Екідайлы оксид + қышқыл = тұз + су
Екідайлы оксид + сілті = тұз + су
Есептер шығару:
1-тапсырма: Берілген формулалар:NaCI,SO2,CO2,H2O,HCI,H2SO4,KOH. Осылардың қайсысы кальций оксидімен әрекеттеседі. Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.
2-тапсырма: Берілген формулалар:H2O,BaO,SiO2,BaCI2,Ca(OH)2,Na,H2SO4. Осылардың қайсысы көміртек(IV) оксидімен әрекеттеседі. Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.
Оқулықпен жұмыс. Сұрақтарға жауап беру.
Үйге тапсырма: §45(1-10). Жұмыс дәптері.
Сыныбы: 8 сынып
Күні:
сабақ тақырыбы: Негіздердің жіктелуі, аталуы, алынуы мен химиялық қасиеттері.
Оқыту мақсаты: Судың химиялық қасиеттерін еске түсіру арқылы негіздердің ережесі.
Химиялық қасиеттерді оқып-үйренуді жалғастыру. Екідайлы қасиетті элементтер туралы мағлұмат беру. Заттарды бір-бірімен салыстырып, олардың ерекше қасиеттері
мен ортақ қасиеттерін ажырата білу, заттың құрамы мен құрылысы жайлы білімді дамыту. Негіздер класына жататын заттардың ортақ химиялық қасиеттері және ұқсастығы мен айырмашылығын құрамына қарап ажырату.
Реактивтер мен құралдар: Темір(ІІ), мыс(ІІ) және мырыштың ерігіш тұздары, мыс(ІІ) гидроксиді, сілтілер,қышқылдар,спирт шамы,сіріңке.
Лабораториялық тәжірибе: Ерімейтін негізді қыздырып айыру. Мырыш гидроксидінің әрі қышқыл,әрі негізбен әрекеттесу тәжірибесін жасау.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тірек білім мен біліктер: Оксид,қышқыл,тұз,қышқылдық оксид,негіздік оксид, бейта- раптану реакциясы,жай және күрделі заттар,металл,бейметалл,екідайлы оксид, индика- торлар. Кесте толтыру,химиялық тілді жаттықтыру,өз бетімен жұмыс істеу.
Кесте толтыру: Бейорганикалық заттар
Жай заттар
|
Күрделі заттар
|
элементтер
|
оксидтер
|
қышқылдар
|
негіздер
|
тұздар
|
металл
|
бейметалл
|
екідайлы
|
Негіз
дік
|
Қыш
қыл
дық
|
Екі
дай лы
|
оттекті
|
оттексіз
|
сілті
|
негіз
|
екідайлы
|
|
Өтілген тақырыптар б/а білімдерін тексеру: сұрақтарға жауап беру:
- Оксидтер,қышқылдар,негіздер және тұздар дегеніміз не?
- Негіздер мен тұздардың құрамдарын салыстыра отырып, қандай ұқсастықтары мен,айырмашылықтары бар екендігін анықтаңдар?
- Қышқылдық,негіздік оксид дегеніміз не?
- Суда еритін қандай негіздерді білесіңдер? Олар қалай аталады?(ерігіштік кестесі)
- Химиялық қасиеттеріне байланысты негіздік оксидтердің, қышқылдық оксидтерден ,қандай айырмашылығы бар?
Жаңа сабақ: Оқушыларға Тірек - сызба арқылы негіздердің алыну әдістері мен химиялық қасиеттерін түсіндіру. Сілтілермен қышқылдық оксидтердің әрекеттесуі, суда ерімейтін негіздердің қыздырғанда айырылуы, екідайлы гидроксидтің екі жақты қасиеті жайлы мәліметтер беріледі:
Суда ерімейтін негіздердің қыздырғанда айырылуы және екідайлы гидроксид жайлы тәжірибе жасалып, тиісті реакция теңдеулері жазылады.
Лакмус,фенолфталеин,метилоранж индикаторларының сілтілерге әсері қандай?
Суда еритін және ерімейтін негіздерге тән химиялық қасиеттерінде қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?
Екідайлы гидроксидтер қандай қосылыстармен әрекеттеседі?
Бейтараптану реакциясы дегеніміз не?
Дамытудың жоспарланған нәтижесі: Негіздер мен тұздардың құрамын салыстырып сипаттау.
Үйге тапсырма: §45,(1-10), §46. Жұмыс дәптері.
Сыныбы: 8 сынып
Күні:
№4-інші сабақ тақырыбы: Қышқылдардың, жіктелуі алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы
Оқыту мақсаты: : Оқушылардың қышқылдар жайлы алған білімдерін еске түсіру арқылы жіктелуін, алу жолдарын қорытындылау және олардың жалпы химиялық қасиеттері жайлы меңгерген білімдерін жүйелеу.
Реактивтер мен құралдар: Темір, алюминий, мырыш, мыс түйірлері, мыс оксиді,күкірт немесе тұз қышқылы, натрий карбонаты,сынауық,лабораториялық тұрғы,спирт шамы,сіріңке.
Лабораториялық тәжірибе: Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.
Көрнекі тәжірибелер: Индикаторларға әсері,металдарға қатысы,негіздік оксидпен әрекеттесуі,натрий карбонатымен әрекеттесуі,бейтараптану реакциясы. Тірек-сызба.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Білім мен біліктерін тексеру:Үй тапсырмасын және бұрын алған білімді дамыту мақсатында тексеру жұмыстарының үлгісін ұсынамыз. Тақтаға үш оқушы шақырылады.
1. Негіздік оксидтерге тән қандай химиялық қасиеттерді білесің? Әрбір қасиетін дәлелдейтін реакция теңдеулеріне мысал келтіріп жаз.
2. Қышқылдық оксидтерге тән қандай химиялық қасиеттерді білесің? Әрбір қасиетін дәлелдей- тін реакция теңдеулеріне мысал келтіріп жаз.
3. Ақ түсті ұнтақ – оксид берілген. Іс жүзінде оның қышқылдық немесе негіздік оксид екенін қалай дәлелдеуге болады? Тиісті теңдеулерін жаз.
Сыныпта отырған оқушыларға жалпылама тапсырма беріледі:
1-нұсқа.1. Мына қосылыстардың:калий, көміртек(IV), кальций, күкірт(VI)оксидтерінің сумен әрекеттесу реакция теңдеулері жаз.
2. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жаз:
K2SO3
↑
S → SO2 → H2SO3
2-нұсқа. 1. Күкірт(IV)оксидінің натрий гидроксидімен, фосфор(V)оксидінің кальций гидроксидімен реакция теңдеулері жаз.
2. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жаз:
KNO3 → K2O → KOH
Жаңа сабақ: Оқушылардың тақтада жауаптарын талдаймыз,содан кейін тақырыпты жазып, әңгіме жүргіземіз:
1. Көміртек(IV),күкірт(VI),фосфор(V) оксидтеріне қандай қышқылдар сәйкес келеді?
2. Қышқылдар құрамында қандай ұқсастық бар?
3. Тұз қышқылы мен азот қышқылының құрамындағы айырмашылық қандай?
4.Қышқылдардың негіздігі қалай анықталады?
5.Қышқылдарды қандай белгілеріне қарап топтауға болады?
Оқушылар қышқылдарды жіктеу сызба-нұсқасын өзбеттерімен толтырады.
бір негізді екі негізді үш негізді
оттекті оттексіз оттекті оттексіз оттекті оттексіз
Оқушыларға қышқылдардың химиялық қасиеттері бойынша көрнекі тәжірибелер көрсе- тіледі және тірек-сызба бойынша қасиеттері мен алынуы түсіндіріледі.
Түсіндірілген тақырыпты толық бекіту үшін оқушылар лабораториялық тәжірибені орындайды, қорытындысын жазады, соңынан сұрақтар қойылады:
Бейтараптану реакциясы дегеніміз не?
Хлорсутек пен натрий гидроксидін іс жүзінде қалай бейтараптауға болады? Реакция теңдеуін құру.
Егер магний, мыс(ІІ) оксиді, калий гидроксиді, күкірт қышқылы,фенолфталейн берілсе, қышқылдарға тән қандай реакцияларды жүргізуге болады.Сол теңдеулерді жаз.
Оқытудың жоспарланған нәтижесі. Оқушылар оттекті және оттексіз қышқылдарды өзара салыстырып,ұқсастығы мен айырмашылығын танып біледі.
Дамытудың жоспарланған нәтижесі. Оқушыларметал мен қышқыл,карбонат пен қышқыл т.б. арасындағы реакцияның жүру себебін өз түсінігімен дәлелдеп бере білуі керек.
Үйге тапсырма: §47(1-11). Жұмыс дәпте
Сыныбы: 8 сынып
Күні:
Сабақ тақырыбы: Тұздардың жіктелуі мен алынуы. Химиялық қасиеттері мен қолданылуы.
Оқыту мақсаты: Тұздар жайлы алған білімдерін одан әрі қарай дамытып,олардың аталуы мен жіктелуін, суда еритін,ерімейтін тұздар жайлы толық мағлұмат алуды іске асырады. Тұздардың формуласын, реакция теңдеулерін жазу дағдысын түсіндіру.
Реактивтер мен құралдар: CaCI2,Na2CO3,H2SO4,BaCI2,Ca(OH)2,AgNO3.CuSO4, NaOH, Zn, Cu,Hg(NO3)2,т.б,шыны түтік,сынауықтар,сынауық қысқыш,спирт шам,сіріңке.
Көрнекі тәжірибелер: Тұздардың алынуы,химиялық қасиеттері.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Білім мен біліктерін тексеру: Оқушылардың бұрын алған білімін ескере отырып, төменде көрсетілген қысқа мерзімдік өзіндік жұмысты орындауды ұсынамын:
4-119. Төменде формулалары берілген қосылыстардың ішінен тұздарды теріп жазыңдар: Fe2O3,Na2SO4,LiOH,KCI,H2CO3,KCIO3,Cu(OH)2,MgCI2,FeS,P2O5,KMnO4.
4-120. Төменде кейбір тұздардың тұрмыста, медицинада,ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте жиі қолданылатын жабайы атаулары берілген:ас тұзыNaCI,ас содасы NaHCO3 бор, мрамор, әктас CaCO3, мүсәтір NH4CI, ляпис AgNO3, сыр HgS, магнезит MgCO3, магнезия MgSO4, фосфорит Ca3(PO4)2, сақар K2CO3. Осы тұздарды халықаралық атаулар жүйесі бойынша атаңдар.
4-139. Мына тұздардың: кальций карбонаты,мыс(ІІ) сульфаты, сынап(ІІ) фториді, калий сульфиді, қорғасын(ІІ)иодиді, темір(ІІІ)хлориді формулаларын жаз. Ерігіштік кестесін пайдаланып,бұл тұздардың суда ерігіштігін анықта.
Жаңа сабақ: Оқушылардың тақтада жауаптарын талдаймыз,содан кейін тақырыпты жазып, тұздардың жіктелуі мен алынуы және химиялық қасиеттері мен қолданылуы
туралы әңгімелеу. Химиялық қасиеттеріне байланысты көрнекі тәжірибелерді көрсету.
Түсіндірілген тақырыпты толық бекіту үшін оқушыларға есептер мен жаттығулар жинағынан тапсырмалар беріледі соңынан сұрақтар қойылады:
4-121. Формулалары келтірілген тұздарды: NaNO2,K2S,KHS,CuSO4,Na2HPO4,NaH2PO4, K3PO4,MgOHCI,CaCO3,NaHCO3,AI(OH)CI2,AgNO3,FeCI3,FeSO4 берілген кестеге бөліп жаз:
Орта тұз
|
Қышқыл тұз
|
Негіздік тұз
|
|
|
|
4-128. Нәтижесінде мына тұздар: а)калий хлориді; ә)кальций нитраты түзілетін бейтараптану реакцияларының теңдеулерін жаз.
4-138. Мына тұздардың: темір(ІІ)сульфаты,мырыш нитраты,алюминий фосфаты, күміс хлориді,барий сульфаты формулаларын жаз. Ерігіштік кестесін пайдаланып,бұл тұздардың суда ерігіштігін анықта.
4-144. Келтірілген сызба нұсқалардың ішінен жүзеге асатын реакциялардың теңдеулерін жазыңдар:
1) ZnSO4 + Pb →
2) BaCI2 + Na2SO4 →
3) CuSO4 + NaOH →
4) Na2SO4 + HCI →
Уақыт жеткен жағдайда оқулықтан 131 беттегі 8 жаттығуларды орындау:
а) C → CO2 → Na2CO3 → CO2 → CaCO3
ә) Сu → CuO → CuCI2 → Cu(OH)2 → CuO → Cu
Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушылар ерігіштік кестесін пайдаланып, суда еритін тұздардың формуласын құрастырып, металл атомының валенттігі мен қышқыл қалдығының валенттігі арқылы тұздарды жіктей отырып, аттарын атауды үйрену.
Үйге тапсырма: §48(1-7). Жұмыс дәптері.
Күні:
Сабақ тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар,олардың қасиеттері, генетикалық байланыстар туралы8-сыныпта өткенді қайталау.
.Сабақтың мақсаты: - Негізгі бейорганикалық қосылыстар жайындағы білімді жүйелеу,еске түсіріп қайталау,білімдерін бекіту. –есептер шығару дағдыларын одан әрі дамыту,-өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:тірек-сызба,кесте,тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Білім мен біліктерін тексеру: Бұрын алған білімді еске түсіру мақсатында «Кім жылдам?»ойыны
Оксидтер д/з не?жіктелуі ,химиялық қасиеттері қандай?
Қышқылдық және негіздік, екі дайлы оксидтерге қандай оксидтер жатады?
Қышқылдар д/з не химиялық қасиеттері қандай?жіктелуі қандай?
Негіздер д/з не? Жіктелуі, химиялық қасиеттері қандай?
Тұз д/з не?Жіктелуі, химиялық қасиеттері қандай?
ІІ.Оқушылар металдар мен бейметалдардың генетикалық қатарының өзара байланысы туралы мәліметтерді тірек- сызба б/а естеріне түсіру,әңгімелеу:
Генетикалық қатарлардың өзара байланысы: Металл Жайзат Бейметалл
1. Ca → CaO → Ca(OH)2
Ca3(PO4)3 Негіздік Қышқылдық
2. P → P2O5 → H3PO4 оксид Тұз оксид
Негіз Қышқыл
ІІІ.Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары бойынша оқулықты пайдаланып, оқушыларға өздік жұмысы:
4-жаттығу. 131бет.Берілгені:O2,H2O,Na,KOH,CuO,NaOH,Na2SO4,SO3,HCI,Na2O,CuSO4.
Осылардың ішінен генетикалық өзара байланысы бар заттарды тауып, өзара айналуларын реакция теңдеулерін жазу арқылы дәлелдеңдер.
5-жаттығу. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жаз: а) Cu → CuO → CuCI2 → Cu(OH)2 → CuO → CuSO4
ә) AICI3 → AI(OH)3 → AI2O3 → AI2(SO4)3 → AI(OH)3 → AI(OH)2CI
Есептер мен жаттығулар жинағынан берілетін тапсырмалар.
4-156. Төмендегі сызба нұсқалардағы белгісіз заттарды тауып,айналуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:
1) Na → X → Na2SO4 →Ba2SO444
2) H2S → X → SO2 → У → H2SO4 → MgSO4
Үйге тапсырма: §49(5-9). Қайталау ,№5 ә
Күні:
Сыныбы;
Сабақ тақырыбы: №7– практикалық жұмыс.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау тақырыбына эксперименттік есептер.
Оқыту мақсаты. Оксидтер,негіздер,қышқылдар,тұздар жайлы алған білімді бір жүйеге келтіру және оқушылардың дағдысын, біліктілігін, тірек білімін химиялық эксперимент арқылы қалыптастыру.
Құралдар мен реактивтер: Магний, темір, кальций, магний оксиді, темір (ІІІ) гидроксиді, тұз, күкірт, азот қышқылы ерітінділері, индикаторлар, тұрғылар, сынауықтар, қстағыштар, химиялық стақандар, ыдыстар.
Ескерту. Қышқылмен, сілтімен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережесін қатаң сақтау қажет.
1 – есеп Кальций оксидінен кальций гидроксидін; мыс (ІІ) оксидінен мыс (ІІ) гидроксидін алыңдар.
2 – есеп. Үстелде берілген заттарды пайдаланып, кальций карбонатын алып, оны қоспа дан тазартуды іске асырыңдар;өзгерістерді тәжірибе жүзінде іске асырып, реакция теңдеулерін жазыңдар: FeCI3 → Fe(OH)3 → Fe2 (SO4)3
3 – есеп. Тәжірибе арқылы: а) мыстан; ә) мыс (ІІ) гидроксидінен, мыс (ІІ) оксидін алып, оның негіздік оксид екенін дәлелдеңдер.
4 – есеп. Үстелде берілген:PbO, Pb(OH)2, H2SO4 реактивтерді пайдаланып, қорғасын сульфатын алыңдар және оны қоспадан тазартыңдар.
5 – есеп. Мыс (ІІ) гидроксиді, тұз қышқылы берілген. Мыс (ІІ) оксидін және мыс (ІІ) хлоридін алыңдар.
6 – есеп. Үстелде бар Mg, MgO, H2SO4 реактивтерді пайдаланып, екі әдіспен магний сульфатын алыңдар.
7 – есеп. Үстелде бар темір, темір (ІІІ) оксиді, тұз қышқылы, күкірт қышқылдарын пайдаланып, темір (ІІ) және темір (ІІІ) тұздарын алыңдар.
8 – есеп. Берілген үш сынауықта: а) күйдіргіш натр, күкірт қышқылы, су. Қай сынауық- та қандай зат бар екенін анықтаңдар; ә) үстелден мыс (ІІ) оксидін тауып, оның негіздік оксидке жататынын дәлелдеңдер.
9 – есеп. Берілген үш сынауықтағы заттар: әк суы, күйдіргіш калий және тұз қышқылы. Әрқайсысын өзіне тән реакция көмегімен анықтаңдар.
10 – есеп. Екі оксид: P2O5 және CaO берілген. Бірншісі – негіздік, екіншісі – қышқылдық оксид екенін дәлелдеңдер.
11 – есеп. Ерімейтін оксид СuО негіздік оксид екенін, СО2 қышқылдық оксид екенін қалай дәлелдуге болады?
Осы аталған эксперименттік есепті іске асыру үшін оқушылар деңгейлік тапсырманың үш нұсқаға бөлінген үлгісін төмендегідей етіп орындағаны дұрыс.
І нұсқа: 1,3,6 – есеп ІІ нұсқа: 2,4,8 – есеп ІІІ нұсқа: 3,7,9 – есеп
Немесе екі есептен орындауға болады:
І нұсқа: 1,6 ІІ нұсқа: 2,8 ІІІ нұсқа: 3,4
Бұл сабақ оқушылардың бұрын алған білімдерін пайдалануға негізділгендіктен төмен- дегі жоспар есте болсын.
1. Эксперименттік есепті ретімен біртіндеп орындау қажет.
2. Әр тапсырманы түсініп, қай заттар (реактив) пайдаланылады және оның нәтижесі қандай болатынын болжай білген дұрыс.
3. Тәжірибе орындау кезінде байқалатын өзгерістер мен түрлі құбылыстарды бақылаған жөн.
4. Жұмысты аяқтаған соң оқушы тәжірибе нәтижесін кестеге сүйеніп, дәптерге толтырады.
Тәжірибенің аты
|
Әрекеттесуші реагенттер
|
Байқалған құбылыс
|
Реакция теңдеуі
|
Қорытынды
|
Үйге тапсырма: Қайталау.
Күні: Сыныбы:
№7-сарамандық жұмыс. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын қорытындылауға арналған эксперименттік есептер
Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныс.
1. Мұғалімнің айтуы бойынша тиісті нұсқаңды ал.
2. Берілген әрбір есепті түсініп оқып ал және есептерді шешудің жоспарын құр.
3. Жұмыс орныңда берілген құралдар мен реактивтер ішінен өзіңе қажетін таңда ал.
Назарыңда болсын!!! Әрбір оқушы нұсқаның біреуін орындайды.
1-нұсқа
1. Нөмірленген үш сынауықта: су, күкірт қышқылы, әкті су ерітінділері бар. Әрбір сынауықтағы заттарды эксперименттік жолмен қалай анықтауға болады?
2. Тәжірибе жасау арқылы, мыс(ll)оксиді–негіздік оксид екенін қалай дәлелдеуге болады?
Құралдар мен реактивтер: Н2О, Н2SO4, Са(ОН)2, индикаторлар, СuO, сынауық, сынауық қысқыш, спиртшам, сіріңке.
2-нұсқа
1. Мыс және темір қоспасынан, мыс үгінділерін химиялық тәсілмен қалай бөлуге болады?
2. Мыс (ll) оксидінен – мыс (ll) гидроксидін тәжірибе жасау арқылы қалай алуға болады?
Құралдар мен реактивтер: Сu, Fe үгінділері, NaOH, Н2SO4,,екі стақан, сүзгі, сүзгі қағаз, шыны таяқша, қасық, сынауық қысқыш, сынауық, спиртшам, сіріңке.
3-нұсқа
1. Магний, магний оксиді, тұз қышқылы берілген.Магний хлоридін екі тәсілмен қалай алуға болады?
2. Берілген мыс (ll) оксидінен , мыс (l) хлоридін қалай алуға болады?
Құралдар мен реактивтер: Mg, MgO, HCI, 3-сынауық, шыны пластина, тигель ұстайтын қысқыш, спиртшам, қасық, сіріңке.
4-нұсқа
1. Әкті судың негіздік қасиет көрсететінін екі тәсіл арқылы дәлелде.
2. Кальций гидроксидінің ерітіндісі (әкті су) берілген. Кальций карбонатын, одан кальций хлориді ерітіндісін ал.
Құралдар мен реактивтер: Ca(OH)2,фенолфталеин, НСІ, СО2 газы, шыны түтік, сынауық,
Дәптерге: нұсқа нөмірін жазып, төменгі үлгіде таблицаны толтыр.
Есеп шарты
(қысқаша)
|
Бақылағаныңды және реакция тең- деулерін жаз
|
Қорытындысы.
|
Есіңде болсын!!! Жұмыс орныңды қалпына келтір, қолданған ыдыс аяқтарды жуып тиісті орнына тапсыр. Стол үстін сүртіп, жинастыр.
Күні: Сыныбы:
Сабақ тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар класы бойынша қайталау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың әр түрлі кластарына жататын заттардың құрамын,қасиеттерін салыстыра білуге,заттарды жіктеп,олардың арасындағы генетикалық байланыс туралы білімін қорытындылауға үйрету және дамыту.
Реактивтер мен құралдар: Барий хлориді,күкірт қышқылы,әкті су ерітінділері, шыны түтік, сынауықтар.
Лабораториялық тәжірибе: Қышқылдық оксидтің және қышқыл химиялық қасиеті.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Білім мен біліктерін тексеру.Оқушылардың генетикалық қатар,генетикалық байланыс, екідайлы қосылыстар, бейорганикалық қосылыстардың әр түрлі кластарына жататы- нын заттардың құрамына,қасиетіне байланысты салыстыру,заттарды жіктеу,олар- дың арасындағы байланыс туралы білімдерін тексеру.Қысқа мерзімдік жаттығу жұмыстарын жүргізу. Мұны орындау барысында оқушылардың келесі сабақта өткізілетін практикалық не бақылау жұмыстарына дайындау жүзеге асырылады.
Бейорганикалық қосылыстар класы бойынша қайталаудың негізгі мақсаттары:
1-жұмыс. Генетикалық байланыс,генетикалық қатар ұғымдарын пайдалана білу.
2-жұмыс. Реакция теңдеулерін құрастыру,теңдеу бойынша есептеу есептері шығару.
3-жұмыс.Есептің берілгені бойынша мазмұнын құрастыра білу.
4-жұмыс. Бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін сипаттай білу.
5-жұмыс. Эксперименттік есептерді шығару білігін бекіту.
1 – нұсқа.
1.Магний элементінен түзілетін бейорганикалық қосылыстардың генетикалық қатарын құрастыр.
2.Зат мөлшері 3моль магний оксиді тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілетін тұздың массасын анықта.
3.Есептің шарты қысқаша түрде берілген. Мазмұнын құрастырып шығар:
Хг 16,42г
CaO + 2HNO3 = Ca(NO3)2 + H2O;
4.Мына берілген заттармен:KNO3,HNO3,CuO,Zn,SO3,H2SO4,Cu(OH)2 төмендегі заттар- дың қайсысы әрекеттеседі? а) натрий гидроксиді; ә) күкірт қышқылы;
Сәйкес келетін реакция теңдеуін құрастырып, реакция типін көрсет.
5.Әкті су ерітіндісі берілген. Шыны түтік арқылы оған көбірек үрле, нәтижесінде ерітінді лайланады.Бұл құбылысты реакция теңдеуін жазу арқылы дәлелде.
2 – нұсқа.
1.Көміртек элементінен түзілетін бейорганикалық қосылыстардың генетикалық қатарын құрастыр.
2.Массасы 10г магний оксиді күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілетін тұздың массасын есептеу..
3.Есептің шарты қысқаша түрде берілген. Мазмұнын құрастырып шығар:
3,72г Хлитр
Ca(OН)2 + СО2 = CaСО3 + H2O;
4.Мына берілген заттармен:KNO3,HNO3,CuO,Zn,SO3,H2SO4,Cu(OH)2 төмендегі заттар- дың қайсысы әрекеттеседі? а) барий гидроксиді; ә) тұз қышқылы;
Сәйкес келетін реакция теңдеуін құрастырып, реакция типін көрсет.
5.Барий хлориді ерітіндісі берілген,оған қүкірт қышқылын құйғанда тұнба түзіледі. Тұнбаға түскен қандай зат? Реакция теңдеуін жаз.
Үйге тапсырма: §44-49 қайталау.
Күні: Сыныбы:
Сабақ тақырыбы: Бақылау жұмысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың генетикалық қатар,генетикалық байланыс, екідайлы қосылыстар, бейорганикалық қосылыстардың әр түрлі кластарына жататынын заттардың құрамына,қасиетіне байланысты салыстыру,заттарды жіктеу,олардың арасындағы байланыс туралы білімдерін тексеру.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақ:
Бақылау жұмысын екі нұсқада алу.
1. Төмендегі сызба нұсқалардағы белгісіз заттарды тауып,айналуларды жүзеге асыруға мүмкін-дік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:
1-нұсқа: С → СО2 → Х → Na2CO3 → CO2 → CaCO3
Cu → CuO → CuCI2 → X → CuO → Cu
2-нұсқа: AI → AICI3→ AI(OH)3 → AI2(SO4)3 → X → AI2O3
CaCO3 → CaO → Ca(OH)2 → Ca(HCO3)2 → X(газ)
2. Мына қосылыстардың қай тобы өзара әрекеттеседі:
1-нұсқа: HCI мен NaOH; Cu мен HCI; 2-нұсқа: CO2 мен NaOH; Fe мен H2O;
3. Төмендегі заттар ішінде генетикалық қатары бар заттарды тауып, айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.
1-нұсқа: BaO,Mg,K,CaO,CuSO4,Ba,MgCI2,Mg(OH)2,Ba(OH)2,CaSO4,Ba3(PO4)2.
2-нұсқа: NaNO3,P2O5,PbCI2,H2SO4,K3PO4,P,CuO,H3PO4,Fe,CuO,CaSO4.
4. Төмендегі сызбанұсқаларға сәйкес химиялық реакциялардың теңдеулерін жазып теңес- тіріп,белгісіз заттарды тауып,оларды атаңдар:
1-нұсқа: 1) S + O2 = x; 2-нұсқа: 1) x + H2O = H3PO4;
2) H2CO3 = H2O + x; 2) Na + x = Na2O;
3) MgCO3 = x + у; 3) Ca(OH)2 + x = CaCO3 + у;
№2 бақылау жұмысы. А,В,С деңгейлік тапсырмалары.
1-нұсқа.
1. Негіздерді жіктеуге екі мысалдан келтіріп, химиялық қасиеттерін сипаттаңдар.
2.Қышқылдарды жіктеп,әрқайсысына үш мысалдан келтіріп сипаттаңдар.
3.(Негіздік,қышқылдық,екідайлы оксидтердің әрқайсысына үш мысалдан келтіріңдер.
4.Тұздарды:NaCI,CaCO3,Ca(HCO3)2,MgOHCI,NaHCO3,K2CO3,Ca3(PO4)2 жіктеп жаз.
5.Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:
Сa(OH)2 → CaCO3 → CO2 → Na2CO3;
↓
CaCI2
В6(2-балл). Төмендегі сызбанұсқаларға сәйкес химиялық реакциялардың теңдеулерін жазып теңестіріп,белгісіз заттарды тауып,оларды атаңдар: FeCI3 → x → Fe2O3 → у;
C7(4балл). Массасы 10г кальций карбонатын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде бөлініп шығатын газды натрий сілтісі арқылы өткізгенде қанша грамм натрий гидрокарбонаты түзілетінін есептеңдер.
2-нұсқа.
А1(1-балл). Негіздерді жіктеуге екі мысалдан келтіріп,химиялық қасиеттерін сипаттаңдар.
А2(1-балл). Қышқылдарды жіктеп,әрқайсысына үш мысалдан келтіріп сипаттаңдар.
А3(1-балл). Негіздік,қышқылдық,екідайлы оксидтердің әрқайсысына үш мысалдан келтір.
А4(1-балл). Тұздарды:NaCI,CaCO3,Ca(HCO3)2,MgOHCI,NaHCO3,K2CO3,Ca3(PO4)2 жіктеп жазыңдар.
В5(2-балл). Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:
CuCO3 → CuCI2 → Сu(OH)2 → CuO → Cu;
В6(2-балл). Төмендегі сызбанұсқаларға сәйкес химиялық реакциялардың теңдеулерін ,жазып теңестіріп,белгісіз заттарды тауып,оларды атаңдар: CuCO3 → x → СuCI2 у;
C7(4балл). Көлемі 4,48 л қалыпты жағдайда оттек түзілу үшін мына тұздардың: KNO3, ,,,,,,,,,,,,,,,,,KCIO3,KMnO4 әрқайсысының қандай массалары қажет болатынын есептеңдер.
(Ескерту: Балдардың қосындысы жоғары болатындай қалаған төрт есепті шығарыңыз.)
Үйге тапсырма: §44-49 қайталау.
. сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтерді жіктеу
мақсаты: -Оқушыларға химиялық элементтерді жіктеудің қажеттілігін көрсету,элементтерді металдар және бейметалл деп үлкен екі топқа бөлген жіктеудегі алғашқы қадамдармен таныстырып,оның жасанды екенін,екідайлы және ауыспалы қасиет көрсететін элементтер туралы түсінік беру. Көрнекілігі:Д.Менделеевтің кестесі
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Үй жұмысын тексеру,сұраққа жауап беру:
1. Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?
2.Атом ядросының заряды немен анықталады?
3.Нейтрон мен протонның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
Жаңа сабақ:Химиялық элементтерді жіктеу.
Химияда элементтер және олардың қосылыстары туралы білімнің жинақталуы ХІХ ғасырдың ортасында оларды ұқсас қасиеттеріне қарай топтастыруды қажет етті..Элементтерді жіктеу негізінде физикалық және химиялық қасиеттерін нақтылауға мүмкіндік туа бастады. Нағыз металдарға негіздік оксидтер,оған негіздер сәйкес келеді.Ал нағыз бейметалдар ұшқыш сутекті қосылыстар түзеді,металдар ондай қосылыстар түзбейді.Содан кейін
төмендегі кестені толтыру:
|
Қосылыстар
|
негіздер
|
Екідайлы гидроксидтер
|
қышқылдар
|
1.Қышқылмен әрекеттесуі.
2.Негізбен әрекеттесуі.
|
+
-
|
+
+
|
-
+
|
Химиялық элементтер
металдар Бейметалдар
екідайлы
3.Оқулық бойынша тапсырмаларды орындау:№4 (134 бетте)
Есептер жинағынан№5-53,5-55
Бағалау Үйге тапсырма: §50 №5-49
№2-інші сабақ тақырыбы: Элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері.
Оқыту мақсаты: Элементтерді алғашқы топқа бөлу,ұқсастығы мен айырмашылығы арқылы оларды сілтілік металдар,галогендер,халькогендер және инертті газдарға топтастыру.Осы топтардағы элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерінің салыстырмалы атомдық массаға тәуелді екенін түсіндіру.
Реактивтер мен құралдар: Сілтілік металдар,галогендер үлгілері,натрий,литий , су,стақан, сүзгі, индикатор, лабораториялық тұрғы, сіріңке.
Көрнекі тәжірибелер: Сілтілік металдар,галогендер үлгілері,cілтілердің сумен әрекеттесуі.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Білім мен біліктерін тексеру: Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:
1.Химиялық элементтерді жіктеудің негізгі себебі неде?
2.Химия ғылымы дамуының бастапқы сатысында химиялық элементтерді жіктеудегі алғашқы қадамдарды айт.
3.Zn(OH)2 –нің екідайлы қасиетін қалай дәлелдеуге болады? Тәжірибе жасау арқылы дәлелде.
4.Металдар мен бейметалдар оксидтерінің және екідайлы оксидтердің қандай қасиеттерін білесіңдер?
5.Бір оқушы тақтада элементтерді жіктеудің сызбанұсқасын сызып,оны түсіндіреді.содан кейін мына тапсырманы орындайды. №1 тапсырма.Мына өзгерістердің реакция теңдеулерін жаз:
BeO → Be(NO3)2 → Be(OH)2 → K2BeO2
Қалған оқушыларға екідайлы қасиет көрсететін оксидтер мен гидроксидтер туралы білімін бекіту үшін мына заттардың арасындағы реакция теңдеулерін жазуды ұсыну:
1-нұсқа. а) ZnO + HNO3; ә) ZnO + NaOH; 2-нұсқа. KAIO2 →AI(OH)3→ AI2O3→NaAIO2
б) Zn(OH)2 + H2SO4; в) Zn(OH)2 + KOH; ↓
AI(NO3)2
Жаңа сабақты әңгімелеуден бастау. Металдар,бейметалдар,ауыспалы элементтердің ішінде қасиеттері жағынан өте ұқсас элементтер кездеседі,сондықтан ерекше топқа біріктіру кажет болды. Мысалы,элементтерді төмендегі екі белгісі бойынша топқа біріктіру басталды: 1.Элементтердің оттекті қосылыстарындағы жоғары валенттігі;
2.Элементтердің ұшқыш сутекті қосылысындағы валенттігі;
1-топ.R2O; Li Na K Rb Cs ІІтоп.RO; Mg Ca Sr Ba ІІІтоп.R2O3 B AI IVтоп RO2 C Si Sn
7 23 39 86 133 24 40 88 137 11 27 12 28 119
Алайда, бұл бөлінген топтарға ХІХғасырдың ортасында табылған 63 элементтің барлығы бірдей кірген жоқ. Әрбір топтағы элементтер қалғандарымен салыстырғанда өзгеше, ол бір-біріне тек жоғарыда көрсетілген белгілері бойынша ғана емес,сол сияқты оксидінің құрамы,қасиеті,гидрок- сидтері,тұздары бойынша да өте ұқсас болды. Олар көбінесе табиғатта бірге кездеседі,қосылыс тардан бірдей әдістермен бөлініп алынады.Сол сияқты әрбір топқа кіретін элементтерді атомдық массасының өсуі бойынша орналастырғанда белгілі бір заңдылықтар байқалады:
а)жай заттардың металдық қасиеттері артады;
ә)оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттері артады;
б)ұшқыш сутекті қосылыстарының тұрақтылығы біртіндеп кемиді;
Көрсетілген топтарды табиғи тек деп атаудың басты себебі біріктірілген элементтер өте ұқсас. Осыдан кейін оқушыларды элементтердің табиғи ұяластарымен таныстырамын....
Тақырыпты қорытындылау үшін сілтілік металдардың және галогендердің табиғи топтарына
салыстырмалы сипаттама бере отырып,ұқсастығымен айырмашылығын ажыратуға үйрету.
Тапсырма: 1)Сілтілік металдар,галогендер,оттек және халькогендер тегіне жататын элемент- тердің физикалық және химиялық қасиеттеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңдер.(кестелер бойынша:
2) С.а.м. өсуіне қарай физикалық қасиеттері қалай өзгереді?
3) Белсенділіктері қалай өзгереді?
4) С.а.м. өсуіне қарай химиялық қасиеттері қалай өзгереді?
Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушылар сілтілік металдар мен галогендердің физикалық қасиеттерін айтып,оларға тән химиялық қасиеттерін реакция теңдеулерін жазу арқылы дәлел- деуі қажет.
Дамытудың жоспарланған нәтижесі:Оқушылар сілтілік металдарды және галогендерді,инертті газдарды өзара салыстыра білуі тиіс.
Үйге тапсырма: §51 (1-6). Жұмыс дәптері.
күні айы жылы
сабақ тақырыбы: Д.И. Менделеевтің периодтық заңы.Атомдық құрылыс теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
Сабақтың мақсаты:-. периодтық заң, химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы, период, топ, топша ұғымдарын түсіндіру,-атом құрылысы туралы білімдерін одан әрі дамыту. – есептер шығаруға үйрету.
Көрнекілігі: химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Үй жүмысын тексеру: .
1.Химиялық элементтердің жіктелуі туралы не білеміз?
2.атом құрылысы туралы не білеміз?
ІІ. Жаңа сабақ
1. Д.И.Менделеев элементтерді салыстырмалы атомдық массаларының өсу реті бойынша орналастырып, периодтық заңды ашуға мүмкіндік берді. Осы заңдылықты 1869 жылы Д.И.Менделеев элементтердің периодтық жүйесін жасағанда периодтық заң түрінде тұжырымдады.Қазіргі кездегі атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық заңның ережесі: химиялық элементтің,олар түзетін жай заттарының және қосылыстарының қасиеті атом ядросының зарядына периодты түрде тәуелді болады.
Периодтық заң және периодтық жүйені ашуда Д.И.Менделеевтің еңбегі зор. Атомдық массаның өсуін негізге ала отырып,кезінде Д.И.Менделеев болжаған элементтер кейін ашылды.
2.Периодтық жүйеде 7период,8 топ ,11 қатар бар. негізгі
период кіші 1,2,3 топша
үлкен 4,5,6,7 қосымша
ІІІ. Сабақты бекіту үшін тапсырма беру.Оқулық бойынша жұмыс істеу.
1.Na-ден Ar-ға дейінгі элементтердің: металдық, бейметалдық қасиеттері, жоғары оксидтеріндегі валенттіктері, ұшқыш сутекті қосылыстарындағы валенттіктері,оксидтерінің қасиеттері,гидроксидтерінің қасиеттері қалай өзгереді?
2.№ 1-6 тапсырма
. Оқушылар мына сұраққа жауап береді.
Период дегеніміз не? Кестеден кіші және үлкен периодтарды көрсет.
Үлкен периодтағы және кіші периодтағы элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді?
Кіші периодтағы элементтердің оттегі және сутегі бойынша валенттілігі қалай өзгереді?
Период бойынша элементтердің қандай қасиеттері өзгереді?
Үйге тапсырма: §52. (5). .
Сабақтың тақырыбы: Атомның құрылысы. Атом ядросының құрамы. Электрондардың атомдарда орналасуы.
мақсаты: - Атом құрамы, құрылысы туралы білім беру,. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі рет нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру.- Атом құрылысына байланысты есеп шығару дағдыларын дамыту,-пәнге қызығушылығын ояту.
Құрал – жабдықтары: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.сызба-суреттер
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мына реакция теңдеулерін құрыңдар:
1) x + H2O = H3PO4;
2) H2CO3 = H2O + x; 4) Na + x = Na2O;
3) MgCO3 = x + у; 5) Ca(OH)2 + x = CaCO3 + у;
.ІІ.жаңа сабақ
Атом құрылысы мен құрамы
2.Э.Резерфорд .Атом құрылысының «планетарлық»моделі
3. Электрондардың атомдарда орналасуы.
1911 жылы ағылшын физигі Резерфордтың атом ортасында оң зарядты ядро, ал оның айналасында электрон бар деген теориямен толықты.Американ физигі Милликен электрон теріс заряд көрсеті тінін тәжірибе жүзінде дәлелдеп,оны бірге тең деп қабылдады. Атом жалпы электрбейтарап болғандықтан, электрондар зарядының жалпы саны ядро зарядына тең.
Осыған байланысты,элементтердің реттік нөмірі атом ядросындағы оң зарядтың санын,сол сияқты ядро айналасында қозғалатын электрондар санын көрсетеді.
Реттік нөмірдің физикалық мәні осында.Элементтердің реттік нөмірі – оның атом ядросының заряды. Атомның ядро заряды химиялық элементтердің қасиеттерін сипаттайтын маңызды шама. Атом құрылысын одан әрі зерттеу кезінде құрамына протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды.
Атомның элементар бөлшектері:
Бөлшектер
|
Белгісі
|
Салыстырмалы заряды
|
Салыстырмалы массасы
|
Протон
|
р
|
+
|
1
|
Нейтрон
|
п
|
0
|
1
|
Электрон
|
е
|
−
|
0
|
1. Элемент атомының массасы протон мен нейтрон массасының қосындысына тең.
2. Ядродағы протон саны элементтің реттік нөміріне тең.
А = Z + N; A – атомдық масса; Z – протон; N – нейтрон;
N = 2n2. N-электрон саны, п-деңгей саны(ядродан бастап санағандағы) немесе негізгі квант саны.
п=1; 2∙12=2 электрон,
п=2; 2∙22=8 электрон,
п=3; 2∙32=18 электрон,
п=4; 2∙42=32 электрон
Изотоптар – ядро зарядтары бірдей,атомдық массалары әртүрлі атомдардың түр өзгерістері. Изотоптарда протон мен электрон саны бірдей, нейтрон сандары әртүрлі. Әрбір изотоп екі түрлі шамамен өлшенеді: массасы және элементтің рет нөмірі. Мысалы:
1. - атомдарының ядро зарядтары бірдей – оттегі изотоптары.
2. - сутегінің изотоптары, аттары: протий, дейтрий, тритий .
ІІІ. Өтілген тақырыпты бекіту, тапсырмалар орындау №1-4
Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?
Атом ядросының заряды немен анықталады?
Нейтрон мен протонның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
Үйге тапсырма: §17.§18,№(1-4),
№5-6-ыншы сабақтар тақырыбы: Электрондардың атомдарда орналасуы. Энергиялық деңгейлер.
Оқыту мақсаты: Атом қабаттарына электрондарды толтыру заңдылығы, электрондық деңгейлер,олардың периодқа байланысты екенін түсіндіру. Электрон қабаттарының өзгеруіне байланысты элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттері периодты және секірмелі түрде өзгеретінін түсіндіру.Зат құрылысының және элементтің химиялық қасиетінің табиғи заңдылығын нақтылай отырып,оның себебін түсіндіру. Материя құрамындағы ортақ заңдылықтар туралы мағлұматтар беру.
Құрал – жабдықтар: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі,екінші период элементтерінің атом құрылысы туралы кесте.
Тірек білім мен біліктер: Атом,атом ядросы,электрон,реттік нөмірдің физикалық мәні туралы білім.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың білімін тексеру. Оқушылармен мына сұрақтар талданады:
Атомдар қандай бөлшектерден тұрады?
Изотоп деген не?
Реттік нөмірдің физикалық мәні неде?
Элемент және оның қосылыстарының химиялық қасиет,і элементтердің оксидтеріндегі валенттілігі, бейметалдардың сутегімен қосылыстарындағы валентігі қалай өзгереді?
Екінші период элементтерінің құрамы тақтаға ,оқушылар дәптеріне жазады?
Элемент таңбасы, рет рөмірі
|
Протон саны
|
Нейтрон саны
|
Электрон саны
|
С.а.м.
|
№3. Li
|
3
|
4
|
3
|
7
|
№4. Be
|
4
|
5
|
4
|
9
|
№5. B
|
5
|
6
|
5
|
11
|
№6. C
|
6
|
6
|
6
|
12
|
№7. N
|
7
|
7
|
7
|
14
|
№8. O
|
8
|
8
|
8
|
16
|
№9. F
|
9
|
10
|
9
|
19
|
№10. Ne
|
10
|
10
|
10
|
20
|
Оқушылар атом ядросының заряды элементтің реттік нөмірі қанша өскен сайын электрон қабатындағы электрон саны да,сонша өсетіндігі туралы білімдерін бекітеді.
Жаңа сабақ. Бұдан соң атомдағы электрондар ядродан әр түрлі қашықтықта орналаса отырып,электрон қабаттарын түзетіндігі жайлы айтып өткен жөн.Электрон қабаттары энергиялық деңгейлер деп те аталады.
Оларды ядродан бастап 1,2,3,4,5,6,7,деп нөмірлейді,немесе K,Z,M,N,O,P,Q әріптерімен белгілейді.
Атомдағы электрондарда түрлі энергия қоры болады,оны электрондар квант деп аталатын кесінді үлеспен сіңіреді немесе бөліп шығарады. Деңгейдің нөмірін көрсететін бүтін п саны негізгі кванттық сан деп аталады. Ол берілген энергиялық деңгейдегі электронның энергиясын көрсетеді. Ядроға ең жақын бірінші энергиялық деңгейдегі электрон энергиясы ең аз мөлшерде болады. Бірінші энергиялық деңгейдегі электронмен салыстырғанда қалған деңгейдегі электрондардың энергия қоры көп болады.Осыған орай сыртқы қабаттағы электрондардың ядромен байланысы әлсіз. Атомдағы энергиялық деңгейдің саны,осы элемент тұрған периодтың нөміріне сәйкес келеді:
1-период элементтеріне бір энергиялық деңгей,
2-периодта – екі,
3-периодта – үш т.с.с.
Энергиялық деңгейдегі болатын электрондардың ең жоғары саны мына формуламен өрнектеледі: N = 2n2. N-электрон саны, п-деңгей саны(ядродан бастап санағандағы) немесе негізгі квант саны.
Осы формулаға сәйкес бірінші энергиялық деңгей де п=1; 2∙12=2 электрон,
п=2; 2∙22=8 электрон,
п=3; 2∙32=18 электрон,
п=4; 2∙42=32 электрон.
Осыдан кейін оқушыларға оқулықтағы кестені пайдаланып, алғашқы 20 элементтің электрондық қабаттарының құрылысы түсіндіріледі.(Оқушылар дәптерлеріне жазып отырғаны жөн).
Бірінші энергиялық деңгейге екі электроннан артық сыймайтындығына назар аударамыз (Мысалы, Н атомында 1-электрон, Не атомында 2-электрон бар). Сондықтан 1-ші периодта екі элемент бар.Осы формулаға сүйене отырып, 2-ші периодта – 8, 3-ші периодта – 18 элемент болатынын оқушылар есептеп табады да, Li-ден, Ne-ға дейінгі элементтердің энергиялық қабаттарында электрондардың орналасуын жазады. Үшінші энергиялық деңгейді электрондар- мен толтыру алғашқы қабаттарға қарағанда өзгеше болатынына көңіл аударылады.
Алғашқыда оған 8 электрон орналасады: натрийден (бір электрон) аргонға дейін (8 электрон), мұнан соң үшінші қабатты электронмен толтыру уақытша тоқталады. Калийдегі 19-шы, кальцийдегі 20-шы электрондар төртінші деңгейде болады.
Бұл элементтердің атом құрылысының сызбанұсқасы:
+19К 2е,8е,8е,1е;
+20Са 2е, 8е, 8е, 2е;
Скандий элементінен бастап (№21), мырыш элементіне (№30) дейін электрондар қайтадан үшінші энергиялық деңгейге орналасады, ал төртіншіде екі электрон сақталады, сызбанұсқасы: +21Sc 2e,8e,9e,2e;
+30Zn 2е,8е,18е,2е;
Галий элементінен бастап(№31) электрондар төртінші энергиялық қабатқа орналаса бастайды. Ол 4-ші периодтың соңғы элементі криптонға дейін сақталады.
Сабақ соңында мынадай қорытынды жасаған жөн: элементтердің қасиеттерінің периодты өзгеруі атомдардың сыртқы электрондық қабаттарындағы электрон сандарының қайталануымен түсіндіріледі,бір периодта әрбір жаңа электрондардың қосылуынан қасиеттердің күрт өзгерісі байқалмайды,ал жаңа электрон қабатында келесі электронның пайда болуы элементтер қасиетінің секірмелі өзгеруіне әкеледі (күрт өзгертеді). Диалектиканың санның сапаға көшу заңдылығының дәлелі.
Электрон қабаттарының құрылысы жайлы оқушылар білімін және құрылыс сызбанұсқасын жазу білігін бекіту үшін жаттығу жұмыстары орындалады.
1-нұсқа. 5-56 а,б, 5-78, 5-61; 2-нұсқа. 5-56 ә,в, 5-79, 5-62; 97-99беттер.
Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушы алғашқы 1-3 период элемент атомдар арасындағы электрон қабатын толтыру заңдылығын түсіндіре білу,элементтің реттік саны өсуіндегі қасиеттерінің біртіндеп және секірмелі түрде өзгеру себептерін айтып беруі қажет. Сөйтіп оқушылар зат құрылысының табиғи заңдылығын түсіне бастайды. Химиялық қасиеттері энергиялық деңгейлерде электронның орналасуына тәуелді екенін түсінулері қажет.
Үйге тапсырма: §56,(1-8) Жұмыс дәптері.
Есептер мен жаттығулар жинағы. 5-69,5-70,5-71,5-73, 98-99 беттер.
күні айы жылы
№8-інші сабақтар тақырыбы: Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Периодтық заңның маңызы.
Оқыту мақсаты: Оқушыларға периодтық жүйені табиғат заңдарына негізделген элементтердің табиғи жіктелуі екендігін түсіндіру. Периодтағы элементтер қасиетінің өзгеруіндегі заңдылық туралы алған білімін бекіту. Негізгі топ элементтерінің қасиетінің өзгеруіндегі заңдылықтарды түсіндіру.
Құрал – жабдықтар: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі, кіші және үлкен период элементтерінің салыстырмалы кестесі.
Тірек білім мен біліктер: Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеру себептері, атом құрылысы, электрондық қабаттарының құрылысы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Периодтық заң,электрондық қабаттың құрылысы, кіші және үлкен периодтар туралы білімді бекіту мақсатында әңгіме жүргізіледі. Оқушылар мына сұраққа жауап береді.
Период дегеніміз не? Кестеден кіші және үлкен периодтарды көрсет.
Үлкен периодтағы және кіші периодтағы элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді?
Кіші периодтағы элементтердің оттегі және сутегі бойынша валенттілігі қалай өзгереді?
Период бойынша элементтердің қандай қасиеттері өзгереді?
Периодтық жүйедегі сілтілік металдар мен галогендердің қасиеттерінің периодты өзгеруін түсіндіру.
Оқушыларға кіші және үлкен период элементтерін салыстыруға дайын түрде беріледі.
Белгілері
|
Периодтар
|
кіші
|
үлкен
|
Период нөмірлері
|
1,2,3
|
4,5,6,7
|
Элемент саны
|
2 және 8
|
18 және 32
|
Қатар саны
|
бір
|
екі
|
Элемент атомы құрылысының ерекшеліктері
|
Атомда ішкі қабат электронмен біртіндеп толтырылады. Валенттік электрондар сыртқы энергиялық қабатта орналасады.
|
Атомда ішкі қабат электронмен біртіндеп толтырылады. Валенттік электрондар сыртқы және астыңғы энергиялық қабатта орналасады.
|
Период бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру ерекшеліктері
|
Металдық қасиеті тез кемиді
|
Металдық қасиеті баяу кемиді (жұп қатарда металдар орналасқан)
|
Жаңа тақырыпты оқыту. Сөйтіп топ, топша, негізгі топша және қосымша топша туралы түсінікке біртіндеп келеміз. Элементтердің оттегімен қосылыстарындағы жоғары валенттілігінің топ нөміріне сәйкес келетіндігіне көңіл аударамыз.
Жоғары оксидтер мен сутегі қосылыстарының формуласы жазылған кестені көрсетеміз. Сілтілік металдар тобы мен галогендер тобындағы элементтер қасиет- терінің ядро зарядына атом радиусына тәуелді өзгеретінін айта отырып, мынадай қорытындыға келеміз. Негізгі топша элементтердің ядро зарядының артуына байланысты металдық қасиеті артады, бейметалдық қасиеті кемиді.
Бұл бағыныштылыққа тек қана негізгі топша элементтеріне тән екендігін атап көрсету керек. Үлкен периодтағы тақ қатардың элементтерінен құралған қосымша топшада тек металдар ғана орналасқандығына көңіл бөлген жөн.
Қосымша топша элементтерінің атомдарында арттан санағандағы екі қабаты электронға толады, ал сыртқы электрон қабаты негізгі топшаның металдарындай болады. Период және негізгі топша бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеруі.
Қасиеттер
|
Өзгерістер бағыты
|
Негізгі топшада
|
Периодтарда
|
Металдық
|
өседі ↓
|
өседі ←
|
Бейметалдық
|
өседі ↑
|
өседі →
|
Оттек бойынша валенттігі
|
тұрақты,топ нөміріне сәйкес
|
1-ден 7-ге дейін өседі
|
Сутек бойынша валенттігі
|
тұрақты,8-ден топ нөмірін алғанға тең
|
4-тен 1-ге дейін кемиді
|
Ядро заряды
|
өседі ↓
|
өседі →
|
Салыстырмалы атомдық массасы
|
өседі ↓
|
өседі →
|
Осы тақырыпты оқушылар қалай меңгергенін тексеру үшін мынадай сұрақтар қоямыз:
Д.И.Менделеев ашқан жаңалығын – заңын неге периодтық деп атады? Жауаптарыңды химиялық элементтердің қасиетін талдай отырып дәлелдеңдер.
Период бойынша және негізгі топ бойынша химиялық элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? Бұл заңдылықтарды атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіріңдер.
Екінші сабақта мына біліктерді қалыптастыруға көңіл аударған жөн:
Элементтерді периодтағы орны бойынша салыстыру;
Элементтерді қосылыстардың белгілі түрлері бойынша анықтау (оксиді, сутекті қосылысы, т.б.);
Нағыз металдар мен бейметалдардың қасиеттерін сипаттау;
Оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттерін түсіндіру;
Периодтың, топтың, элементтердің реттік нөмірінің физикалық мәнін ашу;
Химиялық элементтердің атом құрылысын сипаттау;
Сабақтың басында өткен тақырыптарды қайталау мақсатында оқушыларға төмендегі сұрақтарды қоямыз:
Мына элементтердің оксидтерінің формуласын атаңдар:Na,Mg,AI,Si,P,C. Осы элементтердің сутекті қосылыстары бола ма?Олардың формуласы қандай?
Мына элементтердің жоғары газ тектес сутегімен қосылыстарының формуласын жазыңдар: германий, мышьяк,теллур, иод.
Реттік нөмірі 19 және 29-ыншы элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
Реттік нөмірі 14 және 32-інші элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
ІІІтоп элементі оксидінің с.м.массасы Мr=102-ге тең, ол қай элемент?
Қосылысының формуласы Н2Э. Егер ол 5-інші периодта болса, оның с.м.массасы қанша?
Кіші периодтардағы металл элементтерді атаңдар. Атомдарының сыртқы қабаттарында қанша электрон саны болады?
Кіші периодтардағы бейметалл элементтерді атаңдар. Олардың сыртқы электрон қабаттарында қанша электрон болады?
Элементтердің сыртқы қабаттарындағы электрондар неге валенттік электрондар деп аталады?
Реттік нөмірлері 7 және 10-ыншы элементтердің атом құрылысының сызба нұсқасын келтіріңдер. Осы элементтердің тобын, топшасын, периодын анықтаңдар. Ол қандай химиялық қасиет көрсетеді?
Реттік нөмірі 12, 13, және 16-ыншы элеенттерінің жоғары оксидінің, гидроксидінің формулаларын жазыңдар. Осы қосылыстардың қасиеттері қандай?
Оттегі мен селен, литий мен берилий элементтерін салыстырыңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
Оқытудың жоспарланған нәтижесі:Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі элементтер қасиеттерінің электрон санына тәуелді өзгеруін периодтық заң негізінде түсіндіру. 2-3-інші период элементтерін мысалға алып дәлелдеу. Негізгі топшадағы элемент қасиеттерінің ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіру.
Үйге тапсырма: §58 (1-8). Жұмыс дәптері.
Достарыңызбен бөлісу: |