Көтерілістің жеңіліске ұшырауы. Көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін Махамбет Өтемісұлы дала өңірінде бой тасалап жүрді, біраз уақыт өткен соң қазақ ауылдары арасында ханға, патша саясатын жақтайтын шонжарларға қарсы қайтадан үгіт жүргізе бастады. 1843 жылы Махамбет Жайық өзеніне жақын ауылдарға келгенін естіген хан шекаралық басқармаға: «Исатай қарақшыларының басшысы Махамбет Өтемісов соттың шепке жақындауына тиым салуына қарамастан, оған жақын жерде тұрып жатыр, үнемі тиімсіз сыбыс таратып, Ішкі ордадан қашқандарды өзіне қосып алуда», - деп хабар жеткізген. Махамбет Өтемісұлы билеуші Баймұхамед сұлтан жіберген қарақшылардың қолынан 1846 ж. қаза тапты. Көтерілістің жеңілу себебі: оның ұйымдастырылуының жеткіліксіздігі, едәуір дәрежеде бір аймақта шектелуі, нақты бағдарламасының жоқтығы, бір текті еместігі, кейбір қатысушылардың өзіне сенімсіздігі сонымен қатар жазалаушы отрядтардың жақсы қарулануы, бекініс горнизондары, хан және оның жақтастарымен біріге отырып әрекет жасауы да себеп болды. Көтеріліс жеңілгенімен, оның тиімді жақтары да болды. Хан сұлтандардың жыл сайынғы салынатын салықтарын шектеді, патша үкіметі көтерілісті қолдаған ауылдардың старшындарымен санасуына тура келді. Ішкі ордада хандық биліктің әлеуметтік негізінің әлсірегенін, бұл жерде де хандық биліктің жойылатындығын көрсетті.
Тарихи маңызы: Хан сарайындағылардың іс-әрекетіне біршама шек койылды. Хан билігінің әлсірегенің көрсетті. Патша үкіметіне көтерілісті қолдаған старшындармен санасуына тура келді.Хандық билеу жүйесінің жойылатындығын көрсетті. Сипаты жағынан ұлт-азаттық бұл тартыс – отаршылдыққа және әлеуметтік езгіге қарсы бағытталды.
Көтерілістің тарихи маңызы зор. Ол отаршылыққа қарсы, азаттық үшін, әлеуметтік езгіні жоюға бағытталған күрес болды.Бұл ұлт-азаттық көтеріліс тек жер үшін күреспен шектелген жоқ, ең негізгісі елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге ұмтылды.
Кенесары хан бастаған қазақ халқының ұлт – азаттық көтерілісі
ХІХ ғ. І жартысында патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлттық тәуелсіздікті сақтап қалуға бағытталған күресін Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы басқарды. Бұл көтеріліс толығымен зерттелмеген. Көптеген қайшылықтарға толы болғандықтан әлі де болса бағаланбады. Нағыз шын тарихын ХХ ғ. 40 жылдарында тарихшы – ғалым Е.Бекмаханов нақты зерттегені үшін 25 жыл түрмеге отырған. Кенесарының қойған басты талаптары: тартып алынған қазақ жерлерін қайтару, бекіністерді жою, түрлі алымдар мен салықтарды тоқтату, Қоқан және Хиуа хандықтарымен күрес арқылы Оңтүстік өңірлерді азат етуі халық талабынан шықты.
Көреген саясаткер ретінде Кенесары хан ұлы Ресей империясымен күресу үшін – барлық қазақ руларымен жүздерінің бірігуі керектігін жақсы түсінді. Ресейге қарсы ашық қарулы күрестің қиындығын түсіне отырып, көптеген даулы мәселелерді негізінен патша үкіметімен бейбіт жолмен шешіп отырған.
Кенесары хан басқарған қазақтардың көтерілісі алғашынан жаппай сипатқа ие болды. Бұл көтеріліске ХVIII – XIX ғ. барлық дерлік қазақ халқының, Кіші және Орта жүздің жаппай ат салысқан тұңғыш көтеріліс болды.
Негізгі қозғаушы күші–шаруалар, старшындар, 80-нен астам сұлтандар. Бірақ, өкінішке орай, бір бөлігі күресті жалғастырудан бас тартты.
Қазақтардың казак отрядтарымен алғашқы қақтығыстары 1837 жылы қараша айында орта жүз территориясында болды. 1838 жылдың мамырында көтерілісшілер Ақмола бекінісін өртеп жіберді. Кенесары өз жасақтарымен Кіші жүзге жақындау Торғай даласына қоныс тепті. Осы жерде көтеріліске Жоламан Тіленшұлының жасақтары қосылды. Нәтижесінде көтерілісшілер саны көбейіп, бекініп алды. Кенесары соғыс қимылдарын екі бағытта жүргізді: Солтүстікте патшаның жазалау отрядтарымен, ал Оңтүстікте қазақтарды ығыстырған Қоқан хандығымен.
1841 жылдың тамыз айында Кенесары қоқандықтардың қол астындағы Созақ, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршап алуы көтерілісшілерді рухтандырды. Осы жылдың қыркүйек айындағы құрылтайда қазақ жүздері бірауыздан Кенесарыны хан сайлады.
7 жыл көтерілісшілермен нәтижесіз күрестен соң 1845 жылы Орынбордан Домов пен Берн өкілдігі келді. Көтерілісшілер отарланған жерлерді қайтаруды талап етті. Бірақ патша үкіметі келісім бермегендіктен, келіссөз нәтижесіз қалды.
1846 жылы Ырғыз және Торғай бекіністерінің салынуы көтерілісшілерді Ұлы жүз аймағына көшуге мәжбүрледі. Сол жаққа патша едәуір жазалау отрядтарын жіберді.
Асқын күштің қысымына шыдамаған Кенесары хан қырғыз жеріне еніп, патша үкіметі мен Қоқан хандығына бірлесіп күресуді ұсынды. Бірақ қолдау таппаған Кенесары 1847 жылы шайқаста жеңіліс тапты. 32 сұлтанмен бірге тұтқынға алынып, қаза табады. Кенесары ханның бастаған ұлт – азаттық қозғалысы осылайша аяқталады. Көтерілістің басылуынан кейін патша әскері Ұлы жүз жерін отарлайды. Қазақ мемлекетін құрған Кене хан халық мүддесін ойлайды. Хандықта салық жүйесі, әскери кеңес, билер соты құрылып, дипломатия дұрыс жолға қойылды. Кенесары құлдыққа, барымта мен ру аралық жанжалға тыйым салады. Әскери қатаң тәртіп болып, сатқындарға өлім жазасы кесіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |