Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет32/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   89

 
 
90 
ғылыми 
қызмет 
ұйымдастырылған 
түрде 
натурфилософиялық 
болжамдар  жүйесіне  кірді.  Жаңа  заманда  ғылымда  ғылыми  зерттеудің 
міндеттерін айқындау мен оларды шешу әдістерін таңдауда дербестікке  
қол жеткізуге мүмкіндік берген өзіндік әдіснамалық негіздері жасалды.  
Әдіснамалық  негіздер  –  бұл  ғылыми  зерттеудің  әдістері  мен 
принциптерінің  жүйесі,  олардың  негізінде  ғылыми  білім  алу  үрдісі 
жүзеге асады.  
Ғылыми  қызметтің  «басқарушы  принциптеріне»  алғашқылардың 
бірі болып Р.Декарт көңіл аударған. Ол өзінің  «Әдіс жайлы пайымдау» 
атты  еңбегінде  ғылыми  қызметтің  негізгі  төрт  принципін  көрсетеді: 
ешқашан анық көз жеткізбеген нәрсеге сенбеу; зерттеу үшін таңдалған әр 
мәселені тиімді шешу үшін мүмкіндігінше бөліп қарастыру; қарапайым 
әрі  жеңіл  танылатын  заттардан  бастап,  одан  соң  біртіндеп  аса 
күрделілерді  тануға  көшу;  барлық  жерде  ешнәрсе  назардан  тыс 
қалмайтындай толыққанды тізім, шолу жасау. Бұл принциптерде табиғат 
құбылыстарын  зерттеуде  жасалған  ғылыми  қадамдардың  мәні  көрініс 
тапқан.  Дегенмен  Декарт  үшін  ең  негізгі  рөлге  ақылдың 
аргументациясынан туындайтын интеллектуалды анықтық ие болды.  
Г.Галилей  ғылымның  ерекшелігі  оның  сезімдік  тәжірибелермен 
қатар  қажетті  дәлердерге  сүйенетіндігінде  деп  есептеген.  Егер 
алғашқысына  бақылау      арқылы  қол  жеткізілсе,  екіншісі  тәжірибелі 
тексеруге  жататын  теориялық  тұжырымдардың  аргументі  болып 
табылады.  
Ғылымның  әдіснамалық  негіздері  мен  әдіснамалық  ережелерді 
енгізудің  маңыздылығын  И.Ньютон  да  атап  өткен.  «Натуралды 
философияның  математикалық  негіздері»  атты  үшінші  кітабының 
бастамасында ол ережелер жүйесін жасайды.  
Бірінші  ереже  табиғаттың  қарапайымдылығы  мен  онтологиялық 
мүмкіндігін білдіреді: табиғат құбылыстарын түсіндіруде артық себептер  
болмауы  керек.  Бұл  ереже  қарапайым  түсіндірулерді  ұсына  отырып, 
У.Оккамның қарапайымдылық принципін туындатады. 
Екінші ережеде табиғаттың біртұтастығының онтологиялық идеясы 
көрініс  табады:  бір-біріне  ұқсас  құбылыстар  бар,  демек  оларды  бір 
себеппен түсіндіруге болады.   
Үшінші  ереже  табиғаттың  біртұтастығының  онтологиялық 
мүмкіндіктерін дамытады: біртіндеп азаймайтын және барлық денелерде 
кездесетін,  біздің  экспериментіміздің  аясында  ғана  көрінетін  дененің 
қасиеті әмбебап ретінде қарастырылуы керек. 
Төртінші  ереже:  эксперименталды  философияда  жалпы  индукция 
жолымен алынған пайымдауды оған қарсылық тудыратын гипотезаларға 
қарамастан ақиқат немесе ақиқатқа өте жақын деп қарастыру керек. 


 
 
91 
Жоғарыда 
аталған 
әдіснамалық 
ережені 
ХХ 
ғасырда 
В.И.Вернадский  эмпирикалық  жалпылаулардан  тұратын  «ғылыми 
аппарат»  ұғымын  енгізе  отырып  толықтыра  түсті.  Ғылыми  фактілерге 
негізделген  эмпирикалық  жалпылау  ақиқат  құбылысты  тұтастықта 
қарастырады. 
Олар 
ғылымның 
дамуына 
қарай 
нақтыланып, 
толықтырылып  отыруы  мүмкін,  бірақ  назардан  тыс  қалдырылмайды. 
Демек,  ғылым  ғылыми  білімді  алудың  технологиясын  анықтайтын 
әдіснамалық нұсқаулар, принциптер, ережелер негізінде дамиды.  
Ғылыми  зерттеудің  мұраттары  мен  ережелері  ғылымның 
құндылықтық  және  әдіснамалық  ұстанымдарын  жалпы  реттеуші 
принципі  болып  табылады.  Мұраттар  мен  ережелер  құрылысына  қарай 
жүйелі білім болады және оны құрайтын құрамдас бөліктері бар. 
Білімді негіздеу мен дәлелдеудің мұраттары мен ережелері. Ғылым 
өзіне  дейінгі  ойлау  формаларынан  ғылымның  әр  даму  сатысында  әр 
формада  көрініс  табатын  өзінің  дәлелділігімен,  негіздемелілігімен 
ерекшеленеді.  Антикалық  мәдениетте  дәлелдеу  мен  негіздеу 
натурфилософиялық  пікірлерден  және  қайшылықсыздықтың  логикалық 
белгілерінен туындаған. Аристотельдің қайшылықсыздықтың логикалық 
заңдылығын  танымның  ең  жоғарғы  сатысына  жатқызғаны  мәлім.  Жаңа 
заманда  Галилейден  бастап  тәжірибелік  тексеру  белгілері  енгізіле 
бастайды.  
Ғылыми  фактілерді  сипаттау  мен  түсіндірудің  мұраттары  мен 
ережелері ғылымға фактіні енгізудің шарттарын бекіте түседі. Мысалы, 
егер классикалық ғылым алғышарт ретінде сипаттаудың объективтілігін, 
субъектінің  ықпалын  ескермеуді  талап  етсе,  неоклассикалық  ғылымда 
тәжірибеден  алынған  мәліметтердің  эксперименттік  шарттары, 
логикалық  шарттар  және  олардың  интерпретациялары  (толықтыру, 
тікелей принципі) есептеледі. Квантты механикада зерттеу қаншалықты 
классикалық  физиканың  аясынан  тыс  түсіндірілгенімен,  тәжірибелік 
мәліметтер классикалық ұғымдардың көмегімен ғана сипатталады.  
Білімнің  ұйымдастырылуы  мен  құрылуының  мұраттары  мен 
ережелері.  Ғылымның  даму  тарихынан  антикалық  ғылымға  тән  білімді 
ұйымдастырудың  аксиомалық  әдісін  байқауға  болады.  Қазіргі  ғылымға 
білімді ұйымдастырудың гипотетико-дедуктивті жолы тән.  
Жалпы  зерттеудің  жүйесі  мен  ережелерін  ғылыми  қауымдастық  
жаңа  білім  алу  мақсатымен  табиғат  құбылыстарын  жобалайтын 
әдіснамалық «тор» ретінде қарастыруға болады. Мұраттар мен ережелер 
жаңа білімді алуды, оны сипаттау мен таныстыруды реттеп отырады.  
Әлемнің  ғылыми  бейнесі.  Әлемнің  ғылыми  бейнесі  ғылыми 
білімдердің синтезін білдіреді, оның негізінде дүниетанудың белгілі бір 
моделі  жасалады.  Әлемнің  ғылыми  бейнесінің  мақсаты  –  зерттеу  пәні 
туралы  жалпылама  мағлұмат  беру.  Көптеген  ғылымдардың  бір  ғана 


 
 
92 
нәрсені  зерттейтіндігін  ескере  отырып,  жаратылыстану,  арнайы 
ғылымдар  физикалық,  биологиялық,  химиялық  т.б.  арқылы  құрылатын 
әлемнің бейнесін бір-бірінен ажыратуға болады.  
Әлемнің  ғылыми  бейнесін  құру  үшін  зерттеудің  фундаменталды 
объектілерін  және  оның  формасы  мен  қозғалысын  есептеу; 
фундаменталды  объектілердің  жіктелуін  және  олардың  өзара  әсерінің 
заңдылығын;  зерттеліп  отырған  болмыстың  кеңістіктік-уақыттық 
құрылымын  анықтаудың  маңызы  зор.  Сонымен  қатар,  атомдық 
объектілер жүйелілерге айналатындығы, редукция принципі біртұтастық 
принципіне  өтетіндігі,  нәтижесінде  фундаменталды  объектілердің 
жіктелуі де есепке алынады.  
Мәселен, зерттеу объектісі биосфера болса, фундаменталды объекті 
ретінде  биосфераның  бөлінбейтін  элементарлы  бөлігі  биогеоценоз 
қатысады.  Сәйкесінше  қозғалысты  басқарушы  форма  ретінде 
эволюциялық  үрдіс  жүзеге  асады.  Мұндай  өзгерістер  фундаменталды 
объектілердің  өзара  ықпалы  заңдылығын  зерттегенде  де  байқалады.  
Қазіргі  ғылым  үшін  мұндай  түсініктерге  синергетикалық  пайымдауды 
күшейтетін  ұйымдастыру  заңдылығы  жатады.  Зерттеліп  отырған 
болмыстың  кеңістіктік-уақыттық  құрылымы  ұғымында  да  өзгешеліктер 
кездеседі.  Егер классикалық  ғылым кеңістік пен  уақыт  абсолютті деген 
тұжырымды ұстанса, қазіргі ғылым кеңістік пен уақыттың көп өлшемді 
болатындығын,  олардың  сапалық  өзгешеліктерін,  табиғат  пен  объектіге 
шарттылығын меңзейді.  
Әлемнің  ғылыми  бейнесінің  фундаменталды  маңызы  ғылымның 
негізгі  өзгерістерін  көрсетеді,  сондықтан  оны  ғылымның  сапалы  даму 
сатысы  ретінде  қарастыруға  болады.  Бұл  аспектте  механикалық 
дүниетанымның  мұраттары  мен  ережелерін  көрсететін  механикалық 
және  әлемнің  жүйелі  түрде  қабылдау  мен  оған  бақылаушы,  зерттеуші 
ретінде  адамның  енуі көрсетілетін  кванто-релятивті бейнесін  анықтауға 
болады.  Әлем  туралы  жаңа  ғылыми  көзқарастар  антропты  принцип, 
синергетиканы,  биосфераның  ноосфераға  өтуі  жайлы  Вернадский 
ілімдерін қамтиды.  
Әлемнің  ғылыми  бейнесі  ғылыми  қауымдастықты  негізгі 
мәселелерге 
жұмылдырады, 
ғылымның 
қандай 
объектілермен 
қатыстылығын  анықтайды.  Мәселен,  механикалық  әлем  бейнесінде 
негізгі  мәселе қозғалыс болса,  ал қазіргі  әлем бейнесінде  негізгі мәселе 
өзін-өзі  ұйымдастыру  болып  отыр.  Сонымен  қатар,  механикалық  әлем 
бейнесі  және  оның  парадигмалары  редукционизм  принципі  бойынша 
құрылса,  қазіргі  әлем  бейнесінің  парадигмалары  біртұтастық  пен 
жүйелілік принципін алға тартады.  
Әлемнің 
ғылыми 
бейнесінің 
құрылуы 
ғылымның 
басқа 
формалармен  көзқарастар,  мәдениеттің  өзара  байланысына  негізделеді. 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау