Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.
уберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.
Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.
ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор.
Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.
Адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактериялар тобы ауру туғызатын бактериялар деп аталады.
Бактериялардың оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, топалаң және т. б. сияқты ауруларды туғызатыны ертеден-ақ белгілі болды. Ауру туғызатын бактериялар адам денесіне енген соң оның ағзалық затымен қоректену, тез көбейе бастайды. Сөйтіп өзінен бөлінген улы заттармен ағзаны улайды (мысалы, баспа мен сіреспе аурулары кезінде, ағзаның қанайналымына улы заттар шығарады).
Қан улы заттарды ауру адамның бүкіл денесіне таратады.
Ауру туғызатын бактериялар ауада, суда, тарамда болатындықтан, солар арқылы сау адамдарға жұғады. Көпшілік орындарда, бөлмеле неғұрлым ауа таза болса, соғұрлым адамдар аз ауырады. Оба мен көкжөтел бактериялары ауада тез жойылады. Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Сондықтан үйді, сынып бөлмесін күнде желдетіп отыру қажет. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы 3 айға дейін сақталады. Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруын індет (эпидемия) дейді.
Бактериялар.
Тек медицинаның қарқынды дамуының нәтижесінде ғана микробиология өнеркәсібінде микробтармен күресу шаралары табылды. Ауру туғызатын бактерияларды жоятын қасиеті бар іш сүзегіне, дизентерияға қарсы қолданылатын дәрілер алынды. Ауырған кезде адам түрлі дәріні пайдаланады. Дәрі адам денесіндегі бактерияларды өлтіреді, сөйтіп адамның ағзасын жұқпалы микробтардан тазартады. Қазіргі кезде жұқпалы ауруларға арналған дәрілердің жаңа түрлері өндірілуде.
Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы - тазалық ережелерін сақтау. Мысалы, қайнамаған, лай су ішпеу. Тамақ ішер алдында қолды жуу. Киімді таза ұстау, ағзаны тынықтыру. Дененің жарақаттанған жеріне дереу йод жағу, тағамдарды көгеруден сақтау және т. б. (Ауасы тазартылған бөлмеле бактериялар саны 13 есе азаяды.)
Бактерияның басқа түрлері сары ауру, қызамық, қуздама (ревматизм) ауруларын туғызады. Бұл бактерия түрлері де ауа арқылы таралады.
Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 жылы Р. Кох анықтады. Туберкулез жұқпалы ауру болғандықтан, сілекей тамшылары арқылы таралады. Мал туберкулезбен ауырғанда бұл аурулы қоздыратын бактериялар адам денесіне сүт арқылы беріледі. Тамақ, су арқылы сүзек, сальмонелла ауруларын қоздырушы бактериялар жұғады.
Қантышқақ (дизентерия) ауруын дизентерия бактериялары қоздырады. Ауыратын сиырдың сүті арқылы сарып (бруцеллез) ауруы таралады. Кейде сүрлемеленген көкөністің құрамында кездесетін клостериум, ботулинус бактерияларының споралары жоғарғы температурада қайнатқаннан кейін де сақталады. Тығыз жабылған ыдыстың ішінде дамуын жалғастырады да, улы заттар бөледі. Мұндай тағам адамдарда ботулизм ауруын туғызады. Ондай кезде адам қазаға ұшырауы да мүмкін.
Пенициллин дәрісін (антибиотик) қабылдағанда ауру қоздырғыш бактериялар тіршілігін жояды. Сондықтан да бактериялар қоздыратын түрлі ауруларды пенициллин, ампициллин, бисептол сияқты дәрілермен емдейді. Адамға суық тиіп ауырғанда да ағзада бактериялар көбейіп кетеді. Сондықтан ол аурулы антибиотиктердің көмегімен 2-24 сағат арасында жазып жіберуге болады. Ертеде (VI ғасырда) Қытайдан басталып, Еуропаға таралған оба ауруы күніне (үлкен қалаларда) он мыңдаған адамдардың қазаға ұшырауына себепші болған.
Бактериялардың көптеген түрі өсімдіктерді де зақымдайды, ол аурулы бактериоз дейді. Олар бау-бақша, техникалық жеміс-жидек өсімдіктерін зақымдал, зор нұқсан келтіреді. Бактериялар өсімдіктің сабағын, тамырын, жемісін шірітеді. Өсімдіктердің бактерия ауруларына қарсы негізгі күрес шаралары - тұқымды себер алдында улы химикаттармен өңдеу, ауруға төзе алатын іріктемелерді таңдап алу.
Бактериялар мақта өсімдігінде гоммоз (шайыр ағу) ауруын туғызады. Мақта тұқымында сақталған бактерия спорасы тұқыммен бірге өнеді. Мақта сабағын, жапырағын, қауашағын зақымдайды да, ірі қошқыл қоңыр түсті дақтар пайда болады. Оның беті сілемейленіп, жабысқақ болып тұрады, онда бактериялар шоғырланып, кейін кеуіп, қабыршақтанады. Одан соң жел ұшырып, екінші өсімдікке жұғады. Жапырағындағы лептесік саңылауы арқылы бактерия ішке өтіп, жасуша қабығы және цитоплазмасымен қоректенеді. Бұл аурулы болдырмау үшін мақта тұқымын үнемі химиялық заттармен өңдеп отыру керек.
Ғалымдар грек жаңғағы, жиде, терек, қарағай ағаштарының жапырақтарынан бөлінетін заттардың бактерияларды қырып жіберетінін анықтаған. Сондықтан үйде мал қораның жанына ағаш отырғызып, өсімдіктер егу қажет.
Адам, өсімдіктер мен жануарларды ауруға шалдықтыратын бактериялар бар, олар ауру туғызатын бактериялар деп аталады. Ауру туғызатын бактериялар ауада, сула, тағамда тіршілік етеді. Адамға солар арқылы оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, қантышқақ, құздама ауруы жұғады. Адамның жаппай ауруы індет деп аталады. Ал өсімдіктердің бактериялық ауруы - бактериоз, мақтаның бактериялық ауруы - гоммоз (шайыр ағу). Аурудан сақтану жолы - тазалық сақтау.
№ 26 дәрістің тақырыбы: Инфекциялық аурулар
Терминдер мен анықтамалар:
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер).
1. Жыныстық қатынастан туындайтын аурулардың көп таралған түрлері
2. ЖҚТБ, мерез, соз ауруларының алдын алу шаралары
ЖЫНЫС АУРУЛАРЫ
Мерез (сифилис) — жұқпалы созылмалы ауру. 1905 жылы неміс ғалымдары Гофман мен Шаудин ашқан бұл жаңалықтың адамдар үшін зор маңызы болды. Өйткені мерезге қарсы күрес жүргізуге, оны болдырмау үшін алдын ала шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік туды. Мерез микробы ылғал, көлеңкелі жерде, сілекейде ұзақ өмір сүріп, өзінің ауру қоздырғыштық қасиетін көпке дейін сақтай алады.
Мерез тек адамда ғана болады. Сондықтан ол адамға адамнан көбінесе жыныстық жақындасу арқылы жұғады. Кейде мерез болған адаммен сүйіскенде, ол пайдаланған орамал, қасық, шанышқы, мәсуак, ерін бояуы, темекі арқылы да жұғуы мүмкін. Мерездің ананың емшек сүті, донордың қаны арқылы жұғатындығы туралы да деректер бар.
Тіпті мерез анадан балаға құрсақта жатқанда жұғуы мүмкін. Соңғы кездері халықтың санитарлық мәдениеті артуына байланысты бұл аурудың адам пайдаланған заттар арқылы жұғуы кеміді. Оның негізгі тарау жолы жыныстық қатынас жолы болып отыр.
Мерез ауруы үш кезеңге бөлінеді. Бірінші ауру байқала бермейтін жасырын кезеңде сырқаттың алғашқы белгілері ол жұққаннан кейін 3-4 апта өткесін біліне бастайды. Бұл кезде тәжірибелі дәрігерлердің өзі де оның диагнозын тап басып қоя алмайды. Бозғылт спирохета қан арқылы адам организміне түгел тарайды. Бұл кезең 3-4 аптаға, кейде үш айға дейін созылады. Мерездің жасырын кезеңінің бұлай ұзаққа созылып кетуіне көбіне науқастың ауру жұқтырғаннан кейін дәрігерге барып көрінбей, өзін-өзі емдеуі себепші.
Бұл кезеңде адам өзінің ауырғанын білмейтіндіктен оған тиісті ем-дом мезгілінде жасалмай, ауру асқына береді де басқаларға жұғады.
Аурудың көзге көрінетін алғашқы белгісі — қатты шанкр. Бұл бозғылт спирохетаның адам организміне түскен жерінде пайда болатын, қатып қалған, ауырмайтын түймедей жалақ немесе сызат жара. Әдетте ол алдымен мерезбен ауырған адамның жыныс мүшелерінде, ернінде, тілінде т.б жерлерінде кездеседі. Мерезбен ауырдым-ау деген күдігі бар адам мұндай жараны йод, көк дәрі жағып, немесе басқа шаралар қолданып өзі емдемей, тезірек дәрігерге көрінуі қажет.
Әдетте мерез жұқтырғандар жұрттан ұялғансып, "тәжірибелі" дос-жарандарының немесе басқа да "білгіштердің" ақыл-кеңесімен әрекет жасайды. Ал бұл барып тұрған қателік.
Ауру белгісі пайда болғаннан кейінгі бір апта ішінде жара маңайындағы бездер үлкейіп ісе бастайды. Бірақ ол жанға батып ауырмағандықтан, сырқаттың оған көңіл аудармауы да мүмкін. Ауру жұққаннан кейінгі бір жарым-екі ай ішінде де сырқаттың жалпы көңіл-күйі пәлендей өзгере қоймайды, бірақ онда аздаған әлсіздік, буындарының сырқырауы, дене қызуының ептеп көтерілуі байқалады.
Ауру жұққаннан кейін 2-3 ай өткен соң мерездің екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде теріні шұбар бөртпе қаптап кетеді, бірақ ол теріні түсірмейді және науқасқа да айтарлықтай әсер етпейді. Ернінің, аузының ішкі сілекей қабатына ақтаңдақтар түседі. Кейде дауыс қарлығуы мүмкін. Сонымен қатар теріде қызғылт түйіршіктер пайда болады. Жыныс мүшелеріне шыққан майда түйіндер бара-бара үлкейе түседі. Кейде біріне-бірі қосылып үлкен жараға айналады. Осы жарадан аққан іріңде бозғылт спирохета көбейіп, дене қызуы көтеріледі (38-40 градус). Бұл кездегі ауру адамның басқаларға мерез ауруын тарату мүмкіндігі және дерттің жұққыштығы айрықша қауіпті. Біраз уақыттан кейін әлігі белгілер өзінен- өзі жоғалып кетеді, ауру өзін жазылдым деп санайды. Оны бездерден, қаннан Вассерман реакциясы арқылы ғана табуға болады.
Егер ауру адам емделмесе, мерездің екінші кезеңі 3-4 жылға созылады және әлсін-әлсін жоғарыда айтылған белгілер қайталанып көрініп отырады. Мұндай жағдай әсіресе темекі шегіп, арақ ішетін, созылмалы басқа аурулары бар адамдарда жиі ұшырайды.
Осыдан кейін мерез өзінің үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде адам организмі мүлде әлсіреп, ми мен жұлын жүйелерінің жұмысы бұзылады, адам сал болып қалады, көзі көрмейді. Жүкті әйелдер бала тастайды, бала туа қалса көбіне өлі туады. Немесе нәресте іште жатқанда мерезбен ауырып, жарымжан болып туады. Жүрек, өкпе, бауыр қызметтері нашарлайды, кеңсірігі опырылып, адам пұшық болып қалады.
Мерез ауруымен ауырғандар дәрігерлік есепке алынады, бұл есептен олар жазылганнан кейін 2-5 жылдан соң ғана шығарылады.
Айта кететін бір жай, мерез адамдарда соз, трихомониаз тәрізді жұқпалы аурулар да кездеседі. Бұл жағдайда мерезден гөрі әлігі аурулардың белгілері бұрын білінеді.
Әдетте мерез араққұмар, қоғамдық мораль қағидаларына құлақ аспайтын жүгенсіз, бұзық адамдар арасында жиі кездеседі. Сондықтан да оны түбегейлі жою ең алдымен жастарға берілетін тәрбиенің тиянақтылығына байланысты. Көргенді, тәрбиелі жастар арасында мерез ауруы сирек ұшырайды.
Мерез жазылмас ауру емес. Мұны оған шалдыққан әрбір адамның білгені жөн. Одан айығудың бір кепілі — уақтылы дәрігерге көрініп, жазылғанша үзбей емделу.
Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары: Соз, Мерез.
Жоспар: 1.Жыныстық жолмен таралатын инфекциялар. 2. Соз(гонорея), Мерез(сифилис), ЖИТС (СПИД) 1.Жыныстық қатынаста жұғатын ауруларға не мүмкіндік туғызады және қалай азайтуға болады? Жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі. Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді. Жыныстық қатынастағы аурулар сақтану ережелері мынадай: 1.Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану. 2.Презервативтерді қолдану. 3.Жыныс мүшелердің гигиенасын сақтап, оларды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жуу. 4.Бір жағдайларда жыныс жолмен жұғатын аурулар байқалса, бірден анонимді профилактикалық пунктке бару керек. 5.Сыртқы және ішкі киімдердің гигиенасын сақтау. 6.Ешқашан басқаның жөкесін, сүлгісін, ішкі киімін қолдануға болмайды. 2.Соз(гонорея)- жыныстық жолмен берілетін, жыныстық контакті арқылы берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріңдеуімен және ауру тудыратын микроорганизм-гонооккың болуымен сипатталады. Гонореяның еркектер мен әйелдерде біршама айырмашылықтары бар. Еркек Гонореясы. Еркектерде ол тек жыныс жолымен ғана жұғады. Жаңа гонорея (2 ай ауру кезінде) және созылмалы гонорея (2 айдан жоғары) деп бөлінеді. Аурудың байқалуы 3-тен 5-ке дейінгі күн аралығында пайда болады (кейде 1 күннен- 2-3 апта аралығында болады). Несепағардың алдыңғы бөлігінде алдымен күю сезімі мен қышуы, сосын кілегейлі бөліністер байқалады(жыныс мүшесінің басы). 3-4 күннен кейін ауру құбылыстары қатты көрінеді. Несепағар өзегінің сыртқы тесігінде қызару мен ісіну пайда болып, ол тығыздалып және аурулы болады. Ірің бөлінеді:лайланады,сары түсті және көп бөлінеді. Несепшығаруда ауру пайда болады. Жалпы ағза азап шегеді және әлсіздік, қозғыштық пайда болады. Содан басқа бұл қолайсыз жұқтырылған факт жүйкені тоздырып, психо- эмоционалды стрессті қалыптастырады. Егер бұл жағдайда медицианалық көмекке назар аудармаса, онда қуықта инфекция тереңіне таралады. Несеп шығару жиі болады және ақырында ауруы күшейеді. Емделуі жеткіліксіз немесе емделу толық өткізілмесе, онда гонорея созылмалы түріне көшеді. Несептің бөлінуі азаяды және онда іріңдік қауыз бен жіптер табылады. Қосалқы және қуық алды бездерге тарап, аурудың күйі біршама нашарлайды. Қосалқы бездің зақымға ұшырауы, жоғарғы температура, бездің ісінуі және бірден ауруымен байқалады. Өзектің тарылуы келешек ұрықсыздықпен аяқталады. Қуық алды бездің зақымдануы жоғарғы температурамен және шап ауруымен сипатталады. Импотенцияның дамуы да ықтимал. Әйелдердегі гонорея. Еркектер сияқты жұқтыруының негізі жыныстық жолмен өтеді. Бірақ әйелдерде, әсіресе, жас қыздарда дәретханадан кейін, басқа ішкі киімнен, жөкеден, сүлгіден жұғуы мүмкін. Әйелдерде созылмалы және латтенті гонорея әлсіз ағады. Ақырғы кезде оларда ауру белгілері байқалмай, сөйтіп олар жұқты- рудың негізгі көзі болады. Жыныстық мүшелерінің құрлысының әртүрлі болуына байланысты еркектер мен әйелдер гонореясының ағымы да әр түрлі. Несепағар өзегінің зақымдануы әйелдерде еркектердікі сияқты өтеді. Әйелдерде инфекцияның тез терең енуі,несепағар өзегінің қысқалығымен байланысты. Жедел сатысында несепағар өзегі ауырады,кілегей, кейіннен ірің бөлінеді, қызаруы және несепағар өзегінің сыртқы тесігінде ісіну пайда болады. Гонорея қынап пен жатырдың мойнына зақым келтіруі мүмкін. Олардың кілегей қабығы жұмсарып, іріңдеп кетеді. Іштің төменгі бөлімінде ауру сезімі байқалады. Бұл жатырдың кілегей қабатының зақымдалуына әкеледі. Бұл жағдай іштің төменгі жағын ауыртып, температурасын жоғарылатып, қынаптан ретсіз қанның бөлінуіне әкеп соқтырады. Жатырдың кілегейлі қабығының зақымдануы қауіпті, біріншіден ол жатыр түтігіне, жұмыртқасына және құрсақ қуысына инфекцияның өтуіне жол ашады; екіншіден- егер әйел жүкті болса, жатырындағы ұрық зақымдалып, оның дамуы нашарлайды. Тағы бір жағдай, жеткіліксіз емделсе, жұмыртқаның зақымдануына, ал бұл келешек ұрықсыздыққа әкеледі. Егер құрсақ қусы зақымданса, онда қатерлі ауру құрсақ пердесінің қабынуына немесе перитонитке әкеледі. Ал, бұл, күрделі хирургиялық ауру. Гонореяда иммунитет болмайды, сондықтан тез қайтарылып жұғу пайда болуы мүмкін. Гонорея жедел сатысында ғана адамға жұғады, бірақ ол созылмалы кезінде де жұғуы мүмкін. Мерез(сифилис)- жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру. Бұл ауру өзінің белгілерімен, асқынуларымен өте қауіпті. Сифилисті микроорганизм – бозарған спирохета тудырады. Жұқтыру көзі – кілегей қабығы мен терісінде белсенді сифилис белгілері бар ауру адам. Егер сифилис өз уақытында емделмесе, онда ол өмір бойына созылуы мүмкін. Ауру 4 кезеңге бөлінеді: 1.Инкубациялық кезеңде белгісі болмайды. Бұл 20-40 күнге созылып және жыныс мүшелерінің кілегей қабығында қатты шанкрдың болуымен сипатталады. 2.Сифилистің біріншілік кезеңі. Бұл 6-7 аптаға созылады, қатты шанкрдың шығуынан бастап, дененің барлық жері бөрткенге дейін. Қатты шанкр- инфекцияның енген жерінде пайда болған кішірек жара. Еркектерде қатты шанкр кейде жыныс мүшесінің басында байқалады.Ал,әйелдерде- жыныс еріндерінде, жатырдың мойнында Шанкр біреу болады, оның размері үлкен емес,ұсақ монета сияқты, дөңгелек, қатты-созылмалы,жалпақ табақша тәрізді және сұйық бөлініп тұрады. Әдетте ол аурусыз. Қатты шанкраның пайда болуынан бастап лимфатикалық түйіндері үлкейеді. 3.Сифилистің екіншілік кезеңі. Бұл 3-4 жылға созылуы мүмкін. Дененің бар жерінің бөртуімен басталады. Бөртпесі кіші көлемді қызғылт дақ тәрізді болады. Бөртпе біраз апта болып,сосын белгілі бір уақытта жоқ болады. Бұл кезеңде ішкі мүшелер де зақымдала бастайды. Аурулардың бәрі инфекцияның көзі ретінде қауіпті. 4.Сифилистің үшінші кезеңі. Бұл ішкі мүшелердің қатты бұзылуымен белгіленеді. Бұл жұққаннан кейінгі 3-4 жылдан кейін емделмесе, ұзаққа созылатын және өлімнің себебі болатын кезең. Сифилистің бұл кезеңінде адамның сырт пішіні бұзылып, мүгедек болады. Жүйке жүйесіазап шегіп,миында ісік тәрізді құрылымдар(гумма) пайда болып,лезде психикасы бұзылады. Сифилис-қауіпті ауру және қарқынды емделуді талап етеді. Ешқандай жағдайда бұл ауруды асқындыруға болмайды, бұл өлімдей қауіпті. Жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромы- ЖИТС- жыныстық жолмен контакт арқылы берілетін, адамның иммунды тапшылық вирусы тудыратын қауіпті инфекциялық ауру. Бұл ауру кезінде иммунологиялық реакцияларға жауапты моноциттер мен лимфоциттер вирусқа шабуыл жасап, азғаның иммунды жүйесін бұзады. Ауру нәтижесінде ағзаның әр бір инфекцияға және микроорганизмдерге қарсыласу қасиеті лезде төмендеп, ал мұндай қауіптілік қалыпты жағдайда кездеспейді. Ауру әдеттегі пайда болған инфекциядан немесе қатерлі ісіктен, әсіресе жиі қанның қатерлі ісіктерінен және лимфоидты тіндерде болатын-Капоши саркомасынан өледі. Жыныстық жолмен жұғудың басқа да жолдары бар: 1. Адам иммунитет тапшылығын тудыратын вирусы бар аналардан құрсақтағы балаға жұғуы. 2. АИТВ (ВИЧ)-пен зақымдалушының қанын біреуге қайта құю кезінде оның жұғу мүмкіншілігі өте жоғары болуы. 3. Стерилизацияланбаған медициналық шприц инелерін наркомандар компаниясында қолдану арқылы. 4. Гомосексуальді( бір жынысты) жыныстық қатынас арқылы. Теориялық жағынан сүйісу арқылы жұғуы мүмкін, бірақ бүкіл әлемде бірде-бір осындай жағдай тіркелмеген. АИТВ қол алысқанда, бір бөлмеде тұрғанда жөтелу және түшкіру арқылы, ыдыс-аяқ, киімдер, ішкі киімдер, бассеин суынан, моншадан, қолжуғыштан, дәретханадан, шаштараздан, маникюрден, массаждан, сондай-ақ шіркейлердің шағуынан берілмейді. Қазіргі кезде «қатерлі топтар» деген маңызды ұғым бар, олар қатерлі аурулардың жұғуына жағдайы бар адамдар. ВИЧ-пен (АИТС) зақымдалу үшін қауіпті топтар мыналар: 1. Жыныс серіктерін жиі ауыстыратын еркектер. 2. Еркектер мен гомосексуальисті еркектердің қатынаста болуы. 3. Нашақорлардың топ ішінде вена арқылы қолданылуы. 4. Жыныстық серіктері көп әйелдер немесе жезөкшелікпен айналысатындар. 5. СПИД тараған жергілікті тұрғындармен жыныстық байланыста болатын адамдар. 6. СПИД-қа қарсы зерттелмеген донорлардан көп қан құйылған гемофилиямен ауысатындар. 7. ВИЧ-ті жұқтырған немесе СПИД-пен ауыратындармен жыныстық қатынастағы адамдар. 8. ВИЧ немесе СПИД-пен ауыратын анадан туған балалар. СПИД-тің байқалу әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оның анықталуы ерекше жауапкершілікті керек етеді. Сондай-ақ мынадай адамдарға көңіл аудару керек: 1. Ешқандай себепсіз температурасының ұзақ көтерілуі. 2. Лимфатикалық түйіндердің үлкеюі. 3. Жиі тұмау, бронхит және өкпе қабыну ауруларымен ауыратындар. 4. Теріде түйінді өсінділер, терінің қалыңдауы. Қандай жағдайда да қатерлі топтардағы адамдарды ВИЧ- инфекциясының бар-жоғын және келісім арқылы анонимді тексеру керек. Осы уақытқа дейін СПИД-пен ВИЧ-қа қарсы дәрілер де, егуде жоқ. Барлық қолайлы құралдарды және әдістерді қолдану арқылы оның жұқпауына өзіңіз жағдай жасаңыз. Қазақстан Республикасында ВИЧ-пен 15-29 жастағы адамдар арасында ауру қаупі бар. Ауру жұқтырған адамдардың ішінен 68 %-ын осы аралықтағы жастар құрайды. Жас адамдар тәртіп ерекшелігі және оларда жыныс жолмен жұғатын СПИД туралы ақпараттың аздығынан, яғни бұл проблема толық шешілуден әлі алыс жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |