65
Яғни, оқулық пен оқу құралын сыныптан тыс та пайдаланудың тиімді жолдары
үйретіліп, әдістемелік нұсқаулар бeріледі. Оқулық пен оқу құралын
байланыстыра пайдалану нәтижесінде: оқушының дербестігі, біліктілік,
іскерлік дағдылары дамиды. Сонымен қатар оқушылар білім алу барысында әр
түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға үйренеді, алған білімдерін қоршаған ортамен
кунделікті ӛмірмен байланыстырады, пәнаралық кіріктіру жүзеге асады.
Сондықтан оқу құралын жаңа технология негізінде құрастыру арқылы
оқушылардың ізденімпаздығын, озіндік іс-әрекеттерін қалыптастыруға
мүмкіндік туады [136,137].
Оқулықпен жұмыс істеу барысында оқушылар алдымен мәтіннің алға
қойған мақсатын түсінуге тиісті. Сонда ғана олар мәтіннің ең түйінді
мәселесіне баса кӛңіл бӛледі. Мазмұнды жай оқымай, керекті нысанды
дәлелдеуге тырысып, бұрын меңгерген ұғымдарымен мәтін мазмұнын
байланыстыруға тырысады. Оқулықпен жұмыс істеу арқылы оқушы ғылыми
тілді, атаулар мен терминдерді меңгереді. Оқулықтағы мәтін мазмұнын
тәжірибелік жұмыстармен байланыстыру барысында онда берілген ғылыми
материалдардың ғылыми шындыққа нақты деректерге негізделгендігіне кӛздері
жетеді. Біздің міндетіміз қазіргі мектеп жағдайында пайдаланылып жүрген
оқулықтар
мен
оқу
құралын
байланыстыра
отырып
оқушыларға
бейорганикалық химиядан білім беруде олардың ӛзіндік жұмыстарын
ұйымдастырудың жолдары мен әдістерін ұсыну. Бірақ, қазіргі таңда
оқушыларға оқулықпeн жұмыс істeту дағдыларын қалыптастыру кӛп ізденуді
керек етеді. Себебі, күнделікті неше түрлі ақпараттардан хабардар оқушылар,
сол есітіп, кӛргендеріне кӛп еліктейді. Оқулықтағы мәтінді оқытпас бұрын
оның қандай мәселеге арналғандығы, бұл мәтінді оқып меңгеру арқылы нені
шешуге болатындығын айтып, оқушылардың зейінін аудару жағы
қарастырылады.
Қазіргі кeздe интeрактивті жаңа оқыту құралдары пайда болуда. Бұлар
арқылы әр оқушы жeкe жұмыс атқарады. Бірақ, бұл да кӛп жағдайда тиімді
бола бермейді. Себебі, бұл құралмен жұмыс істеуге барлық оқушының бірдей
мүмкіндігі келеді деу қиын.
Оқулықпeн жұмыс істeу барысында міндетті түрде бұл мәселенің оқу
құралымен байланыстылығын естен шығармауға тиіспіз. Себебі, сабақ
барысында оқушылар негізгі ғылыми ақпаратты оқулықтан алса, оны
толықтыратын, білімді тереңдетуге кӛмектесетін оқу құралындағы материалдар
болып табылады. Оқу құралдарының пайдасы сабақ барысында мұғалім басқа
жақтан қосымша материал іздеп жатпай, дайын материалды пайдалана алады.
Ал, оқушылар болса, сол материалдар арқылы ӛзіндік жұмыстар орындауға
мүмкіндік алады. Оқушылардың химия пәнінен атқаратын, яғни орындайтын
ӛзіндік жұмыстарының арнайы фомасы, соған сай әдістері бар.
Бейорганикалық химиядан ӛзіндік жұмыс ұйымдастыру формалары: сабақ
барысындағы ӛзіндік жұмыс түрлері; сабақтан тыс орындалатын ӛзіндік
жұмыстар; топсаяхаттар кезіндегі ӛзіндік жұмыстар болып бӛлінеді.
66
Осылардың әрқайсысында атқаратын ӛзіндік жұмыс түрлері әртүрлі мазмұнда
болады.
Мәселен, бейорганикалық химияның алғашқы сабақтарының бірі-таза
заттар және қоспалар жайында ұғым беру. Мұндағы ең басты мақсат заттар
және денелер деген ұғым беру, барлық дененің заттардан тұратынын және
олардың қасиетінің оның құрылысына тәуелділігін, затты қолданудың оның
қасиетіне байланыстылығын ашып кӛрсету арқылы оқушыларда химиялық
заңдылықтарды ұғындыру. Заттардың химиялық және физикалық қасиеттерінің
бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру арқылы оқушыларға практикалық
жұмыстар орындату. Міне, бұл бір сабақ үстінде ӛте күрделі мәселелерді
шешудің керектігін және оны оқушыларға саналы меңгерте отырып,
келешектегі бейорганикалық химия пәнінде берілетін жүйелі білімнің
бастамасы ретінде негізделіп, ойда сақталуын қамтамасыз етуді қарастырады.
Себебі, бейорганикалық химиядан берілетін білім мазмұны осы мәселелермен
тығыз байланыста әрі қарай ӛрбитінін естен шығармауға тиіспіз. Алғашқы
сабақтардаоқулықтың құрылымымeн қалай жұмыс істeу кeрeктігімeн алдын ала
таныстырылады. Әрі қарай әр түрлі басымдық болу сeбeбін, иллюстрацияларды
мәтінмeн қалай байланыстыруға болатындығы нақты мысалмeн кӛрсeтілeді.
Оқулықпeн ӛзіндік жұмыс істeу алдын ала жоспар құрудан басталады.
Кейбір тақырыптар бойынша ұйымдастырылатын ӛзіндік жұмыс
түрлеріне тоқталайық.
Сабақтың тақырыбы: «Таза заттар және қоспалар»
Сабақтың мақсаты:Білімдік: Таза зат және қоспа туралы ғылыми ұғым
беру, таза заттар мен қоспалардың айырмашылығын түсіндіру. Бұлардың басты
қасиеттерін ажырата білуге жаттықтыру. Заттарды қоспадан тазарту
әдістерімен таныстыру.
Тәрбиелік: заттар мен қоспаларды айыра біліп, олардың тұрмыстағы
маңызын түсіндіре отырып, Отанымызда халық шаруашылығының дамуына
тигізетін пайдасын ұғындыру арқылы ӛз жерінің байлығын бағалауға, оны
сақтауға тәрбиелеу. Елжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Таза заттар мен қоспалар туралы ақпараттар жинауға,
қазіргі таңда дамып жатқан ӛндіріс орындарының шаруашылық мәнін біліп,
ондағы химиялық заттардың алатын орынын түсіне отырып, зерттеушілік, жоба
жасау жұмыстарына жұмылдыру.
Сабаққа керекті құралдар: әртүрлі заттар (таза және синтетикалық),
қоспалар. Заттардың физикалық қасиетін бейнелейтін сызба.Түрлі заттардан
жасалған денелер.
Сабақта қолданылатын әдістер: сӛздік әдіс (оқулықпен жұмыс,
әңгімелесу, талдау, салыстыру, қортындылау т.б.) бақылау; тәжірибе жасау;
кӛрнекіліктермен жұмыс.
Сабақтың барысы:
1. Кіріспе:
Қазіргі сабақтарға қойылатын дидактикалық талаптардың ең бастысы,
олардың материалды ӛздігінен ізденушілікпен саналы меңгеруі. Меңгеретін
Достарыңызбен бөлісу: |