52
1.9 Қазіргі ғылым
философиясындағы
проблемалық өріс
келтіретін ғылыми қорытындылардың формасын шығару керек.
Өйткені, ешқандай білім басқа білімдермен салыстырылмай, әмбебап
жүйге келтірілмей дайын, аяқталған, нақты бола алмайды».
Сонымен, Франктің ең бір маңызы жетістіктерінің бірі - ол
философияның
спецификасын
анықтау,
ғылымның
және
философияның тәуелсіздігін құруында, соның негізінде «барлық жеке
және арнайы ғылымдардың негізін, қорытындысын жасайды».
Қазіргі
ғылым
философиясыХХ
ғасырдың
бірінші
жартысында
қалыптасты.
Ғылыми
революция
классикалық көзқарастарды түбірімен
өзгерткен. Х1Х ғасырдың соңында болған ғылыми революцияның
мағынасын ашу нәтижесінде болды. Атомның бөлінуі сияқты, арнайы
және салыстырмалы жалпы теория, кванттық теория, кванттық химия,
генетика, системаның жалпы теориясы.
Жаңа ғылымның рационалдығын күн тәртібіндегі сұрақ ретінде
адамзаттың жаңа өркениетті дамуға және глобальді дағдарысты
шешуге бағытталғандығы қарастырады. Ғылымның жаңа үлгілерін
құрылымдайтын техникалық төңкерістің жағдайын жасап қана
қоймай өзінің әлеуметтік және әлеуметтік стратегиясын коррелеуін
және ғылымның жаңа кеңістігінің басқа рухани мәдениетпен
араласуын болжайды. Өркениетті дамудың ізденіс аясының жаңадан
құрылуы ғылым философиясы мен ғылымның дәрежесінің өзінің
өзгеруіне әкеледі. Осы мәселелерді дұрыстап қарастырайық. Ғылым
философиясындағы проблемалық өріс сұрақтары және ғылымның
өзінің
статусының
өзгеруі
жайлы
өзіміздің
және
шетел
ғалымдарының көптеген еңбектері жарық көруде. Бұл жерде 4 жүйелі
блокты көрсетуге болады:
қарастыратын еңбектерде ғылымның эволюциясын кең
тарихи мән мәтінінде көрсетеді;
ғылымды толығымен қамтитын философиялық ойлар
қорытындылайды;
ғалымдардың ғылым дамуы туралы мәселелерге деген
«іштей» қалыптасатын көзқарастарын еңбектерінен көруге болады;
ғылымның барлық үлгілерінің қорытындысын жасау –
кумулятивтік, антикумулятивтік және кейс стадиясы (белгілі
жағдайлардың зерттелуі) болып табылады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылым мен философия
өкілдерінің көбі «ғылым» деген термин сөздің трансформациясы
жайлы өз көзқарастарын айтып «ғылымның соңы» жайлы
53
пікірталасқа
қатысты
(Дж.Хорган,
В.Гейзенберг,
Ж.Делез,
П.Фейерабеннд, М.Фуко, Ф.Лиотар, В.Паули және тағы басқалары).
«Ғылымның соңы» деген түсінік тек қана үлкен үрдістің ауысуын
ғана білдірмейді, сонымен қатар ғылымның қарастырып отырған
парадигмасының ауысуын, парадигмалық негіздемесін және қазіргі
таңдағы мәдениетті өркениеттегі ғылымның орнының өзгеруін
білдіреді. Қазіргі таңда көбіне мынадай уәждемелер айтылып жүр:
әлем дегеніміз біртұтастық және ғылым өзінен өзі холистикалық
дүниетанымнан шыға алмайды; ғылыми төңкеріс қажет, ол ғылым
деген түсініктің өзінің шеңберінен де шығуы тиіс. Мұндай ерекше
құбылыс – мәдениет. Мұнымен көптеген авторлардың постмодерндік
ментальды мәдениет клишесіне үндеуі түсіндіріледі.
Ғылым философиясы (әсіресе тарихи мектептер) мен
гуманитарлық
таным
философиясының
бірігуінің
негізінде
ғылымның жаңа парадигмалық негіздемесі іздестірілуде, оның
зерттеу аймағының шеңберінде плюралистік ғылым философиясы
пайда болады (К.Хюбнер).
Сұраққа жауап беру үшін біз бұл екі бағыттың жаңа ғылымның
және оның мәртебесін құраудағы дәрежесін қарастырамыз, олардың
әрқайсысының негізгі мәселелері мен түсінігін қарастырамыз,
соңында жаңа әдіснамалық парадигманы шығару үшін барлығын
қорытындылаймыз.
ХХ ғасырда пайда болған постмодернизм соңғы үшінші «уақыт
бағыты» («дух времени») дүниетанымын түсіндіреді. 1980 жылдың
басында батыс зерттеушілері постмодернизмның мәселелерін күн
тәртібіне қойған. Соның кейбір өкілдерімен танысайық.
Ролан Барт (1915-1980) - француз әдебиеттанушысы,
семиотикші, сыншы, эссеист. 1970 жылы «автордың өлімі» түсінігіне
және «мәтін» деген оның негіздемесіне келеді, оның көзқарастары
қағидалы түрде шығарманың классикалық түрінен ерекшеленеді.
Мәтін соңғы шығармашылық ерікпен қоса көптеген түсініктер мен
шартты белгілер жүйесін негіздейді. Оның еркіндігі оқырманды
таңқалдырып қана қоймайды, сонымен қатар рахатқа бөлейді және
эротикалық жабыраңқы сезімді толықтай босатады. Бұл жаңа «хат»
мәдениетті адалау үшін емес, шынайылықты бейнелейтін ерекше
тілді құрауға арналған, ол сонымен қатар бітпеген мағынаны
қағидалы сипаттау үшін керек. Осыған байланысты, Барттың
пікірінше, бейнеліліктің постструктуралық қызметін толығымен
қиратып, одан барлық тұрақты түсініктерді алып тастап, оның орнын
әрдайым жалғаса беретін еркін ойынмен алмастыру қажет. Барттың
«мәтін» ұғымы өзінің қызметі мен түсінігі жағынан Фуко мен
54
Дерриданың «эпистема» және «пікірталас тәжірибесіне» деген
ұғымдарына өте жақын болып келеді.
Мишель Поль Фуко (1926-1984)- француз философы,
мәдениеттанушы, эстетигі. Фуконың барлық ғылыми және мәдени
танымал теориялары «доксологияға» байланысты. «Сөздер мен
заттар»
(1966)
жылғы
шыққан
кітабындағы
Фуконың
тұжырымдамасы бойынша еуропалық мәдениет бірнеше дәуірге
бөлінеді екен. Жаңа дәуір ескі дәуірден ештеңе алмайды және
болашақта қалыптасатын дәуірге ештеңе қалдырмайды. Яғни тарихты
Фуко «радикалға тән үзіктік» деп қарастырады. «Доксологияның»
орнына ол «археологияны» ұсынады; оның пәні болып
археологиялық деңгейдің арқасында қажетті ұғымды түсіну
мүмкіндігі қалыптасады.
Бұл терең, фундаментальды деңгейді Фуко «эпистема» деген
терминмен таңбалайды. Эпистема И.Ньютонның абсолютті кеңістігін,
И.Канттың априориін, Т.Кунның парадигмасын еске түсіреді. Олар
белгілі бір білім мен ғылымның қалыптарының көрінісін анықтайтын
мәдениеттің шартты белгілерінің беріктігін көрсетеді. Эпистема
заттарды реттейді және оларды пайымдауға керекті шарттарды
құрайды. Бұл мағынасында эпистема субъектіге бағынбайды, өйткені
олар санасыз сферада әрекет етеді, өздері анықтайтын ойға қол
жетімсіз болады. Еуропалық мәдениеттің түрлі деңгейлерін
салыстыра отырып, Фуко эпистеманың негіздегі өзгешелік тілдік
қатынаста, ой қатынасында, заттық және білімдік арақатынаста
жатқан шарттылықта деген қорытындыға келеді. Егер Қайта Өрлеу
дәуірі ұқсаушылық пен тәрізділік эпистемасына негізделсе, XVII-XIX
ғасырларының мәдениеті таныстыру эпистемасына негізделген, ал
ХХ ғасыр мәдениеті жүйе мен ұйымдастыру эпистемасына құрылған.
Оның бастамасымен жаңа ғылымдар туындайды, онда тіл өзімен өзі
тұйықталатын, өзінің тарихын қалыптастыратын қатаң жүйелі
формальды элементтердің жүйесі болады.
«Білім археологиясы» (1969) атты кітабінда және басқа
еңбектерінде эпистеманың орнына пайымдау стилі, белгілі бір білім
аймағының тапсырмасының шарттылығы - дискурс жүреді.
«Дискурс» және «дискурстік тәжірибе» деген ұғымдардың көмегімен
Фуко мәдениетті зерттеудің жаңа әдіснамасын құрайды. Ғылымның
немесе мәдениеттің бастапқы материалдары болып оқиғаны
дискурстық құру болып табылады. Дискурстік тәжірибенің негізі -
пікірлердің өзара қарым-қатынасы мен байланысынан, кейбір
объективті заңдар мен ережелердің тұтастығынан тұратын «мұрағат»
болып табылады. Мұрағат – бұл түрлі құжаттар мен мәтіндер емес,
олардың негізіндегі құрылым мен заңдар. Фуко бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |