I теоретические основы логопедии



жүктеу 11,49 Mb.
бет7/33
Дата02.02.2018
өлшемі11,49 Mb.
#8366
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Дыбыстарды қою кезеңі.
Фонемалардың дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру немесе қою кезеңінде негізгі үш тәсіл қолданылады.

Бірінші тәсіл еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді-тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті қимылын, қажетті дыбыстарды қайталауға талаптанады. Бұл жағдайда дыбыстардың тікелей есітіп қабылдау, сөйлеу мүшелелерінің қимылдарын көру арқылы кабылдау, оның ішінде өзінің /айнаға қарау көмегімен/ ішінен шығатын ауа ағынын, көмекей дірілін қолымен сезіну, түрлі құралдардың көмегімен сөйлеу мүшелерінің жұмысын бейнелеп көрсетумен толықтырылуы мүмкін.

Тиісті дыбыстарды айтуға еліктеу арқылы қол жетпеген жағдайда әуелі оның жеке элементтерін қалыптастыруға күш салу керек. Мәселен, Р фонемасының айтылуын түзеткенде, тілдің дұрыс формасы мен позициясы игерілетін жаттығулар жасап, содан кейін ғана оның тербелісін қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу мүшелерінің қимылының баяулығы немесе катар басқарылу қиындықтары кейде дайындық жаттығуларының тұтас жүйесін пайдалануға, арнайы артикуляциялық гимнастикаға сүйенуге мәжбүр етеді.



Екінші тәсіл кұралдардың /шпатель, зондтар/ немесе саусақтың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді. Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланады, соның негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен, баяу түрде қажетті қалпы, қозғалысы қалыптастырылады.

Сөйлеу органдарының белгілі бір қалпымен немесе қимылымен байланысты кинетикалық тітіркендіргіштермен бірлесе отырып ми қабатындағы іздер жүйесі түрінде бекиді. Бұның өзі қажетті артикуляцияны кейінірек еркін және белсенді айтуға алғы шарт болып табылады.

Таза күйіндегі осы тәсілге тән нәрсе-механикалық әсердің нәтижесінде алынатын артикуляция бастапқы кезде баланың талабына сай келмеуі мүмкін. Мәселең, Қ дыбысының айтылуын механикалық тәсілмен түзету кезінде оған та-та-та буындарын айту ұсынылады және осы кезде тілдің алдындағы бөлігі шпательмен басып қойылады. «Та» буынын ұмытпаған бала оны -тя түрінде, ал шпательмен тілді артқа ақырын жылжытып итерген жагдайда -кя, сосын -ка түрінде айта бастайды.

Үшінші - аралас тәсіл. Бұл тәсіл бойынша сөйлеу тілі механикалық ықпал жасаудың мақсаты-еліктеу және аузша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны мейлінше толық және дәл меңгеруге көмектесу. Бұған баланың қажетті артикуляцияны еркін меңгере алмаған жағдайда /төменгі тіс сигматизмін түзетуді қараңыз/, тілдің ұшын астыңғы тістін артқы жағына түсіріп тұру үшін зонд пайдалану мысал бола алады.



Аталған тәсілдердің бәрінде де дыбыстардың артикуляциялық тектестігін ескеру қажет және мүкіс дыбысты түзеткенде оның тектестерінің дұрыс айтылуына сүйену керек. Мысалы, үнді дауыссыздарға еліктеу арқылы түзеткенде сәйкес ұяң дауыстыға сүйенген пайдалы. Егер қос ерінді дыбысы қалыптасқан болса ол тіл-тіс қатысында айтылатын - Д дыбысын меңгеруге көмектеседі. Ал - Л дыбысын меңгеру осы әдіспен немесе механикалық жолмен тіл-таңдай түбі қатысында айтылатын - Г дыбысын қалыптастыруға негіз болады.

Көптеген жағдайда дыбыс тектестігін екі бағытта пайдалануға болады. Мысалы, - Ш дыбысы дұрыс айтылса, ол артикуляциясы тілдің сәйкес жолмен сипатталатын - Р дыбысын қалыптастыруға негіз болады. Керісінше - Р дыбысы да Ш дыбысын қалыптастыруға өте қолайлы.

Дыбыс айтуды машықтандыру кезенінің негізгі мақсаты қойылған дыбысты ауызекі сөйлегенде дұрыс айту болып саналады. Қойылған дыбысты бекіту, немесе дұрыс айтуға машықтандыру жұмысы керекті жүйелікпен және кезектілікпен жүргізуді талап етеді. Қойылған дыбысты алдымен буында (ашық, жабық, ортада), сосын сөздің басында, ортасында, аяғында, сөз тіркестерінде, сөйлемде, байланыстырып сөйлеуде дурыс айтуға машықтандыру керек.



Қарапайым жаттығулардан барынша күрделі сөйлеу қызметіне біртіндеп көшу өте маңызды. Мысалы: логопедке ілесе қарапайым буындар мен сөздерді кайталаудан бастап, дауыстап оқуға, заттарды атауға, суреттердегі бейнеленген қарапайым көріністерді сипаттауға, есептеуге, өлеңді, жұмбақты, мақал мен мәтелді, жаңылтпашты тиісті дыбысты қатыстырып жатқа айтуға, одан әрі сұрақтарға толымды жауап беруге, суреттер сериясын әңгімелеп беруге, ақырында еркін әңгімелесуге ұмтылу керек.

Алайда есте болатын жай - түрлі дыбыстардың айтылу кемшілігін түзету қиындығының дәрежесі көбінесе бұл кемшіліктердің сипатына және баланың жеке басының ерекшелігіне байланысты. Сондықтан дыбысты түзету ретін анықтағанда тілдің фонетикалық қалпын сипаттайтын мәліметтерге алдын-ала арнаулы сынақтарға сүйену керек, олар кемшіліктерін түзетуге икемділік дәрежесін білуге көмектеседі.

Екі немесе одан да көп дыбыстармен жұмыс істеуді жоспарлаған кезде екі түрлі талапты сақтау керек. Біріншіден-мұндай жұмыс үшін сөйлеу органдарының құрылысындағы қарама-қарсы дыбыстарды алу тиімсіз. Бұл интерференция туғызуға, дыбыстарды айтуға қажетті қимылдардың өзара біржақты ықпалының тиуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы - С дыбысының қайталап айтылуын түзету кезінде онымен бір мезгілде қысқа - у түрінде айтылатын - Л дыбысын түзету тиімсіз. Бұндай жағдайда бір кемшілікті түзету үшін тілдің бір қалпын ортасында науашасын қатыстырып, екіншісін түзеткенде тіл үшкірленіп /азу тіспен арадағы бүйір саңылауы/ мүлде қарама-қарсы қалып пайда болады .

Екіншіден әсіресе, айтылуы алғашқы кезде энергия шығындауды қажет ететін дыбыстармен бір мезгілде жұмыс істеуден аулақ болу керек. Мысалы, тыныс органдарына елеулі түрде түзететін - Ш мен Р дыбыстармен қатар жұмыс істеу тез шаршатуы, мидың тыныс алуды басқаратын орталығын уақытша талдыруы мүмкін. Бұндай шаршаудың белгісі беттің қуаруы, жеңіл бас айналу, лоқсу сезімі. Жоғарыда дыбыстарды қалыптастыруын сипаттағанда кейде арнаулы артикуляциялық гимнастика керек екенін айттық. Бұндай гимнастикаға дыбыстардың дұрыс айтылыуына қажетті сөйлеу қимылдарын қалыптастыратын жеке жаттығулар енгізіледі. Алайда дыбыстардың түрлі тобын қамтитын күрделі тіл кемшілігі жағдайында, ол сөйлеу моторикасының жалпы жеткіліксіздігіне байланысты болса /мысалы дизартрияның алуан түрінде/, артикуляциялық гимнастика келтірілген программа бойынша жүргізіліп, сөйлеу аппаратының түрлі бұлшық ет топтары қызметіне әсер етуі тиіс.

Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңіндегі логопедиялық жұмыс, дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі, яғни жеке дыбысты ажырату, сосын дыбысты, буында сөзде, сөйлемде ажырату. Дыбыстың бұзылуын түзету барысында Г. С. Оразаеваның зерттеу жұмысындағы ғылыми тұрғыдан негізделген ұлттық ойындар түрлерін логопед өз тәжірибесінде кеңінен қолдануына болады.

Тіл кемшіліктерін түзетуге арналған логопедтің жұмыс тиімділігінің қажетті шарты-оның жабдықталуы. Жабдықтар кем дегенде мыналарды қамтиды:



а) оқушы мен логопедтің бетін қатар көрсете алатын үлкен айна;

б) шпательдер мен зонддар, тазалық құралдары;

в) сөзді жазып, қайталайтын магнитофон;

г) тыныс алуы мен дамытуына қажетті ойыншықтар мен альбом құралдары;

д) дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом;

е) түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материалдарымен жұмыс істеу үшін суреттер, суретті лото;



ж) түрлі дыбыстың айтылуын бекітуге қажетті, тілдік материалы бар кітап-құралдар;

з) әр сыныпқа арналған оқулықтар.

Сөйлеуді көзбен бақылауға /фиброскоп «Двин»/ немесе сөйлеу мүшелеріне механикалық әсер етуге арналган түрлі жаңа приборлар мен құралдар шыққан сайын, олар да жабдықтар жиынтығына өтуге тиіс.

Нақты дыбыстардың айтылыуы кемшіліктерін түзету тәсілдерін сипаттауға көшпестен бұрын, бұл кемшіліктердің ішінде дыбыстың дауысталуы өзгеруінен туатындары, сонымен қатар бір дыбысты өзге дыбыспен ауыстырудан пайда болатындары бар екенін атап көрсету керек. Кемшіліктердің алғашқы - антропофоникалық, соңғысы - фонологиялық деп аталады.

Антропофоникалық кемшіліктің үлгісі - Р дыбысын тамақпен


айту немесе - С дыбысын тіске қысып айту бола алады.
Фонологиялық кемшіліктің мысалы - Ш орнына - С алмастыру /
«ескі» - ешкі/, немесе - Р орнына - Л / «роза» - лоза/, сонымен қатар
фонологиялық кемшілік аралас дыбыс түрінде де кездеседі. Бұндай
жағдайда бала жеке дыбысты дұрыс айта тұрып, оларды сөйлеу
кезінде шатастырып алады. Мысалы: Самат маған көрші тұрады, қате
айтылуы «Шамат маған көрсі тұрады». Бұндай жағдайда
дыбыстардың артикуляциясын қалыптастыруы қажет болмағандықтан біздің қарастырумыздан тыс қалады.

Сонымен қатар дыбыстың тұрақты алмастыруын түзету кезінде мынандай жағдайды ескерген жөн. Жаңа артикуляцияны меңгерген кезде біраз уақыт жаңа қойылған дыбыс пен бұрынғы ауыстырып айтылған дыбысты сөйлегенде жиі қолданылады. Мысалы, Ш дыбысы С дыбысымен алмастырылады дедік. Енді Ш дыбысын дұрыс айтып үйренгенде біраз уақыт С дыбысы бар сөздерде Ш дыбысы қолданылады. Сабын-шабын, қасық-қашық т.б.

Фонологиялық қателіктер уақытша сипат алуына қарамастан жазу қателіктеріне де соқтыруы мүмкін. Сондықтан фонологиялық қателікті түзету нәтижесін бекіте отырып, дифференциялық мақсатына тиісті дыбыстарды және буын мен сөздегі әріптерді салыстырып отыратын жаттығуларға көңіл бөлу керек.



Түрлі дыбыстардың айтылу кемшіліктерін сипаттау барысында осы кемшіліктердің пайда болуына себеп болатын, олардың түзетілуіне кедергі болатын аппараттың шеткі бөліктерінің құрылысындағы кейбір аномалиялар ескертіледі.

Бірақ есте болатын жайі, бір жағынан дыбыс айту кемшіліктері кейде сөйлеу аппаратының құрылымы бұзылған жағдайында да бола берсе, кейде сөйлеу аппаратының елеулі кемшілігіне қарамастан сөйлеу тілінің фонетикалық жағы дұрыс дамуы жиі кездеседі. Бұл фактілер жоғарғы нерв қызметінің ерекше икемділігінің куәсі, дұрыс сөйлеу үшін сөйлеу аппаратының зор мүмкіндігі бар екенін танытады.

Шеткі сөйлеу аппаратының құрылымының анық аномалиясы жағдайында, дыбыстарды дұрыс айту мүмкіндігін ескертудің маңыздылығы сонда, кейде бұл аномалияларды дыбыстың айтылуы кемшілігін коррекциялауды қиындататын фактор ретінде асыра мән беру кездеседі.

Тек ерін, тіс, таңдай, жақ, тіл құрылысындағы ең ауыр аномалалиялар болғанда



ғана, логопедиялық жұмыстан бұрын хирургиялық операциямен реттеу, немесе протездеу түріндегі медициналык тәсілдер қолданады. Бұндай әсердің қажеттігін логопед пен дәрігер /стоматолог, отоларинголог/ бірлесіп шешед
Ызың және ысқырық дыбыстардың айтылу кемшіліктері , түзету тәсілдері
Дауыссыз /с,с'; з,з' мен ш, ж, ч, ш,/ дыбыстарының тіл мүкістіктері сигматизм деген терминмен аталады.


5-сурет С фонемасының артикуляциялық кескіні



Бір дыбыстың басқамен тұрақты алмастырылған жағдайы, /мысалы, Ш орнына - С немесе С орнына Ш/ парасигматизм деп аталады. С дыбысының жасалу механизмі төмендегідей. /5-сурет/.

Еріндер күлгендегідей сәл керіледі. Тістер қысылған немесе жақындасқан қалыпта болады. Тіл ұшы төменгі қызыл иекке тіреледі, ортасы дөңестеледі, бүйір шеттері жоғарғы азуларға, таңдайдың бүйір жақтауларына жабысады.





Тілдің бойында оның ортасымен, жырашық пайда болады, альвеолы тысында сыртқа қарай жіңішке дөңгелек тесік болып ашылады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жабады. Дауыс перделері ажырайды, дем шығару ауасы көмекей мен ауыз қуысына еркін жіберіледі. Ол ауа ауызда тар саңылау түріндегі кедергіге ұшырап ысқырған шу шығарады, оның биіктігі тіл үсті бөлігінің алдыңғы жағы мен күрек тістер арасындағы қуыстың көлеміне байланысты.

Жұмсақ С дыбысының артикуляциялық ерекшелігі тілдің үстіңгі жағының биігірек көтерілуі, оның біршама ілгері жылжып тіл мен тістің арасындағы қуысына жақындауы. Еріннің керілуі айқындала түседі. Бұнда да С дыбысына О, У тіркесіндегідей ерін дөңгелектенеді. Бұны - ся, се, си және се, се, сю буындарын айтып байқауға болады.



3 дыбысын С дыбысынан, С және 3' дыбыстарының айырмасы дыбыс перделері бірігеді және тербеліске түседі, сонымен қатар дем шығару екпіні әлсірейді, тіл үсті мен альвеол арасындағы саңылау тарылады. Ц-дыбысы біріккен дыбыс ретінде де дауыссыз Т мен С дыбысының бірігуін білдіреді.

6-сурет.


Ц фонемасының

артикуляциялық кескіні

/профилі/.
Алғашқы сәтте тіл үстінің алдыңғы бөлігі альвеолмен бірігеді. Тіл ұшы төменгі қызыл иекке тіреледі. Жұмсақ таңдай көтеріледі, дыбыс перделері ажырайды. Ізінше олардан ажырап тіл үсті альвеолаға С дыбысы артикуляциясына тән қалыпқа түседі /6-сурет/.



7-сурет. с фонемасынын еріндік - тістік сигматизм кезіндегі артикуляциялык кескіні (профилі)

Сигматизмнің негізгі 6 түрін атауға болады:



еріндік-тістік,

тіс аралық,

тіс төңіректік,

ысқырық,

бүйірлік,

мұрындық.




Еріндік - тістік сигматизм кезіңде С дыбысы - Ф реңкімен айтылады, себебі қуыс жасауға тілден басқа жоғарғы тіске таянатын ерін де қатысады. Ц дыбысына да сол кезде реңк қосылады, ал З дыбысына В дыбысының реңкі араласқандай болады /7-сурет/. Сигматизмнің бұл түрінде жоғарғы тістер ілгерілеп, төменгі еріннің үстіне тұтас келетін аномалия себеп болады. Мұндай аномалия прогнатия деп аталады.




8-сурет С фонемасының тіс аралық сигматизм кезіндегі артикуляциялық кескіні

/профилі/


Тіс аралық сигматизмде С дыбысына тән ысқырық болмайды, оның орнына тілдің тістер арасына енетін қалпына буындаған төмен үнді әлсіз шу естіледі. Осы артикуляцияның нәтижесінде альвеолдағы дөңгелек саңылау тегістеледі. Дыбыстың артикуляциясы мен дыбысталуы соған сәйкес келеді (8-сурет).

Тісаралық сигматизмнің пайда болуына азу тістер түйісіп тұрғаны мен төменгі, жоғарғы күрек тістер арасында елеулі ашықтық болатындығы әсер етеді.



арасында елеулі ашықтық болатындығы әсер етеді Осындай калып сүт тістері түскен балаларда болады. Кейде тіс аралық артикуляция С, 3, Ц дыбыстарына ғана емес, сонымен қатар Ч, Ш, Щ дыбыстарына және басқа тілдің алдыңғы ұшымен жасайтын Т, Д, Н, Л дыбыстарына да таралады.

Тісаралық сигматизмнің алғы шарты-тілдің қомақты, аз икемді,баяу қимылды болуы. Сонымен қатар аденойдқа ұшыраған, соған сай ауызбен дем алатын және ауызын ұдайы ашық ұстайтын балалардың да тісаралық сигматизмге бейімділігі де байқалған.



9-сурет.


С фонемасыньщ

тісөңіректік сигматизмнің

артикуляциялық көрінісі.


Тіс төңіректік сигматизмде тісаралық сияқты ысқырықтың жойылуымен, сондай-ақ С, Ц, З, дыбыстары Т Д, дыбыстармен алмастырумен сипатталады. /сағат-«тағат», қозы-«қоды»/ (9- сурет).

Тіс төңіректік сигматизмнің /парасигма-тизм/ пайда болу себебі, ауыз қуыстың ішінара немесе толық тұйықталуы. Бұған алғы шарт туғызатын жағдай «терең қабысу» деп аталатын тіс қалпы яғни төменгі күрек тістер мен жоғарғы күрек тістердің айқасуы. Тіс төңіректік сигматизм көбінесе естуі нашарлығына, әсіресе жоғарғы дауыстыларды есту төмендігіне серіктеліп келеді.



Кейде сигматизмнің бұл түрі С, Ц, 3 дыбыстары мен қатар Ш, Щ, Ж, Ч дыбыстарында камтиды.

Ызың сигматизм кезінде С, Ц, 3 дыбыстары азды көпті шу естілетін реңкке ие болады. Анық байқалған түрлерінде бұл кемшілік парасигматизм деп аталады. Бұл сигматизмде С дыбысы Ш дыбысымен Ц дыбысы Ч дыбысымен, 3 дыбысы Ж дыбысымен алмасады. Мысалы, сағат орнына «шағат» цирк орнына «чирк» деп айтылады /10-сурет/.




10-сурет С фонемасының ызың сигматизм кезіндегі артикуляциялық кескіні /профилі

Бұлай айтылу тіл ұшының күрек тістерден
қашықтау салдарынан ысқырық дыбыстарға қажет
қуыс мөлшерінің едәуір үлкеюі нәтижесінде
пайда болады. Ызың сигматизмнің алғы шарты
тілдің күрек тіспен жақындауына кедергі болатын

тіс-жақ жүйесінің аномалиясы. Тіс төңіректік сигматизмдегі сияқты бұл да нашар еститіндерде жиі болады.

жүктеу 11,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау