Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет17/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   89

 
 
49 
мен  қамтып,  қазіргі  ғылыми  ойдың  дамуында  басты  құрал  болып 
табылатын  негіз  бен  басты  күшке  айналды.  Бұл  бұрын  болмаған  жаңа 
ғылым болды. 
 
ХХ  ғасыр  ғылыми  шығармашылық  жарылыс  ортақ  және  әртүрлі 
фондағы  мемлекеттердің  шектермен  және  шектеулері  болмайтын  кезде 
өрістеді. Әртүрлі ғылыми айғақ, әртүрлі ғылыми бақылауды қайда және 
кім  жасаса  да,  біртұтас  ғылыми  аппаратқа  келіп  түсіп,  онда 
классификацияланып және бір үлгіге келтіріліп, бірден сыншылар үшін 
ойлаулар мен ғылыми жұмыстарға жалпы игілік болып қалыптасты. 
    Вернадскийдің ойынша, шешуші мағына үш нақтылық бойынша 
ажыратылады. «Біз қазір үш нақтылықты ажыратуымыз керек: 
1) адам  өмірі    төңірегіндегі  нақтылық,  ноосфера  мен  біздің 
ғаламшардың табиғи құбылыстарының жалпылығы; 
2)  атом  құбылыстарындағы  микроскопиялық  нақтылық  -  бұл 
микроскопиялық  (микроскоптық)  және  организмдердің  өмірін,  тіпті 
адамның көзіне прибор құралдарымен көрінбейтін өмірді қамтиды. 
3) ғарыштық  жазықтағы  нақтылық,  мұнда  күн  жүйесі  және  тіпті 
галактика  жоғалып  кетеді.  Адам  және  адам  өмірі  мен  ойы  бірінші 
нақтылықпен  тығыз  байланысты,  өйткені  ғылымның  одан  әрі 
дамуының негізі болып табылады. 
  ХХ  ғасырда  Вернадский  үшін  ғылыми  мәртебенің  өзгеру 
аспектісінде биосфера заңдылықтары ноосфераға ауысатынын көруге 
болады.  Егер түрлер эволюциясы биосфераны өзгертсе, онда тарихи 
эволюция адамзат баласының ұжымдық ақылының геологиялық рөлін 
анықтап,  стихиялықтан  танымдық  -  ақылдың  дамуына  ауысуға 
мүмкіндік  етеді.  «Адамзат  баласы  биосфераға  өзінің  күші  мен 
ықпалын  күшейту  арқылы  болашақ  ұрпақтарға  өмірлерін  жақсарту 
үшін саналы мемлекеттік ғылыми жұмыстарды құру әлі  сана сезімге 
кірген  жоқ.  Осындай  мемлекеттік  қызметтің  жаңа  бағыттары, 
мемлекеттің  міндеттері,  жаңа  мықты  іздеулердің  түрлері  маған 
биосфераның  ноосфераға  айналуы  жақын  болашақта  уайымдайтын 
тарихи кез болып қалмайтын салдармен көрінеді. Бұл бой бермейтін 
геологиялық үрдіс. 
   Вернадскийдің  түсінуінде  ғылымның  дамуы  көп  факторлы  үрдіс 
болып  табылады.  Ол  ғылыми  дүниетанымның  қалыптасуында 
мынадай  факторларды:  кітап  шығару,  Ұлы  географиялық  ашылулар, 
ерекше дарынды тұлғалардың пайда болуын бөліп көрсетеді. Осыған 
байланысты әрбір фактор басқа факторлардың қатарын құруға әкеліп, 
нәтижесінде  өздігінен  ұйымдастыру  формасын  нақтылайтын 
синергетикалық  эффект  пайда  болды.  Мысалы,  кітап  шығару  –
ақпараттық фактор, сыни ғылыми ойлау мен ғылыми қауымдастықты 
қалыптастыру  факторы.  Ұлы  географиялық  ашылуларды  ғылымға 


 
 
50 
қосу  арқылы  көптеген  жаңа  ғылыми  мәліметтер  берді,  жаңа 
карталарды 
құруға 
қажеттілік 
туындады, 
геометриялық 
пайымдауларды  дамытты.  Математикалық  әдістер  ғылым  үшін  өте 
маңызды, өйткені ғылыми ойлау дамиды. Ғылыми ой тұлғаны жасап 
шығарады. 
Ғылыми 
мектеп 
қалыптасуына 
және 
ғылыми 
шығармашылықта  «жарылыс»  болу  үшін,  ерекше  дарынды  тұлға 
қажет. 
    Бұл  ғылыми  шығармашылық  үрдісте  философияның  рөлі 
маңызды  болды.  Ғалым  құбылыстардың  мәніне  тереңдеген  сайын 
эвристикалық  болжамдар  мен  жорамалдардың  мықты  түсінігі 
қалыптасуы  тиіс.  Вернадскийдің  ойынша  «философиялық  талдау 
дерексіз ұғым, көптеген жағдайда жаңа ғылымның тууына, оның жаңа 
проблемалары  мен  ғылыми  пәндерін,  жаңа  облыстардағы  ғылыммен 
қамту үшін қажет. 
  «Ғылыми шығармашылықтың философиялық шығармашылықпен 
байланысы. Вернадскийдің ең бір маңызды идеясы деп атап көрсетуге 
болады.  Пән  бойынша  ғылыми-шығармашылық  құбылыстардың 
нақтылы  шеңберін  қамтып,  ғылыми  айғақтар  мен  эмпирикалық 
қорытындылар  негізінен  тұратын  ғылыми  аппараттың  ары  қарай 
дамуына  мүмкіндік  туғызады.  Философиялық  шығармашылық 
аңғарылатын және интуициялық ұсыныталын мәндердің әлеміне жеке 
енуі болып табылады. Ол санасыздықтан саналыққа шығуға «саналы 
дүниетанымды»  ары  қарай  дамытуға  мүмкіндік  туғызады.  Ғылыми 
шығармашылықтың 
векторға 
бағытталуы 
қасиеттер 
мен 
қатынастардың  алуан  түрлілігінде  оның  әлем  бірлігіне  жетуі  болып 
табылады.  
  Философиялық шығармашылықтың векторға бағытталуы әмбебап 
терең негіздерді ашу арқылы адамзат мәнін ашу болып табылады. Бұл 
векторлар шығармашылықпен тығыз байланысты. 
  Сонымен, 
Вернадский 
саналы 
ғалым 
ретінде 
ғылыми 
шығармашылық пен философия үшін ортақ негіздердің қажеттілігінің 
керек  екенін  түсінді.  Мұндай  негіз  адамгершілік  рухтың  және 
дүниетанымның бүтіндіктерін шығармашылықтың әртүрлі түрлерінің 
арасындағы байланысы болып табылады. Ғаламның жасырын сырына 
ену  үшін  бір  уақытқа  адамзат  жанының  құпиясына  да  ену  мүмкін 
емес.  Ғылыми  сананың  жарығы  философиялық  сананың  сәулесінсіз 
мүмкін  емес.  Сондықтан,  Вернадский  ғылым  мен  философияны 
адамзат  дүниетануының  өсуін  біртұтас  процесс  деп  қарау  керектігін 
белгіледі. 
         С.Л.  Франк  іліміндегі  философия  мен  ғылым.  С.Л.Франк 
философия  мен  ғылымның  өзара  байланысы  туралы  ұсыныстарды 
дамытуға  үлкен  үлес  қосты.  Франк  үшін  философия  –  адамзаттың 


 
 
51 
тұтас  дүниетану  көзқарасын,  адамдардың  жан-жақтылығының 
социумын,  өздерінің  жеке  шығармашылық  дәлдіктерін  бүтін  және 
толық  аяқтауды  қамтыды.  Франк  философияны  әртүрлі  сенулерге, 
мазмұн  мен  сапа  көзқарастар  жүйесіне  апармайды.  Ол  бұл  ғылым 
«ғылыми  дәлелденгендіктен  ерекше  философия  -  бұл  тұтас 
дүниетаным»  деп  көрсетеді.  Франк  философиясында  ғылым,  білім, 
ғылыми  білім  ерекше  орын  алады.  Антикалық  ғылымның  туу 
кезеңінен бастап, Франк философия мен ғылымның бір-біріне сәйкес 
келгенін  дұрыс  белгіледі,  сол  уақыттан  бері  философия  ғылым 
ретінде  қаралып,  ғылыми  білім  үшін  ерекше  белгілердің  қатарына 
енгенін көрсетеді. Бұл белгілер Франктың келесідей мән мазмұнымен 
сәйкес келеді:  
1)  білім  ең  алдымен  тіршілік  мұқтаждықтарына  тікелей 
қатынассыз, ақиқатты іздеусіз өңделмеген білім ретінде болды;  
2)    білім  еркін  дамып,  әрбір  ойлаушы  ақиқатқа  жетуді  дұрыс 
санап, анықталған білімді өзгерту мен түзетуге құқылы болды;  
3)    білім дәлелденді және тексерілді, сонымен бірге 
ұғымдардың қисынды жасалған жүйесі қаланды. 
Сонымен,  ғылыми  білім  мен  ғылым  –  бұл  білім,  бұл  ақиқатты 
дербес  еркін  жолмен  іздеу  және  қисынды  жүйеге  келтірілген  білім 
арқылы  іске  асыру,  -  деп  көрсетеді  Франк.  Осыған  орай,  Франк  екі 
маңызды сұраққа ерекше көңіл бөледі: 
1.  Арнайы ғылымдар мен философияның арасындағы қатынас 
жүйелілігінің шынайылығы қандай? 
2.  Дербес ғылым ретінде философияның ерекше заты қандай? 
Франк күні бүгінге дейін көкейкесті, қарапайым емес сұрақтарға 
жеткілікті жауап беріп қана қоймай, керісінше, позитивизмнің пәндік 
сындарын  талқыға  салып,  оның  негізгі  жолдарының  толық  еместігін 
көрсетеді. 
Қазіргі  уақытта  ғылым  көптеген  білімдерді  қамтиды,  бірақ  бар 
білімдердің  іс  жүзінде  мұндай  жиынын  түгел  қамти  алмады.  Барлық 
ғылымдардың  жиынтық  түрінде  бір  санаға  сия  алмауы  көптеген 
ғылымдардың  бірігіп  дайындаған  ғылыми  білім  энциклопедиясы 
ретінде  қолданылады.  Мұндай  энциклопедия  болса  да,  ол 
философиялық бола алмаушы еді.  
Франктің  пікірінше  арнайы  ғылымдар  мен  қосалқы  ғылымның 
салаларын бір тұтастықты қамтамасыз ететін ерекше білімнің жүйесін 
құрайтын    ғылым  керек.  Осындай  ғылым  философия  болып 
табылады. Ғылым философиясы ғылым тарихына және нақты тарихи 
құжаттарға  негізделеді.  Бірақта,  Франктің  айтуы  бойынша, 
философия  «ғылымның  қортындысындағы  ақиқатқа  негізделмейді, 
керісінше оның негізгі қызметі дұрысын, нақтысын,  яғни бір жүйеге 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау