек тамыры, жүрек және т.б.) да байқалады.

Шылым шегетіндерде мерзімнен бұрын әжімдер пайда бола бастайды. Көбісінде никотиннің әсерінен көру қабілеті төмендейді (темекі соқырлығы). Айтпақшы, тіпті темекі тартатын ер адамға шылым шегетін әйелдің иісі жағымсыз екені белгілі. Темекі тартпайтындар туралы не айтуға болады, ал олардың саны, қуанышқа орай, артуда.

Шылым шегетіндерде жиі созылмалы бронхит, туберкулез және басқа да өкпе аурулары пайда болады. Шылым шегу атеросклероздың, инфаркттың және инсульттің дамуы мен онкологиялық аурулардың (ең бастысы өкпенің) қаупінің негізгі факторларының бірі болып табылады: темекі тартатындардың тамырлары 10-15 жылға ерте тозады, терінің қартаюы 20 жылға ерте басталады, ал өмірлері 10-15 жылға қысқарады.

Ата-аналардың шылым шегуі баланың денсаулығына әсер етеді, туа біткен дене кемістігіне, генетикалық ауруларға және балалардың қатерлі ісіктеріне, соның ішінде лейкемияға – қан ауруына әкеледі.

Өзіңе немесе жақын адамыңа никотин тәуелділігі кезінде қалай көмектесуге болады:

– көз алдынан шылымды еске түсіретін заттардың барлығын алып тастау керек. Үйде және жұмыс орнында шылымға, оттыққа, күл сауытқа орын болмауы керек;

– шылымнан бас тартатын нақты күнді белгілеу керек;

– өзіне бір күнге ғана мақсат қою керек. Шылымды бір жолға тастаймын деп серт етпеу;

– назарды басқаға аудара білуге үйрену. Қатты шылым шеккісі келгенде тез тұрып басқа бір істерді жасай бастау керек;

– досыңды немесе отбасының бір мүшесін сізбен бірге шылым шегуді тастауға үгіттеу керек.

Шылым шегуге ұмтылысты азайту үшін бірінші жарты жылда құрамында никотин бар препараттарды, мысалы, «Никоретто», «Коррида +R», «Табакул» сағыздарын немесе осыларға ұқсас заттарды қолдану керек.

Сонымен қатар, құрамында никотимед бар азық-түліктерді, мысалы, баклажан, қартоп, гүлді капустаны пайдалану ұсынылады. 1 мкг никотимед 240 г қызыл қызанақта, 140 г қартопта, 10 г баклажанда бар. 1 кг гүлді капустаның құрамында 4 бастап 16 мкг дейін никотимед бар.

Егер сіз шылым шегуді жалғастыра берсеңіз, онда тамақтану рационына С витамині бар азық-түліктерді: орамжапырақты, көк шөпті, томатты, тәтті бұрышты, қара қарақатты, ақжелекті, бүлдіргенді, лимонды және т.б. қосу қажет, себебі бір тартылған темекі витаминнің тәуліктік нормасының жартысына дейінгі мөлшерін «тартып алады».


Нашақорлардың құрамында еркектер көп (85 %). Нашақорлық дертіне шалдыққан әйелдердің саны 4 мыңға жуық, соның ішінде 700 адам есірткі пайдаланады. Сонымен қатар, әйелдер арасында кейінгі жылдарда нашақорлық қарқынды дамып келе жатыр.

Толық көлемде седативті ұйқы дәрісін және басқа ынталандырғыштарды, кофеинді, галлюциногендерді және ұшқын ерітінділерді пайдаланатын аурулар анықталмайды.

Есірткі заттарын қолдануға еліктеушілік жасөспірімдердің және тіпті балалардың арасында жиі болады. Сонымен, жасөспірімдерден әлеуметтік сұрақ-жауап алу, жоғары мектеп оқушыларының 12 % есірткі қолданатынын, ал әрбір бесінші мектеп оқушысы ең болмағанда бір рет қолданып көргенін көрсетті.

29 дәрістің тақырыбы: Адамдарды санитарлық өңдеуден өткізу

Терминдер мен анықтамалар:

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



  1. Жартылай және толық санитарлық тазалық

  2. Дезинфекция, дезактивация, дегазация ұғымдары

Санитарлық өңдеу дегеніміз – бұл адамның денесін, көздің, мұрынның, ауыздың шырышты қабаттарын РЗ, КӘ, УЗ және БЗ-дан залалсыздандыруға бағытталған шаралар жиынтығы.

Санитарлық өңдеу – жартылай өңдеу және толық өңдеу болып бөлінеді.

Жартылай өңдеуді – зақымдау ошағында қысқа мерзімде өз бетінше және бір-біріне көмек көрсету арқылы, қажет болса медициналық эвакуация сатыларында зақымдау аймағынан шығарда жүргізеді.

Толық санитарлық өңдеу – ұйымдастырылған жуу пунктерінде, аурухананың санитарлық өткізгіштерінде әртүрлі ұйымдардың санитарлық өңдеу бөлімшелерінде, әскери – медициналық мекемелерде және басқа да дезинфекциялық, дегазациялық жуу техникасы бар мекемелердежүргізіледі. Ол сабынды жылы сумен жуу арқылы киім мен аяқ киімді дезактивациялау, дегазациялау, дезинфекциялауды құрайды.

Сонымен тұрғындарды медициналық қамтамасыз ету шараларының тиімділігі толық және уақытында санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың жиынтығын жүргізуге байланысты. Осы шараларды жүргізудің көлемі әртүрлі және төтенше жағдай ошағындағы медико-тактикалық жағдайға байланысты болады. Осындай қиын жағдайда денсаулық сақтау органдары өздерінің міндеттерін тұрғындарды кең көлемде қамти отырып, АҚ қызметінің көмегі мен іс-әрекетінің арқасында жүзеге асырады.

Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен тұрғындарды медициналық қамтамасыз ету бойынша міндеттердің тиімді шешімі апат медициналық қызметінің құрылымдары мен мекемелерін медициналық мүліктермен жабдықтауды ұйымдастырусыз жүзеге асырылмайды. Әсіресе тұрғындар арасында жаппай санитарлық шығын болған жағдайда медициналық мүліктермен жабдықтау рольі артады.

Медициналық жабдықтау АМҚ жұмыстарының маңызды бағытының бірі болып құрылымдары мен мекемелерін медициналық мүлікпен үздіксіз жабдықтауға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады.

Медициналық жабдықтаудың негізгі мазмұны медициналық мүлікті: жоспарлау, дайындау, қабылдау, жинау, сақтау, есептеу, жасау, жіберу; медициналық техниканы жөндеу және пайдалану, оны күнделікті және экономды пайдалануды бақылау.

Медициналық мүлік дегеніміз - зақымданулар мен сырқаттылықтың алдын алуға және диагностикалауға, зардап шеккендерді емдеп, оларды күтуге, төтенше жағдайлар ошағында санитарлы гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізуге, лаборатория, дәріхана және т.б. жұмыстарға арналған әлеуметтік материалды заттар.

Медициналық қамтамасыздандырудың міндеті мен ұйымдастырылуы СМК және АҚ МҚ медициналық қамтамасыздандыру келесі талаптарға негізделіп ұйымдастырылады және жүзеге асырылады



  1. Медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру СМҚ және АҚ МҚ мақсаттарымен құрылымына сай болуы керек

  2. АҚ МҚ медициналық мүліктердің қорын ошақтағы санитарлық шығын мен бірқатар емдеу профилактикалық және эпидемияға қарс шаралардың максимальді шығынын есептеп жинау керек

  3. СМК және АҚ МҚ медициналық қамтамасыз ету денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық қамтамасыз ету ұйымына сай болуы керек.

Осы талаптарға сай СМК және АҚ МҚ медициналық

қамтамасыздандыруды басқару органдары құрылған және олардың міндеттері анықталған.

Медициналық мүліктерді басқару органдарына аптекалық басқарма мен “Медициналық техника” басқармасы енеді. Осы басқару органдарында медициналық қамтамасыздандыру мекемелері де жатады.

Басқару органдарының медициналық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:



  1. АМҚ және АҚ МҚ мекемелері мен ұжымдарын төтенше жағдай және әскери кезінде медициналық мүліктермен қамтамасыз ету жоспарын құру.

  2. Бейбітшілік және соғыс уақытында төтенше жағдайлар ошағында санитарлы гигиеналық, эпидемияғ қарсы және емдеу профилактикалық шараларды медициналық, санитарлы-шаруашылық және арнайы мүліктермен қамтамасыз ету қажеттілігін анықтау

  3. АМҚ мекемелері мен ұйымдарын табельді мүліктендіруге қажетті қордағы мүліктерді жинау, сақтау және дер кезінде жаңарту

  4. Төтенше жағдайлардың медико-санитарлық нәтижесін жою жұмыстары кезінде АМҚ мекемелері мен ұжымдарын медициналық мүлікпен қамтамасыз ету

  5. Тұрғындарды, авариялық құтқару қызметінің ұжымдарын жеке бас қорғаныс заттарымен және алғашқы медициналық көмек көрсету заттарымен қамтамасыз ету

  6. АМҚ қажеттілігіне жарамды жергілікті материалды ресурстарды анықтау және пайдалану

  7. Мүліктердің қозғалысын есептеу және дұрыс пайдалануын бақылау

  8. Медициналық, санитарлы-шаруашылық және т.б. мүлік түрлерінің қорларын құру, жинау.

ҚР АМҚ медициналық, санитарлы-шаруашылық және рнайы мүліктермен қамтмасыз ету территориальді қамтамасыз ету органдарымен жүзеге асырылады, ол жекешелендіру және ведомствалық тәуелділігіне байланысты емес “Фармацмя” АО “Медтехника”, РАП “Казмедснаб”, РПО “Дезинфекция” т.б., приоритетті қамсыздандыру принципі бойынша жоспарланған жұмыстың көлемі мен әкімшілік территориядағы медико-тактикалық сипаттмаға байланысты болады.

Медициналық мүліктердің түрлері.

Төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарды медициналық қамсыздандруға арналған мүліктер өте көп. Өзінің тағайындалуы, физико-химиялық қасиеті, пайдаланылуы және сақталу жағдайына байланысты медициналық мүліктер әр түрлі.

Жоспарлау, қажеттілігі және қамтамасыз етілуін анықтау, сақтау және есептеуін жеңілдету үшін медициналық мүліктер жіктеледі:



  • есетеу белгісі бойынша

  • пайдалану кезегіне байланысты

  • топтық белгісіне байланысты

  • жағдайының сапасына байланысты

Есептеу белгісі мен пайдалану кезегіне байлансыты медициналық мүліктер шығындалатын және инвентарлы болып бөлінеді. Шығындалатын медициналық мүлікке бір рет пайдаланылатын, қамтамасыз шығы,ндалатын мүліктер жатады (медикаменттер, бактериальді репараттар, реактивтер, таңу және тігу материалдары) және аз уақыт пайдаланған соң жарамсыз болатын препараттар жатады (ине, хирургиялық ператка, тіс дәрігерінің борлары, пробирка және т.б).

Инвентарлы медициналық мүліктерге ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар жатады (аппарат, прибор, саймандар т.б.).

Жағдайының сапасына байланысты шығындалатын мүліктер жаңа, жарамды ұсталған немесе қазір пайдаланылудағы, сақтау мерзімі өткен, жарамдылығына анализ жүргізуді қажет ететін мүліктер болып бөлінеді.

Инвентарлы мүліктер жағдайының сапасына байланысты 5 категирияға бөлінеді.

І категория – жаңа, эксплуатацияланбаған мүлік

ІІ категория – жарамды эксплуатацияда болған немесе қазір пайдаланудағы мүлік

ІІІ категория – орташа жөндеуді қажет ететін мүлік

ІV категория – нақты жөндеуді қажет ететін мүлік




жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   106




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау