Талқылау сұрақтары:
Конституциялық құқықтың зерттеу аясын атаңыз.
Конституциялық құқықтың құқық саласының негізгі бастамасы екенін дәлелдеңіз.
ҚР Конституциялық құқығының қайнар көздерін атаңыз.
Өзіңіздің конституциялық құқықтарыңызға сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:
Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2010. – 266 б.
Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2009. – 248 б.
Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2011. – 624 б.
ДӘРІС 4. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ЖҮЙЕСІ
Мақсаты. Жалпы қоғам жүйесіндегі ең күрделі қызметтің бірі саяси жүйе атқаратын болса екіншісін мемлекет деген үлкен аппарат атқарады осы мемлекеттің алатын орны мен ролін ашу және билік жүйесін анықтау.
Жоспар:
Мемлекеттік биліктің ұғымы және Қазақстан Республикасында
оны ұйымдастырудың қағидаттары.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының
жүйесі.
Қазақстан Республикасының Президенті.
Қазақстан Республикасының Парламенті.
1. Мемлекеттік биліктің ұғымы және Қазақстан Республикасында оны ұйымдастырудың қағидаттары. Мемлекеттік билік – бұл мемлекеттік-құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субьектілердің ерік-жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады. Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы көрінеді. Мемлекет органы дегеніміз – белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, ол біріңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер тән: бірінішден, орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады; екіншіден, органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге асыруы үшін уәкілеттік береді; бұл орайда ол жекелеген қызметті де, қызметтер жиынтығын да орындауы мүмкін; үшіншіден, органға мемлекеттік билік берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады және өздері шығарған актілердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметті іске асыру нысаны бойынша - өкілді, атқарушы, сот, прокуратура және өзге де бақылаушы-қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң швғарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негіздлген; дәрежесіне қарай – орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіктің мерзімі бойынша – тұрақты және уақытша; құзыретін жүзеге асыру тәртібі бойынша – алқалы (Парламент) және дара (Президент) басшылы; қызметінің құқылық нысаны бойынша – құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы; құзіретінің сипатына қарай – жалпы (Үкімет) және арнаулы(министрліктер) органдар болып бөлінеді. Билікті бөлу қағидаты Конституцияның Президент (ІІІбөлім), Парламент(ІVбөлім), Үкімет(Vбөлім), және соттар (VІ бөлім) мәртебелерін белгілейтін нормаларда іске асырылып нақтыланған. Бұл қағидаттардың мазмұны олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуын білдіреді.
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі. Жоғары аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының біріңғай жүйесін құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігін, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Қазақстан Республикасының Парламенті – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан – Сенттан және Мәжілістен тұрады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оны Қазақстан Республикасының Президенті құрады.
Сот билігін – сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді.
Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Заңға бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді.
3. Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан халқына ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады. Қазақстан Республикасының Президентi науқастануына байланысты өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн. Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе ол Республика Парламентiнiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды. Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентiнiң өкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына көшедi; Сенат Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасына көшедi; Мәжiлiс Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министрiне көшедi.
4. Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Парламенттiң өкiлеттiгi Конституцияда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi.
Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. Парламент депутатын оның өкiлеттiк мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, тиiстi Палатаның келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады. Парламент депутаты: ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен; оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады. Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент: Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді; Президентке оның бастамасы бойынша әр
Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы; соғыс және бітім мәселелерін шешеді; Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды; Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды; Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде: республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді; мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды.Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды. Егер Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі. Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға Мемлекет басшысының қарсылығы осы тармақшада көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте Парламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді.
Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады: Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау; Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру; Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыру; Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау; Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады: Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы.
Мәжiлiс Төрағасы: Парламент сессияларын ашады; Палаталардың кезектi бiрлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезектi және кезектен тыс бiрлескен отырыстарына төрағалық етедi. Палаталардың төрағалары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады. Парламент сессиясы оның Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары түрiнде өткiзiледi.
Талқылау сұрақтары:
Мемлекеттік билік ұғымына сипаттама беріңіз.
ҚР мемлекеттік билік органдарын атаңыз.
Биліктің бөліну принипін дегеніміз не?
ҚР Конституциясы бойынша ҚР Президенті және ҚР Парламенті құзіреттілігін атаңыз.
Әдебиеттер:
Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.-124с.
1\-",';''
Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2010. – 266 б.
Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2009. – 248 б.
Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2011. – 624 б.
ДӘРІС 5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының құзіреттері мен әрекет ету қағидаттары, түрлері туралы мағлұмат беру.
Жоспар:
Қазақстан Республикасының Прокуратурасы мен ішкі істер органдарының жүйесі.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары.
Қазақстан Республикасының соттары.
1. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы мен ішкі істер органдарының жүйесі. Республикада Конституция, заңдар, Президент жарлықтары және басқа нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары құрылған. Құқық қорғау органдарына жататындар: прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Құқық қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі прокурорлық қадағалау. Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын орган прокуратура болып саналады.
«Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Жарлыққа сәйкес Республика Прокуратурасы:
1)Республика аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің бірізділікпен қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
2)сотта мемлекеттің мүддесін қорғайды;
3)қылмыстық қудалауды іске асырады.
Прокурорлық қадағалау-заңдардың бірізділікпен қолданылуын бұзуды анықтап, кемшілікті түзетіп отыру және кіналы адамдарды жауапқа тарту арқылы прокуратура қызметін мемлекет арқылы жүзеге асыру.
Прокурорлық қадағалаудың салалары:
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүдделерін сақтауды қадағалау;
Жедел іздестіру қызметін қадағалау;
тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау;
әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалау;
атқарушы іс жүргізудің заңдылығын қадағалау.
Осы бағыттардың мақсаты Конституция мен заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, адамның азааттың құқықғы мен бостандығын және құқықтық ықпал ету әдісін қорғау.
Қадағалау әрқашан тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Оған
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы;
Заңдардың бұзылғандығы жөнінде арыздар, шағымдар, хабарлау және басқа да деректер;
Заңдардың бұзылғандық белгілерін тікелей айғақтау;
Жоғары тұрған прокурордың тапсырмасы немесе сұрау салуы.
Прокуратура жүйесіндегі ең жоғарғы орган-Бас прокуратура. Бас Прокурорды Парламент Сенатының келісімімен 5 жыл мерзімге Президент тағайындайды.Орталық аппарат Бас прокурордың ұсынысы бойынша Президент қызметке тағайындайтын және жұмыстан босататын 1-ші орынбасардан, 3-4 орынбасарлардан, секретариаттан, басқармалардан, бөлімдерден тұрады. Бас Прокуратура прокуратураның бүкіл жүйесіне басшылық етеді, басқа құқық қорғау органдарымен өзара қарым-қатынаста болады.
Бас прокуратурада және облыстық прокуратураларда ұйымдық мәселелермен қоса заңдардың бұзылғандығын айғақтайтын елеулі фактілерді қарайтын кеңесші органдар – алқалар құрылады.
Прокуратура жүйесіндегі төменгі буынға жергілікті жерлерде өз құзіреті шегінде заңдардың дұрыс қолданылуын қаматамасыз ететін, қылмыстық қудалауды ұйымдастыратын және сот жүйесі негізгі тармағының соттарындат мемлекет мүддесін қорғайтын қалалық, аудандық және соларға теңестірілген прокуратуралар жатады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» заң күші бар жарлығына сәйкес мыналар прокурор бола алады:
Республиканың Бас прокуроры, оның 1-ші орынбасарлары,
Аға көмекшілері мен көмекшілері, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері
Прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары,
Барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, көмекшілері
Қадағалау саласының прокурорлары
әскери, өкілетті және мамандандырылған прокурорлар.
Осылардың барлығы Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен прокуратура органдарында қызметтен өту туралы Ереже негізінде прокуратура органдарында қызметтен өтеді.
Прокуратура қызметкерлері үшін қойылатын міндетті талаптар:
Қазақстан Республикасының азаматтығы;
Заңгерлік жоғарғы білімі бар;
Сотталмағандық, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылмағандық;
Денсаулық жағдайы;
Іскерлік және моральдық қасиеттері.
Әскери прокурорлар міндетті түрде әскери қызметкерлер болуы керек.
Прокуратураның басшы құрамына қосымша талаптар қойылады-жасы 25-тен кем болмауы және прокуратурадағы еңбек стажы 3 жылдан кем болмауы керек.
Прокуратураның барлық қызметкерлері 3 жылда бір рет аттестациядан өтуге тиіс.
Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «ҚР-ның ішкі істер органдары туралы» заң күші бар Жарлығымен және оларға қайшы келмейтін өзге де нормативтік актілермен реттеледі.
Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:
Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Қылмыстың және өзге де құқық бұзудың алдын алу, айғақтау, жолын кесу;
Қылмыстық істер бойынша анықтауды және алдын ала тергеу жүргізуді жүзеге асыру;
әкімшілік құқық бұзу істері бойынша іс жүргізу;
кәмелетке толмағандардың панасыздығын және құқық бұзуын айғақтау және болдырмау;
жол қауіпсіздігін сақтауға және қамтамасыз етуге бақылау жасау;
төлқұжат және визалық жұмыстарды іске асыру, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан аумағында болу ережелерін сақтауына бақылау жасау;
Заң белгілеген басқа да мәліметтер.
Ішкі істер органдарының принциптері:
заңдылық
дара басшылық
біржүйелілік
жариялылық
басқа да құқық қорғау органдарымен қарым-қатынас
ұйымдармен және азаматтармен бірлесіп қызмет істеу.
Ішкі істер органдарының жүйесін ҚР-ның Ішкі істер Министрлігі,оның құрамына кіретін департаменттер және өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағындырылған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының ішкі істер басқармалары, көліктегі, қалалық, аудандық, поселкелік, жол ішкі істер органдары, ішкі әскерлер оқу орындары, мекемелер және басқа ұйымдар құрайды. Бүкіл жүйені ішкі істер Мнистрі басқарады. Оны премьер-министрдің ұсыныс бойынша Президент тағайындайды.
2.Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары.Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттері:
жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекет саясатын жасауға және оны іске асыруға қатысу;
щет мемлекеттердің және адамдардың ҚР-ның аумағында барлау және өзге де дұшпандық қызметпен айналысуын ашу және оған жол бермеу бағытында жұмыс жүргізу;
конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге, шекара тұтастығын бұзуға және мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіруге бағытталған терроризмді және өзге де әрекеттерді ашу, алдын алу және олардың жолын қию;
олардың қарауына жатқызылған қылмыстарды ашу, болдырмау, әшкерелеу және тексеру;
Ұлттық қауіпсіздік органдары тікелей Қазақстан республикасының Президентіне бағындырылған.
Ұлттық қауіпсіздік жүйесін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Комитеттің облыстық, республика қарамағындағы қалалық, астаналық департаменттері, оларға бағындырылған қалалық, аудандық бөлімдері, барлау органдары,арнайы жасақталған бөлімшелер құрайды. Ұлттық қауіпсіздік комитетін Парламент Сенатының келісімімен ҚР-ның Президенті тағайындайт ын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
3.Қазақстан Республикасының соттары. Өздерінің құзіретіне және алдарына қойылған міндеттері мен мақсаттарына сәйкес орналасқан соттар жиынтығы сот жүйесін құрады. Республикадағы сот жүйесін Жоғарғы Сот және жергілікті соттар құрайды.
Жергілікті соттарға жататындар:
1)облыстық және соған теңестірілген соттар (Астана және республикалық мәні бар қалалардың соттары, әскерлердің Әскери соты);
2)аудандық (қалалық) соттар, біріккен күштердің (гарнизондардың, құрамалардың, армиялардың) әскери соттары;
Сот жүйесін шартты түрде 3 буынға бөлуге болады:
1)негізгі (аудандық, қалалық соттар, гарнипзондардың, құрамалардың, армиялардың әскери соттары);
2)орта (облыстық соттар, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың соттары, әскерлердің әчкери соттары);
3) жоғары )Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты).
Судьялар мыналарға құқығы жоқ:
депутат болуға
ғылыми-оқытушылық немесе өзге де шығармашылық қызметтерді есептемегенде, басқа ақылы қызмет атқаруға
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға
коммерциялық ұйымдардың басшы органының немесе бақылау кеңесінің құрамына енуге
партия, кәсіптік одақтар мүшесі болуға
қандай да бір партияны қолдауға немесе оған қарсы шығуға.
Мынадай жағдайларда судьялар қызметінен босатылады:
өз қалауы бойынша;
денсаулығына байланысты;
осы судьяға айыптау үкімі заңды күшіне енгенде.
Судьялар өз қызметіне есеп бермейді және бақылауға алынбайды, алайда заңда белгіленген жағдайларда олар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Судья мынадай жағдайларда тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін:
сот істерін қараған кезде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін;
атына кір келтіретін теріс қылығы үшін;
істі қараудың заңда белгіленген процессуалдық мерзімін өрескел сақтамағаны үшін;
еңбек тәртібін бұзғаны үшін.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі сот жүйесінің құрамына кірмейтін тәуелсіз, автономды орган болып табылады. Оның құрамына мемлекеттік биліктің барлық 3 тармағы да кіреді: Конституциялық Кеңестің Төрағасы; Бас прокурор; Әділет министрі; Сенаттан екі депутат; Жоғарғы Соттың Пленумына сайланған 6 судья; Президент тағайындаған 2 мүше.
Талқылау сұрақтары:
ҚР құқық қорғау органдары қызметтеріне жалпы сипаттама жасаңыз.
ҚР құқық қорғау органдарын атқаратын қызметтеріне қарай жіктеңіз.
ҚР сот органдарының адам құқығын қорғаудағы алатын орны қандай?
ҚР құқық қорғау органдары құзіреттерін айқындайтын нормалардлы атаңыз?
Ұсынылған әдебиеттер:
Алиев М.М. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары. Оқу құралы: Астана. 2004. – 403 б.
Туманов В.А. Европейский суд по правам человека. Очерк организации и деятельности. – Москва: Издательства Норма, 2011. – 304с.
Тусупбеков Р.Т. Деятельность системы органов прокуратуры в Республики Казахстан: надзор за законностью и соблюдением прав человека и гражданина //Развитие механизмов защиты прав человека в Казахстане. – Астана: LEM, 2009. – 51с.
Положение об Уполномоченном по правам человека: Утвержден Указом Президента Республики Казахстан от 19 сентября 2002г. № 947 // СААП РК. – 2012. - №30№ - с.59-65.
Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері. Оқу құралы. Астана: Фолиант, 2011. – 252 б.
ДӘРІС 6. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ
Мақсаты: Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі туралы мағлұмат беру, жастардың саяси мәдениеті туралы түсіндіру.
Жоспар:
1. Сайлау жүйесінің ұғымы.
2. Азаматтардың сайлауға қатысу принциптері.
3. Сайлау органдары.
4. Сайлау алдындағы үгіт.
1. Сайлау жүйесінің ұғымы. Дүние жүзі мемлекеттерінде сайлау жүйесінің тепе-тең және мажорлық екі жүесі бар.
Қазақстанда мажорлық сайлау жүйесі қабылданған. Бұл орайда мажорлық жүйеде, 1) егер оларға сайлаушылар тізіміне енгізілген бірінші тур сияқты, екінші турда да азаматтардың 50 проценттен астамы қатысса, сайлау өткен болып есептеледі; 2) егер кандидатқа берілген дауыстар саны дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының 50 процентінен асса, ол сайланған болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі деп Қазақстан Республикасы Конституциясының және Президенттің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығында көзделгендей Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының депутаттарын, Мәслихат депутаттарын Қазақстан Республикасының азаматтары тікелей де, сондай-ақ жанама да сайлайтын сайлау тәртібі түсініледі.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау құқығы халықтық егемендіктің бір көрінісі болып табылады, өйткені оларды пайдалана отырып, азаматтар мемлекеттің жоғары өкілді органдарын қалыптастырады.
Президент пен Парламент депутаттарын сайлау кезінде дауыс беруді есептеудің мынадай жүйесі қолданылады:
1) егер дауыс беруге сайлаушылардың не Парламент Сенаттың депутаттарын сайлаған кезде тандаушылардың елу проценттен астамы қатысса, сайлау өткен деп есептеледі;
2) дауыс берудің бірінші турында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) елу проценттен астам дауысын жинаған;
басқа кандидатпен салыстырғанда кайтадан түскен кезде сайлаушылардын (тандаушылардың) елу проценттен астамы болуға тиіс дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) көп санын алған;
бір ғана кандидат дауысқа түскенде қайтадан дауыс беру кезінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) санының елу проценттен астам дауысын жинаса, ол кандидат сайланған болып есептеледі.
Мәслихат депутаттарын сайлаған кезде дауыстарды есептеудің мынадай жүйесі қолданылады:
1) егер дауыс беруге сайлаушылардың елу проценттен астамы қатысса сайлау өткен болып есептеледі;
2) егер оның кандидатурасына дауыс беруге қатыскан сайлаушылардың елу проценттен астамы қатысса, ал қайтадан дауыс берген кезде – басқа кандидатпен салыстырғанда сайлаушылардың елу проценттен астамы болуға тиісті сайлаушылардың көп санын жинаған кандидат сайланған болып есептеледі;
3) егер сайлауға бір кандидат дауысқа түссе, егер оның кандитатурасына дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде елу проценті қатысса, ол сайланған болып есептеледі. Қазақстан Республикасы сайлау құқығының көздері нормативтік құқықтық актілер болып табылады, оларда Қазақстан Республикасының сайлау органдарын қалыптастыруға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейтін конституциялық-құқықтық актілер болады.
2. Азаматтардың сайлауға қатысу принциптері. Қазақстан Республикасындағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзге асыруына негізделеді.
Сайлау құқығы принциптері Қазақстан Республикасының Конституциясымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қырқүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен бекітілген. Ол мынадай принциптер.
Жалпыға бірдей сайлау құқығы принципі жынысына, ұлтына, нәсіліне, дінге көзқарасына, әлеуметтік шығу тегіне және тағы басқаларына қарамастан Қазақстан Республикасының белгілі бір жасқа толған барлық азаматы мемлекеттк биліктің сайлау органдарына сайлауға және сайлануға құқығын білдіреді. Жалпыға бірдей сайлау құқығы белсенді сайлау құқығына және бәсең сайлау құқығына бөлінеді.
Белсенді сайлау құқығы – ол Республиканың 18 жасқа толған азаматының сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
Бәсең сайлау құқығы – ол Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы.
3. Сайлау органдары. Қазақстан Республикасындағы сайлауға әзірлік пен оны өткізуді мемлекеттік сайлау органдары ұйымдастырады. Бұл органдар бірыңғай жүйе құрады. Мемлекеттік органдарың бірыңғай жүйесіне:
Республиканың Орталығы сайлау комиссиясы; аумақтық сайлау комиссиясы; округтік сайлау комиссиялары; учаскелік сайлау комиссиялары кіреді.
Сайлау комиссияларының өкілеттіктерінің мерзімі бес жыл.
Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) республиканың сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесін басқарады және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. ОСК Республика Президентінің ұсынысымен Парламент Мәжілісі қызметке сайлайтын және кызметтен босататын төрағадан, төраға орынбасарларынан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. ОСК төрағасының және хатшысының жоғары заң білімі болуы тиіс.
ОСК –на мынадай өкілеттер берілген:
Республика аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады; осы заңның бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етеді;
Президент пен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға әзірлік пен оның өткізілуін ұйымдастырады; Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін құрады;
Президент және депутат сайлаулары бойынша дуыс беру үшін бюллетеньдердің, сондай-ақ Президенттікке кандидатты қолдаушы сайлаушылардың қолын жинау, сондай-ақ Сенат депутаттығына кандидатты қолдаушы таратқыштардың қолын жинау үшін қол қойылатын парақтың нысандары мен мәтінін, басқа да сайлау құжаттарын белгілейді;
Сайлауды әзірлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебін тыңдауға, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер органдарының сайлау туралы заңдарды сақтауы мәселелері жөніндегі ақпараттарды тыңдауға құқылы;
Президенттікке кандидаттарды, оның сенімді өкілдері мен бастамашылық топтарды тіркейді; бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тіркеу туралы хабарларды жариялайды;
Президент және Парламент депутаттары сайлауының қорытындысын шығарады, сайланған Президентті және Парламент депутаттарын тіркейді, осы туралы хабарларды жариялайды;
Мәслихаттардың кезекті және кезектен тыс сайлауларын шақырады;
Қайтадан дауыс беруді және қайтадан сайлау өткізуді тағайындайды және ұйымдастырады;
Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлығына бірдей міндетті шешімдер қабылдайды.
Аумақтық сайлау комиссиялары 9-дан 15 мүшеге дейін құрамда белгіленген сайлау күнінен жеті күннен кешіктірілмей құрылады.
Аумақтық сайлау комиссиясының өкілеттігін шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
ОСК-ның өкілеттігін қамтамасыз етумен байланысты топ. Оған, атап айтқанда, әкімшілік бірлік аумағында сайлау туралы заңдардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, Президент, Парламент және мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелері сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету, Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенімді өкілдері мен бастамашылық топтарды тіркеу, пункттерді дауыс беруге әзірлеу, Сенат депуттары сайлауындағы берілген дауыстың нәтижесін шығару және оны ОСК-на беру; мәслихат депутаттары сайлауы бойынша сайлау округтерін құру, сайлау комиссияларын хабарландыру, мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысын шығару, Сенат пен мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына қайтара дауыс беру мен қайтара сайлау өткізуді ұйымдастыру жатады. Аумақтық сайлау комиссияларының ерекше өкілеттігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау да жатады. Олар тиісті әкімшілік бірліктер (қалалар, аудандар) аумағында орналасқан жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау комиссиясның қызметін орындайды.
Тиісті әкімдердің шешімдерімен құрамында 9 -15 мүшесі бар округтік сайлау комиссиялары құрылады. Олар сайлау округтерінде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттары сайлауын ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссияларына олардың жүктелген міндеттерді орындауын қамтамасыз ететіндей өкілеттіктер берілген. Олар Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттары сайлауын өткізуді ұйымдастырады, учаскелік сайлау комиссияларының қызметін үйлестіреді, олардың шешімдерін кері қайтарады және тоқтата тұрады; учаскелік сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне түскен өтініштер мен шағымдарды қарайды; Парламент Мәжілісі депутаттығына ұсынылған кандидатураларды, олардың сенімді өкілдері мен бастамашылық топтарды тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді; сайлаушылар тізімінің уақытында және дұрыс жасалуын бақылайды.
Учаскелік сайлау комиссиялары құрамында 9-15 адамнан тиісті әкімдердің шешімдерімен құрылады. Олар тиісті сайлау учаскелерінде Прзидент, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлдауын ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз етулері тиіс.
Учаскелік сайлау комиссиялары учаскеде сайлау шараларын өткізеді: сайлаушылардың тізімін жасайды, учаскелік комиссиялардың орналасқан жері туралы хабарлайды, сайлаушыларға дауыс беру күнін, уақытын және дауыс беретін орнын хабарлайды, дауыс беруді ұйымдастырады, берілген дауыстың есебін шығарады және дауыс берудің қорытындысын анықтайды, дауыс беруді әзірлеу және ұйымдастыру және басқа мәселелер бойынша түскен өтініштер мен шағымдарды қарайды.
4. Сайлау алдындағы үгіт. Сайлау алдындағы үгіт үшін жағдай жасау сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің демократиялық кепілі болып табылады. Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеумен басталады және сайлау алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша 00 сағатта аяқталады. Қазақстан Республикасының белменді сайлау құқығы бар азаматтары, қоғамдық бірлестіктері сайлау алдындағы үгітті жүргізуге құқылы. Мемлекет қай кандидаттың болсын кедергісіз үгіт жүргізуіне кепілдік береді. Сайлау алдындағы үгіт әртүрлі жолдармен жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланылады, сайлау алдындағы жария шаралар (жиналыстар, сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулер, сайлау алдындағы айтыстар мен тартыстар, митингілер, шерулер, демонстрациялар) өткізіледі. Баспа, дыбысжазу және басқа үгітшілік материалдар шығарлады және таратылады.
Талқылау сұрақтары:
Сайлау құқығы және сайлау жүйесі деген ұғымдардың мағынасы неде?
ҚР сайлау жүйесіне жалпы сипаттама беріңіз?
Сайлау органдарының құзіреттілігіне тоқталыңыз?
Сайлау жүйесін реттейтін нормаларды атаңыз?
Ұсынылған әдебиеттер:
11\-",';''
Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2010. – 266 б.
Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2009. – 248 б.
Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2011. – 624 б.
ДӘРІС 7. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Мақсаты: Қоғамда еңбектік құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, еңбек құқығы теориясын, еңбек заңдары мен еңбек құқығы нормаларын қолдану тәжірибесін студенттердің игеруі үрдісі болып табылады.
Жоспар:
1. Еңбек құқығының түсінігі
2. Еңбектік құқықтық қатынастар
3. Жеке еңбек шартының ұғымы, мазмұны, тоқтату негіздері
1. Еңбек құқығының түсінігі. Еңбек құқығы – бұл жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы тараптардың еңбек қызметін іске асыруы бойынша жеке және ұжымдық шарттардың негізінде, азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру үрдісінде пайда болатын еңбек қатнастарын реттейтін құқық саласы.
Еңбек құқығының нормалары еңбек құқықтық қатнастарының туындауы мен тоқтату тіртібін, қызметкерлердің ортақ еңбек тіртібін анықтайды, еңбекақының ең төменгі көлемін және қауіпсіздік гигиена талаптарына жауап беретін еңбектің үйлесімді жағдайларын белгілейді. Осылайша, еңбек құқығының еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы қатнастардың ең маңызды реттеушісі болып табылады.
2.Еңбек құқықтық қатынастар. Еңбек құқығы саласындағы құқық қатынастары жүйесі өзіне мыналарды қамтиды: еңбек құқықтық қатнастары; ұйыдастыру - басқару құқықтық қатнастары; ұжымдық – шарттық құқықтық қатнастар; еңбекке орналастыру жөніндегі құқықтық қатнастар; тікелей өндірісте қызметкерлерді кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін арттару жөніндегі құқықтық қатнастар; еңбектің қорғалуын және еңбек заңдарына сақталуын қадағалау жөніндегі құқықтық қатнастар; еңбек дауларын қарау жөніндегі құқықтық қатнастар.Аталған барлық құқықтық қатнастар қызметкердің еңбегіне байланысты туындайды, бірақ пайда болу, өзгеру, тоқтатылу негіздері мен мазмұны жағынан ерекшеленеді.
Еңбек құқықтық қатынастарының мынындай үш елеулі белгілері бар:
1.олар жеке еңбек шартының негізінде нақты кәсіпорынның еңбек ұжымына қызметкердің кіруімен туындайды;
2.еңбек құқықтық қатнасы бойынша қызметкерді белгілі бір мамандық(кәсіп), біліктілік немесе қызмет бойынша жқмыс атқару міндетін өзіне алады, ал кәсіпорын аталған жұмыстың орындалуы үшін қажетті жағдай жасау міндетін алады;
3.еңбек құқықтық қатнасының екі тарабы- қызметкерлер де, жұмыс беруші де ішкі еңбек тәртібіне бағынады.
3. Жеке еңбек шартының ұғымы, мазмұны, тоқтату негіздері. Еңбек шарты –қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім,ол бойынша қызменкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық,біліктілік немесе лаузым бойынша жқмыстары орындауға міндеттеледі,ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге,еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мінтеттенеді.
Тек қана еңбек шартын жасасқаннан кейін қызметкер тап осы кәсіпорын,мекеме,ұйымның өндіріс ұйымына қосылады және оның ішкі тәртәбәне бағынады. Еңбек шартының мазмұны тараптардың яғни жұмыс беруші мен қызметкерлердің толық деректемелері:
Белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы(еңбек функциясы); Жұмыстың атқарылатын орны; еңбек шартының мерзімі; жұмыстың босатылу күні; жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі; еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары.
Егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;қызметкерлердің құқықтары мен міндетттері; жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;еңбек шартын өзгерту мен тоұтату тәртібі;кепілдіктер мен өтемақы төлемдері,олпрды төлеу тәртібі;сақтандыру жөніндегі талаптар; тарптардың жауапкершілігі; жасалу күні мен реттік номері болуға тиіс.
Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қ.Р-заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлататын еңбек шартының ережелері жарамсыз деп танылады.
29-бап. Еңбек шартын тоқтату негіздері
Мыналар:
1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;
2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
3) жұмыс бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;
6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;
8) еңбек шартын жасау талаптарының бұзылуы;
9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.
Талқылау сұрақтары:
Еңбек құқығы пәнінің жалпы ұғымына тоқталыңыз.
Еңбек құқығы қандай қатынастарды реттейді?
Жеке еңбек шартының еңбек қатынастарды реттеудегі рөлі қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
Қағазов О. ҚР еңбек құқығы. Алматы, 2003.-212б.
Достарыңызбен бөлісу: |