Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова Қ.Қ. Педагогикалық практикум



жүктеу 0,97 Mb.
бет25/62
Дата16.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#42615
түріПрактикум
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова . . Педагогикалы

ТАҚЫРЫП. ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ


Мақсаты – оқыту әдістерінің мәні мен оларды мектептегі оқыту үрдісін ұйымдастыруда қолдану ерекшеліктерімен таныстыру
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Оқыту процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқыту әдістеріне тәуелді. Әдіс гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. «Метод» деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Оқу әдістері – тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына, мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу әдістері де өзгеріске келеді. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде өскелең әулетке тәжірибе жеткізу ересектер мен балалардың бірлікті іс-әркеттік процесінде орындалды. Бұл дәуірлердегі басты оқыту әдісі еліктіру, еліктеу жолымен іске асты. Негізгі оқытуды өзгертпей, қайта жасау (репродуктивті), (“мендей етіп істе”) әдісі алынды. Кейінгі замандардағы барша әдістер осы қайталай жасауәдісінен өз бастауларын алды.


СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Өту формасы: практикум
1.Оқытудың «әдісі», «тәсілі» туралы түсінік
2.Оқыту әдістерін жіктеу
3.Оқыту әдістеріне сипаттама
4.Оқыту әдістерін таңдау критерийлері
Семинар сабағына әдістемелік нұсқау:
Оқыту әдістерінің жіктелуін қарастыру барысында міндетті түрде барлық белгілер бойынша (таным көздері, таным әрекетінің сипаты және т.б.) түгел жіктеулерді қамту керек. Сонымен бірге, әдістерге сипаттама беру кезінде олардың атқаратын міндеттеріне ерекше назар аудару керек.


Әдебиет: : 1-9, 11, 15,17, 21,29,30


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ


Тапсырма: Оқыту әдістері бойынша сызба жасау
Мақсаты – оқыту әдістерін практикада қолдану ерекшелік-терін меңгерту.
Мазмұны - әрбір оқыту әдісінің мәні мен қолдану ерекшеліктерін көрсету.

Кестені толтырыңыз:





Әдіс атауы

Әдіс сипаттамасы

Ұтымды жақтары мен кемшіліктері

1.

Сөздік әдістер









































2.

Көрнекілік әдістер









































3.

Тәжірибелік әдістер









































5. Кестені толтырыңыз: 





Термин

Анықтамасы

Автор

1.

Оқыту әдісі















Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау:
Оқыту әдістеріне сипаттама беру кезінде олардың барлық белгілері бойынша жіктеулерін (таным көздері бойынша, таным әрекетінің сипаты бойынша және т.б.) қамту қажет. Сонымен бірге, оқыту әдістеріне сипаттама беру кезінде әрбір әдістің міндеттерін көрсету маңызды.


Әдебиет: 1-11


ТАҚЫРЫП. ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ.


Мақсаты – Оқыту процесін ұйымдастырудың маңызды механизмдері ретіндегі оқытуды ұйымдастыру формаларының мәні мен міндеттерін ашып көрсету.
Оқытуды ұйымдастыру формалары түсінігінің мәні. Оқытуды ұйымдастыру формаларының даму тарихы. Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытуды ұйымдастыру формалары қоғамдық талаптар мен қажеттіліктерге сәйкес өзгеріп, дамып отырды. Оқытуды ұйымдастыру формаларының даму тарихында оның үш түрі қалыптасқан: жеке - дара, топтық, сынып сабақтық жүйе.
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде. Сабақ түрлері мен құрылымы. Сабаққа қойылатын талаптар. Оқтуды ұйымдастырудың қосымша формалары.


СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
Өту формасы: практикум
1. Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік.
2.Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
3.Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары, оларға сипаттама
4.Оқушылардың ұжымдық, топтық және жеке жұмыстары
5.Мұғалімнің сабаққа даярлануы
Семинар сабағына әдістемелік нұсқау:
3-ші сұрақтағы оқытудың басқаша формаларына үй жұмысы, өздік жұмыс, факультатив және т.б. жатады.
5-ші сұраққа дайындалу кезінде мұғ,алімнің күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспарларының құрылымы мен оларды дайындау әдістемесіне аса назар аудару керек.


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ


Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру және оқытуды ұйымдастыру формалары бойынша сызба жасау
Мақсаты – оқытуды ұйымдастыру формаларын практикада қолдану ерекшеліктерін меңгерту.
Мазмұны - әрбір оқыту формалары-ның мәні мен қолдану ерекшелік терін көрсету.
1. Оқытуды ұйымдастырудың басқа жүйелеріне қарағанда сынып-сабақтық жүйенің қандай артықшылықтары бар ?
2. Сабақтың құрылымы неге байланысты анықталады? Мысал келтіріңіз.
3. Қазіргі сабаққа қандай талаптар қойылады?
4. Аралас сабақтың құрылымын сипаттаңыз.


Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау:
Оқытуды ұйымдастыру формалары бойынша сызба жасау кезінде оқытуды ұйымдастыру формаларының жіктелуін қамту керек және оқытуды ұйымдастыру формаларына қысқаша сипаттама беру керек. Бұл сипаттамада аталған форманың мақсат-міндеттері көрініс табу керек.


Әдебиет: : 1-9, 11, 15,17, 21,29,30



жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау