I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет36/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   230
Логопедия

Артикуляторлы–фонетикалық дислалия
- артикуляторлы позициялары 
дұрыс қалыптаспауының салдарынан болған бұзылыстар. 
Дыбыстар бұзылып айтылады (дұрыс айтуына жақын). Дыбыстарды тастап 
кетуі мүмкін. 
Дислалияда тек ғана дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады.
Дыбыстардың бұзылуының 4 түрі кездеседі: 
1.дыбысты мүлдем айтпауы; 
2.дыбысты алмастырып айтуы; 
3.дыбысты бұзып айтуы; 
4.дыбысты шатастырып айтуы. 
Дыбысты мүлдем айтпауы және дыбысты бұзып айтуы – бұзылыстың 
антропофониялық түрі, ал дыбысты бұзып айтуы мен шатастырып айтуы 
бұзылыстың фонологиялық түрі деп ажыратылады. 
Дыбыстардың бұзылыстарын атау үшін халықаралық терминдер қолданады. 
Олар грек алфавитінің әріптерінен құралған. 
Олар: 1.сигматизм – ызың, ысқырық дыбыстарының айтылуының 
бұзылуы (с-с′, з-з′, ц, ш, ч, щ,ж) – 22 % 
2. ротоцизм (р-р′) – 26 % 
3. ламбдацизм (л-л′) – 10 % 
4. каппацизм (к-к′,г-г′,х-х′) – 1 % 
5. йотоцизм (j) – 1,5 % 
6. ұяң дауыссыз дыбыстарының ауытқушылығы (ұяң дауыссыздар 
өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырады б-п, д-т, в-ф, 
з-с, ж-ш, 
г-ғ, к-қ) 
Мұндай ауытқушылықтар құлағы нашар еститін, керең балаларда жиі 
кездеседі. 
7.жіңішке дауыссыз дыбыстардың ауытқушылықтары. Сөйлеу тіліндегі 
жіңішке дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын 
алмастыру ауытқушылықтары: д′-д, п′-п, к′-к, р′-р. 
Дыбыс айтудың пайыздық көрсеткіштері ресейлік автор М. А. 
Александровскаяның деректері бойынша берілген, ал Л. Г. Парамонованың 
(1990) зерттеулері бойынша бұл көрсеткіштер әлде қайда жоғары: ротацизм -
71,6%; ламбдацизм -54 %; ысқырық дыбыстардың айтылуының бұзылуы - 42 
%; ызың дыбыстардың айтылуының бұзылуы -45,4%. Қазақ тілді қалыпты 
дамыған мектеп жасына дейінгі (5-6жас) балалардың дыбыс айтуын тексеру 
нәтижесінде келесі көрсеткіштерді атауға болады: ызың дыбыстардың 
айтылуының бұзылуы – 47,9% (5 жас), 45% (6жас); ысқырық дыбыстардың 


77 
айтылуының бұзылуы - 38% (5 жас), 33,3% (6жас); Р дыбысының 
айтылуының бұзылуы – 30,5% (5 жас), 29,9 % (6жас) (Тулебиева Г.Н., 2010). 
Осы деректерден мектеп жасына дейінгі балалардың арасында д
ыбыстардың 
айтылуының бұзылуы әр түрлі жиілікте көрінетініні байқалады. 
Қорытынды:
Сонымен, дыбыс айтудың бұзылуы сөйлеу тілінің 
бұзылуының ерекше түрі. Бұл бұзылыс функционалды және органикалық 
болады.
К. П. Беккер және М. Совак дыбыстық, буындық және сөздік дислалияны 
ажыратады. Бірақ, Л. С. Волкова дислалияны түрлері бойынша емес, денгей 
бойынша бөлген жөн деп санайды. Өйткені, ауытқудың әр түрінде 
дағдылардың қалыптасуының денгейі жайында айтылады. Жоғарыда аталған 
дислалияның әр түрінде дағдыларының қалыптасуының әр түрлі денгейі 
байқалуы мүмкін. 
Жай және күрделі дислалия
 
Бұзылған дыбыстың санына байланысты дислалия жай (мономорфты) 
және күрделі (полиморфты) болып бөлінеді. 
Мономорфты 
дислалияда 
бір 
немесе 
артикуляциясы 
бірыңғай 
дыбыстардың айтуы бұзылады, ал, полиморфты дислалияда әртүрлі топтағы 
(ысқырық және сонор) дыбыстардың айтылуының бұзылуы байқалады. 
Тәжірибеде дислалияың «таза» түрлерімен қатар акустикалық-
фонематикалық, артикуляторлық-фонематикалық және артикуляторлық-
фонетикалық 
дислалиялардың 
құрама 
түрлері 
кездеседі. 
Бұндай 
бұзылыстарды М. Е. Хватцев жалпы тіл мүкістігі («козноязычие») деп атап, 
сөйлеу тілі бұзылыстарымен байланыстырған. Бұндай құрамалар сөйлеу 
тілінің дыбыстық жағының жеке бұзылыстарына жатпайтын ерекше топ 
құрайды. Олар сөйлеу тілінің басқа жағының жетіспеушілігімен үйлеседі 
және орталық жүйке жүйеснің, психикалық дамуының органикалық 
зақымдалуында байқалады. Себебіне байланысты дислалия функционалды 
және табиғи (органикалық) деп бөлінеді. Соңғы термин перифериялық 
сөйлеу аппаратында морфологиялық өзгерістердің барлығына нұсқайды. 
Механикалық (органикалық) дислалия
– сөйлеу тілінің перифериялық 
аппаратының (артикуляциялық мүшелерінің) анатомиялық ақаулары 
салдарынан дыбыс айтудың бұзылуы.
Механикалық дислалияның себептері: 1) жақ-сүйек жүйесінің ақаулары,
алдыңғы тістер арасындағы диастемалар; 2) күрек тістердің жоқ болуы 
немесе олардың ақаулары; 3) тістену ақаулары. Бұл дамуының ақаулары 
немесе әртүрлі жарақаттар, тіс аурулары немесе адамның жасына 
байланысты өзгерістерінің салдарынан жүре пайда болған ақаулары болуы 
мүмкін. Осы себептерден пайда болған дыбыс айтуының бұзылуы жиі 
кездеседі. Кейбір жағдайда қатты таңдайдың ақаулары (биік орналасуы) 
кездеседі. Бұндай жағдайда ызың, ысқырық, еріндік-тістік, тіс алды
дыбыстарының бұзылыстары жиі кездеседі.


78 
Бірақ, кез келген тіс ақаулары дыбыс айтуының бұзылуына әкелмейді. Кейбір 
кезде тістердің деформациясы кезінде дыбыс айтуы қалыпты болып қалады. 
Тілдің патологиялық өзгерістерінің (өте үлкен, көлемді немесе кішкентей тіл, 
тіл асты желбезегінің қысқа болуы) салдарынан дыбыс айтуының бұзылуы 
таралуы бойынша екінші қатарда тұр. Бұндай ақаулықтарда ызың, ысқырық 
және вибрант дыбыстардың айтылуы бұзылады. Кейбір жағдайда сөздің 
жалпы анықтығы бұзылады. 
Бірақ, лингвисттер (Р. О. Якобсон, М. В. Панов) және арнайы мамандардың
(Г. Гутцман, Р. А. Юрова және б.) айтуы бойынша тілдің патологиялық 
кемістіктері айтуына барлық жағдайда әсер ете бермейді.
Тіл және тіс ақаулары бола тұра баланың дыбысты дұрыс айтуы 
компенсаторлы мүмкіндіктерді дәлелдейді.
Еріннің ақауларынан дыбыс айтуының бұзылуы сирек кездеседі. Өйткені туа 
біткен ерін жарықтары хирургиялық жолдармен ерте жаста емделеді. 
Сондықтан, логопед өз жұмысында жарақаттардан кейін болған деформация 
салдарымен кездеседі. Осындай жағдайда еріннің толық қабыстауынан 
еріндік дыбыстардың айтылуы бұзылады. Сонымен қатар еріндік-тістік 
дыбыстардың да айтылуы бұзылады. 
Механикалық дислалия функционалды және фонематикалық дислалиямен 
қосарлануы мүмкін. Механикалық дислалияның барлық жағдайында хирург 
және ортодонт мамандарының кеңесі, ал кейбір жағдайда емдеуі қажет.
Функционалды 
дислалияның 
табиғи 
негізі 
болмайды. 
Мысалы, 
еліктеушілікпен дамыған дыбыстардың дұрыс айтылмауы. Себебі сөйлеу 
өзінің бастапқы даму кезінде еліктеу негізінде айтарлықтай дәрежеде 
қалыптасады, сонымен қатар оның бұзылу себебінің бірі ретінде баланы 
қоршаған адамдарда дыбысты айту кемшілігі бар болуы мүмкін. 

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау