Ii оралмандармен єлеуметтік ж±мыс ж‰ргізу технологиялары мен оііын ќоѓамдыќ мањызы



жүктеу 1,15 Mb.
бет5/5
Дата31.01.2018
өлшемі1,15 Mb.
#8247
1   2   3   4   5

Объективті факторлар:

  • тілдік, мәдени интеграциялық проблема;

  • тұрғылықты үй табу, әлеуметтік бөтенсу сезімі;

  • азаматтықты алғанға дейін қызмет табу, азаматтық алу мәселесі
    (аралас некелер, босқындар және т.б.)

  • материалдық жағдайдың төмендеуі, көп балалы отбасы, білім алу
    мәселесі, жоғары білім.

  • тұрақты ақпарат базасының болмауы.
    Субъективті фактор:

  • өмір сүруші ортаның құндылықтары мен нормаларын қабылдау;

-қоғаммен байланысы және ымырашылдығы болып жатқан өзгерістерді
қабылдау;

-тіл біліктілігі (қарым-қатынасқа түсуде қазақ тілі мен орыс тіл білімінің болуы);

-мамандық алу мүмкіншілігі мен талабына сай орта білімі мен біліктілігінің қалыптасуы.



Білім алуды жеңілдету факторын ұстау, оралмандардың интеграциялануы мен бейімделу процесі ресурстардың біріне жатады.

Қазақстан Республикасы алдында оның бір азаматындай сезініп осы елге қарыз сезінсе, екінші жағынан елі мен мәдениетінің терең байланысын сезінеді. Бірақ, репатрианттардың бір бөлігі елінің алдында парыз сезімінен айырылған фактіні байқамауға болмайды. Бұл отанына қайта оралуға айтарлықтай құлқы жоқ жастар. Олар Қазақстан өмірінің болашағына енжар көңіл аударады.

Қазақстанның аймақтарында жүргізілген фокус топтық пікір-талас нәтижелерінің барысында келесі ұсыныстар ұсынылды:

Қазақстан Республикасында жетіліп, білім алған балалар репатриант- тар отбасынан шыққан немесе репатрианттар ретінд қарастырылмайды;

  • ҚР азаматтығын алғаннан кейін балалардың білім алуына кедергі
    келтірмеу және ҚР заңды базасын ұстанып, сапалы білім алуына
    мүмкіншілік туғызу, жан-жақты қолдау көрсету;

  • білім алуды жеңілдету принципін жүзеге асыруды мақсат ретінде
    қарап, оралман отбасы азаматтарына келесі пәндерден тұратын
    қосымша сабақ жүргізілуі тиіс (жергілікті немесе мемлекеттік
    бюджеттен төленілетін): «қазақ тілі», «орыс тілі», «қазақстан тарихы»;

  • оралмандар мен тұрғылықты халықтың арасындағы қарама-қайшы
    көзқарастарды жою үшін оралман отбасылар мен кедей және көп
    балалы тұрғылықты отбасыларына бірдей әлеуметтік бағдарламалар
    мен жеңілдіктер жүргізілуі тиіс;

ЖОО-на түсу кезінде квотаны көбейту, әлемде 35 пайыз қазақ тұрса, шетелдегі қазақ диаспорасына мемлекеттің 2 пайыз гранты азшылық етеді. ЖОО бітіру кезінде мамандық бойынша жұмыс жасауы үшін олармен келісімшартқа отыру. Менің ұсынысым:

1. Оралман жастарды ең бірінші Қазақстан тарихын жақсы тәсілдермен оқыту маңызды. Себебі халықаралық талаптар бойынша әр мемлекет өзінің отандық тарихын оқытады. Келген жастар қазақ тарихына жақсы білмей келеді. Біз оларға қазақ тарихтын оқыта отырып , отандық сезімді бойына сіңдіреміз.

2.Оралман студенттерге арналған орыс тілін тез үйрететін оқулықтар мен
оқу әдістемелік құралдарды дайындау керек. Және дайындық курста негізгі
сабақ орыс тілі болу керек. Ал дайындық курстан кейінгі төрт жылда
университет бойынша оралман студенттерге орыс тілін жалғасты түрде
тереңдетіп оқытатын орталық немесе клуб ашу қажет. Өйткені оралман
студенттер өзінің атамекені - Қазақстанға келгеннен кейін ең алдымен
қиналатыны орыс тілі. Олар егер орыс тілін меңгерсе оқулық мәселесі де,
әлеуметтік ортаға бейімделуі де өздігінен шешімін табады. Келген жастарды орыстық санада емес, орыс тілін үйреткеніміз абзал.

3.Оралман студенттерді әлеуметтік-көпшілік шараларға көбірек тарту
керек. Ол үшін оралман студенттер жергілікті студенттермен араластырып
жатақханаға орналастыру қажет. Олар бір жатақханада тұрса оралман
студенттердің тіл үйренуіне, әлеуметтік өзара қатыныстарға бірге қатысуға қолайлы болар еді. Сондай-ақ олар өзара араласу барысында бір-бірінің жақсы мәдени әдетін қабылдап, кемелдене түсер еді деп ойлаймын.


  1. Оралман студенттерге Қазақстанның әлеуметтік жағдайынан және
    құқықтық жүйесінен негізгі білімдік лекциялар керек. Мысалы, олардың жеке
    бастық құжаттарды дайындау және жұмыс істеу немесе шағын кәсіпорындар
    ашу үшін қандай құжаттар дайындау керек екендігін түсіндіру керек. Өйткені
    дайындық курстағылардың барлығы жоғары оқу орындарына қабылдана
    бермейді, қабылданса да бәрібір олар болашақта Қазақстанда өмір сүруі керек.
    Сондықтан оларға әлеуметтік ортаға бейімделудің тетіктерін үйретудің
    артықтығы жоқ. Сонымен қатар, оралман студенттерге патриоттық тәрбие беру,
    олардың жүрегіне қазақстанық мақтаныш сезімін ұялатумен қатар, олардың өз
    отаны - Қазақстанға үлес қосуға борышты екендігін терең сезіндіру керек.

5. Оралман студентер оқуын тәмандаған соң, мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру тетіктерін қарастыру керек.

Мемлекеттік тілді жақсы білітін мамандарды пайдалануда оралман жастарда ескерусіз қалдырмау дұрыс. Олар оқып бітірген кезде жұмыс орындарына орналасу қиыншылықтары бар.

Қазақстан Республикасынан ілім алып осы елге қызмет жасап жатқан бірқатар шығармашылық саласындағы индивиттерді айта кетсе, Монғолиядан; «Жас Қазақ» газетінің журналисі Еренғайып Қуатайұлы, «Хабар» агентігінің журналистері Нұрлан Окаұлы, Ардабек Солдатбайұлы, Айдос Жұқанұлы, «Қазақстан» арнасында Айбек Қобдабайұлы, «Астана» арнасында Ержан Әшейханұлы, «Түркістан» газетінде Есенгүл Кәпқызы, «Қазақ» родиосында Болатбек Баянханұлы, Қабдай Нұрлан, Ақсұңқар Ақынбабақызы, «Әдебиет айдыны» газетінде Әбдімәлі Өміржан, айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы т.б. мемлекеттік қызметтер атқарып жатыр. Тәуелсіздік алған соң елімізге шетелде тұратын қазақ ғалымдар да көшіп келді. Зардыхан Қинаятұлы МХР-ң премьер-министрінің орынбасары болған, Түріколог,ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы әлемде орхан-енесей жазуын оқитын 8 ғалымның бірі. Және Қарағанды Мемлекеттік университетінде 15-тей әр түрлі дәрежедегі оқытушылар қызмет жасауда. Ал,Қытайдан келген ғалымдар, Нәбижан Мұхаммед, Жақсылық Сәбитұлы, Дүкен Мәсімхан, Тұрыспен Зәкенұлы, Жәкен Шәди т.б. ғалымдар да баршылық. Биші Шұғыла Сапарғалиқызы, «тарлан» сыйлығының иегері Майра Мұхаммедқызы, Қазір Парижы қаласының орталық опера театрында өнер көрсетіп жүр. Түркиядан келген ғалым, дінтанушы, исламтанушы, дипломат Мұртаза Бұлұтай, ең алғаш қазақ тілінде Құран кәрімді тәжімалаған қазақ халқының бір туар ұлы Халифа Алтай, Шаки Морис, Бруслендермен бірге оқығын, шығыс жекпе-жегінің шебері Мұстафа Өзтүрік т.б. Қазақ мемлекетінің дамуына өз үлестерін қосуда. Елбасының «мәдени мұра» бағдарламасына шетелден келген қазақ ғалымдары да атсалысып жатыр.


ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан әлемде жер көлімінен 9-шы орында болса, ал халқы саны бойынша 79 орында тұр. Халықтың демографиялық санының аздығы мемлекет алдында тұрған өткір мәселенің біріне айналды. 1997 жылы мемлекеттік бағдарлама «Қазақстан 2030» атты стратегиялық даму бағдарламасы жасалып, 2015 жылы халық саны 20 миллионға 2030 жылы 25 миллионға жеткізуге мемлекет мақсат қойды. бағдарламаның негізі ұлттық миграция саясаты арқылы жүзеге асыру көзделген. Яғни шетелде тұратын қазақ диаспорасын тарихи отанға көшіріп әкелу ретінде бағдарлама нақты іске қосылмақ. Мәселенің басы отанымыз екі ұлы державаның геосаяси территорияға орналасуы немесе державаның демографиялық артықшылығы мемлекеттік саясатқа әсер етпей қоймайды. Сондықтан да еліміздің демографиялық мәселесін жылдам шешу маңызды.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуметінің артуы өзге де салалармен қоса Қазақстан шекарасынан тыс қалып қалған қазақтарды елімізге оралуымен байланыстырып отыр. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақстан өзге елдерде өмір сүріп жатқан этникалық қазақтарды елге қайтару саясатын ұстанды. Мұндай саясат экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістер жағдайында қажетті жұмыс күштерін тарту тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар жалпы ұлттық моларь мен этиканы сақтау және тарихи әділеттілікті қайта орнату қажеттілігімен де маңызды болды. Қазақтардың тарихи отанына оралту қазақ мәдениетінің сақталуынада, қазақ тілінің екінші демге ие болып, дами түсуінде көрінетін мемлекеттің ұлттық негіздерді сақтап қалуды көздейді.

Егемендіктің еркіндігі әлемдегі әр қазақты отанға қайтуға ерік берді. Тарихи отанға оралған қазақтар мәдени-әлеуметтік үзілген құндылықтарды қайта жаңғыртып, еліміздегі қазақтардың демографиялық ұлттық болмысына үлестерін қосуда. Көштің басталуынан бастап бүгінгі күнге дейін тарихи отанына оралған оралмандардың жалпы саны 667 мыңды құрайды. Оралмандардың әлеуметтік жағдайы, күнкөрісі, өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, білім алу, баспана, азаматтық алу, т.б мәселелері сын көтермейді.

Мемлекет тарапынан жасалатын әлеуметтік жеңілдіктердің механизмдері қарама-қайшылықтарға толы. Осындай әлеуметтік мәселелер оралмандар үшін өзекті мәселеге айланып тұр. Мәселен азаматтық алудағы кедергі, тұрақты тіркеуді талап етуі. Жаңа келген оралманда қандай тұрақты тіркеу болуы мүмкін? Және де квота алу мәселесі де нақты жолдарға қойылмаған. Жалпы көші-қон саясатын мемлекет қайта қарап, көші-қон саласындағы осындай кемшіліктерді жойып, қайтадан жаңа бағыттар жасауы керек. Және де оперативті әрі тиімді оралмандарға қызмет көрсетсе мұндай өзекті мәселе болмас еді.

Сонымен қатар Көші-қон комитетінінің статусын Көші-қон министрлігі ретінде статусын көтеру керек. Егер министрлік болған жағдайда көптеген шешімі табылмаған мәселелер шешілер еді.

Тарихи отанына келген қазақтардың әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени бейімделу, білім, тіл және т.б. салаларда қиыншылықтары көптеп кездеседі және біртіндеп шешіліп отырғанына қарамастан олардың өзекті мәселесі қоғамдағық проблемаларды күрделендіре түсуде.

Оралмандарды ортаға бейімдеу үрдісі әлі күнге дейін мемлекет тарапынан нақты шаралар жасалмай отыр. Келген оралмандардың 96 пайызы арнайы бейімдеу орталықтарысыз қоғамдық қатынастарға түсу арқылы бейімделуде. Оралмандарды бейімдеу және аймақтық қоныстандыру бағдарламасын жасау қажет етуде. Оралмандарды қоныстандыру жағдайы климаттық, тарихи шежіресіне байланысты орналастыру керек екендігі бүгінгі ахуал көрсетіп отыр.

Келген репатриаттарды жұмыспен қамтамас ету мен қатар білім беру мәселесі де шешімін таппай тұрған жағдай бар. Мәселен, әр түрлі альфабитті қолданған оралмандар еңбек нарығана қатыса алмай тыс қалуда. Қазақстан ішіндегі еңбек нарығында орыс тілінің басымдылығы да оралмандар үшін өзекті проблема болып тұрғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар қоғамдағы психологиялық ахуалда әсері бар екені анық.

Білім саласына келсек оралған қазақтарға Білім және ғылым министрлігі бөлетін 2 пайыз грант аздық етеді. Жалпы қазақтардың 35 пайыз шетелде тұрады. Осы келіп жатқан оралмандардың дені жастар, яғни білім алу мақсатында келіп елімізге тұрақты тұруды мақсат етеді. Оларға отандық негізде білім беру және Қазақстан тарихын жақсылып оқыту маңызды. Осы үрдістерді шешу күн тәртібінде тұр.

Жалпы қорыта келгенде жоғарғыдағы айтылған, оралмандардың қордаланған проблемасын рет ретімен шешуді қажет етеді. Сонымен қоса оралмандарды ғылыми тұрғыдан егжей-тегжей зерттеп, қоғам алдында нақты баға беруді керек етеді. Ойымды қорыта келе оралман жалпы қазақтың мәселесі сондықтан жүйелі түрде әлеуметтік саяси үрдістерін қадағалап, оны іске асыру тек қазақ мәселесі болып табылады.



СІЛТЕМЕЛЕР
1. Ақышов А., Жанайхан Б. Бүгінгі Қазақстандағы оралмандардың аймақтық әлеуметтік-демографиялық мәселелері // Алматы:Саясат журналы. № 9, 2006 .- 44 бет.

2. Қазақ диаспорасы; бүгіні мен ертеңі. Астана. Елорда, 2005.- 50 бет.

3. Жангутин Б.О. Из истории миграционных процессов в приграничных районах Казахстана и Синьцзяна в 1950-е гг// Алматы:Саясат журналы.№11, 2005 .-43 бет.

4. Сағат Зақанқызы, Бақыт Дөрбекханқызы. Ұлпақтар тоғысы. Астана. Елорда, 2001 ж.- 55 бет.

5. «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы. 1997ж

6. Қазақ Елі, №10-11, қазан, 2002 ж.

7. 2003-2006 ж «Республикалық бюджет туралы» Заңдар.

8. Иванова Л.М., Құрманбаева Ш.А., Мейіржанов С.Т. Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестер және саясат. Алматы. Қарсай, 2006ж.-57 бет.

9. Статистика агенттігінің, 1991-2005 ж Қазақстан халқының саны.

10. Тәтімов М., Әлиев Ж. Дербестігіміз-демографияда.-Алматы. Жеті жарғы, 1999ж.-123 бет.

11.www. Googole.kz

12. Әбдиев Ж.Оралмандардың мәселесі. Айқын газеті. № 136-137, 23мамыр, 2007ж.

13. Амангелді Айталы. Ұлттану.Алматы. Арыс, 2003 ж. - 9 бет.

14. Какимжанова М. Социокультурная среда и адаптация оралманов//Алматы: Саясат журналы.№8, 2006 .-43 бет.

15. Қазақ Елі газеті. 29 маусым 2004ж.

16. Мамашев Т., Балғабаев С. Әлем қазақтары Астанада бас қосты.Алматы. Дүниежүзілік қазақтар кауымдастығы, 2006ж. -127 бет

17. Көші-қон және демография комитетінің мәліметтері. 2006ж.

18.www.edi gov. Білім және ғылым министрлігінің реси сайты.

19. Зардыхан Қинаятұлы. Оралмандар олардың азаматтық құқығын қамтамасыз етудің бүгінгі жай-күйі//Егемен Қазақстан газеті, 28 қыркүйек, 2005 ж.

20. «Оралмандар: сапалы білімге қол жеткізу мүмкіндіктері» - Білім-Орталық Азия білім беру орталығының зерттеулері. 2005ж


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Назарбаев Н. Тарих толқынында.-Алматы. Атамұра, 1999ж.

  2. Зардыхан Қинаятұлы. Жылаған жылдар шежіресі.-Алматы. Мерей, 1995ж.

  3. Амангелді Айталы. Ұлттану. Алматы. Арыс, 2003ж.

  4. Жинақты құрастырушылары: Парламент депудартары. Кеш-керуен.- Алматы. Парламент Үйі, 1997ж

  5. Жинақты құрастырушылары: Қасымбеков М., Найманбаев Қ., Ел мен Елбасы. Алматы. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы, 2003ж.

  6. Жинақты құрастырушылары: Мамашев Т., Балғабаев С. Әлем қазақтары Астанада бас қосты. Алматы. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы, 2006 ж

  7. Мауқараұлы Абай. О қазақ пен бұ қазақ. Алматы. Алматы болашақ, 2002ж.

  8. «Қазақстандағы көші-қон үрдісі: кеше, бүгін, ертең» атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10жылдығына және оралмандардың-репатриаттардың тарихи отандарына оралуына арналған ғылыми-теориялық конференцияның құжаттары. Павлодар.2001ж.

  9. Көшербаев Қ.Е., Құттыбаева Р.С. Қазақстандағы этносаралық қатынастар мәселелері. Алматы.Қазақстанның даму институты,1996ж.

  10. Социологиялық сөздік. Алматы. Қазақ университеті, 2003ж.

11. Тәтімов М., Әлиев Ж.. Дербестігіміз-Демографияда.Алматы. Жеті

жарғы, 1999ж. 123 бет.



  1. «Қазақстан 2030» стратегиясы.Алматы. 1998ж.

  2. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Президенттің жолдауы, 2007ж.


ҚР Заңдары


  1. ҚР «Халықтық көші-қон туралы» Заңы, 13 желтоқсан 1997 жылы (2001,2002, 2007жылғы толықтырулар мен өзгертулер)

  2. «2006 жылғы республикалық бюджет туралы» ҚР Заңы, 22 қаңтар 2005ж.

  3. ҚР «Азаматтық туралы» Заңы


Президент Жарлықтары


  1. «2005-2007 жылдарға арналған оралмандардың көші-қон квотасы» туралы ҚР Президентінің Жарлығы, 27 желтоқсан 2004 ж.

  2. «2004 жылдарға арналған оралмандардың көші-қон квотасы» туралы ҚР Президентінің Жарлығы, 31 қараша 2004 ж.


Мерзімді басылымдар


  1. Еренғайып Қуатайұлы. Көштен қалған көш. Жас Қазақ газеті, №7 23 ақпан 2007ж.

  2. Ғалым Сүнетов. Қазақстандағы көші-қон саясаты. Қазақстан газеті, №7 19 ақпан, 2004ж.

  3. Найманбаев Қалдарбек. Болашақ және шетелдегі бауырлар. Қазақ Елі газеті, 26 маусым 2004 ж.

  4. Сейтбатталов Бағдат. Үш қақазтың бірі жат жұртта жүр.Егемен Қазақстан газеті, 26 сәуір 2000ж.

  5. Балғабаев Сұлтанәлі. Қазақ диаспорасы құрылтайд ғана керек пе?. Қазақ әдебиеті газеті , №46 29 желтоқсан 2001ж.

  6. Есенгүл Кәпқызы. Атамекеніне көшкісі келетіндер көп. Түркістан газеті, 29 желтоқсан 2001ж.

  7. Бақытбек Бәмішұлы. Қазақ диаспорасының кейбір өзекті мәселелері туралы. Шалқар газеті, 10 қаңтар 2004ж.

  8. Бақытбек Бәмішұлы. 3,5 миллион қазақ қашанкөшіп келеді. Қазақ Елі газеті, 10 сәуір 2003ж.

  9. Балғабаев Сұлтанәлі. Атажұртта оқып жүр талай қазақ баласы. Қазақ Елі газеті, №2 12 ақпан, 2002ж.

  10. Дағжан Белдеубайұлы. Шетелдегі қазақты оқыту жыры. Ана тілі газеті, №40 30 қыркүйек 2004ж.

  11. Гүлзат Нұрмадақызы. Алтыншаш апам қайда жүр, мың бес жүз бала қайда жүр?!. Жас Алаш газеті, №5, 11 қаңтар, 2003ж.

  12. Есенгүл Кәпқызы. Квота қаржының жетімсіздігінің ғана орындалмайды, осыған сенесіз бе? . Түркістан газеті, 27 қаңтар 2003ж.

  13. Жағанова Алтыншаш. Көш келеді, ол ұлы көш. Қазақ Елі, №10 қазан 2002.

  14. Назарбаев Нұрсұлтан. Ел көшін бастау-маған сын,мені қостау- елге сын. Қазақ Елі, №10 қазан 2002.


Интернет желістері
1.www.zakon.kz

2.www.enbek.kz (ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі)

3.www.inform.kz (Қазинформ ұлттық ақпараттық агентігі)

4.www.Kazakh.ru `(ұлттық сайт)

5.www. Google.

6.www. ebu gov.kz (Білім және ғылым министрлігі)

7.kazaktar.kz (Дүниежүзілік қазақтар кауымдастығы)

8. akorda.kz (Президеттік сайт)



9.azattyg.org (Азаттық радиосы)
жүктеу 1,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау