Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет8/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   89

 
 
24 
физикалық  қарым  қатынасы,  тәжірибелердің  мінездемесі  және 
бастауы туралы т.б.  
Позитивизмнің екінші даму кезеңі – эмпириокритицизм (Э. Мах 
(1838-1916),  Р.  Авенариус  (1843-1896))    ғылымның  жаңа  әдістемелік 
негізін жасау  мәселесін қойды.  
Табиғаттың  бірдей  заңдары  әртүрлі  теоретикалық  ұғымдар 
арқылы көрініс табатыны  анықталды. Мысалы, бір жағынан, Ампер-
Вебердің  электродинамикалық  зерттеу  программаларының  және 
екінші  жағынан  Фарадей-Максвеллдің  ұзақ  уақыт  бәсекелесуі 
электромагнетизмнің заңдарының  әртүрлі  құрастыруы мүмкін екенін 
көрсетті.  
Эрнст  Мах,  дүниетануда  пайда  болған  сол  методологиялық 
мәселелерді шешуде және құрауда сезімдік танымның білім негізінің 
редукциясынан  шықты.  «Әлем-бұл  сезімдердің  жиыны,  ғылымның 
міндеті – оларды сипаттау». 
Логикалық  анализ  және  индуктивті  тәжірибе  жолымен  Мах 
көптеген  ұрпақтардың  практикалық  қызметінің  нәтижесінде 
қалыптасқан  инстинктивті  білім  мен  ғалым  жеке  тәжірибелерінен 
алынған  ғалымдық  білімнің  арасындағы  айырмашылықты  бөледі. 
Ғалымның  қызметінде  ол  ғылымдық  гипотезаны  шығару  мен 
теорияларды  құраудың  ағартушылық  үрдісін  бөліп  көрсетті. 
Теориялардың  мақсаты  –  ғылымдық  тәжірибе  нәтижесінде  алынған 
эмпирикалық 
берілгендердің 
экономикалық 
жүйелігі 
мен 
кодталуының  ең  оңай  әдісі  болуында.  «Механика.  Оның  дамуының 
тарихи  критикалық  очеркі»  кітабында  өзінің  «ойлау  экономиясы» 
принципін  Мах  және  Авенариус  концепцияларының  арасында  көп 
ұқсастықтар  бар,  бірақ  Мах  өзін  ғалым  деп  санап  ғылымды  «атом», 
«материя»,  «субстанция»  сияқты  метафизикалық  ұғымдардан 
босатуға  ұмтылды.  Мах  үшін  ғылымның  жалғыз  ғана  функциясы 
болып сипаттау табылады. 
Рихард  Авенариус  өзін  философ  деп  санады  және  табиғат 
туралы  позитивті  ғылымдарға  ұқсас  етіп  философияны  қатал  ғылым 
ретінде  құрауға  тырысты.  «Эмпириокритицизм»  терминін  барлық 
тексерілген  шындықтарды  сыншыл    қарастыратын  философиялық 
ұстанымды  анықтау  үшін  енгізді.  Барлық  жерде  бәрі  үшін  бірдей 
әлемнің  әмбебап  концепциясын  алу  үшін  сын  философиялық  және 
мифтік  ойдан  шығаруды  жою  үшін  қажет.  «Таза  тәжірибеде» 
Авенариус  материя  және  жан,  психикалық  және  физикалық  қарама-
қайшылықтарды  жоюға  тырысқан.  Авенариус  «субъектісіз  объект 
жоқ» деп, тәжірибеде материя мен сана сезім қарама қайшылықтары 
жойылады  деп  есептеген.  Ағартушылық  ғылымның  психикалық 
механизмдерін, сонымен қоса ғылымдық білімді құрастырудың тиімді 


 
 
25 
1.5 Вена үйірмесінің ғылыми-  
     философиялық мәселелері 
 
формалары мен әдістерін зерттеу ғылым философиясының пәні болуы 
керек. 
Сонымен,  ғылым  философиясы  пән  ретінде  өзі  туралы  тек  ХХ 
ғасырдың  екінші  жартысында  жария  етті,  бірақ  оның  бастауында 
ғылымның  методологиясына  және  логикасына  үлкен  үлес  қосқан 
бірінші позитивистердің аттары тұр.   
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.  Ғылым тарихы: дамуы, негізгі проблемалары және сұрақтары. 
2.  Алғы ғылым және оның негізгі ерекшеліктері. 
3.  Миф, технология, ғылым. 
4.  Мәдениет тарихындағы ғылым генезисы. 
5.  Классикалық ғылымның бастаулары. 
6.  Қазіргі ғылымның ерекшеліктері: негізгі критерийлері. 
 
1922  жылы    Австрияда 
Вена 
университетінің 
индуктивті 
ғылым 
философиясы кафедрасында М. Шлик (1882-1936) басқарған  Вена 
үйірмесі  атанған  логикалық  позитивизм  құрылған.  Баспатқыда  ол 
ғалымдардың  еуропалық  қозғалысы,  ғылыми  әдіскерлері, 
логиктары  ретінде  пайда  болды,  кейіннен    бұл  үйірмеге  Вена 
университетінің  оқытушылары  мен  студенттері  кірген,  басқа 
мемлекеттердің  өкілдері  арқасында  ол  кеңейді.  Әртүрлі  уақытта 
Вена үйірмесіне Р.Карнап, Г.Бергман, Г.Фейгель, К.Гедель, Г.Хан, 
О.Нейрат,  Ф.Вайсман  және  т.б.  кірген.  Вена  үйірмесінің  танымал 
көшбасшысы  болған  Мориц  Шлик  және  үйірмеге  1926  жылы 
шақырылған  оның  ісін  жалғастырушы  Рудольф  Карнап  (1891-
1970).  1929  жылы  Карнап,  Хан  және  Нейрат  «Ғылыми 
дүниетүсінік.  Вена  үйірмесі»  манифесін  басып  шығарды.  Осыдан 
кейін  Еуропа  және  АҚШ  университеттерінен,  Берлиндік 
эмпирикалық  философия қоғамынан, Львов – Варшава мектебінен  
бір  ой  ұстанатын  топтармен  және  де  бөлек  философтармен 
қатынастар  пайда  болды.  Вена  үйірмесімен  Ф.Франк,  Э.Кайла, 
Э.Найгель,  А.  Айер  және  т.б.  қатынас  орнатты.  1930  жылдан 
«Erkenntnis»  (Познание)  позитивті  журналының  шығарылымы 
басталды,  ол  1939  жылға  дейін  шықты,  ал  1938  жылы 
«Унифицирленген ғылымның халықаралық энциклопедиясы» және 
«Унифицирленген  ғылыми  сериясының  кітапханасы»  кезеңдік 
басылымдар  шықты.  1929-1930  ж.ж.  неопозитивистер  бірқатар 
конгресс  шақырды:  Прагада  (1929,1934),  Кенигсбергте  (1930), 
Парижде (1935,1937), Копенгагенде (1936), Кембриджде (1938). 


 
 
26 
Вена үйірмесінің өкілдері ғылым философиясының дамуы және 
қалыптасуына  үлкен  үлес  қосты.  Негізінен  ХХ  ғасырдағы  басты 
ғылым  философиясының  мәселелері  бірінші  рет  Вена  үйірмесінің 
теориялық  қызметінде  қарастырылды  және  талқыланды.  Оның 
қатысушылары ғылым философиясының екі басты мәселесін қойды: 
 
ғылымдық  білімнің  құрылуы,  ғылымның  құрылымы, 
эмпирикалық және теориялық деңгейдегі ғылыми ойлар жайлы
 
ғылым спецификасы, ғылыми ойлар және олардың ғылыми 
критерийлері:  ғылым  тілінің  ұғымдары  және  тұжырамдамаларының 
ғылымилылығын нағыз анықтау мүмкіндіктері мен әдістері жайлы. 
  Философия  үшін  ғылыми  білімнің  құрылуы,  оның  эмпирикалық 
және теориялық деңгейлерінің сәйкестігі туралы сұрақ жаңа емес.Бұл 
мәселе  Жаңа  заман    ғылымының  пайда  болуынан  бері  талқыланып 
келеді  және  алғашында  сезімдік  немесе  рационалдық  түсінімге  өз 
қалауларын  беретін  эмпиризм  және  рационализмнің  қақтығысуы 
формасында  болған.  ХХ  ғасырда  ғылым  сондай  тез  дамыды,  оның 
құрылымының  логикалық  анализінің  мәселесі  ең  маңызды  мәселе 
ретінде күн тәртібіне қойылды.  
   Ғылымилықтың 
критерийлерін 
іздеу 
мәселесі, 
ғылыми 
сөйлемдердің  ғылыми  емес  сөйлемдерден  айырмашылығы  туралы 
сұрақтың  қойылуы  да  маңызды  болды.  Бұл  былай  түсіндіріледі, 
ғылымның үлкен нәтижелері және оның әсер етуінің өсуі заманында  
жай ғана тұжырымдар мен көзқарастар ғылымиларға жатқызылды.  
Вена  үйірмесінің  өкілдерінің  «ғылымды  метафизикадан 
босатуға»,  ғылым  тілін  ғылыми  емес  ойлардан  тазартуға  ұмтылысы 
философия  және  ғылымның  қатынасы  жайлы  сұрақты  анықтауды 
ұсынған. Үйірменің барлық қызметкерлері ғылымның метафизикадан 
босатылуын  қолдады.  Вена  үйірмесінің  позитивистері  айтуынша 
адамзатқа  тиісті  сыртқы  әлем  туралы  білімнің  барлығы  тек  жеке 
эмпирикалық  ғылымдардан  алынады.  Философия  әлем  туралы  осы 
ғылымдар  айтқаннан басқа жаңа ештеңе айтпайды, ғылыми көзқарас 
білдіре  алмайды.  Философия  –  ғылым  емес  және  ғылыми  бола 
алмайды.  
Егер де философия әлем туралы білімдер жүйесінің құрылуына 
таласпаса,  онда  философияның  рөлі  адамзаттың  білім  жүйесінде  зор 
орын  алады.  Философия  әлеммен  жұмыс  істемейді,  ал  оның  тілдегі 
бейнесімен  жұмыс  істейді.  Адамзат  білімі  тілде  көрініс  табады,  ал 
философия  болса  осы  тілмен  айналысады  –  сөздерімен, 
сөйлемдерімен, сөз тіркестерімен. Оның міндеті ғылым сөйлемдерінің 
түсінігін және анализін жасау, анализде ұғымдарды қолдану, сөздерді 
қолдану  ережесін  құрастыру.  Вена  үйірмесінің  барлық  өкілдері 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау