Ііі экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен шаралары



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет12/21
Дата30.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#18434
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

25 

2017 – 2019 жылдары ел өңірлерінде тармақталған өкілдіктер желісімен 

Ұлттық  туристік  офис  құруды  қоса  алғанда,  құқықтық  шаралар  мен 

институционалдық 

тетіктердің 

қолданыстағыларын 

бейімдеу 

және 


жаңаларын  құру  жүзеге  асырылатын  болады.  Туристік  кластерлер 

қалыптастырылатын  болады,    жеке,  оның  ішінде  шетелдік  инвестициялар 

есебінен  олардың  құрылысын бастамашылық  ете  отырып,  ұлттық  (ірі) және 

басқа (кіші) туристік жобалар әзірленетін болады.. 

Саланың  институционалдық  тиімділігін  арттыру  мақсатында  туризм 

саласын  экономика,  мәдениет,  спорт,  білім  беру,  азаматтарды  әлеуметтік 

қамсыздандыру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, табиғи және мәдени-тарихи 

ресурстарды  сақтау  салаларымен  интеграциялау  бойынша  жұмыс 

жүргізілетін болады. 

Зәкірлік  және  өңірлік  туристік  жобаларды,  оның  ішінде  тәуекел 

дәрежесі  төмен  және  қысқа  мерзімде  жекеменшік  инвестиция  есебінен  іске 

асыруға  болатын  жобаларды  дамыту  шеңберінде  туристік  инфрақұрылым 

объектілерін орналастырудың жаңа орындарын салу жоспарлануда. 

Кейінгі  жылдары  ішкі  және  шығу  туризмін  одан  әрі  дамыту 

жоспарлануда.  Еліміздің  туристік  әлеуетін  белсенді  жылжыту,  туризм 

инфрақұрылымын  дамытуды  жалғастыруды  және  адами  ресурстар  әлеуетін 

нығайтуды жалғастыру қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа туристік жобаларды 

дамыту  үшін  туристік  ұсыныстарды  әртараптандырумен  және  ШОБ 

кәсіпорындарын едәуір қолдаумен іс-шаралар іске асырылатын болады. 

Туризм  саласының  инвестициялық  тартымдылығын  арттыру  және 

саланы  дамыту  жағдайларын  қамтамасыз  ету  үшін  қазақстандық  туризмді 

әлемдік  туристік  нарыққа  ықпалдастыру  үшін  заманауи  тиімділігі    жоғары 

және бәсекеге қабілетті туристік кешендер құрылатын болады. 

Туристік 

саланың 

саясатын 

іске 

асыру 


туризмді 

дамыту 


көрсеткіштерінің  және  туристік  қызметтен  түсетін  кірістің  мынадай  өсімін

 

қамтамасыз етуі тиіс: 



– ішкі туризм бойынша келушілер санын 12 млн. адамға дейін ұлғайту 

және келу туризмі бойынша келушілер санын 5,5 млн. адамға дейін; 

– тұру  және  тамақтану  бойынша  көрсетілетін  қызметтер  көлемін 

875,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайту; 

– жолаушылар әуе көлігі қызметтер көлемін 380,0 млрд. теңгеге дейін 

ұлғайту; 

– 2023  жылы  төсек-тәулікті  ұсынуды  15  млн.  жатын  төсек-тәулікке 

дейін ұлғайту. 

Көрсетілетін  қызметтер  ұсынудың  деңгейін  жоғарылату,  визалық 

режимді жеңілдету және халықаралық туристік көрмелерге қатысу бойынша 

жұмыстар жалғасын табады. 

 

2.6 Сауданы дамыту 

Орта  мерзімді  кезеңде  ішкі  сауданың  дамуы  сауда  қызметін  реттеу 

мәселелері бойынша заңнаманы іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады. 

Стационарлық  сауда  объектілерінде  сауда  жасауға  кезең-кезеңмен 



26 

көшу  жүзеге  асырылады.  Стационарлық  сауда  объектілерінен  тұратын 

әмбебап  сауда  базарлары  2018  жылғы  1  қантардан  бастап  астананың, 

республикалық  маңызы  бар  қаланың  аумағында  және  2020  жылғы 

1 қаңтардан бастап облыстық маңызы бар қалалардың аумағында қолданысқа 

енгізіледі.  Өңірлерде  базарларды  стационарлық  форматқа  ауыстыруды 

жүзеге  асыру  бойынша  проблемалық  мәселелердің  салдарынан  қолданысқа 

енгізу  мерзімдері  тиісінше  2018  жылдан  2020  жылға  және  2020  жылдан 

2025 жылға қайта қаралуы мүмкін. 

Биржалық  сауда  саласында  2018  жылғы  1  қаңтардан  бастап  тауар 

биржалары жарғылық капиталының ең төмен мөлшері 300 мың айлық есептік 

көрсеткішке дейін жоғарылатылатын болады. 

Сондай-ақ  биржалық  сауданы  жетілдіру  және  ынталандыру 

мақсатында биржалық ұйымдармен бірлесіп заңнамалық актілерге

 

өзгерістер 



енгізу  бойынша

 

жұмыстар  жүргізу,  сонымен  бірге  2020  жылға  дейін  тауар 



биржаларын дамыту бойынша тұжырымдамалық тәсілдер әзірлеу көзделуде. 

 

2.7 Көлік инфрақұрылымын дамыту 

Саланы  дамытудың  негізгі  мақсаты  транскаспий  дәлізі  бойынша 

тасымалдау 

көлемін 

және 


2020 

жылға 


қарай 

транзиттік 

әуе 

жолаушыларының санын 1,6 млн. адамға дейін ұлғайту болады. 



 «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өсіп келе жатқан 

жүк  ағынын  көліктік  көрсетілетін  қызметтермен  қамтамасыз  ете  алатын, 

көлік инфрақұрылымын құру бойынша жұмыстар жалғасатын болады. 

Автомобиль  құрауышы  мен  Құрық  портында  паром  кешенін  салу 

бойынша жобаны іске асыруды ескере отырып, паромдық қуатты жыл сайын 

23,5 млн. тоннаға дуйін арттыру жоспарлануда. 

Шу-Алматы  учаскесінде  екінші  жолдар  құрылысын  аяқтау  транзиттік 

әлеуетті  арттыруды  және  ішкі  теміржол  бағдарларын  оңтайландыруды 

қамтамасыз етеді. 

Жаңа  Еуразиялық  логистикалық  инфрақұрылымды  дамыту  есебінен 

2020 жылға  қарай  жүктерді  транзиттік  тасымалдаудың  жылдық  көлемін 

2 миллион контейнерге дейін ұлғайту жоспарланған. 

Еліміздің көлік-логистика саласын дамыту мақсатында негізгі күш 

одан  әрі  мультимодальды  Еуразиялық  трансконтинентальдық  дәліздің 

қуатын  арттыруға  және  Ляньюньган  теңіз  портындағы  қазақстан-қытай 

терминалын  пайдалану  арқылы  Қытай-Еуропа-Қытай  бағыты  бойынша 

тасымалды ұлғайтуға бағытталады. 

 

2.8

 

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту 



Ақпараттық-коммуникациялық  инфрақұрылымда  «Ақпаратты 

Қазақстан  –  2020»  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру  бойынша  жұмыс 

жалғасатын  болады.  Неғұрлым  ашық,  қолжетімді  және  бәсекеге  қабілетті 

экономика  құру  үшін  экономиканың  негізін  қалаушы  салаларға  зияткерлік 

жүйелерді барынша енгізу көзделуде. 

Ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды 

жаппай 


енгізу 


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау