Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
34
тапсырыс) бойынша білім алушы академиялық қарызы бар болған жағдайда білім беру
грантын немесе мемлекеттік тапсырыс
орнын сақтай отырып, оны ақылы негізде жояды.
Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай
отырып басқа ЖОО-ға ауыса алады. Жекелеген ЖОО-лар үшін бекітілген білім беру
гранты бойынша нысаналы орындарға, сондай-ақ бӛлінген квота шегінде педагогикалық
мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауыса алады.
Магистранттар басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ауыса алады.
Студенттер мен магистранттарды басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ғa ауыстыру тек
ақылы негізде ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте студенттің ұлттық бірыңғай
тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл саны 60-тан тӛмен
болмауы және орташа үлгерім балы (GPA - Grade Point Average) аталған ұлттық ЖОО-
дағы белгіленген ауысу балынан тӛмен болмауы тиіс.
Білім алушыны курстан курсқа, бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту
нысанынан екіншісіне, бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ақылы негізде ауыстыру және
қайта қабылдау рәсімін ЖОО дербес белгілейді және оның академиялық саясатында
кӛрсетілуі тиіс. Бұл ретте білім алушының жеке іс қағазында бакалаврат үшін - ҰБТ
немесе КТ тапсырғаны туралы сертификат, магистратура үшін - түсу емтихандарын
тапсырғаны туралы сертификат болуы тиіс.
Білім беру гранты бойынша білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру
рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген
білім алушы білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы еркін нысанда
ӛтініш береді және ауысуға мӛрмен бекітілген жазбаша келісім алып, қызығушылық
танытқан ЖОО басшысына ӛтініш білдіреді; 2) қабылдаушы ЖОО басшысының атына
жазылған ауысу туралы ӛтінішке оқу ісі жӛніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол
қойған, мӛрмен бекітілген транскрипттің, білім беру гранты иегері куәлігінің, оқыған
ЖОО басшысының атына жазылған ӛтініштің (басшының қолы қойылып, мӛр басылған)
кӛшірмелері қоса берілуге тиіс; 3) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған
құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды
және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру
бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және тіркеу бӛлімімен
келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді; 4) факультет деканы
(институт директоры), офис-тіркеуші, академиялық мәселелерге жетекшілік жасайтын
бӛлімше басшысы (оқу-әдістемелік бӛлім немесе басқарма) бастығы, оқу ісі жӛніндегі
проректор қойған бұрыштамаларға сәйкес ЖОО басшысы білім алушыны ауыстыру
туралы бұйрық шығарады;
Білім алушы ауысатын ЖОО-ның басшысы бұйрық шыққан күннен бастап үш
жұмыс күні ішінде білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке іс қағаздарын жіберу
туралы жазбаша сұрау жолдайды. Сұрауға білім алушыны ауысу тәртібімен қабылдау
туралы бұйрықтың кӛшірмесі қоса беріледі.
Білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ның басшысы мұндай сұрауды алғаннан кейін
«(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген мазмұндағы оқудан
шығару туралы бұйрық шығарады және бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні
ішінде білім алушының жеке іс қағаздарын қабылдаушы ЖОО-ның мекенжайына
жолдайды. Білім алушы оқыған ЖОО-да транскрипттің кӛшірмесі, сынақ кітапшасы,
студенттік билет және жіберілетін құжаттардың тізімдемесі қалады. Бір
ЖОО-дан
екіншісіне білім беру гранты негізінде білім алушыны ауыстыру кезінде қабылдаушы
ЖОО-ның басшысы білім алушыны қабылдау туралы бұйрықтың, кӛшірмесін оның
Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
35
атына жазылған білім беру гранты куәлігінің кӛшірмесімен бірге білім беру
саласындағы уәкілетті органға және тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ЖОО-ның
қаржыландыру кӛлемін түзету үшін ұсынады.
Оқу кезеңінде пайда болған ауру нәтижесінде берілген мамандықта оқуға тыйым
салынғаны туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім
беру гранты бойынша білім алушы бір мамандықтан екіншісіне бос орындарға білім
беру гранты бойынша ауысады.
Білім алушыларды университеттен шығару
Алматы
университетінде
білім
алушылар
төмендегідей
жағдайда
университеттен
шығарылады:
Ӛз еркімен;
Басқа
оқу орнына ауысуына байланысты;
Оқу тәртібін бұзғаны үшін (белгіленген мерзім
ішінде кӛшіру бұйрығына сәйкес, ақылы негізде пәндерді қайта оқығаны үшін оқу
ақысын тӛлемегені үшін), ұдайы себепсіз оқу сабақтарына қатыспай, университетпен
байланысты үзгені үшін (қатыспаған сағаттардың саны-80 сағаттан астам),
академиялық демалыстан немесе шетелдік іс-сапардан кейін уақытылы келмеу (екі
аптадан астам);
Алматы университетінің ішкі тәртіп ережелері мен Жарғысын бұзғаны үшін
(сабаққа мас күйінде келу немесе университет қабырғасында ішімдік ішкені үшін,
құмар ойындар үшін, университет мүлкіне зиян келтіргені үшін, жатақханада тұру
ережелерін бұзғаны үшін, анти-қоғамдық тәртібі үшін, ауыр салдарға әкеп соқтыруы
мүмкін еңбек сақтау немесе ӛрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін);
Төмендегі жағдайлар сабаққа қатыспай қалудың дәлелді себебі бола алады,
студенттің емхананың анықтамасымен расталған медициналық кӛрсеткіштер (күндізгі
бӛлімнің студенттері үшін), еңбекке жарамсыз парағы (сырттай оқу бӛлімінің жұмыс
істейтін студенттері үшін) 3 күн аралығында тапсырған жағдайда, шетелдік іс-сапарға
кетуі, университет әкімшілігінің келісімімен республикалық деңгейдегі спорт және
басқа да іс-шараларға қатысуы, сонымен қатар форсмажорлы жағдайлар.
Білім беру грантының иегерлері, университеттен шығарылған білім
алушылар өз білім беру грантынан айырылады.
Университеттен шығарылған тұлғаларға білім алуды аямақтаған азаматтарға
берілетін анықтама жазылады.
Академиялық демалысты беру
Академиялық демалыс- білім алушылардың білім
беру ұйымдарында медициналық айғақтар бойынша және
де ӛзге ерекше жағдайларды ӛз оқуын уақытша тоқтата
тұратын кезең.