Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет62/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   89

 
 
169 
орталануы"  интеграция  деп  аталады,  яғни  өткен  дәуірдегі  мәдени 
ескерткіштердің,  тарихи  документтердің  мағынасын  бүгінгі  күннің 
құндылықтарына сәйкестендіріп түсіндіру және қолдану.  
       "Шындық  пен  әдіс"  деген  шығармасында  Гадамер  өзіне  тән 
герменевтикалық  теориясын  шығарды,  онда  "интегративтік  түсінік" 
барлық  гуманитарлық  ғылымдардың  негізін  қалайды  делінген  (Гадамер 
Х.Г., 1988). 
        Герменевтикада  "алдын  ала  пайымдаудың"  болуы  кез  келген 
танымның  шығуы  шарты.  Оның    міндеті  -  диалогке  түсу,  "бұл  міндетті  
түсіндіру  тіл  арқылы  жүзеге  асатындығы  қандай  да  бір  тіл  ортасына 
еңгізуді емес, қайта алғашқы коммуникациялық ұғымды орнына келтіруді 
білдіреді". Себебі тіл -байыптау мен диалогтің кеңістігі.   
        Гадамердің айтуынша "проблеманың өткірлігі субъектінің өзгермейтін 
көзқарасына  қарамастан  өзі  емес  "басқаны"  ұғынуда,  бірақ  "басқаның" 
интерпретациясын өз интерпретациясына ауыстырмауында". 
         Герменевтикада  мәтіннің  немесе  басқа  біреудің  көзқарасына  ашық 
болу  шарты  орындалады;  дегенмен  мұндай  ашықтық  о  баста  біреудің 
көзқарасын  өз  көзқарасының  өзгермеуінің  шарты  немесе  керісінше; 
сондықтан "герменевтикалық сана мәтіннің басқалылығын қабылдауында". 
Сондықтан  Гадамер  "алдын  ала  түсінуді"  түсініктің  жемісті  сәті  деп 
қарастырады. Гадамерше тіл - әңгімелесу, пайымдау, диалог жүзеге асатын 
орта, кеңістік; біз қатысатын диалог- аяқталмаған диалог. Түсіну -әрқашан 
"басқаны" түсіну; түсіну деген өзінің түсінгендігін айту үшін басқа біреудің 
орнына өзін қоя алу. Көркем шығарманы пайымдауға, интерпретациялауға, 
түсіндіруге  болады,  "тіл  -  түсініктің  өзі  жүзеге  асатын  әмбебап  орта.  Бұл 
жүзеге  асырудың  тәсілі  пайымдау  болып  табылады".  Түсіну  -  тарихты, 
саясатты,  ой  алмасуды  және  уайымдарды,  өнегелі  қылықтар  және 
эстетикалық талғамды, яғни адамдар арасындағы барлық қарым-қатынасты 
өзі арқылы өткізуде. 
         Герменевтиканың  өкілдері  үшін  герменевтика  әдіс  пен  әдістемелерге 
емес,  керісінше  жаратылыстану  мен  әсіресе  гуманитарлық  ғылымдардың 
маңыздылығы,  кейбір  өмірлік  шешімдірде  және  ол  ерекше  күйзелістерді 
түйсіну тәжіребесінде, жауапкершілігінде, бостандыққа құштарлықта, үміт 
пен сенімде және т.б. жатыр. Гадамер "Шындық пен әдіс" атты жұмысында 
ғылым  тәжірібісіне  өмірдегі  практикалық  біліктілікті,  парасатты,  тілді,  
эстетикалық  талғамды,  ойынды,  тапқырлықты  және  білімділікті  қарсы 
қояды". 
        Гадамер 
үшін 
"герменевтикалық 
сананың 
толыққандылығы 
методология  жағынан  өзіне  сенетіндігінде  емес,  тәжірибелі  адам  мен 
құрғақ сөздің адамының айырмашылығы сияқты тәжірибеге дайын болуы", 
герменевтика - философияның әмбебап тұрғысы. 
        Герменевтика  үшін  тарихи  фактілерді  түсіну  мен  пайымдау  ғана 


 
 
170 
манызды  емес,  сол  сияқты  ''алғы  пікір  ''  яғни  рухани  ғылымдарда  жалпы 
жадынама  нақты  қолданыста  аяқталуы  мүмкін  емес  деп  түсінетін  айқын 
сана  маңызды:    мәтінмен  жағдаяттар  және  тарихи  куәліктер  арасында 
''шиеліністер" (түсініспеушіліктер) әрқашан қалады. Мәтінді дұрыс түсіну 
үшін,  әр оқыған  сайын оны  жағдаятқа байланысты басқаша түсіну керек. 
Түсіну  әдістен  гөрі  жүзеге  асып  жатқан  тарихи  аңыздың  ''ішінде  болу''; 
жеке  адам  оны  ешкімге  ұқсамайтын  қайталанбайтын  өзінің    өмір 
жағдаяттары арқылы түсінеді. 
        ''Қолданылыуы  '',  ''жағдаят'',  ''тәжірибе''  рухани  ғылымдарда  әсіресе 
жағдай  жаратылыстанудан  өзгеше  екенін  дәлелдейді;  тарихи  танымда 
объект жәй субъект қана емес, ол өз өмір ситуациясы бар нақты тірі адам- 
мейлі ол тарихшы немесе мәтінді өңдеуші болсын, ол түсіну үшін ''тарихи 
аңызға  кіруге  міндетті;  яғни  түсіну  -  қадам  жасау  болып  табылады''. 
Гуманитарлық  білімде  мәселе  үзіліссіз  өзгеріске  түсіп  отырады, 
жаратылыстану  ғылымына  қарағанда  теориялық  көзқарас  пен  мәселелер 
жаңарып  отырады,  "Мәңгілік  сұрақтар  мен  мәселелер"  әрқашан  басқаша 
және жаңадан қойылып отырады. 
          Гуманитарлық 
ғылымдардың 
теориясын 
ұйымдастыру 
жаратылыстану  ғылымында  теориялық  білімді  ұйымдастырудан  өзгеше; 
бұл ғылымдардағы ғылыми білім: идеал мен ғылыми білімді ұйымдастыру 
нормалары  әртүрлі;  басқалардың  бұл  сұраққа  теориялық  көзқарастары 
тұрғысынан  гуманитарлық  ғылымдарда  өз  ұстанымдарына,  зерттеу 
объектісіне  лайықты  үнемі  жаңартып,  қорғап  отыру  керек;  гуманитарлық 
ғылымда  гуманитарлық  білімнің  образы  мен  идеалы  әлі  қалыпқа  түскен 
жоқ, үнемі дискуссия мен талқылау жағдайында. 
 
 Гуманитарлық  ғылым  табиғаты  мен  өзіндік  ерекшелігін  түсіну 
адамның  іскерлігінің  өзіндік  ерекшелігін  анықтаудан  туындайды; 
гуманитарлықтың  саласы  -  адамның  іскерлігінің  саласы,  онда  объектілік 
пен субъектілік компоненттерін ажыратуға сүйену; объектілік -әлеуметтік 
тарихи заңдар, олар адамдардың тәртібін анықтайды, қоғамда өмір сүреді; 
субъективтілік  -жеке  мақсаттарды,  тілектерді  соған  жету  үшін  таңдайтың 
тәсілдерді анықтайды). 
 
 Шындығында  әлеуметтік  заңдар  (объктивті)  және  адамдардың 
(субъективті)  соны  жүзеге  асыру  үшін  жеке  іскерліктері  бір-бірінен 
ажыратылмайды, сонда да адам танымының аясында іскерлігін қарастыру 
адам іскерлігінің танымына қатысты, әлеуметтік заңдылықтар қызметіндегі 
адамдардан бөлек те адам қызметінің мотивтік-мағыналық экзистенциялды 
мағыналдық өмірлік ұстанымдарын қарастырады. 
          Гуманитарлық  ізденіс  жұмыстарының  семантикалық  канвасын 
анықтап,  былай  бекітуге  болады:    әлеуметтік  заңдылықтарға  сүйене 
отырып адам әлемінің құрылысын олардың көріну, берілу қалыптарының 
барлық түрлері арқылы қалпына келтіру, түсіну. 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау