96
4.1 Ғылыми революциялар
және жаңа білімнің
философиялық мәні
4 ТАРАУ. ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ
ДИНАМИКАСЫ
Ғылымның даму үрдісінде
оның
түбегейлі
өзгеру
кезеңдері болады.Ол ғылым-
ның нормативті құрылымын
және философиялық негіздерін
өзгертумен байланысты. Бұл ғылыми рационалдылық типтерінің
өзгеруіне қатысты.
Жаратылыстану
тарихында осындай төрт революцияны
аңғарамыз.
Алғашқысы
XVII
ғасырдағы
классикалық
жаратылыстанудың қалыптасуынан байқалады. Ол классикалық
ғылымның қағидаларынан нәр алған, жаңа заманның орайына
бейімделген нақтыланған біліммен тығыз байланысты болды.
Оның негізгі идеясы болып ғылыми білімнің объективтілігі мен
пәнділігі, субъектілігі және таным қызметінің процедуралары, оларды
түсіндіруден тысқары қарастыру есептеледі. Тәжірибелік фактілерді
ұғындыру және алдын ала болжауға жеткізетін теориялар
құрастыратын онтологиялық принциптерді айқындау басты бағыт деп
саналды.
Түсіндіру үшін механикалық себептер мен субстанцияларды
іздеу, механиканың негізгі принциптері мен тұжырымдары
басшылыққа алынды. Осының негізінде табиғаттың механикалық
бейнесі әлемнің жалпы ғылымдық бейнесі рөлін атқарады.
Нәтижесінде табиғаттың механикалық бейнесі құрылып, ол бір
мезгілде физикалық білім саласын және дүниенің жалпығылымдық
бейнесін қамтуға тырысты.
XVII – XVIIІ ғасырлардағы жаратылыстанудың нормалары мен
онтологиялық принциптері механизм идеялары үстемдік құрған
ерекше философиялық жүйеге негізделген. Оның эпистемологиялық
құрылымын табиғаттың құпияларын эксперимент пен қадағалау
арқылы алуға болады және ақыл оны өз қабілеті арқылы танып біледі,
ал ақылға тек зерттелуші объектінің қасиеттері мен белгілері берілсе
жетеді деген концепция қалыптасқан.
«Кіші» жүйе деген ұғым қолданылған. Оның мәні: аз ғана
элементтердің саны, күштеу арқылы өзара қатынас және өте тығыз
тәуелділікке байланыс. Жалпылықтың қасиеттері оның бөліктерінің
жағдайы және қасиеттерімен толық анықталады. Зат – тұрақты дене,
үрдіс – заттардың кеңістікте уақыт арқылы қозғалуы, ал себептілік
лапластық мәнінде.
98
бірінен-бірі нақты теориялар объектіні бейнелеулері ұқсамайтын әр
түрлі объективті шындық білім орын алды.
Объектіні түсіндіру мен жазу кезінде танымның құралдары мен
операцияларға сілтеме жасау еске ұсталады. Бұл мәселе – кванттық
релятивистік физикада басым көрінді.
Интеграция және дүниенің жалпығылымдық бейнесі енді
табиғатты өте күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырды Бұған
физикадағы микро, макро және мегадүние, биологиядағы тұқым
қуалаушылық механизмдері, кибернетикадағы басқарудың жалпы
заңдылықтары және қайталану байланысы. Бұлардың бәрі табиғаттың
тұтастай
құрылымын
жасауға
алғышарт
болып,
ғарышты
иерархиялық құрылған күрделі динамикалық бірлік ретінде ойлауға
мүмкіндік береді. Бұл жетістіктер ғылымның жаңа философиялық
негіздерін толықтырды. Білімнің тарихи өзгеру идеясы және
ғылымдағы онтологиялық принциптердің салыстырмалы шындық
болатыны танымдағы субъектінің белсенділігімен байланыстырылды.
Субъект дүниеден тысқары емес, керісінше, оның ішінде және тығыз
байланысты – тәуелді деген ұғым басымдылық көрсетті. Адамның
сұрақ қоюы танымның құралдары мен әдістеріне тікелей тәуелді.
Бұдан келіп категориялардың жаңа түсініктері қалыптасады. Мысалы,
объект категориясы
зат ретінде ғана емес, үрдіс ретінде белгіленеді.
ХХ ғасырдың соңына қарай ғылымда орасан зор өзгерістер
байқалады, оларды төртінші жаһандық ғылыми революция деп атауға
болады. Ғылымның әлеуметтік өмірге енуі, компьютерлендірілу,
күрделі және өте қымбат құралдар кешенін зерттеу ұйымдары және
т.б. ғылыми қызметтерін күрт өзгертті. Пәндік зерттеулер мен қатар
пәнаралық және проблемалық зерттеу түрлері алдынғы орынға
шықты. Кешенді зерттеу бағдарламалары негізгі білім өндірісіне
айналды.
Оны
іске
асыру
барысында
теориялық
және
эксперименталдық зерттеулер, қолданбалы және фундаменталды
білімдер, олардың арасындағы тікелей немесе жанама байланыстар
өзара қатысып кетуі заңдылық. Нәтижесінде әр түрлі принциптер мен
көзқарастар қалыптасқан ғылыми ізденістер күшейе түседі. Олар бір-
біріне тәуелді болып, бүтіндей жалпығылымдық дүние бейнесінің
үзінділері қасиетіне ие болады.
Ғылыми білімнің ең негізгі сипаттамасы оның динамикасы, яғни
өсуі, өзгеруі, дамуы т.б. болады. Білімнің дамуы–түрлі сапалық
сатыларды қамтитын күрделі диалектикалық үрдіс. Ол үрдісті мифтің
логикаға, логиканың «ғылымға дейінгіге», «ғылымға дейінгіден»,
ғылымға,
классикалық
ғылымнан
неоклассикалық
және
постклассикалыққа, білмеуден білуге, таяз білімнен терең, жетілген
білімге қарай қозғалысы ретінде қарастыруға болады.