«ҚҰҚЫҚ негіздері» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен



жүктеу 0,71 Mb.
бет5/8
Дата20.11.2018
өлшемі0,71 Mb.
#21890
1   2   3   4   5   6   7   8

Мемлекеттік билік - әлеуметтік биліктің ерекше түрі, оның егемендік сипаттары. Мемлекеттік билік және саяси билік. Биліктік қатынастар – қоғамдық қатынастардың айрықша түрі. Биліктік қатынастардың мазмұны, объектілері мен субъектілері. Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері мен түрлері. «Зорлық», «күштеу», «басып - жаншу», «мәжбүрлеу», «көндіру», «сендіру», «басшылық ету», «басқару», «үстемдік ету», «бағындыру» санаттарының арақатынастары.


Мемлекеттің қызметтері: ұғымы. Мемлекеттің қызметтерін саралау, оның негіздері. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері. Қоғам өмірінің экономикалық саяси, әлеуметтік, рухани салаларында мемлекеттің атқаратын қызметтері. Мемлекет қызметтерінің байланыстылықтары мен өзара ықпалдасулары.

Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттік аппарат. Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттің мәні. Мемлдекеттің қызметтері және олардың салыстырмалы дербестігі. Мемлекеттің қызметтері және мемлекет пен қоғам дамуының тарихи өзіне ғана тән өзгешеліктері. Мемлекеттің іс - әрекеттерінің шегі. Қоғамның саяси жүйесі туралы ұғым және оның құрылымы. Саяси жүйедігі мемлекеттің алатын орны. Мемлекеттің саяси және қоғамдық қозғалыстардың, партиялардың, діни ұйымдар басқа да саяси құрылымдардың өзара әректтесуі мен ықпалдасулары.

5 СЕМИНАР. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының әрекет ету жағдайларына сипаттама бере отырып, студенттерге құқық қорғау органдарының түрлеріне байланысты құзіреттерін ажырата алуға үйрету.

Жоспар:


  1. ҚР құқық қорғау органдары қызметтеріне жалпы сипаттама.

  2. ҚР құқық қорғау органдарының жіктелуі.

  3. ҚР құқық қорғау органдарының құзіреттері.

Құқық қорғау органдарының қоғамдық қатынастарды реттеудегі алатын орны. Құқық қорғау органдарының қызметтері. Құқық қорғау органдарының әрекеттерін реттейтін нормативті актілер. Құқық қорғау органдарының түрлері. ҚР Прокуратурасы. ҚР Сот органдары. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті. ҚР Ішкі істер органдары. ҚР Әділет министрлігі.ҚР Кеден органдары. ҚР салық органдары және т.б.


6 СЕМИНАР. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ

Сабақтың мақсаты: Сайлау жүйесі және сайлау құқығының ара қатынасын түсіндіру. ҚР сайлау жүйесіне талдау жасау, студенттерге жастардың саяси мәдениетін қалыптастыру туралы мағлұмат беру. Студенттердің сайлау құқықтарының іске асырылу жолдарын білуге үйрету.

Жоспар:

  1. ҚР Сайлау жүйесіне жалпы сирпаттама.

  2. ҚР сайлау құқығы ұғымы.

  3. Сайлау құқықтарының жүзеге асырылу мәселелері.

  4. Саяси мәдениет және жастар.

Сайлау жүйесі. Сайлау құқығы. Сайлаудың түрлері. Пропорционалды, можариторлы, баламалы, тең, еркін. Төте және көлбеу сайлау. Референдум. Сайлау құқығының жүзеге асырылу жолдары. Сайлауға қатысу тәртібі. Орталық сайлау комитеті. Сайлау құқықтарының бұзылу себептері және оны болдырмаудың жолдары. Сайлауға қатысу қатынастарын реттеудегі нормативті актілер. Жастардың сайлауға қатысу белсенділігі.


7 СЕМИНАР. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Сабақтың мақсаты: ҚР еңбек құқығына талдау жасау, студенттердің еңбек заңдылықтары туралы мағлұматтарын бағалау. Студенттердің еңбек құқықтарын жүзеге асыра білуге үйрету.

Жоспар:

  1. Еңбек құқығына жалпы сипаттама.

  2. ҚР Еңбек заңдылықтары.

  3. ҚР Еңбек құқықтық қатынастар: жалпы ұғымы.

  4. Жеке еңбек шарты.

Еңбек қүұығының пәні. Еңбек құқығының қайнар көздері. Еңбек құқығының жүйесі. Еңбек құқықтық қатынастар: субъетілері, олардың құқықтары мен міндеттері. Жеке еңбек шарты: отыру тәртібі, шартқа өзгертілер енгізу, толықтыру, тоқтату. Ұжымдық шарт. Еңбек даулары. Еңбек дауларының реттелу тәртібі. Еңбек құқығының қорғалуы.

8 СЕМИНАР. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Сабақтың мақсаты: ҚР азаматтық құқығының құқық саласындағы алатын орнын студенттерге түсіндіре отырып, азаматтық құқық аясының қаншалықты кең екендігі туралы студенттердің дәлелді жауаптарын алу.

Жоспар:


  1. ҚР азаматтық құқығының пәні.

  2. ҚР азаматтық құқығының реттеу әдістері мен жүйесі.

  3. ҚР азаматтық құқығының қайнар көздері.

  4. Азаматтық құқықтық қатынастар.

Азаматтық құқық пәні: оның реттеу аясы. Азаматтық құқықтың реттеу әдістері: ерікті (диспозициялық) және мәжбүрлеу (императивті). Азаматтық құқықтық нормалар, олардың алуан түрлілігі. ҚР Азаматтық Кодексі: ішкі сыртқы талдау.

Азаматтық құқықтық қатынастар: пайда болуы, өзгеруі, тоқтатылуы. Азаматтық құқықтағы заңи айғақтар. Азаматтық құқықтың субъектілері: жеке және заңды тұлғалар. Азаматтық құқықтың объектілері: мүлік, материалдық емес игіліктер, қызмет көрсету үлгілері. Мемлекет - азаматтық құқықтың ерекше субъектісі ретінде. Жануарлар, өсімдіктер әлемі – азаматтық құқықтың ерекше объектісі ретінде. Азаматтық құқықтағы құқықсубъектілік: құқық және әрекетқабілеттілік. Азаматтық құқықтың қорғалуы.


9 СЕМИНАР. ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Сабақтың мақсаты: ҚР отбасы құқығының реттеу аясы туралы студенттердің жауаптарын бағалай отырып, олардың отбасылық қатынастарға түсу тәртібін, отбасылық құқықтар мен міндеттерді меңгеру деңгейін анықтау.

Жоспар:

  1. Отбасы құқығының пәні.

  2. Отбасы құқықтық нормалар.

  3. Отбасылық құқықтық қатынастар.

  4. Отбасы құқығының жүйесі.

Отбасы құқығының азаматтық құқық саласындағы алатын орны. Отбасы құқығының пәні: отбасылық құқықтық қатынастар. ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңы: ішкі және сыртқы талдау. Отбасы мүшелері: олардың құқықтары мен міндеттері. Отбасы құқығының институттары: неке, бала құқықтары, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, бала асырап алушылық, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат. Отбасылық құқықтың қорғалуы.

Әдебиеттер:

  1. Неке және отбасы туралы. Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 68б.

  2. Бала құқықтары туралы Конвенция.

  3. ҚР «Бала құқықтары туралы» Заңы.

  4. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.

  5. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

10 СЕМИНАР. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Сабақтың мақсаты: Студенттердің әкімшілік құқық туралы білімдерін бағалау, әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы пікірлерін тыңдап, тұжырымдар жасауға үйрету.

Жоспар:

  1. Әкімшілік құқық пәні, әдістері, жүйесі.

  2. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.

  3. Әкімшілік құқықбұзушылықтар: реттелу тәртібі.

Әкімшілік құқық пәні. Әкімшілік құқықтық қатынастар: субъектілері және объетісі. Әкімшілік басқару объектісі. ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексі: ішкі және сыртқы талдау. Әкімшілік жазалар: түрлері. Әкімшілік құқықбұзушылыұтардың алдын алу шаралары.


11 СЕМИНАР. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Сабақтың мақсаты: Студенттердің қылмыстық құқық саласындағы білімдерін бағалау, олардың қылмыс құрамын анықтаудағы білімдерін бекіту.

Жоспар:

  1. ҚР Қылмыстық құқық пәні: жалпы ұғымы.

  2. Қылмыс: ұғымы, құрамы.

  3. Қылмыстық жауаптылық және жазалар.

Қылмыстық құқықтың ұғымы мен міндеттері. Қылмыстық құқық принциптері. ҚР Қылмыстық кодексі: жалпы сипаттама. Қылмыс: ұғымы, құрамы. Қылмыстың объектісі. Қылмыстың объективті жағы, оның белгілері. Қылмыстың субъектісі. Қылмыстың субъективті жағы. Кінә: қасақана, абайсыздық, қажетті қорғану. Қылмыстық жауапкершілік ұғымы. Жазалау жүйесі, жазалаудың мақсаты.
12 СЕМИНАР. ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Сабақтың мақсаты: Студенттердің экологиялық құқық саласындағы білімдерін бағалау, олардың экологиялық құқықбұзушылықты анықтаудағы білімдерін бекіту.

Жоспар:

  1. Экологиялық құқық пәні: жалпы ұғымы, әдістері, принциптері.

  2. Экологиялық құқықтық қатынастар.

  3. Экологиялық мәдениет: ұғымы, қалыптасыуы, дамуы.

  4. Экологиялық жауапкершілік және жазалар.

Экологиялық құқықтың пәні, әдістері, принциптері. Экологиялық заңнамаларға жалпы сипаттама. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдаланудың негізгі принциптері. Экологиялық қатынастар: ұғымы, субъектілері. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншлік, табиғатты аялау, сақтау. Экологиялық құқықбұзушылықтар, қылмыстар, оларға тағайындалатын жазалар.
13 СЕМИНАР. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Сабақтың мақсаты: Студенттердің халықаралық құқық саласындағы білімдерін бағалау, олардың ҚР халықаралық жүйедегі алатын орны туралы білімдерін бекіту.

Жоспар:

  1. Халықаралық құқық пәні:жалпы сипаттама.

  2. Халықаралық құқық принциптері.

  3. ҚР халықаралық жүйедегі алатын орны.

Халықаралық құқық пәні: ұғымы, әдістері, принциптері. Халықаралық құқық жүйесі. Халықаралық құқықтық нормалар. Халықаралық келісімдер: жасалу тәртібі, орныдалуының құқықтық жағдайлары. Халықаралық ұйымдар. БҰҰ: құқықтық жағдайы. ҚР халықаралық жүйедегі алатын орны. ҚР - БҰҰ мүшесі. ҚР сыртқы саясаты.


СТУДЕНТТІК ОҚЫТУШЫМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (СОЖӨЖ) ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
СОЖӨЖ – студенттің дәріс, практикалық сабақтар барысында алынған білімдерін бекітуге мүмкіндік беретін әдістердің бірі. Болашақ маман ретінде студент игерген білімді өз бетімен жүзеге асыра білуі керек. Бұл үшін студент талмай ізденіп, білім деңгейін тереңдету үшін ұсынылған әдебиеттерді жете саралап, сабаққа мұқият дайындалуы қажет.

СОЖӨЖ тапсырмаларын орындау барысында студент нормативті актілермен тығыз жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Бұл салада түсініксіз сұрақтарды оқытушыдан сұраған жөн, себебі заңның тілі қиын тіл, ол талқылауды қажет етеді, ол студенттің жоғары деңгейдегі білімін қажет етеді.

СОЖӨЖ тапсырмалары студенттің логикалық терең ойлауын өажет етеді. Тапсырмалар жүйесі әр түрлі: ситуациялық есептер, кестелер құрастыру, заңнамаларға талдау жасау т.с.с.

СОЖӨЖ тапсырмаларын студент грамматикалық сауатты орындауы қажет. СОЖӨЖ тапсырмаларын орындағаннан кейін студент оны оқытушы алдында қорғайды. СОЖӨЖ тапсырмалары бойынша слайдтар құрастырып, презентация ретінде қорғауға болады. СОЖӨЖ тапсырмаларын қорғауда студенттің ғылыми терминдерді қолдануы қажет, яғни студент өзінің ғылыми ойлау дәрежесін арттыруы керек.

Құқықтық білім құрғақ сөзді қажет етпейді. Сол себепті студенттің білімі арнайы деректерге сүйеніп, дәлелденуі қажет.
1 Тақырып. Мемлекет ұғымы және мәні

Мақсат: Студенттің аналитикалық қабілетін дамыту.

Тапсырма: «Мемлекет» ұғымына талдау жасау. Ұсынылған әдебиеттен мемлекеттің әр түрлі анықтамасын жазып, талдау жасаңыз. Ол ұғымға аса мән беріңіз, әр түрлі анықтамалардың ортақ мәнін табыңыз.

Тапсырма нысаны: Конспект.

Әдебиеттер:

  1. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.



  2. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2010. – 266 б.

  3. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2009. – 248 б.

  4. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2011. – 624 б.

2 Тақырып. Қоғамда құқықтың алатын орны



Мақсат: Студенттің нормативті актілермен жұмыс жасай алу қабілетін дамыту. Студентті өз құқықтарын білуге жетелеу.

Тапсырма: Құқықтың белгілеріне, әдісіне, қызметіне, жүйесіне талдау.

Тапсырма нысаны: Кесте құрастыру.

Әдебиеттер:

  1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2010. – 266 б.

  2. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2009. – 248 б.

  3. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2011. – 624 б.

3 Тақырып. Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының маңызды құқық саласы ретінде



Мақсат: Студенттің ҚР Конституциясымен жұмыс жасай алу қабілетін дамыту. Студентті конституциялық құқықтарын білуге жетелеу.

Тапсырма: ҚР Конституциясынан өздеріңіздің негізгі конституциялық құқықтарыңызды баптарын көрсете отырып теріп жазыңыз.

Тапсырма нысаны: Кесте құрастыру.

Әдебиеттер:

  1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2010. – 266 б.



  2. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2009. – 248 б.

  3. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2011. – 624 б.

4 Тақырып. Мемлекеттік биліктің жүйесі және мемлекеттік қызмет



Мақсат: Студенттің қабілеттіліктерін қамыту. Студенттің мемлекттік қызметке орналасу барысындағы құқықтарын білуге жетелеу.


Тапсырма: Мемлекеттік биліктің тармақтарын ашып көрсетіп кесте құрастырыңыз. Мемлекеттік қызмет түрлерін бөліп көрсетіңіз.

Тапсырма нысаны: Кесте құрастыру. Конспект.

Әдебиеттер:

  1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2010. – 266 б.

  2. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2009. – 248 б.

  3. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2011. – 624 б.

5 Тақырып. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары



Мақсат: Студенттің құқық қорғау органдарының құзіреттерін білу дағдыларын қалыптастыру.

Тапсырма: Құқық қорғау органдарының құзіреттерін оларды реттейтін нормалардың баптарын көрсете отырып кесте құрастырыңыз.

Тапсырма нысаны: Кесте құрастыру.

Әдебиеттер:

  1. Алиев М.М. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары. Оқу құралы: Астана. 2004. – 403 б.

  2. Туманов В.А. Европейский суд по правам человека. Очерк организации и деятельности. – Москва: Издательства Норма, 2001. – 304с.

  3. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2009. – 248 б.

  4. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2011. – 624 б.

6 Тақырып. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі



Мақсат: Студенттің саяси мәдениетін қалыптастырып, дамыту

Тапсырма: ҚР «Сайлау туралы» Заңына ішкі және сыртқы талдау жасау.

Тапсырма нысаны: Ерікті түре (кесте,конспект, диаграмма т.б.).

Әдебиеттер:

  1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2010. – 266 б.

  2. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2009. – 248 б.

  3. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2011. – 624 б.

7 Тақырып. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының негіздері



Мақсат: Студенттің еңбек қатынастарына түсу қабілеттерін қалыптастырып, дамыту

Тапсырма: Еңбек заңдылығына сүйене отырып жеке еңбек шартына отыру тәртібін анықтау.

Тапсырма нысаны: Жазбаша нысанда шарт құрастыру.

Әдебиеттер:

  1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2010. – 266 б.

  2. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2009. – 248 б.

  3. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2011. – 624 б.

8 Тақырып. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері



Мақсат: Студенттің азаматтық құқықтық қатынастарға түсу қабілеттерін қалыптастырып, дамыту

Тапсырма: Азаматтық заңнамаларға сүйене отырып орын алған жағдаяттарға жауап беру.

Тапсырма нысаны: Жазбаша нысанда ситуациялық есептерді шығару.

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі:Жалпы бөлім. Ерекше бөлім.-3 басылымы.-Алматы: «Жеті жарығы», 2008.-558 беттер.

  2. Мемлекет және құқық негіздері / құрастырған Ғ.Сапарғалиев – Алматы: Жеті Жарғы, 2001.-623 б. – Оқулық.

  3. Нәрікбаев М.С. ж.б. Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау. Защита гражданских прав в суде /М.С.Нәрікбаев, Ю.А.Пономаренко, Б.Ж.Әбдірайымов.- Алматы:Борки, 1998.-184 б.

  4. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы.1 том: Оқулық .-Жеті Жарғы,2001.-191 бет.

9 Тақырып. Отбасы құқығының негіздері



Мақсат: Студенттің отбасылық құқықтық қатынастарға түсу қабілеттерін қалыптастырып, дамыту

Тапсырма: «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңына сүйене отырып орын алған жағдаяттарға жауап беру.

Тапсырма нысаны: Жазбаша нысанда ситуациялық есептерді шығару.

Есеп: Алматы қаласының тұрғындары Валентина мен Василий Дубининдер спирт ішімдіктеріне әуес еді. Олардың 12 жастағы баласы – Саша мектепке бармайтын, себебі ата-анасы одан ақша талап ететін, сондықтан да, ол автокөлік сататын базарда автомобиль жуумен айналысып ақша табуға мәжбүр болады. Ақсай аудандық полициясының учаскелік инспекторлары Саша Дубининді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бірнеше рет ұстаған болатын. Нәтижесінде ақыры Саша Дубининді кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның есебіне тіркеуге алады. Дубининдер жанұясында орын алған бұл келеңсіздіктің таяу арада оңалмайтындығына көздері жеткен және бала тәрбиесіне аталған жағдайлардың кері ықпал жасайтындығын ескеріп кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия сотқа талап-арыз беріп, Дубининдерді ата-ана болу құқығынан айыру туралы іс қозғауды сұрайды. Осы іс сотта қаралған кезде мына жағдайлар, яғни ерлі-зайыпты Дубининдердің екеуінің де созылмалы алкоголизммен ауыратындығы, сондай-ақ баласын үнемі ұрып соғатыны және Сашаның мектепке баруына тыйым салатындығы анықталады.

Сұрақ:

  1. Сот қандай шешім шығаруы керек?

  2. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиядан басқа тағы кімдер ерлі-зайыпты Дубининдерді ата-ана болу құқығынан айыру туралы сотқа талап-арыз бере алады?

  3. Осы жағдайда Сашаның ата-анасынан алимент өндіріп алу туралы істі қарауға сот құқылы ма?

  4. Егер ерлі-зайыпты Дубининдер Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмаған жағдайда істің мәні мен сот шешімі өзгере ме?

Есеп: Некені бұзғаннан кейін 5 жыл бойы Нұргүл Мукашева өзінің бұрынғы күйеуінен кәмелетке толмаған қызына алимент төлеуді талап етпейді, себебі ол мұнай компаниясында есепші болып істегендіктен ақшаға аса мұқтаждық көрмейтін. Алайда, 2000 жылы аталған мұнай компаниясы жабылып, Мукашева Н. жұмыссыз қалады. Осы себептерге байланысты Мукашева өзінің бұрынғы күйеуінен қызды асырауға қажетті ақша сомасын ай сайын жіберіп тұруын өтінеді. Мукашев болса, ерікті түрде ақша төлеп тұрудан бас тартады.

Сотқа талап-арыз беретіндігі жайлы зайыбының ескертуіне Мукашев бұрынғы әйелі Нұргүл Мукашеваның талап қою мерзімін өткізіп алғандығына сілтеп, оның ескіруін елеусіз қалдырып, әйелінің талабын орындаудан бас тартады.



Сұрақтар:

  1. Осы қалыптасқан жағдайда қандай әрекеттер жасауы тиіс?

  2. Неке және отбасы туралы Заң бойынша алимент өндіріп алуға талап қою мерзімі қолданыла ма?

Әдебиеттер:

  1. Неке және отбасы туралы. Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2012. – 68б.

  2. Бала құқықтары туралы Конвенция.

  3. ҚР «Бала құқықтары туралы» Заңы.

  4. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2009. – 248 б.

  5. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2011. – 624 б.

10 Тақырып. Әкімшілік құқық негіздері



Мақсат: Студенттің әкімшілік құқықтық қатынастарға түсу қабілеттерін қалыптастырып, дамыту

Тапсырма: ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Заңына талдау жасау.

Тапсырма нысаны: Кесте түрінде.

Әдебиеттер:

  1. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  2. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2010. – 266 б.

  3. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2009. – 248 б.

  4. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2011. – 624 б.

11 Тақырып. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының негіздері



Мақсат: Студенттің қылмысты болдырмаудың жолдарын табуға жетелеу.

Тапсырма: ҚР Қылмыстық Кодекске сүйене отырып орын алған жағдаяттардың шешімін табу.

Тапсырма нысаны: Казустық есептерді шығару.

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2013. – 141б.

  2. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2010. – 266 б.

  3. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2009. – 248 б.

  4. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2011. – 624 б.

12 Тақырып. Экология құқығының негіздері



Мақсат: Студенттің қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Тапсырма: Қоршаған ортаның ластануынан туындайтын құқықтық салдарға жауап беру.

Тапсырма нысаны: Конспект.

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2007.

  2. ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы.

  3. ҚР Жер Кодексі.

  4. ҚР Су Кодексі.

  5. ҚР Орман Кодексі.

  6. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2009. – 248 б.

13 Тақырып. Халықаралық құқық негіздері



Мақсат: Студенттің халықаралық нормативті актілерді білу дағдыларын қалыптастыру.

Тапсырма: ҚР халықаралық жүйеде алатын орны.

Тапсырма нысаны: Шығарма - эссе.

Әдебиеттер:

  1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2010. – 266 б.

  2. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2009. – 248 б.

  3. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2011. – 624 б.


СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Құқық негіздері – жоғары заң оқу орындарындағы негізгі пәндердің бірі. Құқықтық білімге баса көңіл бөлу дәстүрге айналдырылған. Бұған еліміздің 2020 жылдарға дейін анықталған құқықтық саясат тұжырымдамасының қабылдануы да дәлел.

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы жағдайында заңи ойлау, пайымдау, жалпы мәдениет пен құқықтық мәдениетті, заңи кәсіпкерліктің деңгейін жоғары көтеру, заңдылық пен әділетке деген сенімдерді нығайту, сезімдерді жаңаша қалыптастыру және оларды тұрақты түрде дамытып отыру істерінің мәні мен маңызы арта түседі. Сонымен, құқықтық ұғым – түсініктер мен санаттардың қалыптасып үлгерген дәстүрлі пайымдауларын жаңаша ұғыну, оларға заман талабынан туындаған мән және мағына беру, түсіндіру қажет болады.

Құқық негіздері пәні бойынша өзіндік жұмыс дәріс және семинар сабақтарынан тыс беріліп отыр. Себебі өздік жұмыс студенттердің терең ойлап, мемлекет және құқық саласында әр түрлі мәселелерді көтеріп қана қоймай, оны шеше алу қабілеттерінің жетілуіне ықпалын тигізеді. Сондықтан өздік жұмысты жүргізудің әр түрлі нысандары таңдалып алынды. Олар: баяндама, реферат, кроссворд, сканворд , ғылыми мақалаларға сарапнама беру т.с.с.

Студенттің өздік жұмысы оқушының өздік жұмысымен салыстырғанда әлдеқайда көш ілгері болуы керек.

Өздік жұмыстарға қойылатын талаптар:


  • Жазбаша баяндамалардың сауатты, ұғынықты түрде, тақырыпты аша отырып жазылуы;

  • Реферат қойылған талаптарға жауап бере отырып жазылуы керек (көлемі, пайдаланған әдебиеттер тізімі, жоспары, кіріспе және қорытынды т.с.с.);

  • Кроссворд , сканвордтар 50 сұрақтан кем болмауы керек;

  • Ғылыми мақаланы басқа мақалалардан ажырата білу, талдау жасай білу, яғни сол мақалаға қатысты өз пікірін айту;

  • Белгілі бір мәселеге қатысты сұрақ – жауап жүргізіп, қорытынды жасай білу.


«Құқық негіздері» пәнінің СӨЖ реттелуі, тақырыптың жоспары:



Тақырып

Сағат саны

өткізу мерзімі

Не орындау керек

1

Төмендегі көрсетілген тақырыптар (таңдау бойынша)

15

5-апта

Реферат

1. компьютерлік терумен – 5-7 бет.

2. Жан – жақты сиппатама беру.


2

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері.

15

9-апта

Конспект

1. компьютерлік терумен – 4-5 бет.

2. Өз көзқарасын білдіру.

3. Глоссарий жасау (терминдер сөздігі).



3

ҚР құқық қорғау органдары.


15

13-апта

Реферат

1. компьютерлік терумен – 5-7 бет.

2. Жан – жақты сиппатама беру.

3. Өз көз – қарасын білдіру.



жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау