I теоретические основы логопедии


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



жүктеу 11,49 Mb.
бет12/33
Дата02.02.2018
өлшемі11,49 Mb.
#8366
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Дыбыс айту кемшілік түрлерін атаңыздар.

  2. Кейбір дыбыстардың артикуляциясына сипаттама беріңіздер.

  3. Ызың дыбыстарды айтудағы кемшілік түрлерін атаңыздар.

  4. Дыбыстарды қоюдың қандай тәсілдерін білесіздер?

  5. Дыбыстарды түзетудегі жұмыстың кезеңдерін атаңыздар.

  6. Әр кезеңнің мақсаттары мен мазмұнын ашып айтыңыздар.

  7. Ызың, ысқырық дыбыстардың бұзылу түрлерін бейімдейтін себептерін көрсетіп кесте толтырыңыздар.

  8. Түзету кезеңдеріне сабақ үлгісін құрастырыңыздар


Ұсынылған әдебиеттер:

1. Основы теории и практики логопедии. Р. Е. Левинаның ред. М., 1968

2. Қ. Қ. Өмірбекова, С. Ж. Өмірбекова “С” дыбысын түзетуге арналған жұмыс дәптері. Алматыкітап, 2002

3. Қ. Қ. Өмірбекова, Сөйлеу тілін тексеру әдістері. Алматы, 2010

4. Қ. Қ. Өмірбекова, “Р” дыбысын түзету жолдары. Алматыкітап, 2003

5. Г. С. Оразаева, Логопедиялық жұмыста ұлттық ойындарды пайдалану, Алматы, 2006




8 БӨЛІМ. ДИЗАРТРИЯ

Дизартрия- сөйлеу аппаратының иннервациясының жеткіліксіздігінің салдарынан сөйлеу тілінің дыбыс айтуының бұзылуы. Дизартрияда негізгі кемістік дыбыс айту мен сөйлеу тілінің просодикалық жағының орталық және шеткі нерв жүйесінің органикалық зақымдалуына байланысты бұзылуы болып табылады.

Дизартрия гректің artron - мүшелеу, бөлшек, dis - бұзылу сөздерінен шыққан. Дизартрияның негізгі белгілеріне (симптомдарына) дыбыс айтуы мен дауысының, артикуляциялық моторикасының, сөйлеу кезіндегі тыныс алуының бұзылуы жатады. Дизартрияда дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады. Дыбыс айтудың антрофониялық (бұрмалап айту) және фонологиялық (алмастыру, шатастыру) түрінде айтылуы кездеседі. Фонологиялық түрлерінде айтылуы ұқсас дыбыстарды артикуляциялық, акустикалық сипаттамалары бойынша ажырату қиындық туғызады. Сондықтан, көп жағдайда ондай балаларда жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы, бұлшық еттердің (артикуляциялық аппараттың, беттің, мойынның) қатаюы-гтпертонус, әлсіреуі, төмендеуі, босансыуы –гипотония байқалады.

Дизартрияның себептері баланың құрсақта жатқанда, туылған кезде, туғаннан кейінгі уақыттағы әр түрлі жағымсыз факторлардың салдарынан орталық және шеткі нерв жүйесінің органикалық зақымдалуы болып табылады. Атап айтсақ, асфиксия, туу кездегі жарақаттар, мидың қан айналысының бұзылуы, бас мидағы ісіктер, инфекциялық аурулар, нерв жүйесінің тұқым қуалаушылық аурулары.

Балалық шақтағы дизартрия мәселесі клиникалық, нейролингвистикалық, психопедагогикалық бағытта қарқынды жетілуде.

Шетел әдебиетінде бұл мәселе туралы келесі ғалымдардың жұмысында көрсетілген M.Clement, 1959, C.Bohme, 1968, R.D.Neilson, N.D.Dwer, 1984 және басқа авторлар.

Сөйлеу патологиясының алғашқы топтастыруында артикуляцияның барлық бұзылыстары жеке топқа бөлінеді және «дизартрия» терминмен аталды (Kussmaul, 1879). Бірақ, 1888 ж. Gowers сөйлеу тілінің дизартриялық бұзылысын церабральды және бульбарлы түрі деп екіге бөлді. Дизартрияның нейроанатомиялық қағида бойынша топтастырылған ең толық классификацияларының бірін 1948 жылы Peocher берген. Ол дизартрияның келесі түрлерін бөліп атайды: қабықтық, субкортикальды (хорея, ататоз, Паркинсон ауыруында), педункулярлы, супрануклеарды (псевдобульбарлы), бульбарлы нуклеарлы, церебральды, диэнцефльды, мезэнцефльды, перифериялық, бас сүйек жүйкелермен байланысты, терең сезімділік бұзылыстармен байланысты дизартрия, бас миының диффузды зақымдануындағы дизартрия (токсикоздар, контузиялардан кейінгі жағдайлар), эпилепсиядағы дизартрия, субкортикальды экспрессивті афазияда кездесетін дизартрия (апроксиялық).

Бірақ автордың өзі осы топтастыру толық жетілмеген және «дизартрия» деген термин анық емес деп мойындады.

Дизартрияның табиғатын зерттеу Ресейлік логопедия тәжірибесінде айрықша көрініс тапты. О. В. Правдинаның (1969) еңбегінде дизартрия түсінігі неврологиялық жағынан анықталды және де дыбыстық бұзылыстарға сәйкес жеке синдромдар көрсетілді. И. И. Панченконың (1972) жұмысында сал ауыруы бар балаларда дизартрияның клиникалық көрінісінің патогенезін анықтауға әрекет жасалды және логопедиялық жұмыстың патогенетикалық негіздемесінің әдестемесін жасауға тырысты.

Дизартрияны жіктеу сұрақтары туралы бірыңғай қөзқарас жоқ. Оқшаулау ұстаным бойынша құрастырылған жіктеу, дизартрияның келесі түрлерін қосады: сопақша ми дизартриясы (бульбарлы), жалған сопақша ми дизартриясы (псевдобульбарлы), мишық, ми қыртысы дизартриясы, ми қыртысы асты немесе экстрапирадалды дизартриясы.

Сөйлеу тілінің айналасындағыларға түсініктілік денгейіне байланысты топтастыруды француз невропатологі G. Tardier (1968) қарастырған. Балалардың церебральді сал ауыруына (БЦСА) қатысты автор сөйлеу тілінің бұзылуын төрт денгейге бөледі:

• І денгей – ең жеңіл түрі, сөйлеу тілінің бұзылысы тек арнайы тексеру барысында ғана анықталады;

• ІІ денгей – айналасындағылар дыбыс айту бұзылыстарын байқайды, бірақ сөздері түсінікті болады;

• ІІІ денгей - баланың сөзі тек жақын адамдарға ғана түсінікті, басқалар түсінбейді;

• ІV денгей – сөйлеу тілі мүлдем жоқ немесе жақындары да түсінбейді (анартрия).

Дизартриясы бар балалар клиникалық-психологиялық сипаттамасы бойынша әр түрлі топтарды құрайды. Дизартрияның ең ауыр түрлері интеллекті сақталған, зияты бұзылған балаларда кездесуі мүмкін, ал жеңіл немесе «көмескі» түрі интеллекті сақталған балаларда кездеседі.

Дизартриясы бар балалар жалпы психофизикалық дамуына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:



  • психофизиологиялық дамуы қалыпты балалардағы дизартрия;

  • БЦСА балалардағы дизартрия;

  • зияты бұзылған балалардағы дизартрия;

  • гидроцефалиямен зақымдалған балалардағы дизартрия;

  • ПДК балалардағы дизартрия;

  • Минимальді дисфункциясы бар балалардағы дизартрия;

Дизартрияның ақырғы түрі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі.

Дизартрияның әр-алуан түрлерінің көптеген ортақшылығы бар, бірақ олар үшін терең айырмашылық та сипат алады, оларды білу логопедке түзету жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.

Дизартрия мәселесімен шұғылданған авторлар көпшілігі ересектер мен балалардың дизартрия түрлерінде айырмашылық бар екенін атап көрсетеді. Қазіргі кезеңдегі логопедияда ересектер мен балалардың дизартриясын бөлек қарастырады.
Ересектердің дизартриясының негізгі клиникалық түрлері
Сопақша ми дизартриясы (бульбарлы). Дизартрияның бұл түрі сопақша ми мен нерв жүйесінің ядроларының зақымдалуының салдарынан болатын әлсіз, солған параличтің байқалуымен сипатталады.

Бульбарлы дизартрияның басқа түрінен айырмашылығы - нақты бір жүйке функциясының (VII, IX, X, XII) бұзылуына байланысты жеке бұлшық еттерінің зақымдалуы мүмкін.

Параличтің солғын қимыл-қозғалыстардың бұзылу симптомдары жүйке ядролардың, шеткі ІХ (тіл-жұтқыншақ), Х (ауасу, қозу), ХІІ (тіласты) жүйкелердің зақымдалу негізінде кездеседі. Бұл жүйкелердің қимыл талшықтары жұтқыншақ, көмей, тіл, жұмсақ таңдай, тіл бұлшық еттерін иннервациялайды. Ал бұлшық еттер артикуляцияны, дауыс шығаруды және жұту актісін қамтамасыз етеді.

Бульбарлы параличте артикуляциялық, дауыс шығару және дем алу мүшелерінің шеткі бөлігінің бұлшық еттерінің тонусы төмендейді, гипотония немесе атония байқалады. Бұлшық еттердің көншілігі кішірейеді, әлсізденеді, сондықтан қоздырғыштарға реакция болмайды, яғни арефлексия байқалады. Бұл ауытқулардың барлығы бұлшық еттердің атрофиясына әкеліп соғады.

Бульбарлы дизартрияда ерікті және еріксіз қимылдар бұзылады. Дауыссыз дыбыстардың бұзылуы тілдің әр бөлгінің бұлшық еттерінің параличтеріне байланысты. Мысалы, тілдің түбірінде паралич байқалса, онда көбінесе тіларты дыбыстары бұзылады. Ал, дауысты дыбыстар көп жағдайда «а», «о» дыбысына ұқсас айтылады. Сонымен, бульбарлы дизартрияның сипаттамасы:


  1. сопақша мидағы моторлық нейрондардың зақымдалуына байланысты

бульбарлы дизартрияда сөйлеу мүшелернің бұлшық еттерінің тонусы төмендейді;

  1. сөйлеу тілінің фонологиялық жүйеснің моторлық жағының бұзылуы,

дыбыстарды ана тіліне тән емес дыбыстармен алмастырады;

  1. ауырғанға дейін сөйлеу тілі қалыптасқан адамдардың, дыбыс айту

жүйесінің моторлы жағының бұзылуы төмендегідей зақымдармен сипатталады:

  • дауыс қатпарларының парезінде дауыссыз, дауысты дыбыстар күңгірт

естіледі, қатаң-үяң, жуан-жіңішке белгілері анық байқалады;

  • жұмсақ таңдайдың парезінде, таңдай шымылдығы салбырап, ауыз

қуысына түсіп тұрады да, дыбыстар мұрынмен айтылады (нозализация байқалады);

  • еріннің, тілдің бұлшық еттерінің парезінде дыбыстардың жасалу

орнына байланысты алмастыру байқалады;

  • тілдің, еріннің, астыңғы жақтың парезінде дауысты дыбыстардың

негізгі белгілері (жоғарылығы, қатары, еріннің дөңгеленуі) бойынша айырмашылықтар байқалады.
Жалған сопақша ми дизартриясы (псевдобульбарлы дизартрия)

Жалған сопақша ми дизартриясы артикуляциялық аппараттың шеткі бұлшық еттерінің спастикалық параличімен сипатталады.

Қимылдың мөлшері қысқарған, баяу болып келеді. Бұлшық еттердің гипертонусымен қатар гиперрефлексия байқалады. Қалыпты жағдайда ерте жаста жойылып кететін шарттсыз рефлекстер: ему, тұмсық рефлексі, еріксіз

күлу, жымию, жылау көпке шейін сақталады. Дизартрияның бұл түрінде ерікті қимылдар бұзылады, еріксіз қимылдар сақталған болады. Дизартриямен зақымдалған адам нұсқау бойынша ернін алға қарай шығарып, дөңгелете алмайды, ал тамақ ішкен кезде ол қимылдарды жасай алады. Ауыз қуысын тексеру барысында тілдің қатайғанын, тіл артқа қарай тартылғанын, тілдің енжар, белсенді қимылдарының қиындығын көруге болады. Әсіресе тілді жоғары көтеріп мұрынға қарай бұруы қиынға соғады және жалған сопақша ми дизартриясына тән синкинезиялар байқалады.

Тілдің және басқада сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің қимылының көлемі мен кысқарудың күшінің азайуы барлық дыбыстың артикуляциясын өзгертеді. Мысалы, «р» дыбысын айтуда тілдің ұшының дірілі жеткіліксіздігінен, «л» дыбысын айтуда - тілдің ұшын бүге алмаудың салдарынан осы дыбыстар анық айтылмайды. «Ш», «Ж» дыбыстары жұмсақ айтылады, «п», «б», «к» дыбыстары жиі алмасады (д=т, ч=щ, т.б.). Дауысты дыбыстың артикуляциясы артқа қарай жылжиды.

Жалған сопақша ми дизартрияның сөзсіз сиптоматикасына жұту функциясының бұзылуына байланысты саливация (сілекей ағу) қосылады. Мимикасы кедей, сөйлеу жылдамдығы баяу, сөйлеу кезіндегі дем шығару қысқа болады, сондықтан фразаның «үзілуі» байқалады.



Қорытынды.

  1. Жалған сопақша ми дизартриясы орталық спастикалық параличтің бір

белгісі және сөйлеу кезіндегі қимылдың бұзылуы болып саналады.

  1. Ерікті қимыл бұзылады, еріксіз (рефлекторлы) қимыл сақталған болады.

  2. Тіл жүйесінде спастикалық паралич кезінде артикуляциясы күрделі

дыбыстар бұзылады.

  1. Барлық дыбыстар (дауысты дыбыстар да) мұрыннан айтылады. Дауыс

қырылдап шығады, тез шаршап қалады.

  1. Сөйлеу жылдамдығы баяу, сөз түсініксіз, фразалардың қысқа интонациясы, әуезділігі нашар болады.


Мишық дизартриясы
Мишық дизартрия жеке таза түрінде өте сирек кездеседі. Миға қан күйылу, ісіктің салдарынан мишықтың немесе мишықты орталық нерв жүйесімен қосатын жолдардың зақымдалуынан пайда болады.

Неврологиялық статусы: тілдің, еріннің бұлшық еттерінің тонусы төмен, тіл жіңішке, қимылы шектелген, артикуляциялық қалыпты ұстай алмайды, бағытты, мақсатты ұсақ қимылдар жасау барысында тілдің треморы (дірілі) байқалады. Жұмсақ таңдай салбыраңқы. Бет әлпетінде мимика болмайды. Қимыдың координациясы бұзылған болып келеді.

Сөйлеу статусы: сөйлеу тілі түсініксіз, баяу, фразаның аяғында кейбір дыбыстарды қатты дауыстап айтады немесе мүлдем дауысы шықпай, сөздің арты естілмей өшіп қалады. Сөйлеу ырғақтылығы бұзылған, дыбыстарды мұрыннан айтады, дауысы әлсіз.

Мишығы зақымдалған адамдарда тыныштық, қимылсыз күйде де, қимыл кезінде де бұлшық еттердің гипотониясы байқалады. Аяқ-қолдарын сәйкестендіруде қиындықтар байқалады. Психикасында кейбір ерекшеліктер кездеседі (орынсыз күлу, сөйлеп қою, т.б.).



Қорытынды.

  1. Мишықтың және оның жолдарының зақымдануында бұлшық еттердің

тонусының төмендеуі, қимылдың диссиметриясы байқалады.

  1. Просодикалық ерекшеліктері: дауыс күшінің тұрақсыздығы, оның өшіп

қалуы, тоқтап, іркіліп қалуы, мәнерлеп сөйлеуі байқалады.

  1. Сөз аяғында буынды немесе дыбысты айтпауы сөйлеу тілін түсініксіз

етеді.

  1. Дем алуға қатысты бұлшық еттердің треморы тыныс алуына, дауыстың

дірілдеп шығуына әсер етеді.

  1. Сөйлеу кезінде дене кейпінің қатайуы бетінің қызаруын немесе

сұрлануын тудырады.
Ми қыртысы асты немесе «экстрапирамидалық» дизартрия
Ми қыртысы асты дизартрия бас миының ми қыртысы астындағы түйіншіктердің зақымдалу салдарынан болады.

Неврологиялық статусы: бұлшық ет тонусының тұрақсыздығы (дистония), бет және артикуляцияның бұлшық еттерінде еріксіз қимылдар (гиперкинез) байқалады. Кейде гиперкинездің салдарынан ауыз еріксіз ашылып, тілі алға бірден шығып, ауыру адам біршама осы қалыпта тұрып қалады.
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипаттамасы. Сөйлеу кезінде тоқтап қалу,

сөйлеу жылдамдығының бұзылуы (бір буынды тез айтады, басқа буындарды баяу немесе мүлдем айтпайды) жеке дыбыстарды, буынды, сөзді қайталап айту (персеверация) байқалады. Сөйлеу тілінің әуезділігнің (просодикасының) бұзылуы сөйлеу кезіндегі тыныс алудың бұзылуымен бірге байқалады.

Дайыс күнгірт, әлсіз, тембрі көмескі болып келеді. Бұлшық еттердің ауыспалы тонусы мен гиперкинездердің салдарынан сөйлеу тілінің фонетикалық жағы мен просодикасының әр түрлі және тұрақсыз бұзылыстары байқалады.
Қорытынды.


  1. Дизартрияның экстропирамидалық түрі мидың ми қыртысы асты

аумағының зақымдалуының салдарынан пайда болады.

  1. Гиперкинездер мен сөйлеу мүшесінің бұлшық етінің ауыспалы тонусы

сөйлеу тілін дөрекі бұзады.

  1. Фонетикалық бұзылыстардың бірқалыпты, тұрақты бұзылуы

байқалмайды.

  1. Ауызша сөйлеу процесінде тыныс алу, дауыс шығару, артикуляциялық

мускулатураларының қысқару уақытының арасында байланыстылық бұзылады.

  1. Дауыс пайда болу қиыншылығы - дауысты ерікті қосу мен сөйлеу

кезінде тез шаршап қалуымен сипатталады.

  1. Сөйлеу тілінің жатықтығы мен интонациялық-әуезділік құрылымының

бұзылуы.
Ми қыртысы дизартриясы
Ми қыртысы дизартриясы доминантты ми сыңарының төменгі бөліктердегі орталық қатпарлардың (постцентральді және премоторлы аумақтарының) зақымдалу салдарынан болады. Ми қыртысы дизартрияның эфферентті (премоторлы) және афферентті (постцентральді) түрге бөледі

Ми қыртысы дизартрияның эфферентті түрі артикуляциялық мускулатураны иннервациялайтын алдыңғы орталық ми қыртысы аумағының зақымдалуынан болады. Жеке артикуляторлық қимылдардың бұзылуы байқалады. Көбінесе тілдің ұшының қимылы бұзылады, соған байланысты тілалды дыбыстары бұзылады. Дыбыс артикуляциясы бұзылады, көптеген синкинезия кездеседі.

Сөйлеу процесінде бір дыбыстан екінші дыбысқа ауысуы қиындық туғызады, баяу сөйлейді, сөз арасында тоқтап қалады, кейде буындап сөйлейді. Дауысты дыбыстарды айтуы өзгереді, барлық дауысты дыбыстар А, Э дыбыстармен ұқсас айтылады, дауыссыз дыбыстар ұзартылып айтылады (Мысалы, сссақат), қосымша дыбыстарды қосып айтады немесе тастап кетеді.

Ми қыртысының афферентті түрі ми қыртысының үлкен жарты шардың постцентральді аймақтарының зақымдалуынан болады. Бұл түрінде қол қимылында апраксия мен оральді апраксия (қимылды «іздеу») байқалады. Дизартрияның бұл түрінде дұрыс артикуляцияны белсенді түрде іздеу байқалады, сондықтан артикуляцияны іздеу кезінде сөйлеу үзіліп қалады, жатық болмайды. Аффрикаттар өзінің құрылымдағы бөліктеріне ыдырап айтылады, саңылау дыбыстар жабысыңқы, шұғыл дауыссыз дыбыстармен алмасады, дауыссыздар қатар келгенде бір дыбыс түсіп қалады.

Қорытынды:


  1. ми қыртысындағы моторлы бөлімдердің бұзылуында жалпы сөйлеу

тілінің баяулауы көрініс алады;

  1. сөйлеу тілінің жатықтығы бұзылады, сөз арасында тоқтап қалу, әсіресе

дауссыз дыбыстардың қатар келгенінде;

  1. дауыссыз дыбыстардың күнгірт, қатал айтылуы;

  2. сөзге қосымша дыбыс қосу;

  3. қатты дауыстап сөйлеу.



Балалардың церебральді сал ауыруы (БЦСА)
Балалардың церебральді сал ауыруы (БЦСА) онтогенездің ерте кезеңінде орталық мидың зақымдалуына байланысты әр түрлі симптомдарды біріктіретін термин.

БЦСА- орталық нерв жүйесінің қозғалыс бөлімдерінің зақымдануының салдарынан пайда болатын дамудың күрделі патологиясы.

1958 ж. Оксфорд қаласында өткен Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БӘДСҰ) мәжілісінде БЦСА-ға келесі анықтама берілген: «БЦСА –қимыл-қозғалысты және дене қалпын басқарып тұратын бөлімдерді зақымдайтын бас миының үдемейтін ауыруы. Ол бас миының дамуының ерте кезеңінде пайда болады»

Бірақ қазіргі кезеңге дейін бұл термин туралы бірдей көзқарас жоқ. Әр елде әр түрлі анықтамалар береді.

БЦСА-ң негізгі симптомы (белгісі) қимыл-қозғалыс функциясының бұзылуы. БЦСА-ң негізгі белгісіне психикасының, естуінің, көруінің, сөйлеу тілінің бұзылыстары қосылады. Кейбір балаларда тырысу синдромдары байқалады.

БЦСА-ң себептері көп түрлі. БЦСА-ң пайда болуына қатысты факторларды үшке бөледі: пренатальді, перинатальді, постнатальді.

Пренатальді факторларды үш топқа бөледі: ананың денсаулығы, жүкті кездегі ауытқулар, іштегі нәрестенің дамуының бұзатын факторлар.

Перинатальді факторларға босану кезіндегі асфиксия, туу кезінде зақымдалу жатады.

Постнатальді кезеңдегі ауытқуға төмендегідей себептер әсер етуі мүмкін:



  • бастың, сүйектің зақымдары, гематома, т.б.;

  • инфекциялар: менингит, энцефалит, мидың абцессі;

  • интоксикация (улану): дәрімен, мыспен, улы заттармен, т.б.;

  • оттегінің жетіспеушілігі: туншығу, т.б.;

  • мидың ісіктері, кисталар, гидроцефалия, т.б.

БЦСА-ң патогенезі. Компьюторлық томографиялық зерттеуде БЦСА-ң әр түрінде 68% балаларда мидың патологиялық өзгерістері байқалған. Ол өзгерістер екі топқа бөлінеді. Бірінде жасушаның (клетканың) өзінің ерекше бұзылуы, екіншісі - мидың дамуының бұзылуы (дизонтогенез).

БЦСА-ң клиникалық түрлері (классификациясы)

Жалпы қолданыста БЦСА-ң 20-ға тарта түрі пайдаланады. Қазіргі кезде тәжірибеде жиі қолданатын К.А. Семенованың классификациясы (1979). Бұл классификация бойынша БЦСА-ы бес түрге, кейінгі әдебиеттерде алты түрге бөледі:



  • қос гемиплегия;

  • спастикалық диплегия;

  • гемипаретикалық түрі;

  • гиперкинетикалық түрі;

  • атоникалық-астатикалық түрі;

  • аралас түрі.

  1. Қос (екіжақты) гемиплегияда аяқ-қол функциялары бірдей бұзылады,

яғни тетрапарез байқалады. Ондай балаларда көпке шейін патологиялық рефлестері сақталады: тоникалық рефлекстер мүлдем жойылмайды, тік тұру рефлексі дамымайды. Соның салдарынан баланың ерікті моторикасы дамымайды. Мұндай балалардың көбінде олигофрения байқалады, сөйлеу тілі дизартрия немесе анартриямен сипатталады.

  1. Спастикалық диплегияда қолдары аяғына қарағанда аз зақымдалады.

БЦСА-ң бұл түрі Литтл ауруы деген атпен белгілі болатын. Параличтің бұл түрінде психикалық дамудың кешеуілдеуі көп байқалады.

  1. Гемипаретикалық түрінде біржақ қол мен аяқ зақымдалады. 80%

балаларда БЦСА-ң бұл түрі ерте постнатальді кезеңде дамиды. 25-30% балаларда ақыл-ойының бұзылуының жеңіл түрі, 45-50% балаларда ПКД, 25-35% балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы, жиі псевдобульбарлы (жалған сопақша ми) дизартрия байқалады.

  1. Гиперкинетикалық түрінде артикуляциялық және қаңқаның бұлшық

еттерінде 4-6 айдан бастап гиперкинездер байқалады. Психикалық дамуында, қалыпты балаларға қарағанда, біраз кешеуідеуі байқалады, ойлау қабілеті қалыпты дамиды. Бұлшық еттердің дистониясы байқалады.

  1. Атоникалық-астатикалық түрі мишықтың зақымдалуына

байланысты. Бір жаста бұлшық еттердің гипотониясы байқалады. 12-15 айда ерікті қимыл-қозғалысы дами бастайды.

  1. Аралас түрі. Бас миының ерте жаста органикалық зақымдалу

салдарынан, көбінесе БЦСА-ң аралас түрі кездеседі. Негізгі қимыл-қозғалыстың бұзылуымен қатар, клиникалық симптоматикасында бұлшық еттер тонусының, моторикасының, ерікті қимыл белсендігінің бұзылуы байқалады. Интелектісі мен сөйлеу тілінің бұзылу денгейі әр түрлі болуы мүмкін. Аралас түрде бір бұлшық еттер әлсіз, солғын паралич байқалса, екіншісінде спастика байқалады.

Сонымен, БЦСА-ң барлық түріне тән психикалық дизонтогенезінің

төмендегідей жалпы сипаттамасы байқалады:


  • әр түрлі психикалық функциялардың дамуы біркелкі емес;

  • ми қыртысының функцияларының кешеуілдеп дамуы;

  • интеллектуальдік және эмоционалдық жетілмеуімен сай келеді;

  • ұғымдық, абстракциялық ойлауының кешеуілдеп қалыптасуы практикалық тәжірибесінің жеткіліксіздігімен негізделді;

  • ауытқудың барлық түрінде астеникалық-органикалық синдром кездеседі.

Қорытынды:

1. БЦСА -да әр түрлі себептердің салдарынан баланың құрсақта жатқанда, перенатальді, постнатальді кезеңдерде мидың органикалық зақымдалуы.

2. БЦСА – да нейроонтогенез бағдарламасы бұзылып келесі феномендерді қоздырады:

- функциональді жүйенің дамуының әр кезеңінде ауытқуын (әсіресе қатерлі кезеңдерде);

- бала есейген сайын мидың құрылымының өзгеруіне байланысты функциональдік тапшылық байқалады;

- клиникалық көріністер мидың жеке аймағының зақымдалу симптомы емес, ол қимыл, перцептивтік, интеллектуальдік, сөйлеу және коммуникативтік процестердің даму барысының ауытқуының нәтижесі болып саналады.


Балалардың дизартриясы

Балалардың дизартриясы церебральді параличтің резидуальдік фонында 85% балаларда байқалады. Балалардың дизартриясың клиникалық белгілері, ересектердің белгілеріне ұқсас болады, атап айтсақ:



  • бұлшық еттердің тонусының бұзылуы;

  • артикуляциялық моторикасының бұзылуы;

  • даус шығарудың бұзылуы,

  • тыныс алудың бұзылуы.

Аталған ұқсастықтармен қатар клиникалық белгілерде әр түрлі денгейдегі, сипаттағы өзгерістер кездеседі:

  • балаларда мидың органикалық зақымдалуы сөйлеу тілі дамымай

тұрғанда пайда болады. Сондықтан сөйлеу онтогенезінің барысы бұзылады ( уілдеуі, былдырлауы, алғашқы сөздері кеш байқалады);

  • ересектерде дизартрия мидың локальді (белгілі бір бөлігі)

зақымдалады, балаларда мидың іс-әрекеті диффузды (ұласқан) бұзылу салдарынан болады;

  • балалардың дизартриясы, БЦСА-дей құрсақта жатқандағы, перинатальді немесе ерте жастағы мидың органикалық зақымдалудың салдарынан болады. Мидың іс-әрекетінің ерекшелігі қоршаған орта туралы толық мағлуматтарға мүмкіншілік бермейді, бұл баланың психикалық функцияларының, сөйлеу тілінің, тұлғаның дамуын тежейді.

Қазіргі кезеңге дейін балалардың дизартриясын топтастыру (классификация) мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар. Көптеген авторлар балалардың дизартриясы мен ересектер дизартиясының айырмашылығы бар екенін атап көрсетеді (М.Б. Эйдинова, К.А. Семенова, Е.М. Мастюкова, т.б.), бірақ зерттеушілердің ешқайсысы балалардың бульбарлық дизартриясын атамайды немесе бөлмейді. Зерттеушілердің көбі балалардың дизартиясын келесі түрлерге бөледі:

  • спастикалық-паралитикалық;

  • спастикалық-регидтік;

  • гиперкинетикалық;

  • атактикалық.



Спастикалық-паралитикалық дизартрия
Дизартрияның бұл түрі екі жақтағы пирамидтік жолдардың зақымдалу салдарынан болады. Негізгі белгілері жалған бульбарлы (псевдобульбарлы) дизартияның белгілеріне ұқсас болады. Бұл түрінде алдымен ауызша сөйлеу тілінің фонетикалық жағы, күрделі артикуляцияларды ажыратуы, еріксіз қимылдары бұзылады, еріксіз рефлекторлы қимылдары сақталады.

Дизартрияның бұл түрінің төмендегідей нұсқалары кездеседі:



  • спастикалық түрі. Негізгі белгісі- бұлшық еттерінің тонусының

қатаюы;

  • паретикалық түрі. Бұл түрінің негізгі белгісі - бұлшық еттерінің

тонусының қатаюымен қоса, сөйлеу мүшелерінің кейбір бұлшық еттерінің тонусының төмен, бос болуы;

  • гиперкинетикалық түрі. Негізгі белгісіне бұлшық еттерінің тонусының

қатаюы мен еріксіз қимылдар (тремор түрінде) жатады.

Спастикалық түрінің сипаттамасы

Сөйлеуге талаптанғанда артикулыциялық мүшелерінің қимылы бірден бұлшық еттердің тонусын қатайтады. Кейде қолдың, аяқтың бұлшық еттері де қатаяды. Тіл артқа қарай тартылады, тіл «кесектеліп» немесе жіңішкеріп, тілдің ұшы жоғары көтеріліп тұрады. Көптеген оральді синкинезиялар кездеседі, тілді жоғары көтере алмайды. Көбінесе тіл алды дыбыстары бұзылады (Р, Л, Ж, Ш, Г, Т, Д), дауысты дыбыстар мұрыннан айтылады. Сөйлеу тілінің темпі баяу, дауысы қырылдап шығады.

Дизартрияның спастикалық түрінде сөйлеу тілінің бұзылуын үш деңгейге бөледі: жеңіл түрінде ауызша сөйлеу тілі түсінікті, тек кейбір дыбыстар ғана анық айтылмайды. Орташа деңгейде көптеген дыбыстар бұзылып айтылады. Ауыр түрінде сөйлеу тілі түсініксіз, көптеген дыбыс топтары бұзылады, сөйлеу процесінде беттің, қолдың бұлшық етерінде көптеген синкинезиялар байқалады.

Паретикалық түрінің негізгі синдромы сөйлеу мускулатурасының спастикалық парезі болып саналады. Сонымен қатар кейбір бұлшық еттердің бірден тонусының төмендеуі, әлсіреуі байқалады.

Бұлшық еттердің солғын параличпен зақымдалуына байланысты жұмсақ таңдай салбырап қалуы мүмкін, ол дауыстың мұрыннан шығуына себеп болады. Тілдің арқасының жеткіліксіздігінен Л,И,Ы,У дыбыстарының бұзылуы мүмкін. Солған параличтер ерін бұлшық еттерінде кездессе, онда еріндік дыбыстар (П,Б,М) дауысты дыбыстар (И,Ы,У) бұзылуы мүмкін. Кейде саливация (сілекей ағу), беттің гипомимиясы байқалады.



Гиперкинетикалық түрінде пирамидалық жолдардың зақымдалуымен қоса ми қыртысы астындағы ядролар мен оның байланысы бұзылады. Бұлшық еттердің тонусының қатаюы тремормен бірге байқалады. Дизартрияның бұл түрінде сөздің жатықтығына әсер ететін сөйлеу тілінің просодикасы айтарлықтай бұзылады және көбінесе анартрия кездеседі.

Қорытынды.

  1. Дизартрияның спастикалық-паралитикалық түрінің механизмінің

негізінде орталық спастикалық паралич жатыр.

  1. Спастикалық-паралитикалық түрі мидың әр түрлі құрылымдарының

зақымдалуына байланысты үш түрге бөлінеді:

  • спастикалық;

  • спастикалық-паретикалық;

  • спастикалық - гиперкинетикалық.

  1. Алдымен артикуляциясы күрделі дыбыстар бұзылады.

  2. Дауысты, дауыссыз дыбыстар мұрыннан айтылады.

  3. Дауыс әуезділігі бұзылған, қырылдақ.

  4. Просодикасы бұзылған.

  5. Сөйлеу тілінің дамуы кешеуілдейді, фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі байқалады.


Гиперкинетикалық дизартрия
Дизартрияның гиперкинетикалық түрі (ми қыртысы асты, экстропирамидалық) стриополидарлық жүйесінің және оның мидың басқа құрылымдарымен байланысының бұзылу салдарынан болады. Орталық нерв жүйесінің зақымдалуында экстропирамидалық жүйесінің функциясының бұзылу симптомдары: бұлшық еттердің тонусының тұрақсыздығы (дистония) және дене қалпын сақтай алмауы. Дизартрияның бұл түрінде естудің нашарлауы кездеседі, соның салдарынан фонематикалық қабылдау процесінің дамуында қиындықтар туындайды. Ұқсас фонемаларды ажырату қиыншылықтары, сөздің мағынасын түсінуін қиындатады.

Сонымен қатар ауызша сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының ерекше бұзылуы, сөйлеу кезіндегі тыныс алуының қалыптаспауы, артикуляциялық, мимикалық, бұлшық еттердің гиперкинездері байқалады. Аталған симптомдардың баланың көңіл күйіне байланыстылығы дизартрияның бұл түрін тұтықпаға ұқсатады.



Қорытынды.

  1. Гиперкинетикалық дизартрияның белгілеріне дистония, дискинезия

жатады.

  1. Ми қыртысы асты дизартрияның негізгі белгісі сөйлеу тілінің

просодикалық жағының бұзылуы: сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығының тұрақсыздығы, тыныс алуы мен дауыс шығаруының бұзылуы.

  1. Дыбыс айтуы тұрақсыз. Дыбыс айтуының бұзылуы гиперкинездің

таралуы мен ауырлығына және сөйлеу кезінде көңіл-күйінің жағдайына байланысты.

  1. Дизартрияның гиперкинетикалық түрі балаларда жеке сирек кездеседі,

көбінде спастикалық белгілермен қоса жүреді.

  1. Сөйлеу тілінің дамуы қалыпты мөлшерде.


Дизартрияның атоникалық-астатикалық түрі
Дизартрияның бұл түрін ауырлығы бойынша екі денгейге бөледі: дизартрияның көмескі түрі немесе дизартрияның минимальді байқалуы және ауыр түрі – анартрия. Сөйлеу тілінің басқаларға түсініктілігінің денгейіне қарай С. Тардьенің (1968) топтастыруы бар:

  • дыбыс айтуының бұзылыстарын тек арнайы тексеру барысында ғана

анықтауға болады;

  • дыбыс айтуының бұзылуын бәрі де байқайды, сөйлеу тілі басқаларға

түсінікті;

  • баланың сөйлегенін тек жақын адамдар ғана түсінеді;

  • сөйлеу тілі баланың жақындарынада түсініксіз.

Дыбыс айту мүмкіншіліктерінің мүлдем болмауы немесе нашар байқалатын дизартрияның ауыр түрін анартрия деп атайды. Әдетте ондай балаларда ми қыртысы асты аумақтарының зақымдалуына байланысты қол, артикуляция, дауыс және тыныс алу праксистері бұзылады. Ондай балаларда сөйлеу тілі мүлдем болмайды, дыбысты және буынды қайталауы шектелген, тек кейбір дауысты дыбыстарды «а», «э», сирек - «у», «о», «и» дыбыстарында байқалады. Анартрияда балалардың сөз түсінігі сақталған, ол фонематикалық қабылдауының біршама сақталғанын көрсетеді.
Дизартрияның көмескі түрінің сипаттамасы
Логопедияда дизартрияның көмескі түрі сөйлеу тіл кемістігінің ерекше түрі болып 20-ғасырдың 50 - 60 жылдары бөлініп шыға бастады. Р.А.Белова-Давид патогенетикалық принципке негізделген сөйлеу тілінің дыбыс айту бұзылуының классификациясында екі негізгі түрін атайды: бұзылудың функционалды дислалиясы және орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдалуының салдарынан болған дизартрия.

Е.Ф. Соботович мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс айту бұзылыстарының патогенезін ескере отырып жүйелейді және неврологиялық симптоматиканың негізінде көрінген органикалық негізі бар дыбыс айтуының бұзылыстарын анықтайды. Ғалым бұл бұзылыстарды дизартриялық қатарындағы бұзылыс деп топтастырады.

Бұл бұзылыс симптаматикасы БЦСА кезіндегі көрінетін дизартрияның классикалық түрлерінен өзгеше. Басқа да рессейлік және шетелдік зертеушілер симптоматикасы және табиғаты дислалия мен дизартрияға тән емес дыбыс айтылуының қалыптасуының бұзылуы байқалады деп дәлелдейді.

Аталған кемістіктің табиғаты көпке дейін белгісіз болды. Соған байланысты терминалогиясы әр түрлі (апраксикалық дизартрия, артрикуляторлы диспраксия, органикалық, орталық немесе күрделенген дислалия, функционалды дизартрия, минимальді дизартриялық бұзылыс және т.б.) болды. Кейінірек Е.Ф.Собатович, Р.И.Мартынова, Э.Я.Сизова, Э. С. Макарова, Я. В. Лопатина және т.б. бұл кемістікті көмескі дизартрия немесе дизартрияның көмескі түрі деп атайтын болды.

«Дизартрияның көмескі түрі» деген терминді ең алғаш рет О. А. Токарева қолданған. Оның пікірі бойынша, аталған кемістігі бар балалар көп дыбыстарды дұрыс айталады, бірақ еркін сөйлеуде олар машықтандырылмаған және ажыратылмаған болады.

Зерттеулер алғашқыда дизартрияның көмескі түрін дыбыс айту кемістігіне жатқызғаннан кейін көптеген авторлар оны сөз және сөзсіз функция симптоматикасы ретінде қарастыратын болды. Қазіргі таңда арнайы әдебиетте дизартрияның көмескі түрі бас ми минимальді дисфункциясының салдарынан болған кемістік деп қарастырылады. Дыбыс айтуының бұзылуымен қатар зейін, есте сақтау қабілетінің, интелектуалды әрекет, ерік, жеңіл қозғалыс бұзылады және жоғары ми қыртысы функцияларының қалыптасуының бұзылыстары байқалады.

Дизартрияның көмескі түрінің этиологиясын зерттеушілер (бас ми құрылымына пренатальді, натальді, ерте постнатальді кезінде әсер ететін жағымсыз фактрлар) органикалық себептермен байланыстырады.

Көптеген жағдайда анамнездез баланың дамуының үш кезеңіде бір қатар жағымсыз факторлар тізімі кездеседі. Жағымсыз факторлардың ішінде жүктіліктің токсикозы, ұрықтың хроникалық гипоксиясы, анасының жүктілік кезіндегі хроникалық ауруы, анасымен ұрықтың резус - конфликттік жағдайлардағы нерв жүйесінің минимальді зақымдалуы, жеңіл асфиксиясы, туылған кездегі жарақаттану, баланың нәрестелік кезіндегі инфекциялық аурулары, т.б. Зерттеушілердің айтуы бойынша, баланың дамып келе жатқан миында жағымсыз факторлардың әсерінен зақым жайылмалы түрде болады және мидың толық дамуын тежейді, оның құрылымының қызметін бұзады.

Дизартрияның көмескі түрі болған жағдайда әр түрлі неврологиялық симптоматикасы бар екенін ресейлік және шетелдік зерттеушілер атайды.

Орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдалуының симптомдары парездердің көмескі түрінде, бұлшық еттердің тонусының өзгеруінде мимикалық және гиперкинезде (еріксіз қозғалыстары - артық), паталогиялық рефлекстерде, вегетативті нерв жүйесінің бұзылуында байқалады.

Г. В. Гуровец, С. И. Маевская, Б. А. Архипова дизартрияның көмескі түрі бар балаларда көз - қимыл жүйкесінің қызметі бұзылады дейді.

Бұл жағдайда бір жақты птоз, қылыйлық, көз алмасының қимыл- қозғалысының шектелгені байқалады.

Дизартрияның көмескі түрі бар балалрдың қимыл-қозғалысы баяу, шектелген болады. Мұндай балардың жалпы моторикасы ұсақ моторикасына қарағанда жеткіліксіз зерттелген. Көптеген авторлар дизартрияның көмескі түрінде ұсақ моторикасының бұзылуы артикуляциялық моторикасының бұзылуымен бірге басқарушы симптомдардың бірі деп санайды. Л. В. Лопатина, Н. В. Серебрякова, балалардың ұсақ моторикасының бұзылуын айта отырып, олардың моторикасының нақты еместігін, үйлеспегендігін айтады.

А. В. Семенович синергетикалық сенсомоторлы жөне реципрокты үйлесімдерінің күрлелі бұзылуына, синкенизияларының көптігіне назар аударады. Артикуляциялық моторикасының зерттеу кезінде дизартрияның көмескі түрі бар болғанда бұлшық еттерінің қызметінің бұзылуы байқалады.Үшкіл нервтің төменгі бөлігімен, бет, тіл асты және тілжұтқыншақ нервтермен инервацияланатын үшкіл нервтің ( жұп) қызметі бұзылғаны төменгі жақ сүйегінің қимыл көмегінің шектелуінен көрінеді. Бұл жағдайда тіл және еріннің синкенезиялары, қимылдарының шектелуі, нақтылығы еместігі байқалады. Бет нервінің (VII жұп) қызметінің бұзылуы дизартрияның көмескі түрі бар балаларда мұрын, ерін қатпарларының ассиметриясы, тегістігі, мимикалық қимыл көлемінің жеткіліксіздігі көрінеді.

Тіласты нервтің (XII жұп) иннервациясының бұзылуы тіл ұшының дірілі, оны статикалық қалыпта ұстауы, тілді жоғары көтеруі, бұлшық еттердің гипер- және гипотонусымен белгіленеді. Тіл жұтқыншақ нервтің (IX жұп) қызметінің бұзылуы жұмсақ таңдайдың жеткіліксіз көтерілуімен көрінеді. Сөйлеудің мұрындық ренкі байқалады, саливация, тілдің түбірі және ортасының қимылының көлемі шектеулі болады. Авторлар қимылдарының ауысуының, артикуляция мүшелерінің қимылдарын бір мезгілде қайталауының, персиверацияларының (еріксіз қайталанатын қимылдар), бір қатар қимылдарының қайталау кезінде орындарын алмастыруының қиындығы кездеседі деп ескереді.

Артикуляциялық аппараттың моторикасының аталған бұзылыстарды әр түрлі фонетикалық жетіспеушіліктерді дәлелдейді. О.А.Токареваның айтуы бойынша аталған балаларда дыбыс айтылуының бұзылуы дислалияға қарағанда күрделі болады және логопедиялық ықпалды ұзақ талап етеді.

Дыбыс айтудың ерекшеліктері инервацияның бұзылуының сипатына, артикуляция аппаратының мүшелерінің нерв бұлшық еттерінің қалпына байланысты болады.

Г. В. Гуровец және С. Н. Маевскаяның мәліметтері бойынша жиі кездесетін бұзылыстар дыбыстарды бүйірлік, тісаралық, жіңішкеріп айту болып табылады. Дизартрияның көмескі түрі бар балалар күрделі дыбыстарды артикуляциясы жеңіл дыбыстарымен алмастырады, аффрикаттарды оны құрайтын компоненттеріне бөледі, қатаң дыбыстарды ұяң дыбыстарға ауыстырып айтады.

Зерттеушілер аталған балаларға дыбыс айтудың полиморфты бұзылуы тән дейді. (93,2%) Ол, көбінесе бұрмалап айтуымен және мүлдем айтылмауымен сипатталатын дыбыстардың үш тобы: ызың, ысқырық, сонорлар. Бұндай балаларда просодикалық бұзылуы жақсы көрінбейді. Дауысының тембірінің ерекшеліктері (жоғары, күшті, шәңкілдек немесе керісінше әлсіз, төмен, бәсең) әр түрлі интонацияның жеткіліксіз дифференциясы байқалады. Сөйлеу тілі бір келкі, мәнерсіз болады. Дизартрияның көмескі түріне арналған көптеген зерттеулерде (Г. В. Гуровец, С. И. Маевская, Е. Ф. Соботович, Л. В. Лопатина т.б.) бұндай балалардың фонематикалық қабылдауының бұзылуы жиі кездеседі деп айтылады. Олар есту арқылы қатаң-ұяң, жуан-жіңішке, аффрикаттарды және олардың компоненттерін ажырата алмайды. Сөздің дыбыстық - буындық құрамының бұзылуы, дыбыстық - буындық талдау және жинақтау, фонематикалық түсінігін қалыптастыруының қиындығы оларға тән қасиет.

Дизартрияның фонематикалық жетіспеушілігінің механизм жайында әліде талас мәселе болып тұр.

Л. В. Лопатинаның айтуы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларда анық емес артикуляциялық образдары мен дыбыстардың есту дифференциальді белгілерінің шекаралары өшіріледі. Ал есту арқылы анық қабылдау және бақылау жоқ болғандықтан дыбыс айтуындағы ақаулықтары сақталады.

Р.Е.Левина бұндай көрініс сөйлеу мүшелерінің морфологиялық және қимылдық зақымдануында көрінетін сөз кинестезиялары бұзылуы байқалады дейді .Сонымен, қазіргі дефектология әдебиеттерінде дизартрияның көмескі түрі кезінде кездесетін фонематикалық жетіспеушілік екінші реттік бұзылыс деп қарастырылады.

Нейропсихолог - зерттеушілер (А. В. Семенович, Л. И. Серова т.б.) басқа көз қараста. Оларда дизартрияның көмескі түрі кезінде фонематикалық түсініктің бұзылуын басқарушы симптомдардың бірі деп санайды (сөйлеу тілдің фонематикалық жағының жетіспеушілігі мен қатар).

Бірақ ол дыбыс айтудың бұзылыстарымен емес, ми жүйесінің цериброгенезінің бұзылуынан және жүйелі кешеуілдеуінің салдарынан дейді.

Е. Ф. Соботович, Л. В. Лопатина дизартрияның көмескі түрі бар балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағының жетілмеуі байқалатынын дәлелдейді: сөйлеу тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесінің жеңіл түрде жетілмеуінен экспрессивті сөйлеу тіліндегі аграмматизмдерге шейін. Авторлардың пікірлері бойынша бұл балалардың сөйлеу тілінің грамматика жағынан жеткіліксіз қалыптасуының себебі фонемаларды ажыратудың бұзылуы. Осы көз қарасты Н. В. Серебрякова да қолдайды. Ол дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жетіспеушілігінің салдарынан байланыстырып сөйлеуінің бұзылуы байқалады дейді. Бірақ басқа зерттеушілер бұл көзқараспен келіспейді (Р. И. Мартынова, Г. В. Гуровец, т.б.) Олар бұл бұзылыстар міндетті түрде көрінбейді, белгілі бір жағымсыз факторлардың әсерінен де болуы мүмкін дейді.

Нейропсихолог-зерттеушілер дизартрияның көмескі түрі бар балаларда заттардың атауы мен олардың образымен сәйкестендіруі бұзылғанын айтады. Кейбір балаларда өзбетінше сөйлеуінің қалыптаспауы байқалады, сөзді жинақтау және реттеу функцияларының қалыптасуы кешеуілдейді. Бір қатар авторлар (Р. И. Мартынова, Е. Ф. Собатович, Л. В. Лопатина т.б.) дизартрияның көмескі түрі бар балалардың жоғары психикалық функциялары мен процестерінің қалыптасуының ерекшеліктерін анықтады: ойлау әрекетінің төмендеуі, зейін және жадының функцияларының төмендеуі, сюжетті сериялық уақиғаның логикалық кезектілігін сақтауының, себептік байланысын орнатуының бұзылуы.

О. А. Красовская, А. В. Семенович т.б. таңдамалы көру жады, қабылдауы, кеңістікті бағдарлауының ауытқулары дизартрияның көмескі түрінің типтік симптомы деп белгілейді. Осылай О.А.Красовская затты көріп танудың бұзылуына назар аударады: заттың бейнесінің тек фрагменттерін қабылдау, симультанты гнозисінің бұзылуы және көрнекі бақылаудың жетіспеушілігі. Балалардың суреттерін зерттеу барысында балаларда көрінген бұзылыстар әр түрлі деңгейде болды дейді: көру-конструктивті әрекеттің толық ыдырап кетуі, суретті нұсқау бойынша салуының мүмкін еместігін, жеке бөлшектерін бұзып салуынан, кеңістікте дұрыс орналастырмауына дейін (90% деін бұрып салу). Осы проблеманы зерттеген авторлар көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларды бақылаған. Бірақ кейбір авторлар (Р. И. Мартынова, М. П. Давыдова, т.б.) дизартрияның көмескі түрі бар баланың мектепте оқу кезінде мүмкін болатын қиыншылықтары жайында ескереді.

Л. В. Лопатина және Н. В. Серебрякованың айтуы бойынша дизартрияның көмескі түрі бар балалар 7 жасында да орыс тілінен мектеп бағдарламасын меңгеруге дайын емес дейді. Р. И. Мартынованың еңбектерінде дизартрияның көмескі түрі бар балалардың жазуында дисграфиялық қателер кездеседі деген мәлімет бар.

Г. В. Чиркина да осы кемістігі бар балаларда жазбаша сөйлеу тілінде кездесетін бұзылыстарға тоқталған. «Жалпы білім беру мектепке келген балалардың көбі бірінші сынып бағдарламасын меңгере алмайды» - дейді автор.

Сонымен, арнайы әдебиетте дизартрияның көмескі түрінің келесі симптомдары кездеседі деген мәліметтер бар:

-неврологиялық симптоматикасы;

-көру гнозисының жетіспеушілігі;

-кеңістік түсінігінің жетіспеушілігі;

-есте сақтау қабілетінің жетіспеушілігі;

-моторикасының бұзылуы;

-сөйлеу тілінің просодикасының бұзылуы;

-дыбыс айтуының, фонематикалық қабылдауының, сөйлеу тілінің лексика- грамматикалық жағының, байланыстырып сөйлеуінің дамуының төмен деңгейде болуы.

Бұндай баланың психикалық дамуы ерекшеленген түрде өтеді және жүйелі-динамикалық кешеуілдеумен, бір қатар психикалық функцияларының және процестерінің қалыптасуының бұзылуымен сипатталады.

Нәтижелі жұмыс ұйымдастыру үшін дизартрияның көмескі түрінің симптомдар кешеніне тән басқарушы симптомды анықтау қажет. Сонымен бірге белгілі бір жағдайда көрінетін екінші реттік симптомдарды анықтау керек және осы категориядағы балалардың жазуы мен оқуына әсер ететін психикалық дамуының ерекшеліктерін жақсы білу қажет.
Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына дейінгі баланың сипаттамасы

Анамнез мәліметтерін талдау барысында мектеп жасына дейінгі дизартрияның көмескі түрі бар балаларда перинатальді, натальді және постнатальді кезеңдерінде жағымсыз жағдайлардың асқынуы байқалады. Ең көп асқыну пренатальді кезеңде болады.

Көбінесе невропатолог бұндай балаларға келесі диагноз қояды: пренатальді энцефалопатия, гемморогикалық энцефалопатия, гидроцефальді синдром (ішкі, сыртқы гидроцефалия), гипертензионды синдром.

Балалардың ерте психомоторлы дамуы жеңіл дисфункцияға ие болады, жасына байланысты нормадан кеш және дисрпопорциональді қалыптасады. Бала отырғаннан бұрын тұра бастайды, еңбектегеннен бұрын жүре бастайды. Бала мүлдем немесе дұрыс еңбектемейді (артқа, шетке). Балалар соматикалық әлсіз болады, тұмау ауруымен жиі ауыратын болады. Көбінесе 1-2 жасқа дейін балалар невропатологтың бақылауында болады, ал 3- 4 жастан кейін диспансерлі бақылаудан шығарылады. Ерте жастағы сөйлеу тілінің дамуы кешеуілдеуі мүмкін. Гүілдеу кезеңі болмауы мүмкін, бірінші сөздері 1-2 ай кеш шығады, сөз тіркестерінің пайда болуы нормадан 1-5 айға дейін артта қалады. Белсенді сөз қорына жаңа сөздерді енгізу қиын болады.



Жалпы, ұсақ және артикуляциялық моториканың қалпы
Жалпы моторика дегеніміз – жалпы дененің қимыл-қозғалысы, яғни бастың, мойынның, иықтың, кеуденің, аяқтың қимыл- қозғалысы.

Дизартриямен зақымдалған балалардың моторикасының дамымауы жалпы моторикасының дамуына кері әсерін тигізеді. Моторикасының дамымауы негізгі қимылдардың қалыптасу уақытының тежелуіне әкеліп соқтырады. Нақты емес, икемсіздік, баяу, тепе-тендікті сақтайалмауы, т.б.

Қимылдың белсенді болмауы, сонымен қатар арнайы тәрбие жұмысы мен түзету жұмыстарының жетіспеушілігінен де болуі мүмкін. Түзету жұмысының бағыты келесі негізгі қимылдарды дамытуға арналған болуы керек: жүгіру, секіру, лақтыру, жалпы және ұсақ моторикасын жетілдіруге арналған жаттығулар. Жұмыс мазмұнының құрамына қызықты жаттығуларды, әр түрлі заттарды: допта. Таяқшалар, жалаушалар, шеңберлер және күрделі емес түрлі жабдықтарды ұсынуға болады.

Дизартрик балалардың моторикасын түзетуге бағытталған сабақтар үшін, өз үйінде кішігірім спорт кешенінің болуі тиімді. Оның көмегімен балаға жат, тіпті қорқынышты жаттығулар жасалады: шығу, секіру, айналу, орындықта жүру. Жаттығулар мен ойындарды табиғатта орындаған өте жақсы. Орманда, таза ауада ойнау кезінде бала жергілікті орынмен танысады, төбешекті айналып өту керектігін түсінеді. Балаларға суда қозғалысқа түсу, жүзу пайдалы (ваннада, бассейінде, өзенде, көлде), қыста шаңғы, шана тебу де пайдалы.

Дизартриясы бар балалардың моторикасының қызметін қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыс үлкен шыдамдылыққа, жиі қайталауды және көрсетуді талап етеді, әр жаттығудың орындау баланың күн тәртібіне енуі керек. Тұрақтылық әдетке айналып, сабаққа деген қажеттіліктің бірі болады. Жаттығулар біртіндеп енеді. Мысалы, доппен ойнауға үйрету. Үйрету үшін, алдымен ауада ұшатын шар мен ойнау керек. Балалар допты ұстағанға қорқады, ал шар жеңіл, дауыссыз, тыныш, ақырын, баяу жерге түседі. Шар мен ойынды менгерген бала, допты лақтырып, итеріп, ұстауды, себетке лақтыруды, дөңгелектең, жіптен өткізіп лақтыруды, келгенді соғуды тез үйренеді. Баламен қандай да болмасын спорттық ойынды ойнау кезінде, ересек адам балаға білдіртпей көмектесуі керек. Жалпы қимыл – қозғалыстарды дамыту мен қатар мұғалім-дефектолог баланың қол моторикасының дамуына үлкен көңіл бөледі. Баланың екі қолының іс-әрекетте сәйкестігіне, ұстайтын қимыл-қозғалыстарды дамытуға, баланың әртүрлі заттарды ұстап үйренуге: үлкен заттарды екі қолмен, ұсақ заттарды- бір қолымен ұстауды үйренуіне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар мұғалім-дефектолог баланың қолы мен саумақтарының ұсақ қимылдарын дамытуға ерекуше көңіл бөледі. Осы мақсатқа байланысты үлкендердің қолына еліктететін ойындар мен жаттығулар ұйымдастырады, ал кейіннен қолға арналған театралдық ойындар.

Ұсақ моторика дегеніміз – қолдың, қол білезігінің, саусақтардың, қол бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысы.

Дизартрияға шалдыққан балалардың қолмен жұмыс істеуінде қиындақтар кездесетіні белгілі. Олардың қол білезіктері әлсіз және салбырт, алақандарын жұдырыққа түйе алмайды, саусақтарын бір-бірден санап,үлкен бас саусақты қалған саусақтарға қарсы қоя алмайды. Қолдарына қасық, қарындаш ұстау қиынға соғады. Олар затты жұдырықпен ұстайды; қпйшымен қия алмайды, ермексазды илей алмайды. Қандай да болмасын әрекетті орындау кезінде ересектердің көмегін қажет етеді.

Бұлшық еттерінің тонусының өзгеруі (жоғарлауы немесе төмендеуі) қол білезігінің бұлшық еттерінің әлсіреуне, шаршауына әкеледі. Қол білезігінің және саусақ бұлшық етінің иннервациясының жеткіліксіз топтастырылуы, олардың келісіміне, қалпына кедергі болады. Осыған байланысты бала ұзақ уақыт бойы қарындашты немесе қаламды ұстай алмайды, шаршаған сайын оның қозғалыстары нақты орындалмайды. Аталған бұзылыстар көру қимыл координациясының кемістігімен жиі кездеседі. Мұндай жағдайда баланың жазуы нашар каллиграфиямен ғана сипатталмайды, сондай –ақ бала әріптің жазылуын да қате орындайды. Бала бас миының қызметін, психикасын зерттейтін ғылымдар қол әрекетінің үлкен маңыздылығын атап көрсетеді. Осылайша, жүргізілген тәрбие мен көптеген балаларды тексеру негізінде келесі заңдылық анықталған: «Егер саусақ қозғалыстарының дамуы баланың жасына сай болса, онда сөйлеу тілінің дамуы да қалыпты болғаны. Егер де саусақтардың қозғалыстары кешеуілдесе, онда сөйлеу тілінің дамуы да артта қалады, бірақ бұл жағдайда жалпы моторика қалыпта және қалыптан да жоғары болуы мүмкін. ( Л.В. Фомина)». М. М. Кольцова сөйлеу тілінің қалыптасуы қолдан келетін, анық айтсақ саусақтардың кинестетикалық импульстардың әсерінен жүзеге асады деген қорытындыға келеді.

Ең бірінші кезекте жалпы моторикасымен қатар артикуляциялық моторикасының қимылдарының статикалық үйлесімінің күрделі бұзылуын атап кеткен жөн. Қимыл - қозғалыс актінің кинетикалық компоненттерінің өз ара уйлеспеуі байқалады.

Қимыл - қозғалысты сезінуі сақталғанмен қозғалыс актісінің кинетикалық компонентінің жетіспеушілігі байқалады. Бұл жетіспеушілік берілген проблемаларды толық орындай алмауымен де көрінеді. Қозғалыстардың күрделі формалары орындауға бағытталған тапсырмаларды орындау кезінде дөрекі ауытқулар кездеседі. Бұзылыстардың келесі түрлері көрінеді: қимыл - қозғалысының үйлеспеуі, гипертонустың пайда болуы, синкенизиялар, өз қимыл - қозғалысының амплитудасын реттей алмауы, кеңістікте қолдарын екі жаққа созуы.

Дизартрияның көмескі түрі бар баланың артикуляциялық моторикасы жалпы моторикасының типі бойынша зардап шегеді. Көбінесе бұзылыстар статитикалық қалыпты ұстаған кезде көрінеді: тыныс алуының жетіспеушілігі, гиперсаливация, тілдің, еріннің, иектің треморы, девиациясы (тік осьтан ауытқуы), вегетативті дисфункциялар (тершең болу, терінің қызаруы немесе бозаруы т.б.). Тіл және ерін бұлшық еттерінің парезін осы мүшелерімен жеңіл –желпі қимылдарды орындау барысында көруге болады.

Бұл кезде төмендегідей жағдайлар байқалады:

1. Ерінді алға мүлдем соза алмауы - олар мүлдем қимылсыз болады немесе кезкелген қимыл-қозғалыс жасайды.

2. Езу тартқан кезде (жимыюдың) ассиметриясы - ауыздың бір жағы қозғалмайды немесе аз қимылдайды.

3. Ауыз қуысында тілін жалпақ түрде ұстай алмайды, яғни тіл үнемі жіңішке күйде болады.

4.Тілді ауыздан шығарған кезде бір жаққа ауып кетеді.

5.Тілді ауыздан шығарған кезде тілдің ұшы еріксіз төменгі ерінге қарай бағытталған - бала тілін көлденең ұстай алмайды.

6. Төменгі еріннің көмегінсіз тілдің ұшын жоғарғы ерінге көтере алмауы. Бұл тапсырманы орындаған кезде бала тілін жоғары көтеру үшін төменгі ерінмен көмектескен болады.

7. Тілді оңға, солға қозғалта алмауы. Тіл қатайған түрде бүкіл массасымен қозғалады («бөрене сияқты») - тілдің ұшы айқындалмаған.

8. Ауыздан шығарған тілді еркін ұстай алмауы - тілдің дірілі, бұлшық еттердің ретсіз тартылуы байқалады. Бұл олардың әлсіздігін дәлелдейді.

9. Тілді ауыз қуысында «жиырып» ұстауға бейім болуы. Бала аузын кең ашқан кезде тілдің қалпы жақсы көрінеді.
Сөйлеу тілінің просодикасының және дыбыс айтуының жағдайы
Мектеп жасына дейінгі дизартрияның көмескі түрі бар ересек балаларда сөйлеу тілінің просодикалық жағының компоненттерінің тұрақты бұзылуы байқалады. Осылай, тыныс алуының жетіспеушілігі тыныс алудың түрінің дұрыс еместігінен көрінеді (жиі кеуделік және бұғаналық тыныс алу), сөйлеу кезіндегі дем шығарудың қысқалығы - 5 секундқа дейін болады. Сөйлеу тілі анық емес, нозальді, бір қалыпты, тембірі төмен, дауысы ақырын шығатын болады. Бұндай балаларда дыбыс айтудың бұзылуы байқалады. Бұл екі немесе одан да көп дыбыстардың бұзылуы. Сонымен қатар бір дыбыстың бұзылуы, дыбыстың құрылысы дұрыс қалыптаспауы да кездеседі. Көбінесе ысқырық, ызың және сонорлардың бұзылуы байқалады. Антрофоникалық дефектер басыңқы болады. Олар ызың, ысқырық, тіс аралық, еріндік-тістік сигматизмдерде, бүйрек және көмей ротоцизмде, екі еріндік ламдацизмде көрінеді. Тілдің арқасы көтеріңкі болғаннан дыбыстар жұмсартылып айтылатын болады.

Сонымен, дизартриясы бар балаларда барлық фонетикалық тобының дыбыстарын айтқан кезде қателерінің ұлғая түсуі байқалады. Оған себеп болатын контекстің кеңеюі, оның лингвистикалық күрделігінің деңгейі, баларға таныс болуы, үйреніп жатқан дыбыстардың кездесу жиілігі, т.б.


Фонематикалық қабылдау, талдау және жинақтауының қалпы
Фонематикалық естуінің бұзылуы екінші реттік сипат алады, өйткені баланың анық емес сөйлеу тілі анық естіп қабылдауын және бақылыуының қалыптасуына ықпал етпейді. Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына дейінгі балалар фонематикалық қабылдауының жетіспеушілігінен көптеген қате жіберуі байқалады. Бұл баланың есту моторлы координациясын тексерген кезде жақсы көрінеді. Жәй ырғақтарды қабылдап қайталау кезінде қиыншылақтар кездеседі, ал күрделі ырғақтарды қайталау мүлдем мүмкін емес болады. Фонематикалық қабылдауының жетіспеушілігі артикуляторлы-акустикалық белгілерді, ұқсас сөздерді, күрделі буындық құрамы бар сөздерді және жаңылтпаштарды айтқан кезде байқалады.

Дыбыстық - буындық талдауының бұзылуы төмен деңгейде болса да, бұл жағдайда қиыншылықтары кездеседі. Берілген сөздің біріншіші немесе соңғы дауыссыз дыбыстарын ата деген тапсырманы орындаған кезде, бала көбінесе буынды ажыратып айтады. Сөздің реверсі (алмастыруы) байқалады, мысалы


жүктеу 11,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау