РЕФЕРАТ дайындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Мақсаты: Зерттелетін проблема бойынша терең білім алу, студенттердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.
Реферат құрылымы:
Алғашқы парақ
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Алғашқы парақта студент туралы мәлімет (курсы, мамандығы, тобы), тақырыбы т.б. мәліметтер болады. Мазмұнды студент өзінің зерттеу мәселесіне қарай дайындайды. Кіріспе бөлімде мәселенің өзектілігі, зерттеу мақсаты, міндеттері, зерттелу дәрежесі, зерттеу пәні мен нысанасы жазылады. Неігзгі бөлім бір немесе одан да көп бөлімдерден құралып жасалады. Әдебиет: әдебиет өзбетінше таңдалады. Қолданылған әдебиеттер тізімін рефератта қолдану ретіне байланысты тізімдеп, талаптарға сәйкес жазылады.
Әдебиеттер тізімін жасаудың үлгісі
1. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую деятельность: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений.-М.: Педагогическое общество России, 2002.-208с.
2. Щадрин Н.К вопросу о функционльных ценности в жизнедеятельности личности и воспитании // Ұлт тағлымы.- 2004.-№ 4
Көркемдеу ережелері:
Реферат мәтіні стандартты ақ қағаздың (А4 форматы) бір жақ бетіне компьютерде басылуы тиіс. Шрифт - 14 кегль, Негізгі бет өлшемдерін сақтау қажет (сол жағы -3 см., оң жағы – 1 см., асты, үсті – 2 см.).
АҚПАРАТПЕН ЖҰМЫС
Бүгінгі ақпараттандыру заманында, үлкен ақпарат ағымы болғандықтан, ақпаратты өңдеу тәсілдерін меңгеру, менеджерлер үшін де, барлық адамдар үшін де өте маңызды.
Рационалды оқу тәсілдерін меңгеру, ақпаратты өңдеуге жіберілетін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Рационалды оқу тәсілдері оқу үрдісінің барысына орай топтастырылады: «оқуға дейін», «оқу кезінде», «оқығаннан кейін».
«Оқуға дейінгі» әдістердің мақсаты, мәтіннің маңызды бөліктерін анықтау. Бұл оқуға қажетті мәтіннің бөліктерін іріктеуді қарастырады.
Оқу рационалды болу үшін өзіңізге келесі сауалдар қою керек: Мен нені оқуым керек? Мен нені оқығым келеді? Нені кейінірек оқуға болады? Маған нені оқу қажет емес?
Бар материалды оқудан бұрын іріктеп алу керек. Одан кейін оларды үлкен блоктарға біріктіріп, оқуға болады.
«Оқу кезіндегі» келесі әдістер бар:
Бағдарлаушы оқу (Ориентирующее чтение) (мәтіннің мазмұнымен танысу, оны талқылаудың қажеттілігін анықтау);
Танысушы оқу (Изучающее чтение) (мәтіннің ең маңызды бөліктерін анықтау);
Жалпылаушы оқу (мазмұнын жалпылау және оқылған материалға сыни баға беру).
Ақпаратты оқу үрдісін келесі амал-тәсілдерді қолдану арқылы тездетуге болады:
А) жаман қылықтардан (әріптеп немесе буындап оқу, іштен айту, оқылған жерлерге қайта оралу және т.б.) және назарды жинақтауға бөгет жасаушылардан (дұрыс жарықтың болмауы, шу және т.б. сыртқы факторлар) арылу арқылы;
Б) ақпаратты оқу әдістемесін жетілдіру.
Қазіргі уақытта «диагональ бойынша» оқу кең таралған. Бірақ бұл әдісті қолдану кезінде мәтіннің белгілі бір бөлігі ғана қабылданады, өйткені маңызды бөлігі назардан тыс қалуы мүмкін. Ең тиімдісі - бұл слалом техникасы. Оны қолдану кезінде, басты назар негізгі кілт сөздеріне аударылады.
«Оқығаннан кейінгі» әдістердің мақсаты маңызды мәтіндерді талдап, талқылау. Материалды жақсы меңгеру үшін және екінші қайтара оқуды жеңілдету үшін мәтіннің маңызды жерлері ерекше белгіленіп, қажетті жағдайда мәтіннен керек бөліктері жазылып алынады. Баяндамаларды, мақалаларды даярлауда қажет болуы мүмкін идеялар мен ойларды жазып алу өте пайдалы. Ескеретін негізгі қағида – ең маңыздыны ғана және қысқаша түрде ғана жазып алу. Бұл кезде оның үш негізгі тәсілдерін ажыратады:
Сөзбе-сөз жазып алу;
«Мағынасы бойынша» жазып алу, бұл жерде автордың ойын өз сөзімен жазып алады;
Конспектілік жазып алу, яғни мәтіннің маңызды ойлары, идеялары, бөлімдері жазылып алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |