Иманбекова бибігүл илиясқызы қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты



жүктеу 0,79 Mb.
бет2/5
Дата21.01.2018
өлшемі0,79 Mb.
#7857
түріДиссертация
1   2   3   4   5

Зерттеудің хронологиялық ауқымы. Қазақстанның ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі ғылыми-техникалық саясаттың дамуы мен қалыптасу кезеңін қамтиды.

Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Зерттеу нәтижесінде алынған теориялық қорытындылар саясаттану саласында ғылыми-техникалық саясат мәселесін терең зерттеуде өз септігін тигізеді. Мемлекеттегі ғылыми-техникалық саясатты дамытудың саяси-әлеуметтік тұстарын айқындауға көмектеседі. Зерттеудің ой-тұжырымдары мен қорытындылары жоғарғы оқу орындарында тақырыпқа сәйкес арнайы курс оқығанда, саяси ғылыми-технологиялық даму бойынша дәрістер өткізуге, ғылыми-техникалық саясатты дамыту туралы ғылыми ізденістерді жетілдіруде негіз бола алады. Сонымен қатар, ғылыми еңбектің басты қағидаларын мемлекеттік құрылымдар жүйесі, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, ғылыми зерттеу институттары, ғылыми-техникалық орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. саясат субъектілері іс жүзінде өз қажеттеріне жарата алады.

Қорғауға ұсынылып отырған негізгі тұжырымдар

  1. Ғылыми-техникалық саясаттың дамуы еліміздің саяси-әлеуметтік, экономикалық өркендеуінің негізі. Билік пен қоғам арасында және ғылыми ортаның өзара сұхбаттық қарым-қатынас жағдайында ғана демократиялық принциптерге негізделген ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыруға болады. Ғылыми-техникалық саясаттың өзекті мәселелері туралы республикалық деңгейде ғылыми форумдар өткізумен кешенді ғылыми-техникалық бағдарламалар қабылдаудың да мәні зор.

  2. Еліміздегі ғылыми-техникалық саланың заңнамалық негізіндегі қарама-қайшылықтар ғылыми-техникалық саясаттың дамуына едәуір кедергі келтіріп отыр. Ғылым туралы заңдағы кемшіліктер ғылыми потенциалдың осы саладағы шешуші фактор болуына толыққанды, субъектісіне айналуына бөгет жасап отыр.

  3. Қоғамда ғылыми-техникалық дамуға жаңаша көзқарас қалыптастыру керек. Ғылыми-техникалық саланы басқаруда, шешім қабылдауда ғылыми жұртшылыққа барынша мол мүмкіндіктер берілуі тиіс.

  4. Соңғы жылдарға дейін мемлекет тарапынан ғылымды қаржыландыру мардымсыз болып келді, қазіргі ғылымға бөлініп жатқан қаржының өзі бұл саланы толыққанды қамтамасыз ете алмай отыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін ғылымды қаржыландырудың қосалқы механизмдерін іске қосу керек.

  5. Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп отырған ғылыми-техникалық саясат жаһандану үрдісінің талаптары мен толыққанды үндеспей отыр, сондықтан елімізде инновациялық даму мен саяси жаңару үрдісіне сай, ғылыми-техникалық саясаттың теориялық-концептуалдық негізін жетілдіру қажет. Сондай-ақ, арнайы «ғалым мәртебесі» туралы Заң қабылдаудың да қажеттілігі зор.

  6. Ғылым - инновациялық процестің басты негізі. Елдің инновациялық дамуы, бәсекеге қабілеттілігінің артуы, қоғамның демократиялануы ғылыми-технологиялық дамумен тығыз байланысты. Осы мақсатта ғылыми-техникалық саясатты мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде қарап, оны барлық аспектіде зерттеуді жетілдіру оңды болмақ.

  7. Тәуелсіз Қазақстанның ғылыми-техникалық саясатын дамыту және оның демократиялық, құқықтық жүйесін жетілдіру ісі ғылыми әлеуметпен саяси партиялардың ғылыми қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың біріккен іс қимылының нәтижесінде ғана жүзеге асатыны анық. Сондықтан, ғылыми қоғамдастық пен саяси билік арасында ұлттық консенсусты қалыптастыру керек.

  8. Қазақстанда ғылым мен өндірісті ұштастыру үшін технологиялық парктер мен ғылыми өндірістік орталықтардың жоғарғы оқу орындарының жанынан құрылуы мемлекет үшін тиімді. Мұндай орталықтар жоғарғы оқу орны түлектерінің жұмыспен қамтамасыз етілуіне өз ықпалын тигізеді.

  9. Ғылыми-техникалық саясаттың гуманистік бағытта дамуының маңызы ерекше. Қазіргі кезеңде әлемде қоғамдық білім, ғылым және мәдениетті дамыту гуманистік идеялар негізінде жүзеге асырылып отыр. Ғылымның жетістіктері қоғамның басты қазынасы адам игілігіне жұмсалуы басты шарт. Осы бағытта жалпы адамзатқа қауіп-қатер төндіріп отырған ғасыр дерті қатерлі ісік, туберкулез, ЖҚТҚ (СПИД) ауруларының алдын алуға және қоршаған ортаның ластануы, атмосфера тазалығы т.б. ғаламдық мәселелерді шешуге жұмсалуы тиіс. Осы мақсатта отандық ғылымда гуманистік негізде дамуға бағытталуы тиіс.

  10. Ғылыми-техникалық саясат мемлекеттік құрылымдағы сан алуан саяси-әлеуметтік, мәдени қатынастардың құрамдас бөлігі болып табылады. Себебі, бұл процесс қоғам өмірінің барлық саласымен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

  11. ТМД ауқымында ғылымды, білімді интеграциялау процесін кеңейту маңызды мәселе. Осы елдерде ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайту үшін ғылыми-инновациялық орталық қалыптастыру, осы саладағы барлық мемлекеттерге ортақ мәселелердің түйінін тарқатудың негізгі жолы.

  12. Еліміздегі ғылыми-техникалық дамудың басты басымдықтарының санатына Қазақстан үшін аса қажетті ғылыми бағыттар – экология, денсаулық сақтау, аграрлық салаларды енгізу керек. Қазақстан бүгінде ірі аграрлық мүмкіндіктерге ие ел. Дүниежүзілік рынокта астық, мақта, көптеген мал шаруашылығы өнімдерін ұсыну, өндіріс ресурстарын игеру арқылы елімізді ірі индустриалды және аграрлық мемлекетке айналдыруға толық мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен мақұлдануы. Диссертациялық жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің теориялық және қолданбалы саясаттану кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Диссертациялық жұмыстың негізгі қағидалары мен қорытындылары, Ресейде өткен «Наука и власть: проблема коммуникации» (материалы Всероссийской научной конференции. Москва, 26 сентября 2008 г.) атты конференция материалдарында, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі ғылыми-теориялық және саяси семинарлар мен конференцияларда баяндалды. «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының маңызды бағыттарын жүзеге асыру міндеттері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 24 сәуір, 2007 ж.), «Алаш және тәуелсіз Қазақстан: идеялар мен ұстанымдар сабақтастығы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 21 қараша, 2008 жыл), «Рухани ғылыми мұра» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 7 қараша, 2008 ж.), «Жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйесінің даму мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2008 жыл), «Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы, экономикалық, құқылық және әлеуметтік жайы» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Семей, 27-28 наурыз, 2009 ж.), «Қазақстан Республикасының әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуінің әлеуметтік экономикалық және құқықтық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 11наурыз, 2007 ж.), «Тұлға, Таным, Шығармашылық» Ұлттық Ғылым Академиясының академигі А.Н. Нысанбаевтің 70 жылдығына арналған «Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның орнықты дамуының мәселелері, зерттеу тәжірибесі, жағдайы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы 2007 ж. 5 мамыр), Абай атындағы Ұлттық педогогикалық Университетінің «Актуальные проблемы международного права в свете послания президента президента республики Казахстан Н.Ә.Назарбаева «Новый Казахстан в новом мире» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы 2007 жылы 18 сәуір), «Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі - демократиялық қоғамның дамуын жеделдету» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференцияда (Алматы, 2007 жыл 30 мамыр), «Қазақстан Республикасының бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан көрінуінің негізгі міндеттері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2006 жыл 21 сәуір), «Егеменді Қазақстанның дамуы, тәжірибе үрдістері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2006 жыл 7 желтоқсан), «Қазіргі жағдайдағы терроризммен күресу проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2002 жыл 10-12 желтоқсан), «Правовое государство, от идеи до материализации» тақырыбындағы академик М.С. Беспаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2008жыл), «Жоғары білім мен ғылымды модернизациялау, инновациялық дамудың жолдарымен перспективалары» атты ҚР ҰҒА академигі Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықовтың 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияда (Алматы, 2008ж 18 қазан), «2007жылы Конституциялық реформаны жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасындағы демократиялық институттардың дамуы» (Алматы, 2008ж 29ақпан) тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда, Орталық Азия Университтетінде өткізілген «Қазақстанның даму жолы, оның ерекшеліктері, проблемалары және перспективалары» халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдарында (Алматы, 2007ж), «Политика демократизации общественной жизни в Республике Казахстан», «Гуманитарлық ғылымдар» (Қарағанды, 2009ж) атты ғылыми еңбектердің ЖОО-аралық жинағында (Алматы, 2000ж), «Қолданбалы саясаттану және инновациялық даму» атты оқу құралында (2007 ж.), «Саясаттану курсы бойынша оқу-әдістемелік бағдарламасында» (2008 жыл.), «Қазақстан Республикасында ғылыми техникалық саясаттың дамуы мен қалыптасуы» (2008 жыл) атты монографияда баяндалып талқыланды.

Сондай-ақ, дисертациялық зерттеудің негізгі мазмұны мен теориялық қағидалары И.Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік Университтетінің Жаршысында ( қоғамдық ғылымдар сериясы - № 12.2008ж) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысында (әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы), Еуразия гуманитарлық университетінің хабаршысында, Қайнар университетінің хабаршысында (саяси ғылымдар сериясы), «Саясат» (информационно аналитический журнал), «Адам әлемі» (философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журнал), «Әл-Фараби» (философиялық-саясаттанулық және рухани-танымдық журнал.), «Ізденіс» (гуманитарлық ғылымдар сериясы), «Қазақстан жоғарғы мектебі» (Халықаралық ғылыми-педагогикалық басылым), «Ақиқат» ұлттық қоғамдық – саяси журналында жарияланды. Сол сияқты диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен ұстанымдары бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің «Саясаттану және халықаралық қатынастар» бөлімінің студенттеріне арнайы курс оқылды.



Зерттеу нәтижелерінің жариялануы. Диссертация тақырыбы бойынша автордың 44 мақаласы жарық көрген. Жұмыстың жалпы көлемі 250-бет компьютермен терілген мәтінді құрайды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігімен зерттелу деңгейі қарастырылып, мақсаты мен міндеттері, пәні мен объектісі, ғылыми жаңалығы, әдіснамалық және теориялық негіздері, хронологиялық ауқымы, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдары, сонымен бірге зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен мақұлдануы және құрылымы айқындалады.

Диссертацияның «Ғылыми-техникалық саясатты зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері» атты бірінші бөлімінің 1.1. «Мемлекет саясатындағы ғылыми-техникалық саясаттың орны мен рөлі» атты тақырыпшасында ғылыми-техникалық саясаттың теориялық-әдіснамалық қыры қарастырылады. Диссертацияның теориялық және әдістемелік негізін классикалық және қазіргі замандық теориялар мен саяси – әдістемелік тұжырымдар құрайды, өткен ғасыр ойшылдары Э.Кан және Л.Нуаре, Хайдеггер, К.Ясперс, А. де Токвиль, О.Шпенглер, Дж.Бернхэм, Г.Лассуэл, Т.Дай, Р.Дарендорф, К.Дойч, Х.Зиглер, Д.Истон, О.Тофлер, Д.Арон, У.Ростоу, Ф.Бэкон және т.б. еңбектері зор үлес қосты. Бұл тақырыпшада ғылыми-техникалық саясаттың дамуымен қалыптасуындағы мемлекеттің рөліне саясаттанулық талдау жасалған. Автордың пікірінше ғылыми-техникалық саясат мәселесін саяси аспектіде қарастыру, ғылым мен техниканың саясат әлеміндегі орны мен рөлін, жаңаша бағалауға, қоғамдағы ғылыми-техникалық саясаттың стратегиялық саяси мәнін анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекет саясатындағы ғылыми-техникалық саясаттың маңыздылығын, инновациялық өркендеумен саяси жаңартуға байланысты стратегиялық саяси мәні зерттелінген. Диссертанттың пайымдауынша Қазақстан үшін ғылыми-техникалық саясатты дамыту – дағдарыстан шығудың тиімді жолдарының бірі. Ғылым мен өндірісті ұштастыру, озық технологияларды игеру жаңа жұмыс орындарын ашуға мол мүмкіндіктер туғызады. Мұның өзі саяси-әлеуметтік мәселелерді шешудің бір жолы. Сондай-ақ, бұл тақырыпшада саясат пен ғылымның, экономиканың тығыз байланыстылығы қарастырылған. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі тікелей ғылыми-техникалық саясаттың дамуымен байланысты. Диссертациялық жұмыста ғылыми-техникалық саясат мемлекеттің жаңа басым бағыттарының бірі ретінде зерттеледі. Саяси-әлеуметтік, қоғамдық құрылымдағы ғылыми-техникалық саясат күрделі саяси процесс ретінде қарастырылып, оның демократиялық механизмдерінің объективті және субъективті алғышарттары талданған.

Автордың пайымдауынша ғылыми-техникалық саясат көпқырлы кешенді процесс, ол қоғамдағы барлық саяси-әлеуметтік, экономикалық үрдістерімен тығыз байланыста дамиды. Сондай-ақ, бұл тақырыпшада кеңестік кезеңдегі ғылыми-техникалық саясаттың зерттелуіне де талдау жасалынған. Автордың пайымдауынша кеңестік кезеңде ғылыми-техникалық саясат КСРО-ның жүргізген саясатының ауқымында ғана зерттелінген. Сол кездегі зерттеу еңбектерінің басым көпшілігі партияның рөлін көрсетуге тырысқан – деген тұжырым жасайды. Батыс саяси ғылымында ғылыми-техникалық саясат ерте енген танымал ұғымдардың бірі. 1777 жылы жарық көрген И.Беккманның «Технология бойынша жетекшілік немесе қолөнерді фабрикалар мен мануфактураларды тану»- деп аталатын еңбегінде, қоғамның экономикалық өркендеуі тікелей ғылым мен техниканың өзара бірлікте дамуымен байланысты – деп тұжырымдаған [42].

Ғылымды – өндіргіш күш ретінде танып, зерттеудің негізгі ХVII-XVIII ғасырға тән деп айтуға болады. Ғылым мен техниканың қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ықпалын зерттеуге ағылшын философы, әрі саяси қайраткері Ф.Бэкон зор үлес қосты. «Жаңа Атлантида» мемлекеті туралы әйгілі еңбегінде ол қоғамның өндіргіш күштері ғылым мен техниканың көмегімен дамыған мемлекеттерді атап көрсетті. Ф.Бэкон барлық қоғамдық проблемаларды ғылымның көмегімен шешуге болады – деп түсіндіреді [43].



Жалпы «ғылыми-техникалық саясат» түсінігінің ғылыми айналымға енуі ХХ ғасырдың 50-жылдарына тән. Алғашқыда батыстың ғалым-экономистері ғылыми салаға жаңа термин ретінде енгізіп, кең қолданған. Бұл түсінік бірте-бірте қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың зерттеулерінде белсенді түрде қолға алынып, дербес зерттеу саласы ретінде қалыптасқан.

Бірінші тараудың 1.2. «Ғылыми-техникалық саясаттың мәні мен мазмұны, қалыптастыру принциптері» атты тақырыпшасында ғылыми-техникалық саясаттың мәні мен мазмұны, оны қалыптастыру қағидаттары зерттелінген. Зерттеуші бұл тақырыпшада ғылыми-техникалық саясатқа берілген анықтамаларды топтастырып, жүйелеп, көптеген ғылым салаларының тоғысуынан тұратын, бұл саясатқа авторлық анықтамасын берген. Автордың пікірінше бүгінгі таңда ғылыми-техникалық саясат тек экономикалық ұғым ғана емес, саяси салмағы бар түсінік болып отыр. Сондай-ақ, бұл тақырыпша ғылыми-техникалық саясат түсінігінің көп өлшемді, кең мағыналы ауқымын зерттеуге бағытталған. Диссертанттың пайымдауынша ғылыми-техникалық саясат қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуымен тікелей байланысты күрделі де кешенді процесс. Саяси ғылымнан бастап, көптеген ғылымдар саласының тоғысуынан тұратын ғылыми-техникалық саясатқа бір ғана ғылым саласының негізінде анықтама беру мүмкін емес. Автордың пайымдауынша ғылыми-техникалық саясат – саяси биліктің ғылым мен техникаға қатынасын білдіретін, мемлекеттің ғылыми-техника саласындағы даму бағыттарын анықтайтын, мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік саясатының құрамдас бір бөлігі болып табылатын, стратегиялық іс-қимылдарының кешенді жиынтығы деп тұжырымдайды. Ғылыми-техникалық саясаттың мақсаты - елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайту, өндірістің осы заманғы ғылыми-технологиялық базасын құру, елдегі ғылыми-техникалық потенциалды, рационалды орналастыру және тиімді пайдалану, мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуіне ғылым мен техниканың қосатын үлесін арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасының 2001 жылы қабылданған Ғылым туралы заңында [44] «мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат, әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бір бөлігі, ол мемлекеттің, әртүрлі ұйымдардың ғылыми-техникалық жетістіктерді іске асыру мен жаңа технологиялар жасау жолындағы, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы қызметінің негізгі бағыттарын, принциптерін, нысандары мен әдістерін белгілейді»-деп көрсетілген. Ғылыми әдебиеттерде ғылыми-техникалық саясатқа әртүрлі анықтамалар берілген. Соңғы шыққан кейбір зерттеулерде ғылыми-техникалық саясатты инновациялық саясатпен қатар қарастырып жүр. Ғылыми-техникалық саясатты теориялық түрғыдан зерттеу бірінші кезекте мемлекеттің өзіне тиімді болмақ. Қазіргі кезеңде ғылыми-техникалық саясаттың мазмұнына материалдық өндірістің тиімділігімен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экологиялық жағдайды жақсарту, мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қорғау, ғылыми саланың нарықтық экономикаға тән жаңа тетіктерін қалыптастыру мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру, ғылым мен өндірісті, білімді интеграциялау, адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жатады. Ғылыми-техникалық саясат ұғымына анықтама беру қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының барлық саласында орын алған. Бірқатар ғылыми, қоғамдық-саяси сөздіктер мен әдебиеттерде ғылыми-техникалық саясатқа түсініктер берілген. Саяси энциклопедияда: «Ғылыми-техникалық саясат дегеніміз қоғамда ғылымды қажетсінетін салалардың өсуі, ғылыммен өндірістің өзара ұштасуы»[45] деген анықтама негізделсе, экономикалық сөздікте: «Қоғамдағы ғылыммен техниканың өркендеуі, экономикалық дамудың негізгі көзі»[46] – деген пайымдау ұсынылса, саяси сөздікте: «Ғылыми-техникалық саясат – ғылымның әртүрлі салаларының басын қосатын көп қырлы кешенді процесс»[47] деген анықтама берілсе, әлеуметтік энциклопедияда: «Ғылыми-техникалық саясат – мемлекет саясатының құрамдас бір саласы қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуымен тығыз байланыста өрбитін кешенді процесс» [48]-делінген. Жаңа экономикалық сөздікте: «Қоғамның өндіруші күштерін жетілдіру, материалдық өндірісте және адамның тіршілік қызметі аясында ғылыми-техникалық жетістіктерді модернизациялау негізіндегі еңбек нәтижесі»[49] - деген анықтама ұсынылады. Берілген анықтамаларға сүйене отырып, ғылыми-техникалық саясат саяси жүйедегі саяси-әлеуметтік, экономикалық процестермен тығыз байланыста дамитын, мемлекет саясатының ажырамас, құрамдас бөлігі болып табылатын көпқырлы кешенді процесс деп қорытындылауға болады. Ғылыми-техникалық саясаттың мәні мен мазмұнын ашып көрсету үшін осы ұғымға тікелей қатысты «техника» және «технология» түсініктеріне анықтама берген жөн. Қазіргі кезеңде жиі қолданылып жүргендігіне қарамастан техника, технология ұғымдарына ғылыми негізделген нақты тұрақты анықтама әлі қалыптаспаған. «Техника» ұғымына жаңа филлософиялық сөздікте: «Өндіріс құралдарының жинағы, алдыңғы қатарлы озат техника, қандай да бір процесті жүзеге асыруда қолданатын тәсіл» -деген анықтама берілген [50]. Автордың пайымдауынша техника (зат) құрал-жабдық, машина материалдық еңбектің жемісі, технология – (процесс) әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Көптеген зерттеулерде бұл екі ұғымды да бірдей шеберлік, өнер жасай білу деп түсіндіреді. Бұл ұғымның қолданыста пайда болу тарихына үңілетін болсақ, алғашқы қауымдық құрылыстағы құрал-жабдықтардың пайдалануынан, бірте-бірте күрделі құрал жабдықтарға өту, қоғамға техниканы енгізген. Техника мен технология қоғамның жедел дамуының маңызды факторына айналды, бүгінде техника ықпалын тигізбеген адам өмірінің бірде-бір саласы жоқ. Технология – белгілі бір заттың (шикізат-материал) жай-күйін, қасиетін, формасын өзгерту үшін қолданылатын тиімді өңдеу әдістерінің жиынтығы [51]. Технология XX ғасырдың аяғынан бері ғана кең түрде қолданылып келе жатқан жаңа саяси ұғымдардың біріне саналады. Мән-мағынасы бойынша қоғамдық-саяси-әлеуметтік процестерді шешудің әдіс-тәсілдері – дегенді білдіреді.

Диссертанттың пікірі бойынша ғылыми-техникалық саясаттың мазмұны ғылым, саясат, техника, технология, ғылыми техникалық прогресс түсініктерінің кешенді жиынтығын құрайды. Осы ұғымдардың өзара тығыз байланыста дамуы ғылыми-техникалық саясаттың толық қанды мазмұнын ашып көрсетеді. Ғылыми-техникалық саясатты қалыптастырудың негізгі принциптері: ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарын ұлттық мүддеге, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қажеттілігіне сәйкес ынталандыру және мемлекеттік қолдау ресурстарды басым ғылыми бағыттарға шоғырландыру; ғылым мен техника жөніндегі мемлекеттік тапсырыстарды конкурстық негізде қалыптастыру; саяси билікпен ғылыми жұртшылықтың өзара іс-қимылын демократияландыру, ғылыми-техникалық шығармашылықтың еркіндігін қамтамасыз ету және ғылыми қызметкерлердің қоғамдағы статусын көтеру болып табылады. Ғылыми-техникалық саясаттың негізгі мақсаты – шикізатқа бағытталған экономиканы біртіндеп технологиялық, ал технологиялықты инттелектуалдық-ақпараттық экономикаға ауыстыру және осы мақсат үшін білікті мамандар даярлау, өмірдің сапасын арттыруға бағытталған зерттеулерді дамыту, ресурстарды үнемдейтін және экологиялық жағынан таза өнімдер өндіру болып табылады.

Осы тараудың 1.3 «Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы жаңа бағыттар (нанотехнология, биотехнология және ғарыш салалары)» атты тақырыпшасында дүниежүзілік ғылыми-техникалық саясаттың даму тенденцияларына сәйкес, Қазақстанда да ғылыми-техникалық саясатты дамытудың жаңа тенденциялары мен бағыттары қалыптасып келе жатқандығы зерттелінген. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың атап айтқанындай «әлемдік рынокта Қазақстан жоғары технологияларға ие болуы тиіс, сондықтан нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттары белгіленді. Олар биотехнологиялар, нанотехнологиялар, ғарыш саласы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен көмірсутекті және тау-кен метталлургиялық өнеркәсіп үшін қажетті технологиялар».

Жаңа басым бағыттардың бірі нанотехнология саласына қысқаша тоқталатын болсақ, нанотехнология «си» өлшем жүйесінде «нано» миллиардтың бір бөлігі деген үлесті білдіреді [52].



Нанотехнологияның басты жетістіктерінің бірі атомның ішіндегіні көруге болатын микроскоптардың қолданысқа енуі. Нанотехнология арқылы иненің ұшына ағылшын сөздігінің 28 томын сыйдыруға болады. Нанотехнологияларды дамытудың арқасында медицинада мүлдем таңғажайып дүниелер орын алып отыр. Бұлар осыған дейін көзге көрінбеген тың білімдерді ашатын мүлде жаңа технологиялар нәтижесінде, іс жүзінде жаңа әлем, жаңа өлшемдер ашылды.
1-кесте. Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы жаңа бағыттар.

Қазақстандағы перспективалы ғылыми-техникалық басым бағыттар




БИОТЕХНОЛОГИЯ





НАНОТЕХНОЛОГИЯ




ҒАРЫШТЫҚ ҚЫЗМЕТ




КӨМІРСУТЕКТІ ЖӘНЕ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ӨНЕРКӘСІП ҮШІН ҚАЖЕТТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР




АҚПАРТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР


2-кесте. Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың жаңа құрылымы


ЖОҒАРЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИССИЯ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР К.Х.Мәсімов

жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау