27
философияның нағыз пәні болып тіл табылатынын толық қолдады.
Көбісі философияны ғылымның логикасы деп таныды.
Сонымен Вена үйірмесінің өкілдерінің айтуынша философ
тілмен айналысады, Карнап оны сөздерді қолданудың формалды
ережелерімен жұмыс деп түсінген, ал Шлик бойынша философиялық
таным сөздердің мағынасын анықтаудың үрдісі болып табылады.
Адамзат біліміндегі философияның рөлін осылай түсінгендері
үшін Вена үйірмесінің идеялары басқа философия бағыттарының
өкілдерімен сынға алынған. Соның салдарынан алға шыққан жаңа
философия пәні пайда болды – ғылым логикасы мен методологиясы,
ғылым философиясы.
Вена үйірмесінің өкілдері үшін философия тек қана ғылым
тілінің анализі ретінде ғана өмір сүре алады. Осы анализ кезінде
пайда болатын бірінші сұрақ: қандай тұжырымдар ғылыми сипатқа
сәйкес келеді, ал қайсыларын ғылыми тілден алып тастау керек?
Басқаша айтқанда, ғылыми тұжырымдамалардың мамандануы
қандай? Вена үйірмесінің концепциясына сай адамзатты қоршаған
дүниедегі заттардың қалпының қосындысы шынайлылық болып
табылады. Мұндай заттардың қалпы эмпирикалық түрде анықталуы
мүмкін және жай хаттама сөйлемдерінде анықталуы мүмкін. Хаттама
сөйлемдерінің қосындысы ғылыми білімнің шынайы базасын
құрайды. Оны тәжірибе мен сипаттаулар арқылы анықтауға болады.
Сезім мүшелері мен осы мүшелердің жалғасы болып табылатын
құралдар барлық адамдар үшін бірдей құралғандықтан, біз оларға
сенбеуіміз мүмкін емес.
Логикалық аппаратты қолдану заттардың қалпы арасындағы
байланысты және қарым-қатынасты сипаттауға болатын одан да
құрылымы қиын молекулалық сөйлемдердің құрылуына мүмкіндік
береді. Егер де логиканың жай тілін қолдансақ, жай эмпирикалық
берілгендерді сипаттауға болады, ал егер де логиканың қиын әрі бай
құралдарын қолдансақ үлкен мағынасы бар тұжырымдамаларды
алуға болады. Осылай эмпирикалық білім құралады. Басқаша
айтқанда эмпирикалық сөйлемдер екі типті болады:
фактілер туралы тікелей тұжырымдар – атомдық, жай,
хаттамалық сөйлемдер;
жай
сөйлемдер,
немесе
шынайы
жай
сөйлемдердің
функциялары.
Теориялық деңгей индуктивті ортақтастыру және жаңа білімді
енгізудің гипотетикалық әдістері көмегімен қалыптасады. Ғылыми
теорияның құрылуының басқа жолдары жоқ. Вена үйірмесінің
қызметкерлерінің түсінігі бойынша логикалық қорытынды жаңа білім
28
бермегендіктен, теория сөйлемдерінің мазмұны жай сөйлемдердің
мазмұнымен тең.
Сонымен, ғылыми білімнің теориялық және эмпирикалық
деңгейлері теорияның екі құрылымдық деңгейлері болып табылады.
Теориялық деңгейде ғылым заңдары және ғылыми гипотезалар
сияқты маңызды ғылыми ұғымдар пайда болады, сондай-ақ осы
ғылыми гипотезалар мен заңдарды дәлелдеу мәселесі тұрады. Мұндай
дәлелдеу тек қана ғылыми білімнің теориялық және эмпирикалық
деңгейлерінің арасындағы байланысты анықтағанда мүмкін болады.
Теориядан алынған фактілер тәжірибе жүзінде тексеріледі. Егер де
фактілер шынайы болса, онда теориялық тұжырымдама дәлелденген
болатын, неғұрлым дәлелдер көп болған сайын ол соғұрлым ғылыми
дәлелденген болып саналған. Мұндай теориялық білімді дәлелдеудің
принципі верификация принципі деп аталған (латынша «verus»
шынайы, «facio» жасаймын).
Верификация принципі бойынша сөйлемдер әрқашан да
фактілермен салыстырылуы керек. Шынайы фактілерді іздей келе,
Вена үйірмесінің өкілдері жай сөйлемді сезім мүшелерінің көмегімен
алынған ақпарат сияқты шынайы болып табылатын құбылысқа
жатқызды. ««Мынау стол» деп айтсам мен қателесуім мүмкін, өйткені
менің көріп тұрғаным стол емес, басқа зат болып шығуы мүмкін.
Бірақ егер мен «мен ұзынша келген қоңыр сызықты көріп тұрмын»
деп айтсам менің қателесуім мүмкін емес, өйткені бұл нағыз менің
көріп тұрған затым». Егер біз сөйлемдерді шындықпен сәйкестендіре
алатын болсақ, онда мұндай сөйлемдер мағыналы болады, ал егер де
біз мұны жасай алмасақ, онда мағынасыз сөздерді айтатын боламыз.
Сондықтан, «Бұл ұнтақ тұз болып табылады» деген тұжырымды
тексере аламыз, оның дәмін татып көрсек болғаны, немесе, «Столдың
астында мысық отыр» деген тұжырымды столдың астына қарап-ақ
тексере аламыз. Бірақ метафизиканың сөйлемдері осы әдіспен
тексеріле алмайды. Вена үйірмесінің өкілдерінің көзқарастары
бойынша «Уақыт шынайы емес», «Әлемнің субстанциясы ол
абсолют» деген сөйлемдер мағынасынан айырылған. Бұл сөйлемдерді
тексере алмағандықтан немесе олардың шынайы екені көрінетін
шарттарды көрсете алмағандықтан, бұлар өтірік сөйлемдер болады.
Верификация принципін енгізгеннен бері тұжырымдамалардың
ғылыми екенін анықтау оңай болған сияқты болды, бірақ
верификация үрдісін жүзеге асыру қиындықтары бар болып шықты.
Біріншіден, верификация принципінің табиғаты түсініксіз болды: ол
тавтология емес, фактілер туралы тұжырымдаулар да емес.
Екіншіден, егер де біз верификация принципін қолдансақ, онда
метафизикалық сөйлемдердің ғана емес, басқа да ғылым сөйлемдерін
29
1.6 К. Поппер: дүниетаным,
ғылым және философия
мағынасыз деп атауымыз керек болды, мысалы верификация болашақ
және өткен шақтар туралы мәселелерді қабылдамайды. Үшіншіден,
ешқандай ортақ сипатқа ие тұжырымдар сезімдік верификацияға
жатпайды, өйткені біз олардың қорытынды тексерісін ешқандай
сезімдік сәйкестендірулермен жүргізе алмаймыз.
Верификация принципін теориялардың ғылымилылығының
жалғыз ғана критерийі етіп қоюдың талпыныстары қиындықтарға
ұшырады және оның әлсіреуіне алып келді. Кейіннен верификация
үрдісін толық қолдаған Айер, оның кемшіліктерін атап көрсетті.
Верификация кейіннен дәлелдемемен алмастырылды: сөйлемді
мағыналы деп санау үшін оның верификациясы қажет болған жоқ, ол
белгілі бір сипаттаулармен дәлелденген болса жеткілікті.
Сонымен, Вена үйірмесінің өкілдері ғылым мен философияның
сәйкестігі жайлы маңызды методологиялық мәселелерді алға қойды:
ғылыми білімді құрылымдауы, ғылымның мамандануы, теориялық
білімді
дәлелдеу
принципі
ретінде
ғылыми
верификация
критерийлерін анықтауы.
Карл
Поппер
(1902-1994)
шығармашылығы XX ғасыр-
дың
философиясының
дамуының бір бағыты болып табылады. Қазіргі кезде де оның аты
философияның маңызды мәселелері жайлы дискуссиялардың
ортасында. Поппер еңбектері неопозитивизмнің орнына келген және
постпозитивизм деген атқа ие болған ғылым философиясының
дамуының жаңа кезеңін ашты.
XX ғасырдың бірінші жартысында философия қатаң критикалық
шабуылдарға
ұшырады.
Неопозитивистер
метафизиканы
философиялық білім ретінде жоққа шығарды. Неопозитивизм
метафизиканы шынайы мәселелерді қоя алмауында жауапқа тартты,
ал оның принциптері мен ұғымдарын мағынасыз деп сипаттады.
Поппер метафизика мен философияны жақтап шықты. Оның
осы мәселелер бойынша позициясын келесілер арқылы көрсетуге
болады:
метафизика ғылым болып табылмайды, бірақ ол мағынасыз
емес, және ғылымда позитивті және негативті рөлдерді ойнауы
мүмкін. Поппер ғылыми білімнің дамуындағы метафизиканың рөлін
анықтайды;
ғылым және метафизиканың шекаралық критерийі болып
фальсификациялық принцип табылады;
философия мен ғылым тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |