87
жұмыстың тағы да бір түрі- мәтінді мазмұны бойынша бӛліктерге бӛлу, оларға
ат қою, қорытынды жасау.
Оқулықпен жұмыс барысында берілетін ӛзіндік жұмыстарды жалпы
сыныпқа арнамай, жеке топтарға және жеке оқушыға арнап алдын ала
дайындау арқылы мұғалім біріншіден, уақыт үнемдесе, екіншіден,
оқушылардың ӛздігінен жұмыс орындауын қамтамасыз етеді. Үшіншіден,
олардың ӛзіндік іс-әрекеттерінің нәтижесін сабақ барысында ортаға салып,
ұжым болып талқылай отырып, оқушылардың материалдарды ӛздігінен
меңгеруін жүзеге асырады [143-147].
Мәселен, бейорганикалық химия оқулығы мен оқу құралын байланыстыра
отырып, оқушылардың –ӛзіндік жұмыстары арқылы жаңа білім алу және оны
қортындылау мақсатымен ұйымдастырылған сабақ түріне тоқталайық.
Сабақтың тақырыбы: «Химиялық элементтер және олардың таңбалары»
Сабақтың мақсаты: Білімдік:Әрбір химиялық элементтің ӛзінің таңбасы
болатынын, химиялық элемент атомның белгілі бір түрі екенін және химиялық
элементтердің жіктелуі туралы ғылыми ұғым беру. Тәрбиелік: күнделікті
тұрмыста қолданылып жүрген заттардың мәнін түсініп, оларды қолданудағы
ережелерді сақтауға, химиялық қосылыстардың пайдасын біліп, оларды
сақтауға тәрбиелеу.Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
Шығармашылық: Химиялық элементтердің таңбаларын меңгеріп, оны оқи
білу, керекті жерінде қолдану арқылы есептер шығару, ӛздігінен есептер
құрастыру жұмыстарын орындау.Сонымен қатар, оқушылар түрлі нақты
деректерді пайдаланып, химия ғылымының болашағына кӛз жеткізіп, оны
зерттей қарауға үйренеді.
Керекті құралдар:Химиялық элементтердің атаулары мен химиялық
таңбаларының сызбасы, оқулық, оқу құралы, тірек сӛздер берілген кесте.
Қолданылатын әдістер: деңгейлеп оқыту технологиясы, сӛздік әдіс,
кӛрнекілік әдісі, оқулықпен жұмыс, практикалық әдіс.
Сабақтың барысы:
1.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін мұғалімнің кіріспе түсінігі.
Мұнда бүгінгі тақырыптың мақсаты хабарланады.
2.Оқушыларды топқа бӛлу.Әр топқа тапсырмаларды берумен қатар,
оларды орындаудың мақсаты түсіндіріледі. 1-топқа, оқулықтағы мәтіннің 43-
бетіндегі бӛлімін оқып, оны түсініп, мазмұндап айтуға және оны бұрын
меңгерген жай зат туралы ұғымдарымен байланыстыруы керектігі айтылады. 2-
топқа, мәтіннің 44-бетіндегі бӛлімінен металдар мен бейметалдар туралы
ұғымды меңгеріп, металдар мен бейметалдардың басты қасиеттерін
дәптерлеріне жазып, оны айтып беруге дайындалу. 3-топқа, тақырыптың осы
бетіндегі екінші бӛлімін түсініп, ӛз ойларын мысалдар арқылы дәлелдеу. 4-
топқа, «Химиялық элементтердің таңбалары» туралы оқып, кейбір химиялық
элементтердің атаулары мен таңбаларын дәптерге жазып, оны тақтаға жазып
кӛрсету. 5- топқа, оқу құралының 36-бетіндегі химиялық элементтердің
символдары мен индекстері арқылы заттардың химиялық формулаларын жазу
тапсырылады. Бұл мәселені оқып түсіну кезінде оқушылар химиялық формула
88
арқылы заттың сапалық және сандық құрамы жайлы түсінік қалыптастырады.
Заттардың формуласы арқылы жай зат, күрделі заттарды ажыратуға жаттығады.
Тапсырмаларды бергенде мұғалім оларға бӛлінетін уақытты да айтып
түсіндіреді.
3. Әр топ оқушылары ӛзіндік жұмыстардың нәтижесін жалпы ұжымның
талқысына салып талдауға кіріседі. Осы талдау кезінде оқушылар бірін-бірі
тыңдап, олардың жұмысын бағалайды. Бағалау бірнеше жолмен жүзеге асады.
Алдымен топ мүшелері ӛз жұмыстарын топ ішінде ӛздері бағалайды. Мұнда
топтағы әр оқушының белсенділігі мен ӛзіндік жұмыс барысындағы
шешімділігі есептеледі. Онан кейін жалпы сынып алдында әр топ мүшелері
бірін-бірі бағалап, олқылық және жетістіктерін атап кӛрсетеді.
4. Білімді қортындылау барысында оқушылардың ӛз қалаулары бойынша
олардың оқулықтағы «Біліміңді тексер» бӛлімінде берілген сұрақтар мен
тапсырмаларды орындауын қамтамасыз етеді.
5. Мұнан ары мұғалім ӛз пікірін тұжырымдап, оқушылардың жетістіктерін
кӛрсете отырып, олардың бұл тақырыптан нені меңгеріп, нені ұғынғандарын
айтуды талап етеді.
6. Оқушылар кестедегі тірек сӛздерді пайдаланып, тақырыптың мазмұнына
байланысты сӛйлем құрастырады. Сӛйлемдердің дұрыс құрылуы, анықтамалар
мен атаулардың дұрыс қолданылуын оқушылар қадағалап, ӛз пікірлерін қосып,
толықтыра алады.
7. Бүгінгі сабақты қорыту ӛте жақсы оқитын оқушыға тапсырылады. Ол
қысқаша бүгінгі жаңа ұғым бойынша нені меңгергенін, қандай іскерлікке
үйренгендігін, тақырыпты талқылау барысында ӛзіне не ұнағанын, тағы да не
білгісі келетінін айтуға тиіс.
8. Мұғалімнің қорытынды сӛзінде оқушылардың белсенділік деңгейі
бағалануға тиісті. Сонымен қатар, кездескен қиындықтар мен кеткен
олқылықтарды атап, келесіде оған кӛніл бӛлу керектігі айтылады.
Сабақтың құрылымына кӛз жүгіртсек, бастан аяқ оқушылардың оқулықпен
және оқу құралымен ӛзіндік жұмыс түрлерін орындауы арқылы оқушылар
жаңа ұғым алғанын кӛруге болады. Олар алған ұғымдарын қортындылау
барысында да оқулықты пайдаланады. Осы арқылы жаңа атаулар мен жаңа
ұғымдарды меңгереді.Оларды пайдаланып есептер шығарады. Осы тұста
мұғалім оқушыларға ӛзіндік есеп құрастыруға да мүмкіндік туғызады.
Оқулықпен ӛзіндік жұмыс орындау нәтижесінде оқушылардың белсенділігі,
ізденушілігі, ой қорытып, ӛз істерін тұжырымдау дағдылары дамиды.
Жоғарыда кӛрсетілген топтық жұмыстардың нәтижелі болуы бірнеше
жағдайға байланысты. Ең алдымен топтың ішінде ӛте жақсы оқитын және
жолдастарының әрекетін ұйымдастыра алатын оқушының болуы.
Сонымен
қатар, әрбір топтық жұмыстың ӛз алдына қойған мақсаттың болуы және оны
оқушылардың жете түсінуі. Топ ішіндегі оқушының әрқайсысының жеке
тапсырмаларды орындауы. Жұмыс нәтижелерін ӛзара тексеру және бір-біріне
туындаған қиындықты шешуге кӛмектесуі. Әр топ мүшесімен алынған
нәтижелерді біріктіріп, бір толық қорытындының жасалуы жүзеге асады. Бірақ,
Достарыңызбен бөлісу: |