67
білімнің теоретикалық негіздемесінің бір түрі ретінде көрінуі
мүмкін. Ғылыми шындықты негіздеудің ерекше тәсілдері – жай
таным мен діннен ғылымды өзгеше етеді, бұнда көбінесе нанымға
байланысты қабылданады және тікелей тұрмыстық тәжірибеден
көрінеді. Ғылыми танымға міндетті түрде теоретикалық және
эмпирикалық негіздеме, логика және ғылыми ақиқатты растайтын
дәлелдердің басқа түрлері кіреді.
Қазіргі логика – бір жақты емес, онда логиканың өзіндік
тараулары мен түрлерін бөліп қарауға болады, олар әртүрлі
мақсатта, түрлі тарихи кезеңдерде туған және өңделген тауарлар
мен түрлер. Мысалға, дәстүрлік логика өз силлогистикасы және
дәлелдеме схемаларымен ғылыми танымның ерте кезеңдерінде
туындаған. Ғылымның мазмұны мен ұйымдасуының күрделенуі
логика предикаттары мен классикалық емес логикалар модальдық
логика, уақыт қатынасының логикасы, интуиционистік логиканың
қалыптасуына септігін тигізді. Осы логикаларға негізделген құралдар
белгілі бір ғылыми ақиқат немесе оның негізін растау жоққа
шығару мақсаттары бар.
Дәйектеме (дәлел) – ғылыми білімді теоретикалық негіздеудің
кең таралған процедурасы және оның негізінен дұрыс пікірді
логикалық айтуды көрсетеді.
Дәлелде үш элементті бөлуге болады:
а) тезис – пікір,негіздеуді қажет етеді;
б) аргумент немесе негізі – тезис шығатын және негізделетін
дұрыс пікір демонстрация – бірнеше сапалы қорытындысы бар пікір;
в) ойлау, мұнда бір немесе бірнеше ой-пікірлер кіреді. Ойлауда
логикалық ой-пікірлер, категориялдық силлогизмдер, индуктивтік
ойлар, аналогиялар айтылады.
Эмпирикалық негіздемеге белгілі тәуелділік немесе
заңдылықты растау және қайталау процедурасы кіреді. Ғылыми
тезисті растау құралдарына ғылыми дерек, анықталған эмпирикалық
өлшем ретінде мынадай көрінеді: ғылыми қауымдастық
академиялық ғылым өкілдері – экспертпен бақыланған құбылыстың
сенімді кұралдарын қабылдамаса, оларды қайталау мүмкіндігі
болмаса, қолданылады, сондықтан бұл құбылыстар ғылыми зерттеу
мәніне жатпайды, ең алдымен парапсихология, уфология және тағы
басқа сияқты білім салаларына қатысты.
Логикалық дәйектеме өлшемі – ғылымилықтың басқа
өлшемдері сияқты үнемі және толық іске жол бермейді, мысалға
А.Черчтың екінші ретті предикаттарды есептеуді дәлелдеуге
қатысты нәтижелері, К.Гедельдің натуралдық арифметикасының
формальдық қайшылықсыздығын дәлелдеу теоремасын айтуға
68
болады. Бұл жағдайда ғылыми құралдарға қосымша логикалық-
әдістемелік принциптер, қосымшалық принциптер, белгісіздік
принципі, классикалық емес логика тағы басқа енгізіледі.
Егер ғылыми зерттеу затын құру мүмкін болмаса, ғылымилық
өлшем жүзеге аспауы мүмкін. Бұл кез-келген бүтіндікке қатысты,
яғни дәйектеме мәнінде объективтелмейтін принципиалды, немесе
Гуссерльдің сөзімен айтсақ, логикалық құралмен айтылмайтын
алдын-ала түсінік сияқты «кеңістік», «фон» қалса, онда ғылыми
таным түсіну мен интерпретациялық өзіндік әдістері ретінде
герменевтикалық процедуралармен толығады. Оның мәні оның
бөлшектерімен элементтері ашық болу үшін ең алдымен бүтінді
танып алу қажет.
Ғылымилық өлшемдердің қатынасы ғылымның үнемі
дамуын, мәселелік кеңістіктің кеңеюін, ғылыми ізденімнің жаңа
тиімді құралдарының туындауын растайды. Ғылымилық өлшемдері
ғылым дамуындағы маңызды регулятивтік элементтер болады. Яғни,
ғылым шынайылықтың жалпы және заттай түсінігі ретінде
бақылаушы (растаушы және қайталаушы) деректерге, рационалды
түрде қалыптасқан және жүйеленген ойлар мен жағдайларға,
дәлелдеуді қажет етуге сүйенеді. Ғылымилық өлшемдері ғылымның
ерекшелігін анықтайды және адами ойлаудың жалпы және әмбебап
тануға бағытталғандығын көрсетеді. Ғылым тілі логикалығы мен
жүйелілігімен (ұғымдарды нақты қолдану, олардың байланысын
белгілеу, олардың ізділік негізі, бірінен соң бірінің шығуы)
өзгешеленеді. Ғылым бүтіндік құрылыс болып табылады. Ғылыми
кешеннің барлық элементтері өзара байланысты, белгілі қосалқы
жүйелер мен жүйелергебірігеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Ғылыми білімнің құрылымы, әдістері
2. Таным әдістері мен құралдарының әрбір ғылымдардағы
ерекшелігі.
3. Формализация теориялық танымның әдісі ретінде.
4. Әдіс ретіндегі моделирование ғылыми танымдағы маңызы.
5. Индукция ғылыми танымның әдісі ретінде.
6. Идеализация теориялық объектіні құрастырудың негізгі әдісі
7. Дедукция ғылыми әдісі ретінде.
8. Методологиядағы синергетикалық қадам.
9. Ғылыми танымның негізгі модельдері: индуктивизм,
гипотетикалық дедуктивтік қадам, трансцендентализм, конструк-
тивизм және т.б.
10. Әлеуметтік таным және оның методологиялық негіздері.
69
2.3 Ғылым әлеуметтік
институт ретінде
Ғылымның әлеуметтік институты ХҮІ
– ХҮІІ ғ.ғ басында Батыс Еуропада
қалыптаса бастады. Алғашқы ғылыми
мектептер Ерте Шығыста, Ерте
Грекияда және Ерте Римде пайда болды. Орта ғасырларда ғылымды
институттау үрдісі ғылыми ойдың орталығы ретіндегі
университеттерді құруда көрінді.
Ғылымды институттау үрдісі автономдықты, яғни тәуелсіздік
пен дербестікті алу үрдісімен тікелей байланысты болды. Әлемді
тану мәселерін шешуде жоғарғы орын теологияға берілді, ал
ғылымға жеке сипаттағы мәселелер тән болды, ғылым мен шіркеу
арасында үлкен даулар туды (мысалға Н.Коперниктің гелиоцентризм
жүйесінің құрылуына байланысты). Ғылым теологияға тәуелсіз
әлемді талдаудың күрделі мәселелерін шеше алатынын ұстанды.
Ғылыми әрекеттің әлеуметтік маңызын мойындау, ғылымның
әлеуметтік институт ретінде қалыптасуына негіз болды. Бұл үрдіс
жүздеген жылдарға созылды. Бірақ ғылымды институттау үрдісі –
ғылымның қоғам мен мәдениетке әсерінің өсуіне байланысты жалпы
құбылыс (объективті).
Ғылымды әлеуметтік институт ретінде қалыптасуының
маңызды сатысы Лондондық корольдік қоғамның позициясын
әзірлеу (1660 ж) болды, онда ғылыми қауымдастық табиғи сипаттағы
мәселелермен айналысады және теология, сана және саясат
мәселелірне араласпайды делінген. Сол кезде табиғатты ғылыми тану
табиғи теология – Құдайды тану ретінде қабылданды. Құдай
адамдарға екі кітап – Библия және «табиғат кітабын» берді деп
санаған. Жаратқаның сөзіне сену керек, ал «табиғат кітабын» зерттеу
қажет.
Ғылыми құндылықтарды жариялануына қарай, қоғамда жаңа
көзқарастар да қалыптаса бастады. Бұл Қайта Өрлеу дәуірінде кең
етек алды. Бұл заманғы адамдар қоғам дамуына кедергі келтіретін
қоғамдағы кемшіліктердің бастысы - қараңғылық деп түсінген.
Халықтың барлығына ғылыми және техникалық білімдердің кең
тарауы әлеуметтік әділеттілік пен қоғамдық дұрыс құрылысына
жетудің шешуші құралы деп түсінген.
Қоғамда ғылыммен айналысу маңызды және пайдалы іске
айналды. Ол таңдаулардың ғана емес, барлығының да жетістігі
болды.
Ғылымды институттардың маңызды кезеңі – ХІХ ғ екінші
жартысы мен ХХ ғ басы. Бұл кезеңде ғылыми қауымдастық пен
қоғамның ғылыми зерттеулердің, ғылыми қызметтің кәсібилігінің
Достарыңызбен бөлісу: |