I тарау. Химиялық алғАШҚЫ ҰҒымдар күні Сабақтың тақырыб



жүктеу 3,03 Mb.
бет15/16
Дата20.11.2018
өлшемі3,03 Mb.
#22247
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

сабақ тақырыбы: Химиялық элементтің ХЭПЖ орны бойынша сипаттамасы.

Сабақтың мақсаты: Периодтық жүйедегі орнына байланысты химиялық элемент және оның қосылыстары жайлы болжам айта білуді қалыптастыру, элемент қасиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтар туралы білімді бекіту. Периодтық жүйедегі барлық элементтер арасында қандай өзара байланыстылық болатындығын көрсету.

Көрнекілігі:Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі кестесі.

.

Сабақ барысы:



І.Оқушылардың білімін тексеру. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:

  1. Элементтер периодтық жүйеде қандай белгілеріне қарай орналасқан?

  2. Периодтық жүйе қалай құрылған?

  3. Периодтық жүйеде атом ядросы зарядының артуына байланысты элементтердің қасиеті қалай өзгереді?

  4. 4-ші периодтағы нағыз металдар мен нағыз бейметалдарды атаңдар.

  5. Периодтық жүйеде неше топ бар?

  6. Топтар қалай бөлінеді?

  7. Атомның ядро зарядына байланысты топшаларда элементтердің қасиеті қалай өзгереді?

  8. І топтағы ең белсенді металды және VII топтағы ең белсенді бейметалды атаңдар?

Жаңа сабақ. Периодтық жүйедегі орнына сай элемент туралы қанша көп нәрсе айтуға болады. Химиялық элементке сипаттама берудің үлгі жоспары:

  1. Элементтің периодтық жүйедегі орны.

а)хим. таңбасы, реттік нөмірі;

ә) периоды,

қатары;

б) тобы,


топшасы;

в) атомдық массасы;

2. Элементтің атомдық құрылысы.

а) атом ядросының заряды;

ә) атом құрамының формуласы (р,п,е сандары);

3.қасиеті,валенттігі


Оқушылардың білімін бекіту.

Периодтық жүйедегі орнына сай элементке сипаттама беруге жаттығулар орындау



Оқулықтан.:№1-5

Бағалау,Үйге:§59,(6-8)

Оқушыларға төмендегі кестенің оң жағын толтырту арқылы бүгінгі өтілген сабақты қорытындылаймыз.

Периодтық жүйенің атом құрылысы теориясымен байланысы

Түсініктер мен заңдылықты атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіру

Мысалдар.

1 Элементтің реттік нөмірі және ядро заряды атомдағы электрон санына сәйкес келеді.
2. Период нөмірі берілген элемент атомының энергиялық деңгейінің санына сәйкес, яғни атомдағы энергия қабатының мөлшері сан жағынан элемент орналасқан периодтың нөміріне тең.
3. Элементтердің химиялық қасиетінің периодты өзгеруі электрондардың энергиялық деңгейде периодты орнала суына байланысты. Элемент атомының ядро зарядының өсуіне байланысты бірдей валентті электрон бар эле менттер периодты түрде қайталанады.
4.Элементтердің жоғары оксидтерінде валенттіктерінің өсуі сутекті қосылыстарында кемуі (периодта солдан оңға қарай) ішкі энергиялық қабатта электрон санының өсуімен түсіндіріледі.
5. Периодта солдан оңға қарай ядро заряды біртіндеп өседі, ядро мен валенттілік электрондардың ара қашықтығы кемиді. Осыған орай электрондарды беріп жіберу қиындап, металдық қасиет әлсіреп бейметалдық қасиет күшейеді.
6. Элементтің жоғары оксидтегі валенттілігі сыртқы электрон қабатындағы электрон санына, топ нөміріне сәйкес болады. Ал сутекті қосылысында валенттілігі сыртқы электрон қабатын аяқтауа жетіспейтін элек трон санымен анықталады.
7. Негізгі топтың элементтерінде атомдық массаның өсуіне қарай (жоғарыдан төмен қарай) валенттілік электрон мен ядроның ара қашықтығы ұлғаяды, сондықтан элементтің электрон беру қабілеті мен металдық қасиеті артады. Негізгі топ элементтерінің сыртқы электрон қабатындағы электрон саны топтың нөміріне сәйкес келеді.

Натрий элементінің реттік нөмірі–11. Атомның ядро заряды – 11, оның айналасында теріс зарядты 11 элетрон орналасады.

Кальций элементі 4-ші периодта орналасқан. Оның атомында электрондар 4-ші энергиялық деңгейде орналасқан.


Азоттан фосфорға, одан мышьякқа қарай қасиеттердің периодты қайталануы, осы элементтердің сыртқы энергиялық деңгейінде 5 электроннан орналасуымен, яни сыртқы энергиялық деңгейде электрон санының қайта лануымен түсіндіріледі.
Кремний элементінен (ішкі қабатта 4 электрон) фосфор элементіне қарай (ішкі қабатта 5 электрон) жоғары оксидтерінде валенттілік 4–тен 5–ке дейін, сутекті қосылыстарында 4-тен 3-ке дейін кемиді.
ІІІ периодта натрийден (Na →СІ) хлорға қарай металдық қасиет азайып бейметалдық қасиет басым болады. Мұндай заңдылық барлық периодта сақталады.


Хлор элементі VII–топта, сыртқы электрон қабатында 7 электрон орналасқан. Осыған орай хлордың жоғары оксидінде валенттілік VII, ал сутекті қосылысында–1.


4–ші топтың негізгі топшасындағы көміртегі элементті бейметалл, ал ең төменгі қорғасын - металл.

Үйге тапсырма: §59.(1-7). Жұмыс дәптері.
күні айы жылы

10-ыншы сабақтың тақырыбы: Д. И. Менделеевтің ғылыми жетістігі.



Периодтық заңның маңызы.

Сабақтың мақсаты. Химия ғылымының және өндірістің қазіргі мәселелерін шешудегі периодтық заңының маңызын көрсету. Оқушылардың периодтық жүйе және периодтың заң туралы білімдерін жүйеге келтіру.

Құрал – жабдықтар: «Д. И. Менделеевтің өмірі мен ғылыми қызметі».

Сабақ барысы: Ұйымдастыру:

Сабақты оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін бастаған жөн.

І. Мына элементтердің гидроксидтерінің формуласын жазыңдар.

а) калий, рубидий, цезий; ә) барий, стронций, магний;

2. Кайсы топтың негіздері күшті болады. Жауаптарынды түсіндіріңдер

Ары қарай оқушыларға Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесінің химияны дамытудағы, элементтерді бір жүйеге келтіріп жіктеудегі маңызын түсіндіру мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:

1. Қазіргі кезде неше химиялық элемент белгілі.

2. Химиялық элементтің қасиеті немен анықталады?

3. Элемент атомының құрылысы қандай?

4. Элементтердің топша бойынша қасиеттерінің ұқсас болуы немен анықталады ,,,,,,,,,, және олардың металдық, бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді.

5. Период бойынша элементтердің қасиеті қалай өзгереді?

6. Элементке сипаттама беру жоспары бойынша реттік нөмірі 20 және 6-ыншы ,,,,,,,,,,,элементтеріне сипаттама бер. Осы элементтер оксидтері берілген заттың ,,,,,,,,,,қайсысымен әрекеттеседі: НСІ, NaOH?

Жаңа материалды баяндауды мына жоспар бойынша жүргіземіз:

1. Периодтық заң - химиялық элементтер жайындағы барлық білімнің қорытындысы.

2. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйе негізінде элементтердің атомдық массасын өзгертуі.

3. Ашылмаған элементтерді алдын-ала сипаттау және периодтық заң мен период тық жүйенің (атомдық массасын) негізгі даму кезеңдері.

4. Физиктердің периодтық заңға сүйене отырып атомның күрделі құрылысын ашуы, зат қасиетінің оның атомдық немесе молекулалық құрылысына тәуелділігін анықтауы.

5. Периодтық заңның маңызына Ф. Энгельстің А. Ферсманның және Г.Сиборгтың берген бағасы.

6. Периодтық заңның философиялық маңызы.

Осы аталған сұрақтарды шешуді мынадай бірізділікпен жүргіземіз.

1. Д. И. Менделеевтің ашқан периодты заңы мен соған негізделе отырып 1869 жылы жасалған периодтық жүйе химиялық элементтердің алғашқы екпінді ғылыми жіктелуі болып саналады. Соның нәтижесінде азғана химиялық элементтерін, түзілген сан алуан химиялық қосылыстарды бір жүйеге келтіруге және оларды одан ары қарай оқып үйренуге мүмкіндік туды. Периодтық заң химиялық элемент жайындағы барлық білімді қорытындылады, бір жүйеге келтірді.

2. Д. И. Менделеев өзінің ашқан периодтық заңында көптеген элементтердің атомдық массасы дұрыс емес деді және оларды химиялық қасиеттері бойынша өз орындарында орналастырып, теория жүзінде атомдық массасын қайта жөндеді. Ол мысалы, мына 10 элементтің атомдық массасын жөндеді: Берилий, титан, иттрий, индий, цезий, празеодим, эрбий, торий, уран. Одан кейін көптеген ғалымдар периодты жүйеге сүйене отырып 20 элементтің атомдық массасын қайта жөндеді.

3. Д. И. Менделеев өз кестесін құрастырғанда ондағы көптеген элементтер әлі ашылмаған еді. Мысалы, қазір 4 – қатарда орналасқан 21-інші скандий элементі ашылмаған еді. Атомдық массасы бойынша Са – ден кейін осы қатарда титан келеді, бірақ оны кальцийден кейін орналастыру мүмкін емес еді. Себебі онда ол ІІІ топта орналасқан болар еді. Ал, титан IV валентті және басқа қасиеттері жағынан да ІІІ топта емес, ІV топта орналасу керек еді. Сондықтан Д. И. Менделеев бір торкөз тастады, яғни кальциймен титан арасында бос орын қалдырды. Сол сияқты 5 – қатарда мырыш пен мышьяк арасында 2 торкөз қалдырылды. Ал, қазір ол торкөздерде гелий мен германий орналасқан. Периодтық жүйедегі тағы да басқа қатарларда бос орындарда қалдырылды. Ол кезде реттік нөмірі 21,31,32,43,61,75,85,87 – элементтер белгісіз еді.

Д .И. Менделеев периодтық жүйеде бос орындар қалдыра отырып, табиғатта осы орындарды толтыратын элементтер болуы тиіс деген пікір айтты және олардың ашылатынына сенді. Сол ашылуға тиіс болған элементтердің қасиеттерін көрші элементтерге қарай периодтық заңға негіздей отырып, алдын ала сипаттап берді. Мысалы, ол алдын ала скандий, галий, германий, т.б. элементтердің қасиеттерін өте дәл анықтап берді. Д. И. Менделеевтің қасиеттерін, орнын алдың ала айтып берген элементтері көп кешікпей ашылды.

Мысалы 1875 жылы француз химигі Лекок – де Буабодран Д. И. Менделеевтің «Экваалюминий» деп сипаттап берген галий элементін ашты. 1873 жылы швед химигі Нильсон Менделеевтің алдын ала сипаттап берген 2-ші элементті – скандийді ашты, оның қасиеті Менделеевтің «экабор» деп аталған элементіне сәйкес келеді. Ал 1896 жылы неміс оқымыстысы Винклер Менделеев сипаттаған 3-інші элементті германийді

ашты. Оқушыларға 33-кестедегі Менделеев сипаттаған Экасилиций қасиетін тәжірибе арқылы ашылған германийдің қасиетіне салыстыру ұсынылады.

Д.И.Менделеевтің алдын ала айтқан элементтерінің үш елде ашылуы оның айтқандарының соншалықты дәл, таңқаларлықтай екендігін көрсетеді, бұл периодтық заңның маңызын арттырды.

1894-1898 жылдары ағылшын оқымыстылары Рэлей мен Рамзайдың инертті газдарды ашуы периодтық жүйе үшін зор сынақ болды (1894 жылы аргон, 1895 жылы гелий, 1898 жылы неон, криптон, ксенон ашылған). Инертті газдардың ашылуы периодтық жүйенің мәнін тереңдете түсті, себебі белсенді металдар мен бейметалдар арасында инертті газдар орналасты. Инертті газдар ашылған соң периодтық заңды бүкіл әлем моиындады.

Д.И.Менделеевтің өзі Вильям Рамзайды периодтық заңды бекітушілердің бірі деп санады. Ол He,Ne,Ar,Kr,Xe-ды ашты, олардың атомдық массасын анықтады, ол сандар периодтық жүйенің талабына сай келді.

4. Периодтық заң ашылмаған элементтерді іздеудегі жол көрсетуші жұлдыз болды. Ғылымның дамуына байланысты ғалымдар химиялық элементтерді жасанды түрде шығара бастады.Периодтық жүйеге сүйене отырып физиктер атомның ішкі құрылысын ашты, атом молекулалар қасиетінің құрылысына тәуелділігі анықталды. Атом құрылысын оқып үйрену периодтық жүйені терең түсінуге мүмкіндік берді. Элементтердің периодтық жүйедегі орны мен атомдарының құрылысы арасында байланыстың болатындығы анықталды. Қазірдің өзінде де периодтық заң және периодтық жүйе ғылымның терең сырларын түсінуге мүмкіндік береді.

5. Атом құрылысындағы барлық жаңалықтар периодтық заңды тереңдетті, дамытты, себебі ол табиғаттың жеке заңы емес, оның жалпы заңдарының бірі. Ол тек химия мен физиканың ғана емес басқада жаратылыстану ғылымдарының жаңалық прогресінің бұлағы болады.

6. Периодтық жүйе химиялық элементтердің дамуының диалектикалық сипатын көрсетеді, онда диалектикалық материализмнің барлық заңдылығы көрінеді.(қарама-қарсылықтың бірлігі мен олардың арасындағы күрес, сандық өзгерістен сапалыққа көшу, терісті терістілеу, өзара байланыс және өзара себептілік заңдылықтары).

Периодтық заң мен периодтық жүйеде философиялық материализмніңт сипаты өз орнын табады, яғни табиғаттың танымдылығы.

Үйге тапсырма: §60 оқу.

Баяндамалар тақырыбы:

  1. Д.И.Менделеевтің балалық және жастық шағы.

  2. Педагогтық және ғылыми қызметі.

  3. Периодтық заңның ашылу тарихы.

  4. Периодтық заңның бекітілуі және жеңуі.

  5. Д.И.Менделеев жайында замандастарының еске алуы.

  6. Д.И.Менделеев еңбегіне шетелдіктердің көзқарасы.

  7. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы – жаңалықтар және техникалық прогрестің бұлағы.

  8. Д.И.Менделеевтің өмірі мен қызметі.


VІІ тарау. Химиялық байланыс. Заттардың құрылысы.
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің электртерістігі.Атомдар арасындағы химиялық байланыстар табиғатының бірлігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атомдардың электртерістігі туралы және осы түсінік негізінде химиялық байланыстың түзілу табиғатын түсіндіру. Период және негізгі топша бойынша элементтердің электртерістігінің өзгеруімен таныстыру.

Құрал-жабдықтар: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі, «Элементтердің салыстырмалы электртерістігі» кестесі.

Сабақ барысы.:І. Оқушылардың атом құрылыс туралы білімін төмендегі сұрақтар негізінде пысықтау.

  1. Атом қандай бөлшектерден тұрады?

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атомдардың электртерістігі туралы және осы түсінік негізінде Электронның заряды қандай?

  3. Химиялық байланыс қандай жағдайда түзіледі?

  4. Атом құрылысы тұрғысынан элементтердің металдық және бейметалдық қасиеті неменанықталады?

5. Химиялық элементке ПЖ орны б/а қалай сипаттама береміз ?
ІІ.жаңа сабақ.

Электртерістік дегеніміз не?

1. Атомдардың басқа элемент атомдарымен қосылысында көрсететін қасиеті;

2. Элемент атомының ядро заряды мен атом радиусына байланысты басқа элементтерден электрондарды өзіне тартып алу қасиеті;

Электртерістілік туралы түсінік –хим/байланыстар табиғатының мәнін түсінуге және ұғынуға көмектеседі. Электртерістіліктің абсолюттік мәні іс жүзінде қолдануға қиын тиетін сандармен анықталады, сондықтан ол салыстырмалы сандармен анықталады. Электртерістілік қатары:

F,O,N,CI,Br,S,C,Se,I,P,As,H,B,Si,Sb

Солдан оңға қарай электртерістілік кемиді.

1)Металдар үшін электртерістіктің мәні екіден кем, ал бейметалдар үшін екіден жоғары. 2)Период бойынша солдан оңға қарай электртерістік артады, ал негізгі топшада төменнен жоғары қарай артады. Осыған орай периодтық жүйеден кез келген екі элементтің қайсысының электртерістілігі күшті екенін айтуға болады.

ә) Элементтердің металға немесе бейметалға жататынын олардың атомдарының элек трондарды беру не қосып алу қабілеттеріне байланысты анықталады;

б) атомдары электрондарын оңай беретін элементтер күшті металдық қасиет көр сетеді.

в) негізгі топшада жоғарыдан төмен қарай, яғни салыстырмалы атомдар массаларының өсуіне байланысты энергетикалық деңгейлер саны артады және ядродан валенттік электрондары атомнан оңай бөлініп шығады.

Электртерістілік түсінігін пайдалана отырып атомдар арасындағы химиялық әрекеттердің үш түрлі жағдайын түсіндіру:

1. Химиялық реакция – электртерістілік мәні өте алшақ элементтердің арасында жүреді, яғни сілтілік металдар мен галоген атомдарының арасында .

2. Химиялық реакция – электртерістілік мәні бірдей элемент атомдары арасында жүреді. Бұндай әрекеттесу бірдей атомдардан тұратын газ молекулалары арасында болады. Мысалы: H2, CI2

3. Химиялық реакция – электртерістілік мәні шамалас болатын элементтер атомы арасында жүреді. Мысалы: H2S, HCI
ІІІ.Оқулық бойынша жұмыс істеу,сұрақтарға жауап беру,есептер шығару.

1)Химиялық элементтер кестесі бойынша тапсырмалар орындау.



2)Тест тапсырмалары
ІV.Бағалау.Үйге: §62 оқу.№1-5

сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыстың негізгі түрлері. Ковалентті полюсті және полюссіз байланыстар.

Сабақтың мақсаты: І-ІІІ период элементтерінің атомдарындағы электрондардың орналасуы туралы білімін бекіту. Атом құрылысының белгілі заңдылықтары негізінде химиялық ковалентті байланыстардың түзілу мәнін таныстыру, ковалентті байланысқан жай заттардың электрондық формуласын құру білігін қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, интерактивті тақта. «Химиялық байланыстардың түрлері», «Химиялық байланыстың түзілуі кестесі атом құрылысының үлгілері».

Оқушылардың білімі мен білігін тексеру. Сыныптағы бірнеше оқушыға жазбаша сұрақтар беріледі (карточка түрлері).

  1. Электртерістілік дегеніміз не?

  2. Натрий мен фтор атомының құрылыс сызбанұсқасын сызып көрсет. Олардың химиялық автивтілгін қалай түсіндірсең?

  3. Металл, бейметалл, инертті элементар атомдарының құрылыс ерекшелігі неде?

  4. Аяқталған және аяқталмаған электрондық қабат нені білдіреді?

  5. Период және негізгі топша бойынша элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? Осы өзгерістердің себебі неде?

Жаңа материалды оқыту. Ковалентті байланыстың екі түрлі үлгісін ұсынамыз.

Химиялық байланыстың түзілуі.

Байланыс түзуші бөлшектер

Әр түрлі химиялық байланыстың түзілуі

Байланыс қалай түзіледі

Химиялық байланыс түрлері

Әр түрлі химиялық байланыстағы заттар

Бейметалл атомда рының бір түрі
Бейметалдардың әр түрлі атомдары
Металдармен бейме- талдар атомда ры

Н·+·Н→Н:Н

:СІ·+·СІ:→:СІ:СІ:
Н·+СІ:→Н:СІ:

Nа·+·СІ:→Nа+(:СІ:)-


Электрондардың жұптасуы арқылы
Электрондардың жұптасуы арқылы
Металл атомдарынан бейметалл атомына электронның ауысуы және түзілген иондары -ның лектростатикалық тартылуы арқылы

Ковалентті полюссіз
Ковалентті полюсті
Ионды

Н2, СІ2, О2, Вr2, F2, N2


НСІ, НВr, НY, Н2S, т.б.

NaCI, NаF, К2S, Li2О, NаВr т.б.



Кестені толтыру барысында оқушы төмендегі жағдайға ерекше көңіл аударуы керек: химиялық әрекеттесу кезінде электрон атомдары дара электрондық жұптасу есебінен электрондық сыртқы қабатын аяқтап, тұрақты электрондық құрылысқа көшеді. Яғни атомдар 8 н/е 2 электроннан тұратын тұрақты конфигурация түзуге тырысады. Жалпы электрон жұптарының саны атомдардың сыртқы энергитекалық деңгейшедегі дара электрон сонымен анықталады. Галогенсутектері (НСІ, НВr) молекуласындағы ковалентті полюсті байланыстың түзілуі электрондық тығыздықтың ығысуымен түсіндіріледі.

Одан әрі электрондық формула құрудың алгоритімімен таныстыру.

  • Сәйкес келетін атомдардың химиялық таңбасын тізіп жазу.

  • Элементтің периодтық жүйедегі орнын (қай топқа) табу.

  • Берілген элементтің орналасқан тобына сәйкес валенттік электрондардың санын белгілеу.

  • Нүктелер арқылы элемент атомдарындағы дара электрондардың жалпы санын белгілеп, электрондық қабатын аяқталуына неше электрон жетпейтінін анықтау.

  • Әр атомның химиялық таңбасының айналасына нүктелеріне қалған электрондарды белгілеу.

Н2, СІ2, О2, N2 элементтерінің электрондық формуласын жазып болған соң, осы формуладағы нүктелермен көрсетілген элетрон жұптарын сызықшамен ауыстырса құрылымдық формула алынатынын түсіндіру. Тақтаға және дәптерге төмендегіше жазылады:

Электрондық формула: Құрылымдық формула:

Н:Н :СІ:СІ: :О:О: :N:N: Н:СІ: Н-Н, СІ-СІ, О=О, N-N, Н-СІ

Ковалентті полюсті байланысты малекуланың құрылымдық формуласында электрон тығыздығының бір атомынан өткінші атомға ығысуын бағдаршамен көрсетеді. Электрон тығыздығын өзіне тартатын электрон элемент атомы ішінара теріс зарядталады. Ал өзінен ығыстыратын элемент атомы ішінара оң зарядталады. Мысалы: Н+→СІ-

Оқушылар білімін тексеру үшін төмендегідей тапсырма беріледі:

1. О2 мен НF молекулаларының электрондық формуласын салыстырыңдар. Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

2. Вr2, Н2S, NН3 малекуласының электрон тығыздығы ығысуы мен ішінара зарядталуын көрсетіп, электрон дық және құрылымдық формуласын жаз.

3. Н2О, СО2, N2, NН3, О2, Н2S, НF, F2, СІ2 заттары берілген. Көрсетілген заттардың қайсысы ковалентті полюсті, қайсысы ковалентті полюссіз байланысқан.

Үйге тапсырма. §62 Жұмыс дәптерінен жаттығулар орындау.
3 с а б а қ т ы ң т а қ ы р ы б ы : Иондық байланыс.

С а б а қ т ы ң м а қ с а т ы : Оқушылардың ковалентті байланыстың түрлері, элемент атомдарының терісэлектрлік түсінігін қолданудағы шеберлігі мен дағдыларын арттыру. Ионды байланыс табиғаты туралы түсінік беру. Ионды қосылыстар түзілуінің сызбанұсқасы мен химиялық реакция теңдеулерін құруға үйрету.

Қ ұ р а л – ж а б д ы қ т а р : «Химиялық байланыстар», «Ионды байланыс» интерактивті тақтадан көрсетілетін көрнекілік.

Ж а ң а м а т е р и а л д ы б а я н д а у . Бұл сабақ өткен сабақтың жалғасына жатады деуге болады. Оқушылардан ковалентті полюсті және полюссіз байланыстардың қалай түзілетіні элементтердің терісэлектрлік ұғымы туралы сұралып, ионды байланысты қарастыруға кірісеміз. Ол үшін мына жағдайды сипаттаймыз:

  1. Ионды байланыс – терісэлектрлік мәні бір-бірінен өте алшақ элемент атомы арасында түзіледі (бірінші жағдай). Бұл кезде терісэлектрлігі нашар элементке терісэлектрлігі күшті элементтер атомынан электрондар түгелдей өтуі арқылы жүреді. Өзінің сыртқы қабатындағы валенттік электрондарын толық беріп жіберетін атомдар оң зарядты ионға, ал осы электрондарды қосып алатын атомдар теріс зарядты ионға айналады. Оқушыларды қатыстыра отырып ионға анықтама беріп, атомның ионға айналу процесін былай көрсетеміз:


+11Na0 2e-, 8e-, 1e- + F 2e-, 7e- → Na+F-

e



Na0 + F → Na+F-

Қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің бірін-бірі тартатыны оқушыларға физика курсынан белгілі. Соны еске түсіре отырып, ионды байланысқа анықтама береміз. Ионды байланысты заттарға мысалдар: NaCl, KCl, NaF, K2O, Li2O, MgCl2.

Оқушылардың назарын төмендегі жағдайға аударамыз. Атом қанша электрон берсе не қанша электронды қосып алса, түзілген оң және теріс ион заряды да сонша болады. Ион заряды элемент таңбасының оң жағына қойылады:

Na+, Cl-, Mg2+, Al3+, Ca2+, S4+.

Оқушылардың білімі мен іскерлігін бекіту. Әр түрлі байланыстардың түзілуі механизмінің негізгі теориялық маңдайын ұғу және түсіну үшін төмендегі жаттығуларды орындату қажет:

  1. Төменде көрсетілген заттардың ковалентті полюсті, ковалентті полюссіз және ионды байланысты заттардың формулаларын теріп, бөліп жаз: H2, РН3, NaI, ZnF2, Br2, H2S, H2O, CaCl2, HBr, O2, N2, AlCl3.

  2. Натрий хлориді мен хлорсутегі молекулалары мысалында ионды және ковалентті полюсті байланыстар түзілуінің ұқсастығы мен айырмашылығын белгілеңдер.

  3. Галогенсутектері қатарында НҒ, НСl, HBr байланыстың полюстілігі қалай өзгереді? Жауабыңа түсінік бер.

  4. Төмендегі қосылу реакциясы теңдеуін құрастыр және металл атомынан бейметалға қанша электрон өткенін белгіле:

а) Li + O2 → б) Cs + S →

ә) Ca + F2 в) Na + F2

  1. Төмендегі элементтер атомы мен ионның құрылысын салыстыр:

Na+ және Na0 Mg2+ және Mg0 N3- және N0

S2- және S0 S2- және S0

Ү й г е т а п с ы р м а б е р у: §61 3-4 жаттығуларды орындау

cабақтың тақырыбы: Кристаллдық торлары.

сабақтың мақсаты. Оқушыларға молекулалық, атомдық және иондык кристалл торлары туралы түсінік беру, заттардың қасиеттері кристалл торлардың түріне байланысты екенін және кристалл торлардың әр түріне химиялық байланыстың қандай түрі сәйкес келетінін түсіндіру.есептер шығару қабілеттерін одан әрі дамыту.

көрнекілігі: Натрий хлориді, графит, «Кристалл торларының түрлері»тірек-сызба.

Сабақ барысы:

І.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Мына қосылыстардағы байланыстардың түрін анықта: MgCI2,Br2, HCI, CCI4, NaCI, SO2.

2. Мына қосылыстардың қайсысында иондық байланыс бар: калий хлориді, фосфор (V) оксиді, күкіртсутегі, натрий фториді.

ІІ.Жаңа сабақ.

Қатты заттарды кұрайтын бөлшектердің қатаң заңдылықпен орналасатынын рентген сәулесінің жәрдемімен зерттеп, дәлелденген.. Ион, атом немесе молекула күйіндегі бөлшектер кеңістікте белгілі бір қашықтықта, түйіндерде орналаса отырып, кристалл торларды құрайды. Осындай зандылықпен белгілі бір қашықтықта орналасқан кристалдардың бөлшектері кезектескен кәдімгі. торлардың құрылысын еске түсіреді. Осыдан барып «кристалл торлары» деген ат қалыптасады. Осы кристалл тордың түйінінде қандай бөлшектердің орналасуына байланысты, иондық, атомдық және молекулалық кристалл торлар деп бөлінеді.

Иондық, атомдық және молекулалық кристалл торларына сипаттама беру.



Кристалл торлардың түрлері

Кристалл торларға сипаттама

Торлардың түйіндеріндегі бөлшектер

Түйіндердегі бөлшектердің бір – біріне әсері

Химиялық байланыстың түрлері

иондық

иондар

электростатикалық

иондық

атомдық

атомдар

Ковалентті (өте берік)

Ковалентті полюссіз

молекулалық

молекулалар

(әлсіз)

Ковалентті полюсті, полюссіз

Мысалы: атомдық кристалл торлар:Н2, СІ2, О2, Вr2, F2, N2

Молекулалық:НСІ, НВr, НY, Н2S.

Иондық: CaCI2 NaCl, KCl, NaF, K2O, Li2O, MgCl2.


ІІІ.Оқушылардың білімдерін бекіту үшін тапсырмалар орындау,сұрақтарға жауап беру
1. Иондық молекулалық және атомдық кристал торлардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

2. Иондық кристалл торлы заттардың физикалық қасиеттері қандай?

3. Атомдық,молекулалық кристалл торлы заттардың физикалық қасиеттері қандай?

4.Кристалл торларының әр түріне екіден мысал келтір.

№1-3 тапсырмалар оқулық бойынша 173 бет
ІV.бағалау.Үйге тапсырма беру: §65. №4 жаттығу.

5-6 сабақтың тақырыбы: Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциясы.



Сабақтың мақсаты:Тотығу дәрежесі. Тотығу – тотықсыздану реакцияларын жазу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың барысы: Зат құрылысы жайлы сұрақтар қойылады.

  1. Кристалдық торлар түрін атап беріңдер.

  2. Қандай кристалдық торлар ең мықты? Неге?

  3. Тор түйіндері деген не? Иондық кристалл торлы заттардың қасиеті қандай болады?

Жаңа сабақ: Әуелі бинарлы қосылыстардағы AI2+3O3-2 тотығу дәрежесін анықтауды одан соң күрделі заттағы H2+1C+4O3-2 элементтің тотығу дәрежелерін анықтауға жаттығу жасайды. Оқушыларға мына заттардың формулаларындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды:H2SO4, MnCI2, MgSO4,SiO2, CuO,HMnO4,K2Cr2O7.

Жаттығулар орындау. 1. Мына қосылыстардағы хлордың:HCI,CI2,HCIO, HCIO2, HCIO4 тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

2. Мына қосылыстардағы фосфордың:PH3,HPO3,H3PO4,H3PO3 тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

3. Мына қосылыстардағы күкірттің: H2S,ZnS,SO2, H2SO3, H2SO4 тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

Екінші сабақ алдына мынадай сұрақтар қойылады:

  1. Қандай жағдайда химиялық элементтер оң, теріс, нөл тотығу дәрежесін көрсетеді?

  2. H2,HCI,H2O,F2,PCI5 қосылысындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтаңдар.

  3. Иондық,атомдық және молекулалық кристалл торлы заттардың физикалық қасиеттері қандай? Оксидтер тақырыбындағы тотығу деген сөздің мағнасын еске түсіру. Реакциялардың бәрі ТТР-на жатпайды, тек теңдеуде тотығу дәрежелері өзгеретін элемент атомдары болса, ондай теңдеулер ТТР – на жатады. Енді оны заттың құрылысы тұрғысынан қарастыру қажет. Магнийдің күкіртпен әрекеттесуін қарастырамыз: Mg0 + S0 = Mg+2S-2

ЭБТ құру арқылы теңдеуді теңестіру: Mg0 – 2е = Mg+2 тотығады

S0 + 2е = S-2 тотықсызданады

Mg-тотықсыздандырғыш, S –тотықтырғыш, Магний сульфидіндегі +2,-2 тотығу дәрежесінің мәні айтылады.

Солдан оңға қарай ТД өсетін болса,элемент атомдары тотықсыздандырғыш (ТСШ) қасиет көрсетеді: -4, -3, -2, -1 ,0, +1, +2, +3, +4, +5,+6

Оңнан солға қарай ТД кемитін болса, элемент атомдары тотықтырғыш (ТТШ) қасиет көрсетеді:

Оқушыларға тотықтырғыш,тотықсыздандырғыш ұғымдарының анықтама сын,тотығу-тотықсыздану реакциясының мәнін түсіндіру. Тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеуін құру алгоритмі берілген кесте ілініп, оқушылар жаттығу жұмысын орындайды. Алгоритмі:

  1. Химиялық теңдеуді құру.

  2. Теңдеудің оң және сол бөлігіндегі барлық элементтердің тотығу дәрежесін анықтап, оны жазу.

  3. Тотығу дәрежесі өзгерген элементті табу.

  4. Электрондық баланс теңдеуін құру.

  5. Химиялық теңдеуге коэффициенттерін қою.

  6. Теңдеудің оң және сол бөлігіндегі оттегінің саны бойынша коэффициенттің дұрыс қойылғандығын тексеру.

  7. Тотықтырғышты, тотықсыздандырғышты, тотығу – тотықсыздандыру процесін анықтау.

Сабақты пысықтау мақсатында жаттығулар орындау.

  1. Тотығу – тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру:

AI + S = H2S + O2 = PbO + H2 = AI + Br2 =

2. ТТР теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңдар.H2S + CI2 = HCI + S ; HNO3 + Cu = Cu(NO3)2 + NO2 + H2O;

Үйге тапсырма беру: §64. 5-6-7 жаттығуларын орындау.
7 сабақтың тақырыбы: Заттардың құрылысы, химиялық байланыстар, тотығу дәрежесі, тотығу-тотықсыздану реакциясы тақырыбына бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың осы тақырыптар бойынша білім, білік және дағдыларын тексеру үшін бақылау жүргізу.

Бақылау жұмысы:

1 – нұсқа.

1- есеп. Берілгені: CI2, NaCI, C, H2O, CO2, SiC, CaCI2

а) осылардан атомдық, иондық молекулалық кристалдық торға сәйкес қосылыстарды бөліп жазыңдар.

ә) осылардан иондық,ковалентті полюсті,ковалентті полюссіз байланыстарға сәйкес қосылыстарды бөліп жазыңдар.

б) осы қосылыстардың тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

2-есеп. Төмендегі реакция теңдеуін тотығу – тотықсыздану реакциясы тұрғысынан теңестіріңдер.

K + CI2 = KCI

Fe + CI2 = FeCI2

Mg + O2 = MgO
2 – нұсқа.

1.Мына заттардың: хлор, бромсутек, натрий хлориді, калий сульфиді, күкіртсутек, формуласын жазыңдар және иондық байланыстағы қосылысты бір сызықпен, ковалентті полюссіз байланыстағын екі сызықпен,ал ковалентті полюсті байланыстағын ирек сызықпен сызыңдар.

2. Хлор және су молекуласының түзілу сызбанұсқасын бейнелеңдер. Ондағы байланыс түрлері қандай?

3.Мына элементтер: AI0, AI3+, CI0, CI - атомдардан иондарға айналады, олардың түзілу процесін қалай бейнелеуге болады?

4. Төмендегі реакция теңдеулерін тотығу – тотықсыздану реакциясы тұрғысынан теңестіріңдер.

СІ2 + КІ = KCI + I2

Na + H2O = NaOH + H2
3 – нұсқа.

1.Егер: а) элемент атомында 3 электрондық қабат болып, ең сыртында электрон саны бес

болса;

ә) элемент атомында 13 протон болса қай элементтер жайында сөз болғаны? Бұлар өзара әрекеттесе ме? Өзара қандай химиялық байланыс түзетінін тауып, оны сызбанұсқа түрінде көрсетіңдер.
2. Мына қосылыстардағы: SO2, CaCI2, AI2O3, CuCI, FeS, Br2 элемент атомдарының тотығу дәрежесін анықта, атомдар арасындағы байланыс түрлері қандай?

3. Мына элементтер:Br0,Br -,N0,N3+атомдардан иондарға айналады,олардың түзілу процесін қалай бейнелеуге болады?
4. Төмендегі реакция теңдеулерін тотығу – тотықсыздану реакциясы тұрғысынан теңестіріңдер. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңдар.

AI + O2 = AI2O3

H2 + FeO = Fe + H2O
Үйге тапсырма беру: Қайталау.
8-сынып Бақылау жұмысы

1-нұсқа:

  1. Мына қосылыстардағы элементтердің валенттігін анықтаңдар: NH3, P2O5 , CrO3 , H2S , ,SO3;

2. Мына фосфор қышқылының (H3PO4) құрамындағы әр химиялық элементтің массалық үлесін

есептеп шығар.

3. Төмендегі берілген химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типтерін анықтаңдар:

а) Mg + O2 — MgO ә) Ag2O — Ag + O2

б) KCIO3 — KCI + O2 в) AI + S — AI2S3

г) CuO + AI — AI2O3 + Cu д) Na + H2O — NaOH + H2

ж) AI2O3 + HBr = AIBr3 + H2O

4. Массасы 6 грамм магний жанғанда түзілген магний оксидінің (MgO) массасын және зат мөлшерін

есептеп шығар.

5. Реакциясының теңдеулерін аяқтап жаз:

а) Hg2O = ? + ? ә) HgCI2 + Cu = ? + ? б) MgO + HCI = ? + ?
2-нұсқа:

1. Төмендегі қосылыстардың формуласын құрыңдар: а) кальций мен хлор(І); ә) азот (V) пен ,оттек;

б) алюминий мен ,оттек;, в) натрий мен ,күкірт (ІІ).

2. Мына әктастың (CaCO3 ) құрамындағы әр химиялық элементтің ,массалық үлесін есептеп шығар.

3. Төменде берілген химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типтерін анықтаңдар:

а) Fe + O2 — Fe2O3 ә) P + O2 —P2O5

б) KCIO3 — KCI + O2 в) ZnO — Zn + O2

г) Fe3O4 + AI — AI2O3 + Fe д) Na + H2O — NaOH + H2

в) KOH + H2SO4 = K2SO4 + H2O

4. Массасы 6,2 грамм фосфор жанғанда түзілген фосфор (V) оксидінің (P2O5) массасын және зат

мөлшерін есептеп шығар.

5. Реакциясының теңдеулерін аяқтап жаз:

a) CuO = ? + ? ә) FeS + HCI = ? + ? б) CuO + H2 = ? + ?

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

8-сынып Бақылау жұмысы

1-нұсқа:

  1. Мына қосылыстардағы элементтердің валенттігін анықтаңдар: NH3, P2O5 , CrO3 , H2S , ,SO3;

2. Мына фосфор қышқылының (H3PO4) құрамындағы әр химиялық элементтің массалық үлесін

есептеп шығар.

3. Төмендегі берілген химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типтерін анықтаңдар:

а) Mg + O2 — MgO ә) Ag2O — Ag + O2

б) KCIO3 — KCI + O2 в) AI + S — AI2S3

г) CuO + AI — AI2O3 + Cu д) Na + H2O — NaOH + H2

ж) AI2O3 + HBr = AIBr3 + H2O

4. Массасы 6 грамм магний жанғанда түзілген магний оксидінің (MgO) массасын және зат мөлшерін

есептеп шығар.

5. Реакциясының теңдеулерін аяқтап жаз:

а) Hg2O = ? + ? ә) HgCI2 + Cu = ? + ? б) MgO + HCI = ? + ?
2-нұсқа:

1. Төмендегі қосылыстардың формуласын құрыңдар: а) кальций мен хлор(І); ә) азот (V) пен ,оттек;

б) алюминий мен ,оттек;, в) натрий мен ,күкірт (ІІ).

2. Мына әктастың (CaCO3 ) құрамындағы әр химиялық элементтің ,массалық үлесін есептеп шығар.

3. Төменде берілген химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типтерін анықтаңдар:

а) Fe + O2 — Fe2O3 ә) P + O2 —P2O5

б) KCIO3 — KCI + O2 в) ZnO — Zn + O2

г) Fe3O4 + AI — AI2O3 + Fe д) Na + H2O — NaOH + H2

в) KOH + H2SO4 = K2SO4 + H2O

4. Массасы 6,2 грамм фосфор жанғанда түзілген фосфор (V) оксидінің (P2O5) массасын және зат

мөлшерін есептеп шығар.

5. Реакциясының теңдеулерін аяқтап жаз:

a) CuO = ? + ? ә) FeS + HCI = ? + ? б) CuO + H2 = ? + ?

Сабақ тақырыбы: «Галогендер және олардың қосылыстары» тақырыбын қорытындылау сабағы
Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушыларға галогендер және олардың қосылыстары тақырыбын жете меңгерту.

Дамытушылық : Оқушылардың галогендер топшасы және олардың қосылыстары туралы білімдерін дамыту.

Тәрбиелік : Оқушыларды басқа бейметалдарға қарағанда галогендердің басты ерекшелігін ажырата алуға тәрбиелеу.


Сабақ әдісі : Баяндау, сұрақ- жауап.
Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру.

2. Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары.

3. Ойын барысы.

4. Бекіту.

6. Бағалау .

5. Үй тапсырмасын сұрау.



Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары:

  1. Натрийдің ең маңызды қосылыстарын атап беріңдер. Бұл заттар қайда қолданылады?

  2. Натрий хлоридін калий хлоридінен қалай айыруға болады?

  3. NaCl қайда қолданылады? Маңызы неде?


Сабақтың барысы:

  1. Кезең

Өткен тақырыпқа қайталау сұрақтары қойылғаннан кейін, сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Әрбір топқа жетекші сайланады, жетекшілер тақтаға шығып, жасырын тұрған топ аттарын таңдайды, соған сәйкес әрбір топ өздерінің атаулары бойынша түсініктеме беріп, таныстыруы тиіс (ашылуы, қолданылуы, маңызды қосылыстары).
Мысалы:
Йод. Мені 1811 жылы француз фабриканты химик-технолог Бернер

Куртуа ашты. Атым грекше иодус- күлгін, қара көк деген мағына береді.

Минералдарым лаутарит (СаІО3) және дицеит 7Са(ІО3)2·8СаСrO4,

тұздарым иодидтер аз мөлшерде гидросферада- теңіз суында,

скважиналанған мұнай суларында кездесемін. Теңіз орман- жапырағы деп

аталатын ламинария балдырының құрамында 0,1-0,6 %-мын.

Организмдеріңізге йод жетіспесе бақшаңкөз ауруына шалдығасыздар,

сондықтан құрамында йоды бар асты пайдаланыңыздар.

Менен медицинада дәрілер даярлайды, тамақ өнеркәсібінде, фото, кино

ісінде, лабораториялық реактив ретінде де қолданыламын.


Фтор. Мен бүлдіргіш элементпін, қ.ж. солғын сары түсті бейметалмын. Өткір иісті улы газбын. Қосылыстарымда бір валенттімін, өте белсендімін, қалыпты температурада көптеген элементтермен әрекеттесемін. Менімен жанасқан кезде натрий, кальций, кремний, күкірт, фосфор мына тұрған галогендер: бром мен йод та жанады, ал су айырылады. Мені органикалық қосылыстар синтездеуде, шыны өңдеуде, ағашты шіруден сақтауда, т.б. мақсаттарда да қолданылады. Өсімдіктер мен жануарлар, адам өмірінде де елеулі рөл атқарамын. Ауыз суда мен жетіспесем тістеріңіз ауыратын болады. Мен адамзатқа қажетті элементпін.
Бром. Мені 1826 жылы француз ғалымы Ж.Балар ашқан. Иісім сасық болғандықтан менен бәрі қашады. Мен қалыпты жағдайда өткір иісті қызыл-қоңыр түсті ауыр сұйықтықпын, ауада тез буланып, сары қоңыр бу түземін. Судағы ерітіндім бром суы деп аталады. Менің қосылыстарым өнеркәсіпте сурет, кино материалдарын жасауда, медицинада дәрі-дәрмектер алуда, іштен жанатын двигательдердің (автокөлік, авиация) бензин сапасын жақсартып, этилдеуде қолданыламын.


  1. Кезең

Үш топқа «Ойлан,тап» атты 3 сұрақ беріледі:

1. Жеңіл 1 ұпайлық ( );

2. Орташа 2 ұпайлық( );

3. Қиынырақ 3 ұпайлық ( ).





І топ






VII топтың негізгі тошасындағы элементтерге сипаттама беріңіз.

Cl2 молекуласының түзілу сызбасын жазыңыз, қандай байланыс тән?

Галогендердің бірін-бірі ығыстыруына, сәйкес реакция теңдеуін жазыңыз.



ІІ топ




Хлор атомының тотығу дәрежесі +3, +5, +7 болып өзгеретінін түсіндіріңіз?

Тотықтырғыш сөзіне түсініктеме беріңіз.

Хлорсутектің физикалық қасиеттерін сипаттап айтып беріңіз?





ІІІ топ




Галогендердің сутекті қосылыстарының тұрақтылығы қалай өзгереді?

F, Br, I жалпы физикалық қасиеттеріне сәйкес сипаттамасын айтып беріңіз?

Галогендердің ішіндегі ең белсендісі қайсысы? Себебін түсіндіріңіз?






  1. Кезең

Әрбір топқа галогендер тақырыбы бойынша сөзжұмбақтар беріледі. Тез шешкен топқа жоғары ұпай берілсе, ал кейін шешкен топтарға тиісті ұпай сандары беріледі.
Сөзжұмбақ «Химиктер»








1

Х








































2




И





































3







М




























4
















И


































5










К































6













Т

























7



















Е




























8
















Р













жүктеу 3,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау