Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет39/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89

 
 
109 
       Озон  қабатының  жұқаруы  қазір  жалпы  Жер  бетіндегі  тіршілік 
атаулының  өміріне  қауіп  төндіріп  тұр.  Біз  білетініміздей  озон  қабаты 
Жер  бетіне  дейін  тіршілік  атаулыны  құртатын  ғарыш  сәулелерін 
жібермейді.Сонымен  қатар  Жер  бетіндегі  су  қоры  2010  жылға  жақсы 
сарқылуы  мүмкін.  Мұнай  және  көмір  қорлары  осы  күнгі  қарқынмен 
өндірілетін болса, кейбір ғалымдар есебі бойынша жақын 200-300 жылда 
сарқылуы  мүмкін.  Ал  қорғасын  және  мыс  қорлары  20-30  жылға  ғана 
жетуі мүмкін. Сондықтан тапшы табиғи ресурстарды өтеу және үнемдеу 
үшін  кешенді  шаралар  қажет.  Ғалымдар  барлық  антропогендік 
процестердің барлығына бақылау мен реттеу қажет деп санайды. 
         Сонымен қатар ҒТР табиғи ресурстарды пайдалануда қандай да бір 
шектеулерді  алып  тастауға  жағдайлар  жасауда.  Осы  себепті  шектеулі 
табиғи  ресурстар  және  шектеусіз  қажеттіліктер  және  өндіріс 
мүмкіндіктері  арасында  қарама  қайшылықтар  туындайды.  Сондықтан 
осы  қатынастарды  реттеудің  қажеттілігі  артуда.  Адамзат  қажеттілігінің 
өсуін тежеуге байланысты әртүрлі қоғамдық қозғалыстар көбеюде. Олар 
БАҚ арқылы адамдарды тұтыну әдістерін өзгертуге шақыруда. 
        Қазіргі  күні  жаһандық  проблемаларды  шешудегі  ғылымның  рөлі 
ерекше  болуының  себебі,  сол  проблемалар  зардаптарына  ғылымның 
тікелей  қатысы  болуы  себепті  емес.  Ғылым  бүгінгі  күні  қоғамның 
дамуын  реттеуші  және  өндіруші  күш  ретінде  болып  табылады.  Ол  біз 
жоғарыда айтқан проблемаларға қатысты нақты шаралар қолдана алады. 
Ғылым  арқылы  біздер  қалдықсыз  көрініс  қалдықты  тазалау  және  Күн 
энергиясын тиімді пайдалану сияқты әрекеттерді жүзеге асыра аламыз. 
        Бүгінгі күнгі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз өндіріс мүмкін емес,ең 
бірінші  орынға  табиғат  пайдалану  қағидалары  қойылады.  Ал  олар  өз 
кезегінде    жаңа  технологиялар  мәселесін  туындатады.  Бүгінгі  күні 
табиғат пен техника заңдылықтарын сәйкестендіру мәселесі көтерілуде. 
Ал бұл экотехнология деп аталатын жаңа бағыттың шығуына әкеп соқты. 
Бұдан  біз  бүгінгі  күні  технологиялардың  экология  негізінде  қайта 
құрылуын  көреміз,  қазіргі  күні  көтеріліп  жүрген  альтернативті  энергия 
көздерін пайдалану (жел және күн энергиясын пайдалану) - техникалық 
инновацияның болашағы. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Сциентизм 
және 
антисциентизм: 
негізгі 
бағалаулары, 
концепциялары. 
2.  Ғылыми прогресс және жаһандық фактор. 
3.  Ғылыми кадрларды дайындаудың өзекті мәселелері. 
4.  Ғылым және қазіргі экологиялық мәселелер. 
5.  Ғылыми 
проектілердің 
гуманитарлық 
және 
экологиялық 
экспертизалары. 


 
 
110 
4.3    Синергетикалық жүйелерді  
              меңгерудің философиялық 
              астарлары 
 
6.  Ғылымдағы эксперттік қызмет және оның функциялары. 
7.  Қазіргі ғылыми танымның әлеуметтік характері. 
8.  Ғылым философиясының постмодерндік бейнесі. 
9.  «Үлкен ғылым» феномені. 
10.  Ғылыми ойды технологизациялау феномені. 
11.  ХХІ  ғасырдың  басындағы 
«лингвистикалық  ғылымдарға» 
бетбұрыс. 
12.  Ғылымды  компьютеризациялау:  танымның  жаңа  әдістері  және 
жаңа ақпараттық кеңістік. 
13.Ғылыми  консенсус,  оның  ғылыми  танымдағы  рөлі  мен 
функциясы. 
14.Ғылыми жаңалықты ашудағы ғылым тарихының орны. 
 15.Ғылыми 
революциялар: 
мәні, 
механизмдері 
және 
типологиялары. 
 16.Ғылыми  революциялар  және  ғылыми  рационалдылықтың 
типтері. 
 17.Қазіргі кездегі компьютерлік революция: табиғаты және мәні. 
 
 
Қазіргі  замандағы  әлемнің 
постклассикалық 
емес 
бейнесіндегі 
тәртіптілік, 
құрымдылық, 
хаостық 
шынайылықтың  объективті  және  әмбебаптық  сипаттамасы  деп 
танылады.  Олар  өздерін  дамудың  барлық  құрылымдық  деңгейінде 
көреді. Тең емес жүйелердің қате жүзеге асырылуы мәселесі синергети-
каның өзін-өзі ұйымдастыру теориясының назарында. Оның пәні болып 
спонтанды  құрылым  негізінің  біршама  ортақ  заңдылықтарын  анықтау 
болып  табылады. 
Синергетика ұғымы қазіргі ғылым философиясы мен методологияда 
кең  тарау  алған.  Бұл  термин  ежелгі  грек  тілінен  «ұйымдасу»,  «көмек 
көрсету»  деген  мағынаны  білдіреді.  Г.Хакен  энергияның  жасалуы 
жүйеде микроскопиялық деңгейден макроскопиялық деңгейге айналады 
дейді:  макроскопиялық  құрылым  құрылуына  (морфогенез)  бірнеше 
деңгейдегі  еркіндігі  бар  қозғалыстың  және  т.б.  өзгеріп  тұратын 
параметрлері  бар  жүйе  өзіндік  ұйымдастырудың  әртүрлі  тәсілдерін 
көрсетуі  мүмкін.  Тым  теңсіздік  жағдайлары  кезінде  жүйелер  бұрын 
теңдік  жағдайы  кезінде  мүдделі  болмаған  факторларды  қабылдай 
бастайды.  Өздігінен  ұйымдасушы  жүйе  үшін  олардың  теңсіздігі, 
белсенділігі мен деңгейі маңызды. 
Синергетика  термодинамика,  радиофизика  сияқты  физикалық 
пәндерде  дүниеге  келді.  Бірақ  оның  идеялары  ғылымаралық  сипатта. 


 
 
111 
Күрделі  ұйымдасқан  жүйелерді  зерттеудің  парадигмасы  ретінде 
саналатын  синергетика  қазіргі  кезде  жаратылыстану  және  техникалық 
ғылымдарда  ғана  емес,  әлеуметтік-экономикалық  және  гуманитарлық 
ғылымдарда да барған сайын кеңінен қолданылып келеді.  
Өздігінен 
дамушы 
жүйелер 
сыртқы 
қоршаған 
ортаға 
адаптацияланудың  ішкі  (имманентті)  нысандарын  табады.  Тәуелсіздік 
жағдайлар  теңдік  жағдайы  кезінде  тәуелсіз  және  автономды  болған 
элементтердің  тиімді  корпоративті  әрекеттерін  тудырады.  Теңдіктен 
алшақтаған  сайын  когеренттік,  яғни  жүйе  элементтерінің  келісімділігі 
артады. Молекулалардың белгілі бір мөлшері немесе ансамблі когерентті 
жүріс - тұрысты білдіреді, ол күрделі деп саналады. И. Пригожин былай 
дейді:  сұйықтық  әр  жағында  жүрген  молекулалар  бір-бірімен  қарым-
қатынаста  болатындай  көрінеді.  Қандай  жағдай  болмаса  да  теңдіктен 
алшақтықта молекулалардың когеренттігі артады. Теңдікте молекула иек 
өз көршілерін көріп, тек сол көршілерімен «қарым - қатынаста» болады. 
Теңдіктен  алшақтықта  жүйенің  әрбір  бөлігі  барлық  жүйені  түгелімен 
көреді. Теңдік кезінде материя соқыр, ал теңдіктен тыс жерде ол көреді 
деуге  болады.  Мұндай  ұжымдық  қозғалыстарды  Г.  Хакен  мода  деп 
атайды.  Тұрақты  модалар  оның  ойынша,  материяға  үйлеседі  де  жоқ 
болып  кетуі  мүмкін.  Жалпы  ол  еркіндік  деңгейінің  азаюына,  яғни 
тәртіптілікке әкеледі. 
Синергетикалық  жүйелер  абиотикалық  жағдайы  (ұйымдаспаған, 
шашыраңқы  материя)  деңгейінде  тәртіптелген  кеңістіктік  құрылым 
құрумен  ерекшеленеді.  Бір  жасушалы  ағза  деңгейінде  олар  сигналдар 
(белгілер) арқылы қарым-қатынасқа түседі. Көп жасушалы ағзалар өзінің 
әрекеті процесі кезінде көп құбылысты қызметтесуге кіріседі. 
Биологиялық  жүйенің  идентификациясы  осындай  біріккен 
қызметтесуге  тәуелділікке  байланысты.  Бас  миының  жұмысы 
синергетика  жасаушылардың  қызметтесуін  ғажайып  деп  бағалайды. 
Ғылыми 
ізденістің 
жаңа 
стратегиялары 
өзіндік 
ұйымдасу 
синергетикалық  жүйелерді  меңгеру  қажеттіліктеріне  байланысты 
бағытталған  тәртіпсіздік  теориясы  деп  аталатын  білімді  конструктивтік 
ұлғайтуға  сүйенеді.  Ол  құрылымдық  және  хаотизация  процестерінің 
өзара  байланыс  ерекшеліктері  мен  типтерін  зерттеумен  байланысты. 
Тәртіп  және  хаос  ұғымын  түсінудің  алғышарты    ретінде  хаостың  кең 
классификациялары  және  типологиялары  бар.  Соңғысының  қарапайым, 
күрделі,  себепті,  салалық,  тар,  кең  масштабты,  динамикалық  және  т.б. 
түрлері болады. Хаостың ең қарапайым түрі кіші мөлшерлі -ғылым мен 
техникада  кездеседі  және  суреттелуге  себепті  жүйе  көмегімен  жатады. 
Ол  күрделі  уақыт  аралығымен  ерекшеленеді.  Бірақ  кеңістік  түрі  өте 
қарапайым.  Көп  мөлшерлі  хаос  сызықтық  емес  ортаның  реттік  емес 
түрімен  байланысты.  Турбулентті  режимде  үйлестіруге  көбінесе  бұл 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау