43
фактілердің ашылуына алып барса, онда ол прогрессивті деп
танылады. Егер ол бәсекелестерімен ашылған жаңа материалдарды
қолданумен шектелсе, ол азғындалған.
Лакатостың зерттеу программаларының әдістемесі Попперлік
доктринаны дамытушы болып табылады, ал Лакатостың өзі оны
белсенді жақтаушыларының бірі. Верификация процедурасын жоққа
шығаруға тырысқан Кунға қарсы шықты. Осыған байланысты
Лакатос Поппердің философиясын әртүрлі варианттарын өте
тиянақты түрде қайта қорытып, талдап шықты. Бұл жердегі мақсаты
Поппер философиясының неопозитивизмімен сыйыспайтындығын
дәлелдеу еді және ғылымның дамуының фальсификационистік
моделін жетілдіруге тырысты. Поппер бойынша рационалды
реконструкциялау үшін ғылымдағы әрбір инновация актісі–бұл жаңа
теориялық ұсыныстарды жасау. Рационалды реконструкциялау
ғылымның дамуын дискреттік жүйе деп түсінеді немесе пәрменді
революция. Бірақ та білімнің дамуындағы үздіксіздікті жояды.
Фальсификационизм шегінде қарастырылып отырған бірнеше
теориялар,үздіксіздікті қамтамасыз ету үшін біртұтас болуы керек.
Бірнеше
теориялар
компоненттері
мирасқорлықпен
байланысқан, ол ғылымда өте маңызды рөл атқарады (Кунның
«Нормалды ғылымының» реминисценциясы) және зерттеушілік
программаларға айналдырады. Ғылым дегеніміз – даму себептері
өзінде жатқан зерттеушілік программа.
Лакатос пен Поппердің көзқарастарының айырмашылығын көру
үшін Лакатостың ғылымның «ішкі» және «сыртқы» тарих
түсініктерін қарастыруымыз керек. «Ішкі» тарих бұл бәрі қабылдаған
әдістеме шекарасында әрқайсысын рационалды түсіндіруге болатын,
ғылымдағы болып жатқан өзгерістерді қайта енгізу. Бір әдістеме
шекарасында барлығын түсініп және түсіндіруге болмайтындықтан,
«ішкі» тарих «сыртқы» тарихпен толықтырылуы тиіс. «Сыртқы»
тарихта ғылымның дамуына әсер ететін маңызды факторлар болуы
мүмкін болғандықтан, ол өте маңызды және бұл факторлар
рационалды реконструкциямен теориялық ассимиляцияланбауы
мүмкін.
Батыс философиясында Поппер мен Лакатос көзқарастарының
өзгешелігі танылған. Лакатос қайтыс болғанда П.Фейерабенд жазған
«Имре Лакатос» мақаласында, ол Поппердің ғылымының дамуын
реконструкциялауында үлкен өзгерістер енгізген. Бұл өзгерістер
келесідей:
1. Бағалаудың стандартты теориясын қабылдау мен теріске
шығару ережелерін бөліп тастады.
44
2. Бұл стандартты кейбір теорияларға ғана қолданған жоқ,бірақ
олардың нәтижесіне ЗБ шекарасында қолданды.
3. ЗБ элементтерін логикалық жүйелердің ережелерінен тәуелсіз
етті; бұл элементтер іс жүзіндегі ғылымға тең, эмпирикалық және
логикалық қателіктермен /погрешности/ бірге, кез-келген формада
қолдануға болады.
4. Стандартты ЗБ-нің қазіргі кездегі формасын бағалауға ғана
емес, ЗБ-нің уақыт және бәсекелесуші ЗБ бірге бағалау; бұл дегеніміз
барлық теориялары дәрменсіз болса да, ЗБ реалды ғылымнан
сызылып тасталмайды.
5. Стандарттарды әрекет етуге ұсыныс деп көрсетпей, тек бағалау
деп көрсетті.
6. Стандарттардың өзін бағалауға рұқсат етті(эмпирикалық ЗБ
секілді); бұл стандарттар тарихи ЗБ деп қарастырылады.
Лакатостың теориясы оның өзіне қарсы айналып келуі мүмкін
деп көрсеткен Фейерабенд, іс жүзінде ғылымның дамуына
скептикалық көзқарас жеңіп шығатындығын көрсеткісі келді.
Фейерабендтың өзі осы көзқарастың ақтаушысы болатын және осы
көзқарас бойынша әлемге деген көзқарастардың барлығы бірдей
жақсы, не барлығы бірдей жаман. Бірақ күмәнданушыға
«зерттеушілік» программалардың әдістемесі қажет, өйткені ол әлем
көрініп тұрғандай реті емес екендігін көрсететін фактілерді береді,
және әлемге күмәнмен қараудың дұрыстығын көрсетеді. Лакатос
концепциясы философия мен ғылым тарихын зерттеулерде шет
елдерінде кеңінен қолданылады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, ғылымның тарихи бағыттағы
белсенді оқымыстылардың бірі – П.Фейерабендтің философия
ғылымында алатын орны ерекше. Оның ғылыми даму жүйесін
«анархистік» деп айтқаны мәлім. Ол ғылымның шынайы дамуындағы
мәңгі және өзгермейтін рационалдық – методологиялық ережелерін
теріске шығарады. Өзінің «Түсіндіру, редукция және эмпиризм» атты
мақаласында және алғашқы еңбектерінде Фейерабенд келесі
тезистерді негіздеді:
1. Ғылымның даму процесіндегі бір-бірімен алмасушы теориялар,
бір- біріне ұқсамайтын, бірікпейтін теориялар;
2. Термин сөздің мағынасы теоретикалық мағыналы мәтінге
байланысты болады, сондықтан бір контекстен екінші контекстке
(мағыналы мәтінге) ауысқан кезде өз мағыналық жүктемесін
өзгертеді.
Фейерабенд, Поппер мен Лакатостың ғылым және оның дамуы
толық рационалды дегенімен келіспейді және иррационализмге қарай
бет бұрғанға ұқсайды.
45
И. Лакатостың зерттеу бағдарламаларының әдіснамалығы
Поппердің идеялары оның оқушысы Имре Лакатос (1922-1974)
жұмыстарында жалғасын тапты. Поппер мен Лакатос сияқты ғылымның
философиялық зерттеуі ең алдымен оның кәсіби қызметін анықтайтын
тиімді негіздерінің анықталуында түйлігуі керек деп санайды. Поппердің
көзқарасы бойынша ескі теорияның орнына жаңа теория келгенде ескі
теория толықтай терістеледі, ал Лакатос бойынша білімнің жоғарлауы
зерттеу бағдарламалардың дағдарыс қатынасы түрінде жасалады. «Мен
ғылымның үзіліссіздігіне «Поппер көзілдірігі» арқылы қараймын»,-деп
мойындайды ғалым. –Сондықтан Кун «парадигма» көрген жерден мен
рационалдық зерттеу бағдарламаларын да көремін». Дәл солай ғылым
дамуындағы негізгі бастама бірліктері болып табылады.
Зерттеу бағдарламаларының құрылымы қатарына:
қатты ядро-нақты ғылыми және антологиялық рұқсаттардың
жиынтығын түзетін негізгі бастама;
«қорғаныс белбеу», қосалқы болжамдардан және теріске
шығарудан қатты ядроны қорғайды. Ол түрін өзгертуге қалып
сызықтарға және толықтай ауыстыруларға бейімделу керек;
алдағы ғылыми зерттеуге бағыт беретін алдын ала кеңес беруші
(оң эвристика) немесе тиым салушы (теріс эвристика) ғылыми
зерттеудің ережелері. Оң эвристика ережелері теріске шығарылатын
нұсқалардың түрін өзгертетінін, «қорғаныс белдеудің» болжамдарын
түрлендіретін, бағдарламаны қолданудың саласындағы кеңейту үшін
қандай жаңа үлгілерін өңдеу керектігін көрсетеді. «Теріс эвристика»
ережелері алдағы зерттеуде қандай жолдардан аулақ болу керектігін
көрсетеді. Олар зерттеуші бағдарламаның «қатты ядросын»
ауытқушылықтармен кездескен жағдайда да қайта ойлауға тиім
салғандықтан, зерттеу бағдарламасы өзіндік догматизмге (қатаңдық)
ие. Бұл догматизмдік дәлдіктің позитивтік мағынасы бар. Ол болмаса
ғалымдар теориядан оның шамасын, күшін және маңызын түсінбестен
бас тартар еді. Осылайша «теріс» эвристика кез-келген теорияның
күші мен артықшылығын толығырақ түсінуге мүмкіндік береді.
Лакатос бойынша зерттеу бағдарламасының прогресті және
регресті сатыларын ажыратуға болады. Зерттеу бағдарлымысының
теориялы өсімі эмпирикалық өсімінен асқан кезде ғана прогрестік
болып саналады. Яғни ол кейбір сәттіліктерімен жаңа деректерді
болжай алатын дәрежеге жетеді. Бағдарламаның теориялық өсімі
оның эмпирикалық өсімінен төмендесе регрестік болады. Яғни ондай
жағдайда жаңа деректерге ескірген анықтамалар беріледі. Өзінен
бұрынғының эмпирикалық сәттілігін түсіндіре алатын, өзінің
эвристикалық шамасы бар және жаңа дәлелдерді болжай алатын
Достарыңызбен бөлісу: |