Ибадулла таутенов,Ы



жүктеу 3,35 Mb.
бет16/17
Дата17.11.2017
өлшемі3,35 Mb.
#895
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Дастан СӘТБАЙ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы.

ТАРИХ АДАМЗАТТЫ БІРІКТІРУГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ТИІС

Маған үстіміздегі жылдың 5 маусымында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин төрағалық еткен Қазақстанның ұлттық тарихын зерделеудің ведомствоаралық жұмысшы тобының кеңейтілген мәжілісіне қатысудың сәті түсті. Шынын айту қажет, мемлекеттік деңгейдегі мұндай алқалы жиынды Қазақстан тарихшылары көптен күткен еді. Өйткені, егемендік алғалы бергі жиырма жылдың көлемінде тарихшылар тарапынан орасан зор жұмыстар атқарылғанына қарамастан қордаланған және шешімін таппаған мәселелер азаяр емес.

Ең бірінші кезектегі міндеттердің бірі – «Қазақстан тарихының» үзік-үзік (пунктирлі) сипатын жеңу. Мемлекеттік хатшы атап көрсеткеніндей, тарих ғылымына атүсті қарауға болмайды. Айталық, еркін дейтін Батыс елдері тарих ғылымының өзінде соңғы ғасырларда екі дүркін әдістемелік төңкерісті бастан кешірді. Ал біздің тарих ғылымы тәуелсіздік жылдарының өн бойында әлі де болса көнерген қалыптан шықпаушылықтың жетегінде жүр. Көпэтносты әрі көпконфессиялы қоғам жағдайында отандық тарих қалай ұғынылуы қажет? Қандай іргетасты шешімі табылуға тиісті мәселелер бар? Оларды жеңудің жолдары қандай?

Мемлекеттік хатшы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Отандық тарихтың негізгі мәселелерін санамалап берді. Деректемелік, тарихнамалық мәселелерден бастап оқулықтардың сапасын жақсарту, болашақ тарихшы мамандар даярлау, жоғары оқу орындарында тарих пәніне берілетін сағаттың жүктеме көлеміне дейінгі мәселелер қамтылды. Маман ретіндегі байқағаным, Мемлекеттік хатшы қазіргі Отандық тарих ғылымында қалыптасқан оң ілгерілеу­шіліктермен қатар, кейбір іркілістерден мазасызданатындай. Айталық, іргетасты мәселелерді шешуге барлық тарихшылардың әлеуетін біріктіру мәселесі... Соңғы жиырма жылда Отандық тарих ғылымында беделді тарихшылардың маңайында тарихи мектептер де қалыптасты. Осындай жағдайларда кейбір жекебастық, пендешілік қатынастарды тарих ғылымына таңу көріністері де байқалмай қалған жоқ. Мұндай үрдіс жалпылама алғанда, бұрынғы Кеңес республикалары тарих ғылымындағы әмбебап құбылыс болды.

Жас мемлекеттер тарихшылары неден жаңылды? Бұрынғы саясаттанған кеңестік тарих ғылымын әділ сынай отырып, олар өз республикаларының тарихын «патриоттандыру» жолына түсірді. Яғни, бір қиястықтан екінші қиястыққа ұрынғанын олар түсінген жоқ. Осылайша Украина, Балтық жағалауы республикалары, Закавказье елдері және т.б. тарихшылары өткен ғасырлардағы өз халқының басынан кешкен қасіреттерін патшалық және кеңестік жаңаотаршылдық билік өкілдерінен көрмей, орыс халқынан көруге бейімделді. Бүгінгі күннің көңіл-күйін өткенге таңу арқылы ғылыми және саяси бедел жинау басталды. Мұндай эмоцио­налдық жағдайда тарихи шындықтың ауылы алыс екені бесенеден белгілі.

Барлық тарихи қасіреттерді тудыратын әлеуметтік-саяси реваншизм жолы. Басқа басқа, тарихшы ғалымдардың тарихты «реваншизм» құралына айналдыруы өкінішті құбылыс.

Қазақстан ғана емес, әлемдік ресми тарих ғылымының дәстүрлері де олқылықтардан кенде емес. Негізгі кемшілік – тарихи деректерге деген сыни көзқарастың жеткіліксіздігі. Деректерге көзсіз сенер болсақ, осы күнгі халықтардың ата-бабалары өткен ғасырлар бойы бір-бірімен үнемі соғыс жағдайында болған... Осыны тарихи шындық ретінде қабылдауға бола ма? Әрине, болмайды. Бүгінгі халықтардың ата-бабалары өткенде тек соғыс жағдайында болған жоқ, олардың бейбіт шаруашылық, мәдени, сауда байланыстарын жасап, тату өмір сүрген уақыттары да көп болды. Бірақ олардың барлығы тарихи деректерде көрініс таппаған. Сондықтан, бүгінгі күнге дейінгі тарих ғылымы «соғыс концепциясы» тұрғысынан жазылды. Тарихшылардың келесі буынының міндеті тарихқа деген «бейбітшілік концепциясына» қызмет ету (О.Сүлейменов).

М.Тәжин назар аударған тағы бір мәселе тарихи еңбектер жазудағы графомания - жазғыштықпен әсіре желігу, көзбояушылық болды. Бұл сын пікірді де негізсіз деп айта алмаймыз. Себебі, тәуелсіздік жылдары Қазақстанның тарих ғылымы ғана емес, барлық ғылым билік пен қалталылардың, пысықайлардың «жоғарыдан» және «төменнен» күшті қысымына ұшырады. Нәтижесінде тарих ғылымы бойынша 200-ге жуық ғылым докторы, 1000-ға жуық ғылым кандидаттары даярланды. Салыстырар болсақ, Өзбекстанда бұл мерзімде тарих ғылымынан 36 ғылым докторы атанды. Біз көрші елдің көрсеткішін қолдап отырғанымыз жоқ, керісінше бұл тым аз деп есептейміз. Еліміздегі ғылыми дәреже алғандардың барлығын кінәлаудан да аулақпыз. Лайықты диссертациялар жеткілікті. Алайда, мемлекеттік хатшы айтып отырған «әсіре жазғыштықты», көзбояушылықты тудырған кездейсоқ ғылыми шенге ие болғандар еді. Ғылыми атақ алғаннан кейін оны қалайда «ақтау» керек. Ол үшін қызметіңді, лауазымыңды пайдаланып, қыбын тауып «жаза» берсең болғаны. Ақшасын төле де шығара бер. Оны ешкімнің оқымайтындығы авторға да мәлім. Тағы бір қосарымыз, тарих ғылымы ғалымдарға тәуелді болып, мемлекеттік хатшы айтқан «әсіре жазғыштық – құбыжықты» дүниеге келтірді. Нақ қазіргі таңдағы ең өткір мәселе ғылыми мақалалар мен еңбектер жазудағы көзбояушылықты болдырмау болып қала бермек.

Түйіндей келгенде уақытылы болған тарихшылар форумында пікіралыс болды. Онда айтылған келелі пікірлер мен ұсыныстар тарихшы ғалымдар есінде сақталып қана қоймай, жүзеге асатынына сенім мол.

//Сыр бойы.-2013.-18 маусым.- 2 б.



Қазыбай ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің профессоры

Сыр елін ұлықтаған Елбасы

Жаны жарқын, көңілі көңілі дархан Сыр елі Елбасымыздың назарынан тыс қалған емес. Тарихымыздың талай қатпарларын қойына басып жатқан Сырдария сырлары кімді болса да елең еткізетіні белгілі. Содан болар бәлкім, «Алаштың анасы» деп бағалаған Елбасымыздың ат басын Сырға бұруы жігерімізді жанып, бәрімізді жаңа белестерге жетелейді.

Осы елдің байырғы тұрғыны ретінде мен бірнеше рет ұлт көшбасшысы - Н.Назарбаевпен кездесу сәтіне ие болғанымды мақтанышпен еске аламын. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтында партия ұйымын басқардым. Алматыда бастауыш партия ұйымдар хатшыларының республикалық семинарына катыстым.

Біздің облыстан барған делегациясының атынан целлюлоза-картон комбинатының партия ұйымы хатшысы Берік Тойжанов сөйледі. Семинар жұмысын басынан аяғына дейін республикалық орталық партия ұйымының 1-ші хатшысы Н.Назарбаев басқарып, жүргізіп отырды. Үзіліс кезінде біздің облыстан семинарға қатысқан азаматтарға өзі келіп, елдің жағдайын, халықтың көңіл-күйін сұрастырды. Әліміз келгенше жауап беріп жаттық. Ол кезде бізде ешқандай ой болған жоқ. Ал қазіргі уақыт деңгейінен қарасақ, Н.Назарбаевтың қызылордалықтарға ерекше мән беруінің мынадай себептері болған сыңайлы. Біріншіден, Қызылорда облысы республикадан қазақтардың ең көп қоныстанған жері. Сондықтан қоғамда болатын тарихи өзгерістерге ұлттық тұрғыдан бет түзейтін, алдыңғы сапта болатын, ұйысқан географиялық орта ретінде қабылданады. Екіншіден, Кеңес Одағының тарайтын уақытын елден бұрын сезінгендіктен болар. Халықтың жалпы көңіл күйіне, саяси тұрақтылығына ерекше мән бергені де кездейсоқтық емес. Иә, көп ұзамай Одақ тарап,тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл менің Елбасымен бірініші кездесуім.

1991 жылы Алматыда Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ант қабылдап, ел билігін қолына алу рәсіміне қатыстым. Біздің облыстан 20-дан аса әртүрлі сала қызметкері болды. Есімде қалғаны сол кездегі облыстың орыс газетінің редакторы Евгений Харитонович Хан, облыс мешітінің бас имамы Ыдырыс Ақмырзаев, Тасбөгеттен Жұмаділдаева қарындасымыз т.б. қызылордалықтар бұл тарихи шараға бір күн ерте барып, Республика Сарайы жанындағы 27 қабатта қонақ үйге орналастық. Ертеңіне сағат үште ант қабылдау рәсімі басталды. Іс-шараны Серікболсын Әбілдин жүргізіп отырды. Н.Назарбаев ҚР Ата Заңына қолын қойып, антын бере бастағанда, арт жақта тұрған сахнаға ілінген республика туы құлап бара жатты. Көзге ілінбейтін шапшаңдықпен туды жерге жеткізбей, Н.Назарбаев ұстап қалды. Мен Алматы облысынан келген делегация мүшелерімен отырғанмын. Бұл оқыс оқиғаға әркім әртүрлі пікірлер айтып жатты.

Айналып келгенде, еліміздің туының Н.Назарбаев сынды тарихи тұлға тапсырылғанына, алдағы тұрған қиындықтардан елді алып шығатынына толық сенетінімізге еш күмән болған жоқ. Уакыт көрсеткендей еліміз көптеген киындықтардан аман өтіп, барлык жағынан алғанда әлем картасынан өзінің тарихи орнын ойып алды. Бұл менің Елбасын екінші рет көруім. Қай жылы екені есімде жок. Облыс әкімі — Серікбай Нұрғисаев болатын. Әкімнің орынбасары — Нұрлан Ерімбетов идеология саласын басқаратын. Жаз айы Елбасының кезекті сапарын Сыр елі асыға күтуде. Тереңөзек ауданына барып, қай- тарда Әйтек каналына салынған гидро кұрылыска соғады екеи. Біздерді сол жерге жинады. Президент келісімен іс-шараның басталуына дейін маған сөйлейсіз деген тапсырма берілді. Не айтатынымды іштей қайталап, дайындалудамын. Сағат үштер шамасында Елбасымыз да келді. Аралдан келген бір үлкен кісі менің алдымды орап кетті. Нұрлан Ерімбетов «сөйлей бер» деп жанымды алып барады. Мен де «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы...»-деп бастай бергенімде, «трибунаға шығып айтыңыз, ел естісін» деді – Елбасымыз. Трибунаға шығып ойымды айтып шықтым-ау. Әрі қарай гидроқұрылыс жайлы сол кездегі су ресурстары комитетін басқарған Н.Юзбуев жалғастырды. Бұл менің Елбасымен үшінші кездесуім.

Соңғы сапарында Президентіміз қазіргі Ә.Тәжібаев кітапханасын ашу рәсіміне қатысты. Мұрат Мұхамедов -әкімнің орынбасары шақырып, «Ел басы алдында сөйлейсіз» деп тапсырма берді. Сағат күндізгі ондар шамасында облыс әкімі Б.Қуандыков, М.Мүхамедов т.б ел Президентін кітапханаға ертіп келді. М.Мұхамедов Елбасын арнайы жасалынған стендтермен таныстырды. А.Алматовтың жетекшілігімен баспадан шыкхан Т. Ізтілеуовтың өз колымен жазған «Шахнаманың» аудармасын Түрмағанбетовтың немересі Елбасына сыйлады. Бір кезде «ал, не айтасындар?» деп бізге бұрылған Елбасына дайындап қойған ойымды ағытуға мүмкіндік гуды.

Менен кейін Елена Рыбина қазақша сөйлеп, кұттыктады. «Қазақшаны жаксы меңгерген екенсін, кайда оқисың, айналайын?» деп Еленаны бір көтеріп тастады. Бәріміздің ойымызда бірге есксрткішке суретке түсу болатын. Соны білгендей өзі- «Ал кане бір суретке түсіп жіберейік» деп курткасын шешті де, ортамызға түра салды. Суретке түсер алдында фотографтарға «бәрін түгел алатын болындар» деп есксртті. Н.Назарбаевтың карапайымдылығына, ыждағатшылығына, кішіпейілділігіне таң калысып, риза болып, сәт- сапар тілеп, шын жүректен кол бүлғап кала бердік. Бүл менің Елбасымен төртінші кездесуім.

Осы жаркын жүздесулер жүрегімде терең із калдырып, келер күндеріме сәулелі шуағын шашып жүргеніне өзімді бақытты сезінемін. Қыран қанатты Қазакстанның болашағы біздің үлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың есімімен ғасырдан- ғасырға жасай берстіні сөзсіз.

//Ақмешіт апталығы.-2013.- 20 маусым.-1 б.



Біздің сауалнама:

  1. Алда—ауыл әкімдерінің сайлауы. Бұл сайлаудың басқалардан ерекшелігі не болмақ?

  2. Әкімдерді мәслшхат арқылы сайлау демократияның көрінісі деуге келе ме?

  3. Бұл сайлау ауыл халқына не береді?]


Жаксыбек ЕГІЗБАЕВ. республикалық « Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалынын төрағасы:

«Халық әкімге емес, әкім халыққа тәуелді болуы керек»

1. Әкімдер сайланбалы түрде додаға түссе, жариялылық болады. Бірақ мәслихат депутаттары дауыс берер алдында әрбір үміткерді барлық қырынан таңдап, талғағаны дұрыс. Болашақ әкім кандай болуы керек? Оның коммуникабельдік, іскерлік, ұйымдастырушылық қабілеті, ішкі-сыртқы (рухани) мәдениеті, интеллектісі, жаңашылдығы, эрудициясы жоғары деңгейде болуы қажет. Сыртгай оқып, үш-төрт дипломды калтаға басқанының ешкімге де керегі жоқ. Кейде кейбіреулер басшылық қызметке тағайындалса, қанша институт тауысқанын алға тарта береді. Бұл, меніңше, дұрыс емес. Дипломнын саны оның жаксы азамат немесе білікті басшы екеніне жауап бере алмайды. Менмен, өркөкірек, жұмсақ креслосының буына мәз болып жүрген, халықтың қамына да, жанына да, мұңына да басы ауырмайтын әкім ұзаққа бармайды. Ал депутат өз кезегінде таңдау барысында өте мұқият болуы керек. Біреудің бүйрегінің бұруымен лайықсыз әкім сайланса, онда бәз-баяғы таз калпымызға түсетініміз жасырын емес.

2. Негізі әкімдерді болашақта халықтың сайлағаны дұрыс. «Халық айтса, қалт айтпайды» дейді халық. Өйткені мәслихат депутаты үміткердің өзін танығанымен, онын қарым-кабілетінен бейхабар болуы мүмкін. Ал ондай қабілет жұмыс барысында көрініс табатыны белгілі жағдай. «Әкімді халык сайласй, ру-руға бөлініп, әркім өз жағына тартып кетпей ме?» деген сауал да көкейімізде тұрғаны анық.

Ондай жағдайлар ара-тұра кездесуі мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ кандай рудың өкілі ауыл не қала басшылығына келсе де, ол жергілікгі тұрғындардың бәріне бірдей көзқарас танытатын болса, болашағы бар деген сөз. Қолынан ештене келмейтін адам, әлгінде айтканымдай, ұзаққа бармайды. Жақсы әкім — халықтың бағы, жаман әкім - халықгың соры. Әкім өзі басшылық жасайтын ауыл- аймақгың мұң-мұқтажын шеше алатын дәрежеде болуы тиіс. Қарым-қабілеті, өмірлік, кәсіби, мәдени, адами қасиеттері мен азаматтық болмысы үйлесімділік тауып жатса, құба-кұп. Тандау жасаған кезде депутатгардын осы өлшемдерге баса назар аударғанын қалаймын. Тағы бір айткым келетіні, әкімдіктен үміткерлердің іс-қимыл бағдарламасы сайлауға дейін бұқаралык ақпарат құраддарында жарияланса, соған карап көпшілік-қоғамдык пікір айтылар еді. Ең бастысы, әкім жоғары жақгың тапсырмасымен сайланып кетпесе болғаны.

3. Бұл жолғы сайлаудың қарымына карап, болашақ әкімдер ауылдарымызға мынадай жаналық, мынадай өзгеріс әкеледі деп дөп басып айту қиын.



Өйткені әрбір ауылдың өз ерекшелігі бар. Бірінде су тапшылығы болуы мүмкін, ал енді бірінде халықты электр жарығы мәселесі қинауы мүмкін. Жаңадан келген басшы осындай түйткілдерді шешуге келгенде ештенеден аянып калмайтын болса, онда сенім артуға әбден болады.

//Халық .- 2013.- 20 маусым.-6 б.



Жайна СЫДЫҚОВА, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері, аға оқытушы.
ТҮРКІ ДҮНИЕСІН ТАНУҒА ТЫҢ СЕРПІЛІС

Қорқыт – күллі түркі дүниесіне ортақ тұлға. Дегенмен, сар даланы қобыз үнімен тербеткен күй атасының Сыр топырағында өмір сүріп, мәңгілік тыныштығын осы мекеннен табуы киелі өңірдің қасиетін одан әрі арттыра түсетіні рас. Мыңжылдық өркениеттер мен теңдессіз мәдениеттердің ошағы болып табылатын Сыр өңірінің тарихында ғана емес, рухани дүниесінде де ойып орын алатын Қорқыт тұлғасы мен тағылымын тану, зерттеу, насихаттау және оны мақтан ету – осы өлкеде туып-өскен әрбіріміздің парызымыз.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен көтеріліп отырған Қорқыт ата кешенін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік тарихи-мәдени мұра тізіміне енгізу туралы ұсынысы ғалымдар тарапынан қолдау табуы заңды деп ойлаймын. Себебі, Қорқыт ата кешені арқылы аймағымыздың туризм саласы дамып қоймай, төл тарихымыз бен мәдениетімізді, Қорқыт бабаның рухани мол мұрасын дүниежүзіне танытуға үлкен мүмкіндіктер ашылатыны рас. ХІ ғасырда өмір сүрген араб тарихшысы әл-Идриси:» Оғыз қалалары өте көп, олар солтүстікке және шығысқа қарай бірінен кейін бірі жалғасып жатыр» деп жазған екен. Қорқыт ата мемориалды кешені осы аталған оғыз қалаларының ортасында орналасқан. Қорқыт баба өмір сүрген кезеңдегі Оғыз мемлекетінің астанасы болған Жанкент және «батпақтағы қалалар» деп аталатын Күйік қала, Кескен Күйік қала ескерткіштері кешеннің солтүстігінен табылса, оңтүстігінде Сортөбе, Жент сынды оғыз қалалары орын тепкен. Сонымен қатар, осы кешеннің аумағында Сырдың суы шайып, жыл өткен сайын жоғалып бара жатқан оғыз дәуірінің қорымдары да бар. Сондықтан Қорқыт ата мемориалды кешені ЮНЕСКО тізіміне енген жағдайда ол тек архитектуралық нысан ғана емес, Қорқыт ата өмір сүрген дәуірдің тарихы мен дүниетанымынан хабар беретін ескерткіштерді қамтитын және оның рухани мол мұрасын насихаттайтын орталық болары сөзсіз. Бұл бастама тарих, әдебиет, музыка саласындағы тың зерттеулерге де жол ашатыны хақ.

//Сырбойы .- 2013.- 22 маусым.- 4 б.

Нұрлыбек МЫҢЖАС,тарих ғылымдарының кандидаты

ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТКЕ ҰМТЫЛУ
Қазақ халқына ғана емес, бүкіл түркі өркениетінің түпқазығы саналатын аймағымыздағы бі­регей кешен Қорқыт ата ескерткішінің ЮНЕСКО тізіміне ұсынылуы Сыр елі үшін өте маңызды жаңалық болды. Облыс әкімдігі жанынан құрылған ғылыми-әдістемелік Кеңестің мүшелігінде М.Әуезов, К.Байпақов, С.Жолдасбаев, М.Елеуов сияқты танымал тұлғалардың болуы ұйымның ғылыми-сараптамалық деңгейінің биіктігін танытады. Кеңестің кешегі өткен отырысында аймақ басшысы облыс көлемінде археологиялық-этнографиялық біртұтас жүйені қалыптастыру үшін де бұл игі бастаманың қажеттілігін айрықша атап өтті.

Сонау ежелгі дәуірден аруақты бабаларымыз қалдырған асыл мұраларды, мәдениет жауһарла­рын түгендеу мен қорғау мақсатында 2004-2011 жылдар арасында жүзеге асырылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында қыруар игі істер атқарылды. Дегенмен, табылған және жинақталған сол мұралар жастарымызға рухани азық ретінде кеңінен насихатталмай келеді. Екінші жағынан, мәдени мұраларымызды сақтау, зерттеу, насихаттау жұмыстары белгілі бір уақытта ғана жүргізілмеуі керек. Бұл ұдайы жаңартуды қажет етеді. Міне, сол себепті аталған ғылыми-әдістемелік Кеңестің аймақ тарихының тереңдігін, Сыр өңірінің ұлттық руханият дүниесінде «Алаштың анасы» ретінде мойындалып, көшбасшылық рөл атқарып келгенін пәрменді түрде әйгілеуге мүмкіндіктер береді. Ғылыми-зерттеу жұмыста­рын жүйелі жүргізуге жол ашады. Мәселен, бүкіл түркі халықтарының атақты ұзаны және абызы Қорқыт бабаның Сыр өңірінде мәңгілік тұрақтауы біздің аймағымыздың әлемдік өркениет өрісінде жетекші орын иеленгенін айғақтайды. Олай болса, Қорқыт ата мемориалды кешенін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени-тарихи тізіміне ендіру – бәріміз үшін абырой, мәртебе. Атақты абызды осылайша құрметтеу арқылы ел еңсесін көтеретін, рухани сілкініске шақыратын құтты қадам жасалды деуге болады.

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандарының тізімі ерекше қорғау мәртебесіне ие болған мәдени және табиғи нысандар тізімі ретінде 1978 жылдан бастап жүргізіліп, ұдайы толықтырылып келеді. Тізімге кіру арқылы нысанның сақталуы мен тұтастығына қосымша кепілдік беріліп, орналасқан аумағы мен оны басқарушы мекеменің беделін көтереді. Ал Қорқыт баба ескерткішінің аталған тізімге кіруі аймақта әуелі ішкі туризмнің дамуына, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының іске қосылуы нәтижесінде бұл саланың еселеп дамуына мол мүмкіндік туғызады деп санаймыз. Бастаманың тәлімдік жағына келсек, Қорқыт ата кешенін зиярат ету орталығына айналдыру жастарымызды имандылыққа, ар тазалығына, ата-бабаларымыз қалдырған архитектуралық, археологиялық, тарихи және монументальды мұраларға деген құрмет сезіміне тәрбиелеуде барынша әсерлі құрал болатынына сенімдіміз. Себебі, ескерткіш дегеніміздің өзі өткеннің белгісі, әлеуметтік маңызы бар құнды ақпарат болып табылады.

//Сырбойы .- 2013.- 22 маусым.- 4 б.
Алдажар ӘБІЛОВ,Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың доценті.
СӘБИІН АРҚАЛАП ЖҮРІП СОҒЫСҚАН ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ
Неден және қашан басталғанын білмеймін, өңіріміздегі өмір жолы ерек қыздар жайлы мәліметтер жинай жүру дағдыға айналғаннан бері жерлес композитор Р.Тайманов әнмен әдіптеген өлең жолдары ойға оралады да тұрады. Қыз-келіншектер жайлы ақпаратты саралай отырып, оларға, олардың ерік-жігеріне, ерлігі мен тірлігіне таңғаласың да тәнті боласың, сосын «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деген өлең жолдарын іштей қайталайсың.

Осыдан екі жыл бұрын Ақтөбе қаласынан шығатын орыс тілді газетті қарап отырғанымда Бело­руссиядағы Әскери академияда оқып жүрген ақтөбелік бір азаматтың Ұлы Отан соғысы жылда­рында Белоруссия жерінде өткен ұрыстарға қатысқан жерлестерін іздеуі жайлы мақалаға тап болдым. Әлгі кішкентай мақалада партизан қатарында соғысқан шалқарлық, ақтөбеліктерді атай отырып, радист Т.Жұмабаева Қызылорда облысының Жалағаш ауданынан еді делініпті. Міне, менің ол туралы іздей бастауым сол күннен басталған-ды. Сонымен не керек, қазақ қыздары арасынан шыққан сырбойылық партизан Тұрғанбике Жұмабаеваның дерегін таптық. Тапқан – Жалағаш аудандық мәдениет үйінің режиссері Тынымбай Мәдиев.

Иә, өткен ғасырдың 1941-1945 жылдары өткен алапат қырғын адамзат баласына үлкен қасірет әкелгені белгілі. Герман фашизмі бейбіт тіршілікке аждаһа болып тиіскенде ел қорғауға, Отан қорғауға аттанған көптеген әйелдердің, қыз-келіншектердің болғаны да аян. Жастық жалынын жау оғына қалқан қылып, бейбіт күн үшін ғұмырын қиған хас батырлар Әлия мен Мәншүк бастаған осы сапта біздің жерлестеріміз де аз болған жоқ, олар аралдық Палау Құттымұратова, жалағаштық Тұрғаш Жұмабайқызы және басқалары болып жалғасып кете береді.

Тұрғаш Жұмабайқызы (шын аты Тұрғанбике) 1922 жылы Жалағаш (бұрынғы Ақсу) поселкесінің Қызылорда (қазіргі Қазбек би) көшесіндегі № 16 үйде дүниеге келген. Оның әкесі Піржанұлы Жұмабай осы Ақсу өңірінде 1885 жылы дүниеге келіп, өмірінің соңғы күніне дейін теміржолда жұмысшы болып істейді, 1937 жылы 52 жасында дүние салады. Шешесі Жүсіпқызы Алуа 1898 жылы Қараөзек бойындағы «Қызыл үй – Мортық» деген жерде дүниеге келіп, 1959 жылы 61 жасында Жалағаш қыстағында қайтыс болған.

Темір жолда жұмыс істей жүріп көп нәрсені ойға түйген Жұмабай қызының білім алғанын, орысша оқығанын қалайды. Әрине, бұған сол кездегі саясаттың да, темір жолда жұмыс істейтін орыс ұлты өкілдерінің көп болуы да әсер еткені анық. Тұрғаш Жұмабайқызы Жалағаш қыстағындағы алғашқы қырғыз-қазақ училищесінде, кейін Сталин атындағы мектепте оқыған. Аталған мектепті 1939 жылы үздік бітіргенімен, жоғары оқу орнында оқысам деген арманы жүзеге аспайды, бұған Тұрғаштың отбасы жағдайы мүмкіндік бермейді. Сол жылы ол елге демалысқа келіп жатқан Қаражігітов Батырхан (Руы – Өмірқұл-Табын) деген жас офицермен танысады да, бұл таныстық үлкен сезімге ұласады.

Екеуі бас қосып, тойларын өткізгеннен кейін Белоруссияға, яғни, күйеуі әскери қызмет атқа­рып жүрген Батыс әскери округіне қарай сапар шегеді. Міне, Тұрғаштың Белоруссия жеріндегі күндері осылай басталған болатын. Ол кезде қазақ қыздарының ел асып, жер асып, қиян шетке кетуі сирек болатын жайт қой, анасы Алуа да, туыстары да алаңдаулы болады. Бірақ үш-төрт айдан кейін жастардан келген хат пен фотосуреттер олардың алаңдауларын тыяды.

Ол кезде Қаражігітов Батырхан Белоруссияның Борисов ауданындағы Логайск деген жерде Қызыл армия қатарында взвод командирі болып қызмет атқарып жүрген лейтенант болатын. Сонымен ерлі-зайыпты екеуі 1940 жылдың шілде айында ұл балалы болады.

Бұл тұста Германиямен арадағы соғыс қаупі туралы жалпы ел білмегенмен, шекара маңын­дағы әскерилердің сезгендігі, дайындық шараларының жүргізілгендігі белгілі. 1941 жыл бас­талысымен Тұрғаштың елге қайтқысы келеді, оған ауылды, туған-туыстарын, анасын сағынуы да әсер етуі мүмкін, сонымен қатар, өздері араласатын әскерилер мен олардың әйелдері арасындағы соғыс туралы әңгімелердің де әсері болғаны анық. Алайда, Батырхан жазда демалыс алып, екеуі бірге баратындықтарын айтып, оның елге жүруін кешеуілдетеді.

Көп ұзамай бейбіт күн кешіп, мамыражай тіршілік етіп отырған ел аспанын соғыс бұлты тор­лады, неміс-фашист басқыншылары екі ел арасындағы шартты бұзып, бар әскери күшін Кеңес­тер одағына төкті. Олар шілденің бірінші аптасында-ақ Минск облысының көп жерін басып алады. 1941 жылғы маусымның 22-сі күні сағат таңғы 4-те әскери дабылмен кеткен Батырхан сәлден соң-ақ телефон арқылы Тұрғашқа «Тез арада елге қайт» дейді, бірақ, бұл кезде олар жау қоршауында қалып қойған еді.

Бұлар тұрған әскери қалашықта адам түсініп болмайтын аласапыран басталды, жылаған бала, үрейлене жүгірген әйелдер, әр тұста жарылған бомба, ысқырған снаряд, әскерилердің барлығы да алғы шепке кеткен, олардан хабар жоқ, тек алыстан соғыс дабылы естіледі. Міне, осындай жағдайда панасыз қалған әскери қалашықтағы тұрғындар жақын жердегі Лугайск орманына барып паналайды. Осы кезде олардың қатарына жаралысы бар, басқасы бар әскерилер де жинала бастайды. Олардың ішінде жоғары шенді командирлер де, сержанттар мен қызыл әскерлер де болды. Өз бөлімшелерінен қалып қойған, болмаса адасып кеткен саяси қызметкерлер де баршылық еді. Солардың ішінде №2-ші атқыштар дивизиясының көшпелі баспахана бастығы аға политрук (саяси жетекші) Оразбаев Уәли Божанұлы (ұлты – ноғай) босқындардың барлығын бір топқа жинап, жасырын қаруланған үлкен топқа әкеліп қоса­ды. Ал Батырханнан хабар ала алмаған Тұрғаш алаңдаулы еді, ұлын бірде арқалай, бірде қолына ала бұйрық бойынша әрекет етуге көшеді. Бұлар жаудан кек қайтаруға кіріседі, басқыншылар үшін үлкен қауіпке айналады.

Аталған топтың командирі Дорбин Николай екен. Біртіндеп топтары көбейіп «Большевик» деген партизан отрядын құрып, аз уақыттың ішінде «Николай Щорс» атындағы партизандар бригадасы атанды. Осы бригаданың әскери комиссары Оразбаев Уәли болды. Ал, кейіннен жазушы болған партизан Тоқтағали Жангелдин («Партизан күнделігі» атты кітаптың авторы) Бо­рисов ауданының жасырын комсомол ұйымының бірінші хатшысы екен, Тұрғаш апайдың есеп карточкасын сол кісі толтырыпты. Белоруссиядағы партизан қозғалысына 1500 қазақстандық қатысса, солардың ішінде Тұрғаш та бар еді, осылайша оның партизандық күндері басталады.

Соғыстың басталғанына бес-алты ай болса да олардың отрядында радист болмайды. Келесі 1942 жылдың қаңтар айының аяғында Мәскеуден арнаулы радиотехника мектебін бітірген Нұрғаным Байсейітқызы келіп, партизан бригадасына көмек көрсетеді. Осылайша, «Үлкен жермен» байланыс орнатылды. Нұрғаным партизандарға соңғы хабарларды, Совинформбюро­ның ақпарларын баяндап отырады. Көп ұзамай Нұрғаным Тұрғашты радиотехникаға үйреткен­нен кейін, өзі жауынгерлік тапсырмамен басқа бригадаға ауысып кетеді.

Тұрғаш үш айдың ішінде неміс тілін жетік меңгерді. Көбіне радиотехниктердің қасында болып, әуе толқынында «Үлкен жерден» келіп жеткен құпия шифровкаларды тәржімалап, өте маңызды әрі қажет ақпарларды өз командилеріне жеткізіп отырды. Қолы бос кездерде наубай­ханада, асханада да көмек көрсетті. Барлаушылар «тіл» әкелсе, әкелген тұтқыннан жауап алуға да қатысады. 1944 жылдың тамыз айының 23-і күні неміс басқыншыларынан Белоруссияның көптеген жері азат етілгеннен кейін Тұрғаш Жұмабайқызы ІІ-дәрежелі «Ұлы Отан соғысының партизаны» орденімен марапатталады.

Бұған шейін ол небір қаһарлы күндерді, мазасыз түндерді көріп, оқ пен оттың арасынан өткен болатын. Бірде бұлардың тобы партизандарды жоюға шыққан фашистердің үлкен бөлімімен бетпе-бет айқасқа түседі. Қардай бораған оқтан сытылып шығу да оңай шаруа емес еді, әр ағаштың түбін паналай соғыс сала партизандар өз отрядтарына қарай бет түзейді, автоматын қыса ұстап, жауға кектене оқ төккен бір партизанның арқасында таңылған бір түйіншек жүрді. Иә, бұл – ұлын арқасына таңып алып жауға қарсы оқ боратқан қазақ қызы Тұрғаш, партизандар Тамара атап кеткен – Тұрғанкүл Жұмабайқызы болатын. Кейін Тұрғаш апай ауылдастарына осы туралы: «Жан алып, жан беріскен айқас, бораған оқ, соғыса шегініп келе­міз, бір кезде арқамдағы бала бірден ауырлап кетті, не болғанын түсіне алмадым, бірақ жүрегім бір жамандықты сезгендей тулай жөнелді. Бірақ, оған қарайтын шама жоқ, ізіңде өкшелей қуған ит ерткен неміс автоматшылары, тек құтылуды ойлаудасың. Жанталаса соғысып, жаудан қара үздік, отрядқа келгесін қаруластарыма «Арқамдағы бала қимыл­дамайтын сияқты, шешіп алып, көріңіздерші» дедім, сөйтсем оған жау оғы тиіп, о дүниелік болып кеткен екен» депті. Күйеуі хабарсыз кетіп, ал ұлынан көз алдында айрылған Тұрғаш енді жауға онан сайын кектене түседі.

Ол Отан соғысы тарихында маңызды ұрыстардың бірі болып саналатын Одер маңындағы шай­­қасқа қатысады. Жаудың терең тылына Одер өзенінің маңына оларды бір түні ұшақпен апарып салады, бұлар сол маң жаудан тазарғанша өздеріне жүктелген жауынгерлік міндетті абырой­мен орындайды. Орталық оларды қару-жарақ, дәрі-дәрмек, азық- түлікпен, қажетті жарақтармен, киім-кешекпен қамтамасыз етіп отырады, үнемі байланыс болып, жаралылар әкетіліп отырады. Бірде олардың шағын тобы із жасыру мақсатымен орманда келе жатқанда жау қолына түсіп қалады. Оларды комендатураға әкеліп қинап жауап алса да, ұрып-соқса да жөндерін айтпайды. Бұдан соң оларды «өлім лагеріне» айдайды, бір-екі ер кісіні сол жерде атып тастайды.

Лагерьде оларды жұмысқа салады, бірнеше тілге жетік болғандықтан Тұраш асханаға ыдыс-аяқ жуушы болып орналасады. Тұтқындарға тамақ бермейді, ол неміс солдаттары асхана­сынан тамақ ұрлап алып шығып, түнде бараққа келгенде қасындағыларға үлестіріп отырады. Бірде бараққа қайтып келе жатып, қоршау ішінде тұтқындардың ағаштың түскен жапырағын жеп тұрғанын көріп, ұрлап әкеле жатқанын соларға лақтырады, сол кезде неміс солдаттары көріп қалып, бұрап қолын сындырады. Алайда барақтағы тұтқын әйелдер арасынан сынықшы табылып, мұның қолын емдеп шығады. Арада екі-үш айдай уақыт өткен соң бұларды партизандар құтқарып алады да, ол бұрынғы отрядына қосылады.

Ол туралы қолымыздағы деректерге сүйенсек, 1945 жылы тамыз айында елге оралады. Оның елге келуіне қатысты Шайхы Жүсіповтің естелігінде біраз мағлұматтар айтылады. Жеті жыл елде болмаған, орыс, украин, неміс, белорус тілдерін жетік білген оның ауылға келген сәтте қазақшаға қиналғанын айта отырып, «... Тұрғаштың киген киімдері әлі де көз алдымда. Үстінде гимнастерка, иығында погон, басында пилотка, шашын қысқа қиған, юбкасы, аяғында хром етігі, белінде былғары белбеуі бар...» – деп суреттейді Ш.Жүсіпов.

Бұдан соң екі-үш ай өткесін Батырхан да елге оралады. Сонда Тұрғаш «Мен Батырханды партизан болып жүргенде кездескенде пистолетпен атып тастар едім. Баламен екі жыл азап шегіп, қанша қиналдым. Соғыс басталмай тұрып елге апарып таста деп қанша жалынғанмен тыңдамады, ақыры ұлымнан айрылдым...» депті. Жаны күйген ана осылай демегенде, не десін?!

1945 жылы аудан орталығындағы балабақшаға меңгеруші болып қызметке орналасқан Т.Жұмабайқызы 1947 жылы өмірден озады. Соғыс салған жара жазылмай бақилық сапарға аттанып жүре берген қазақ қызының, Сыр аруының тағдырына қатысты, өмір жолына байланыс­ты әлі талай зерттеулер жасалар, әлі талай еңбектер жазылар деген үмітпен қорытынды жасап, ой түйеміз.

Иә, мен қазақ қыздарына қайран қалам! Міне, Ұлы Жеңіске 68 жыл толды! Талай асқақ арманды, үкілеген үмітті қыршынынан қиып, адамзат тарихында сұмдығымен, қанқұйлылығымен ерекшеленетін сол соғыстың басталғанына да, бейбіт елдің аспанынан бомба мен снаряд жауған алғашқы күннен бері де 72 жыл өтіпті. Алайда, сол соғыс салған жара әлі жазылған жоқ. Сұм соғыста талай арман ерте солды, талай азамат жат жерде көз жұмды. Сол қырғыннан аман келгенмен, бар болғаны бір-екі жыл ғана туған жер ауасымен тыныстаған Сыр қызы Тұрғанбике Жұмабайқызының да өлке тарихына, облыс шежіресіне енер күні алыс болмас деп ойлаймыз. Иә, соғысқа қатысқан емес-ау, тіпті кей пысықтар «соғыс жыл­дарында тылда еңбек етті» деп туыстарына көше атын беру туралы мәселе көтеріп жүрген бүгінгі таңда Сыр бойынан шыққан жалғыз партизан қызға қандай құрмет көрсетсе де жарасады деген пікірдеміз.


//Сырбойы .- 2013.- 22 маусым.- 10 б.

СТУДЕНТТЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Айдаш ӘЛИАРЫСТАНОВА, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дын студенті.
жүктеу 3,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау