70
- оқушыларды білімді қабылдауға дайындау яғни, сабақты олардың алдына
мәселе қоюдан бастау;
- жаңа білімді қабылдауға кірісу (ӛзіндік жұмыстарды орындау кезеңі);
- жаңа білімді қорытындылау;
- жаңа білімді қолдану, яғни жаттығулар, тәжірибелер орындау;
- жаңа білімді меңгеру нәтижесін тексеру.
Міне, жоғарыда кӛрсетілген сабақтың бӛлімдерінің бәрі мұғалімнің
нұсқауы арқылы оқушылардың ӛзіндік іс-әрекеттерінің нәтижесінде жүзеге
асатыны белгілі. Әрине, кез келген ӛзіндік жұмыстарды оқушылардың дұрыс
орындауы үшін бірнеше талаптар қойылады. Олар:
- мұғалімнің берілетін білімнің мақсатын толық түсіндіруі;
- оқушылардың ӛзіндік
жұмысқа деген ынтасының болуы;
- оқушылардың ӛзіндік жұмыс орындауға
жаттығуының болуы;
- білімді қорыту кезінде оқушылардың еңбегін әділетті бағалап,
жетістіктерін айтып отыру;
- орташа
оқитын оқушыларды ӛзіндік іс-әрекет кезінде жақсы
оқитындармен жұптық-топтық жұмыстарға тарту. Ӛзіндік жұмыстар түріне
бүкіл оқушылардың орындай алатын жұмыстары: химиялық диктант,
тәжірибелер мен эксперименттер, ауызша, жазбаша сандық және сапалық
есептер шығару бәрі жатады.
Оқушыларға оқулық пен оқу құралдарындағы кӛрнекіліктер бойынша да
ӛіндік жұмыстарды орындатуға болады. Бейорганикалык химия пәні бойынша
кӛрнекіліктер материалдарының мазмұнын аша алатын болса, онымен
жұмысты бірден сабақтың басынан-ақ ұйымдастырылады. Ал, кӛрнекілік
мазмұнды материалды тек толықтыратын жағдайда, оны сабақтың орта
немесе, қорытынды бӛлімінде пайдалану тиімді. Ӛйткені, кӛрнекіліктер мен
сабақ мазмұны бір-бірімен тығыз байланысып, сабақтасып жатады.
Кӛрнекіліктер мен оқытушының атқаратын жұмысы берілетін білімнің
мазмұнымен үндесіп отырады. Сонымен, бейорганикалық химия пәнін
оқытуды осындай ӛзіндік жұмыс формаларын ұйымдастыруды жетілдіру
арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Мәселен, оқулықта «Заттардың агрегаттық күйі» тақырыбы бойынша 33-
бетте сызбанұсқа беріліген. Бұл кӛрнекіліктің жақсылығы заттардың әртүрлі
күйінің жылу сіңіргендегі, жылу бӛлінгендегі қандай күйге
ұшырайтыны жақсы
кӛрсетілген. Бірақ, бұл кӛрнекілікпен жұмысты тақырыпты қорытындылау
кезінде ғана пайдалана аламыз. Себебі, бұған дейін оқушылар алдымен
заттардың агрегаттық күйлері туралы түсініп алуы керек.
Сондықтан, бұл кӛрнекілікпен жұмыс барысында мұғалімнің тапсыруы
бойынша сызбанұсқаға қарап, заттардың агрегаттық күйінің жылуға
байланысты ӛзгерісін түсініп, оның мәнін дәптерлеріне жазбаша жазады. Бұл
арқылы оқушылар мәтін бойынша алған ұғымын тұжырымдайды. Осы
тақырып бойынша ӛзіндік жұмыс ұйымдастыруға мол мүмкіндік беретін
«Біліміңді тексер» бӛліміндегі сұрақтар мен тапсырмалар. Бұл мәселелерді
шешуді сабақ барысында қамту үшін оқушыларды топқа бӛліп, әр топқа жеке-