Ііі нұсқа 1-билет


ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ



жүктеу 1,54 Mb.
бет16/67
Дата14.04.2023
өлшемі1,54 Mb.
#42164
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67
Қазақстан тарихынан билет жауаптарымен 3-нұсқа 11 сынып

ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
Оғыз тайпасының бастапқы мекендеген аумағы Жетісудың батысы болды. Түркештер мұрасы үшін болған қарлұқтар мен оғыз тайпаларының арасындағы күрес нәтижесінде Жетісуда билікке қарлұқтар келіп (756 жылы), оғыз тайпалары батысқа Сырдарияға қарай қоныс аударды. Бұл кезде Сырдарияның орта, төменгі ағыстары мен Арал теңізі аралығында араб деректеріндегі Сырдарияның Кангар атауымен аталған кангар тайпалары мекендеген еді. VIII ғасырда кангар атауының орнына жаңа печенег деген атау қалыптасты. VIII ғасырдың басында Сырдария алқабы печенег - кангар тайпаларының басшылығымен біріккен саяси конфедерацияға енді. Саяси орталығы Отырар қаласы болды. VIII ғасырдың 2- жартысында печенег- кангарлар Жетісудан ығысқан оғыз тайпаларымен кездесіп Сырдария алқабы үшін күрес басталды. Нәтижесінде, оғыз тайпалары печенег - кангарларды талқандап Сырдарияның орта, төменгі ағыстарын Арал өңірін тұтастай иеленді.
IX ғасырдың соңында оғыз шонжарлары Аралдың солтүстік өңіріндегі билікті өз қолдарына алып, Жайық, Еділ өзендерінің бойына қоныс тепті. Қаратау бөктері, Шу бойы, Балқаш маңы, Орал, Ырғыз, Ембі, Ойыл, өзендері тұтастай оғыздар мекеніне айналды. Бұл оқиғалар оғыздардың саяси топтасуына себепші болды. Араб деректерінің мәліметтеріне қарағанда, IX ғасырдың соңы - X ғасырдың басында оғыздарда мемлекет қалыптасты. Оғыз конфедерациясына кангар печенегтер, Арал, Каспийдің солтүстік төңірегінің тайпалары енді. Оғыздармен бірге Сырдарияға көшкен халаж, қарлұқ тайпалары, Шу мен Талас аңғарын мекендеуші жағр, шарұқ тайпалары да кірді. Шығыс Түрік тайпаларының кейбір топтары да болды. Олардың ішінде имек кимек тайпалары, байандұрлар, имурлер, кай тайпалары бар. Махмұд Қашғари «Диуани лұғат – ат түрікте» XI ғасырда оғыздарда 22 тайпа болды деп, олардың тізімін береді. Әл- Марвази 12 тайпадан тұрды деген пікірді ұстанады. Келесі бір дерек «Джами ат– Тауарих» оғыздар екі үлкен тайпалық топтан- бұзұқтар мен ұшұқтардан тұрғандығын мәлімдейді.
Оғыз мемлекеті кең байтақ аумақты алып жаттыБатыста Ырғыз, Жайық, Жем, Ойыл, Арал маңын, ШығыстаБалқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі жерлерді, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу өңірін мекендеді. ОңтүстіктеХорезм, Мәуереннахр, Хорасанмен шектесті. Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия қаласы болды.
Янгикент өте қолайлы жерде орналасқан қала еді. Қала Хорезм, Мәуереннахрмен шектесіп, Кимектер даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл, Нұра бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде орналасты.
Оғыз мемлекетінің билеушісі «жабғу» лауазымына ие болды. Жабғу билігі мұрагерлік жүйеге негізделді. Жабғу мұрагерлері «Инал» атағына ие болған. Жабғудың «Күл-еркін» лауазымына ие орынбасарлары және «Сюбашы» аталған әскер басшылары сарай өмірінде үлкен роль атқарды. Сонымен қатар, оғыз мемлекетінің бір ерекшелігі жабғудың әйелі – «хатун» билікке араласты.
Мүліктік теңсіздік малға жеке меншікке негізделді. Ибн Фадлан «бай оғыз он мың бас жылқысы бар оғыз»,- деп көрсетеді. Деректерде мұндай бай топтар бай, бек, әмірлер деп аталады. Кедей топ М.Қашғаридің «Диуани лұғат –ат түрікінде» ерлер деп аталған. Олар малға қарау, киім тігу, тамақ даярлау сияқты үй жұмыстарымен айналысқан. Махмұд Қашғари «Оғыз кедейлері ятуктер соғыстарға қатыстырылмаған», - деп жазады. Кедей ауырып қалған жағдайда, оларды құлдар сияқты қараусыз далада қалдырған. М. Қашғари оларды йоксул, джиған деп атайды.
Оғыздардың Хорезммен, Хорасанмен экономикалық байланыстары интенсивті,яғни қарқынды түрде жүріп, олардың малдары Хорасанда үлкен сұранысқа ие болды. Ірі сауда орталығы- Сырдарияның орта ағысындағы Сауран қаласы.. Хорасаннан оғыздар еліне лазуритке ұқсас малахит пен азурит әкелінген.
 КИмақ МЕМЛЕКЕТІ
VII ғасырдың басында Монғолияның солтүстік батысын мекендеген кимектер VII ғасырдың ортасына таман Алтайдың солтүстік аудандары мен Ертіс өңіріне көшеді. VIII ғасырдың екінші жартысы мен IX ғасырдың басында кимектер Қазақстан жеріне қоныс тебе бастады. 766-840 жылдары кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпаты аумағына қоныстанды. Ортағасырлық парсы тарихшысы Гардизи кимектер құрамында жеті тайпа болды деп көрсетеді. Олар эймур, байандур, татар, ланиқаз, ажларлар, имек, қыпшақ тайпалары. Кейбір деректерде кимектер атауы «қимақтар», «кемектер» деп те кездеседі.
Деректердің көрсетуінше, Кимек мемлекетінің құрылған мерзімі IX ғасырдың соңы. Қағанат Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Қағанаттық орталығы Имақия қаласы болды.
Мемлекет билеушісінің лауазымы «қаған» деп аталған. Билік атадан балаға мұрагерлікке қалдырылып отырған. Өкіметтің барлық билігі қаған қолында болды. Қағаннан кейінгі билік тайпалар бірлестігін басқарған «ябғулардың» қолында еді. Олардаң кейінгі жеке ру-тайпаларды «шад-түріктер» билеген.
Кимектер орталығы болған Ертіс өңірінде олардың 16 қаласы болыпты. Олардың ішінде Имақия, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур, т.б. бар.
Х ғасырдың екінші жартысында кимектер жеріне Қарахан мемлекеті шабуыл жасай бастайды. Деректер оларды Ертіске дейін жетті деп жазады. XI ғасырда бұл шабуылдар күшейе түсті. Осындай жорықтардың әсерінен Кимек мемлекеті де әлсірей бастайды. Екінші жағынан, ішкі билік үшін күрес те өрши түсті. Билік үшін күреске қыпшақ тайпалары да араласты.
Кимектерде мал шаруашылығы басым болды. Парсы тарихшысы Гардизи былай деп жазды: «шаруалар өз мырзаларының малын бақты... Қысқа арнап олар әрқайсысы өздерінің шама- шарқына қарай, қой, жылқы немесе сиыр етін сүрлеп алады». Сонымен қатар, кимектер қолөнер, балық аулау, егіншілікпен де айналысқан. Зираттардан табылған садақ жебелері кимектердің темір қорытудың шеберлері болғандығын көрсетеді.
Кимектер мен қыпшақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған.
Кимектер табиғаттың әртүрлі күштері мен құбылыстарын пір тұтқан, көкке, Тәңірге сиынған. Олар күнге, жұлдыздарға, аруақтарға да табынған. Ертіс өзенін қасиет тұтып, «өзен – адамның тәңірі» деген. Өлгендерді өртеп жерлеген. Оларға тас сымбат (мүсін) қойып, оған табыну салты кеңінен тараған.
X ғасырда Орталық Азиядан шыққан көшпелі тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Кимек мемлекетін әлсіретті. Сондықтан Кимек мемлекеті құрамындағы қыпшақ тайпалары өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария өзенінің бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына қарай қозғайды. Оғыз жерін басып алғаннан кейін, қыпшақтар кимек мемлекетінің орнын басты. Қыпшақтар мекендеген жерлерді «Дешті Қыпшақ», яғни «Қыпшақ даласы» деп атады.
Осы оқиғалардың барысында кимектер саяси үстемдігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен қатар, қыпшақтарға тәуелді болып шықты. Кимектердің бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Сөйтіп, қыпшақтар кимек мемлекетінің орнын басты.
Кимек атауы туралы «Қазақстан тарихының (Көне заманнан бүгінге дейін)» 5 томдық. 1том, 322-бетті қараңыз.


  1. жүктеу 1,54 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау