1 Пән туралы мәліметтер:
Кредит
|
3
|
Курс
|
1
|
Семестр
|
1
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Аралас емтихан
|
Дәріс (сағаты)
|
1
|
Практикалық (семинар, лабораториялық)
сабақтар (сағаты)
|
2
|
Жеке сабақтар
|
15
|
СОӨЖ (сағаты)
|
|
СӨЖ (сағаты)
|
|
Барлық сағаттар
|
18
|
Мақсаты:
«Элементарлы математика» оқу пәні педагогикалық пәндер цикліне жатады және белгілі бір математикалық даярлығы бар студенттерге оқытылады.
Аталмыш курс болашақ математика мұғалімдерін математикалы және кәсіби даярлауда маңызды орын алады. Бұл курстың негізгі мақсаты – болашақ математика мұғалімдерін жалпы білім беретін орта оқу орындарында математикадан және элементар математиканың мектеп математика курсының шеңберінен тыс бөлімдері бойынша факультативтік сабақты сапалы беруге мүмкіндік туғызатын пәндік-математикалы тұрғыда даярлау.
Курстың міндеттері: Іргетасты математикалық дайындықты жоғарылату, курстың қолданбалы бағытын арттыру, қолданбалы есептерді шешуде студенттердің математикалық әдістерді пайдалануға бағыттап оқыту, студенттерде логикалық және алгоритмдік ойлауды қалыптастыру, студенттердің өз бетімен математикалық білімді алып, оны тереңдетуге дағдыландыру.
Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша)
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:
- Нақтылы сандар теориясының кейбір мәселелерін білу.
- Ақырғы аз, көп шамалар теориясынан мәлімет алу.
- Шектер теориясымен танысу.
- Элементар, күрделі функцияларды туынды арқылы зерттеп, графигінің эскизін сала білу.
- Дифференциалдау және интегралдау амалдарын жете түсініп, мысалдарын шығара білу.
- Векторлық анализ элементтерінің қолданылатын есептерін қарастыру.
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
Арифметиканың, алгебраның және элементар функциялардың негізгі ережелерін білу.
-Теориялық қағидаларды мектеп математика курсының есептерін шығаруда қолдану іскерліктері мен дағдылары.
- өмірде кездесетін практикалық жағдайларда математикалық әдістерді қолдану.
- математикалық түрде қалыптасқан есептерді шешу және зерттеу әдістерін меңгере білу;
- студент қарапайым сандық әдістерді жетік білім, оны есептеу машиналарында іске асыру деңгейіне жету, меңгеруі тиіс;
Игерілетін дағдылар:
- шапшаңдылық;
- логикалық ойлау.
Достарыңызбен бөлісу: |