ПОӘК 042-18-20.1.5/03-2014
|
№2 басылым
11.09.2014ж.
|
2 бет 138 беттен
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ |
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-20.1.5/03-2014
|
«Құқық негіздері»
|
№2 басылым
11.09.2014ж.
|
«ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«Құқықтану» мамандығынан басқа мамандықтардың студенттеріне арналған
Семей - 2014ж.
1 ӘЗІРЛЕНДІ
Құрастырушы:
«Құқықтану» кафедрасының доцент м.а Н.С. Газизова
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 «Құқықтану» кафедрасы мәжілісінде
№1 Хаттама 03.09.2014ж.
Кафедра меңгерушісінің м.а _________ А.Е. Төлепбергенова
2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу- әдістемелік бюро мәжілісінде №1 Хаттама 09.09.2014ж.
Төраға_____________С.Х.Тойкин
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу- әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданып, ұсынылды
№1 Хаттама 11.09.2014ж.
ОӘК төрайымы_________ Г.К.Искакова
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
Мазмұны:
1
|
Глоссарий .............................................................................................4
|
|
2
|
Дәрістер.................................................................................................11
|
|
3
|
Практикалық сабақтар.........................................................................67
|
|
4
|
Студенттің оқытушымен жүргізетін өздік
жұмыстарына (СОЖӨЖ) әдістемелік нұсқау...................................78
|
|
5
|
Студенттің өздік жұмыстарына (СӨЖ)
әдістемелік нұсқау................................................................................82
|
|
6
|
Емтихан және тестілік материалдар...................................................84
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ГЛОССАРИЙ
Абайсыздық – кінәнің нысаны, адам қоғамға қауіпті ,құқыққа қарсы әрекет жасағанда, алдын-ала қауіпті нәтиже болатындығын көре біледі, бірақ жеңілдікпен оңдай нәтижені болғызбауға сенеді, не болмаса ондай қауіпті нәтиженің болтатындығын алдын-ала білмейді, істің мән-жайына байланысты ол алдын-ала көре білуге міндетті болатын.
Асолюттік монархия - монархиялық басқару нысандарының түрі. Бір адамның монархтың шексіз мемлекеттік билігін жүргізу.
Автономия - мемлекет жерінің бір болігінің өзін-өзі басқпру нысандарының түрі. Бір адамның –монарахтың шексіз мемлекеттік билігін сипаттайды.
Авторитаризм - саяси режим түрлерінің бірі, онда саяси билік белгілі адаммен жүзеге асырылады (тап,партия ерекше топтар т.с.с.) халықтың қатынасы аз болады және оларға қоғамды бюрократтық –пәрменмен басқару әдісі тән сипат алады.
Адам құқығы - құқықтың маңызды принциптерінің бірі, адамның жоғарғы бағаланатындығын мойындау көрсетіледі, оның құқығын бостандығын, заңды мүдделерін бекітіп, жеке адамның қадір–қасиетін бағалап адамдар арасындағы шын мәніндегі адамдық қатынастардың жан-жақты еркін дамуына қолдау көрсету.
Азаматтық – адам мемлекет арасындағы тұрақты қатынас, оны бір-біріне тығыз байланысты құқықтарынан міндеттерінен және жауапкершіліктеріне байқауға болады
Азаматтық қоғам – адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік–экономикалық, отбасы қатынастарының және институттарының жиынтығы, сол арқылы тұлғалар мен олардың мүдделері қанағаттандырылады.
Атқарушы билік - қабылданған заңдарды іске асыратын және жедел-шаруашылық қызметтерді орындайтын, тағайындалатын не болмаса сайланған атқарушы–иелік етуші билік органдары.
Алименттер – алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты.
Азаматтық хал актілері - адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңдық ресімделген мән – жайлар.
Әкімшілік құқық- билік пен бағыну негізінде құрылған және ұйымдастыру жұмысын қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару органдарының атқару-өкімдік қызметі аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік – атқарушы-әкімші мемлекеттк органдар жүйесі, барлық елдің не болмаса белгілі аймақ көлемінде заңдардың орындалуын іске асыратын орган.
Әлеуметтік нормалар – қоғамдық қатынастарды реттеуге пайдаланылатын тәртіп жолы
Әрекет қабілеттілік- құқықтық қатынастар аясындағы құқықтарды нақтылы жүзеге асыру және өзіндік міндеттерді орындау әрбір жеке жағдайда заңда көрсетілген жасқа толған кезеңде пайда болады.
Басқару - адамдар ұжымының біріккен қызметіне жетекшілік ету, оны бағыттап, ұйымдастыру;
Басшылар - кадрларды таңдап талғауда байқалатын заңдық биліктік өкілеттікке ие қызметкерлер; Субьекті - мемлекеттік биліктік құқыққа ие мемлекеттік басқару органдары, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар және азаматтар;
Басқару әдісі- заңдық-биліктік өкілеттігі бар органдардың бағыныштыларға және басқа адамдарға ықпал етуімен іске асатын мемлекеттік басқару органдарының міндеттерінің жүзеге асуының әдіс-тәсілдері;
Біліктілік талаптары- мемлекеттік әкімшілік қызметті атқаруға үміткер азаматтарға оның кәсіби даярлығының деңгейі, құзіреттілігін және нақты әкімшілік қызметке сәйкес келуін анықтау мақсатында қойылатын талаптар;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациялау, жұмыс уақыты, мемлекеттік қызмет өткеру.
Вето – парламент қабылдаған заң жобасына мемлекет басшысының қол қоюға қарсылығы.
Дәлелдеу - заңға сай келетін, заңды істің обьективтік шындығын белгілейтін қажетті деректер.
Декларация - құқықтық құжат , ұсынушы күші бар негізгі принциптерді жариялау.
Демократиялық режим - мемлектік билікті іске асырудағы халықтың жаппай қатынасуымен тікелей және өкілеттік демократия, азшылықтың мүддесін есептей отырып көпшілік шешімді қабылдау.
Еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі.
Еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі.
Еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары.
Еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар.
Еңбек міндеттері - қызметкер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта келісілген міндеттемелері.
Еңбек стажы - қызметкер еңбек міндеттерін жүзеге асыруға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт.
Жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға.
Жалған неке – отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке.
Жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тәртіптемесінің ережелері.
Жақын туыстары – ата-аналар , балалар, асырап алушылар, асырап алғандардың туыстары, ағалары-інілері мен апалы – сіңілілер,ата, әже, немерелер.
Заң - ерекше жағдайда, заң шығару органдарының билігімен не референдуммен қабылданған, халықтың еркін көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт.
Заңдар - мемлекттің белгілі-тарихи кезеңіңдегі ,әрекет жасайтын заңдардың және соған негізделген қосымша заң актілерінің жүйесі
Заңдылық – қоғамның және мемлекеттің құқық нормаларын іске асырудағы барлық адамдардың, ұйымдардың, дәл және бұлтарықсыз оындауға қажет талаптарының жиынтығы.
Заң шығарушы – Парламент, ал жергілікті жерлерде-аумақтық өкілді органдар;
Заңды мүдде - обьективті кқұқықта көрсетілген, не оның жалпы мәнінен пайда болатын, белгілі деңгейде кепілдігі бар заңды рұқсат, ол субьектінің белгілі әлеуметтік иглікпен пайдалануға ұмытылғанынан көрінеді, сонымен қатар, оны қорғайтын мемлекеттің құзіретті органдарына, қоғамдық ұйымдарға жүгінуи мүкіндігі.
Заңды тұлға - меншігінде мүлкі бар ,сол мүліктерін басқару процесінде, өз атынан мүліктік емес міндеттерге ие болып, міндеттері бойынша жауап беретін, сотта талапкер және жауапкер бола алатын заңмен тіркелген ұйымдар, тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер.
Кодес- бір жүйеге келтірілген , заңды және логикалық тұтас , ішкі жағынан келсімді тікелей әрекеттегі заңды акт, қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігін реттейді.
Конституция - мемлекеттің және тұтасымен қоғамның негізгі заңы , оның ең жоғарғы заңдылық күші бар, қоғамдық және мемлекеттік негізгі құрлымдарды басқару нысанын, жеке адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым–қатынасының принциптерін бекітеді.
Конфедерация - мемлекеттердің уақытша одағы, олар саяси, әскери, экономикалық және басқа да мақсаттар үшін бірігеді.
Қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға.
Кінә - заң бұзушының өзі жасаған әрекетіне психикалық қатынасының жағдайы (қасақана және абайсыздық)
Қоғам – тарихи қалыптасқан адамдардың өмір ортасы ,бірігіп жасайтын қызметтерінің жиынтығы.
Қорғаншы(қамқоршы) –қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам.
Қорғаншылық(қамқоршылық) – кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.
Құқықтық нысан- лауазымды орынға нақты бір тұлғаны тағайындау немесе мәжбүр ететін ықпалды шараларды жүзеге асыру, әкімшілік жаза қолдану;
Қорғаншы және қамқоршы орган- республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган.
Құқық қабілеттілік- адамның туғаннан бастап, өмірінің соңына дейін күші болатын субьективтік құқықтарының кепілдігі;
Құқық нормасы - жалпыға міндетті, нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекетпен қамтамасыз етілетін формалды белгіленген тәртіп жолы.
Құқық саласы - белгілі қоғамдық қатынастардың аясын реттейтін, тәртіпке келтіретін заңды нормалардың жиынтығы.
Құқық - жалпыға міндетті, формальды түрде анықталған заң нормалары, қоғамдық , таптық ерікті көрсетеді қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекет пен белгіленеді және қамтамасыз етіледі.
Лауазымды адам- ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүйеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам;
Лауазымдық өкілеттілік- заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретінін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік.
Мемлекеттік аппарат - мемлекеттің алдыңдағы негізгі мақсаттарды, қызметтерді іске асыруға қажетті мемлекет органдарының жүйесі.
Мемлекет - белгілі аумақ көлеміндегі саяси биліктің ұйымы, мүдделердің іске асырылуына тікелей ат салысады.
Мемлекет нысаны - саяси биліктің ұйымдастырлуы жолы ,мемлекеттік нысанды, мемлекеттік басқаруды, мемлекеттік құрлымды қамтиды және мемлекеттік–құқықтық тәртіп
Монархия - мемлекеттік басқару жүйесінің нысаны, онда жоғарғы билік сайланбайды және тағайындалмайды, мұрагерлік жолмен жүзеге асады.
Мораль - адамдардың тәртібін, жақсылық, әділдік, адалдық жағынан реттейтін нормалар мен принциптері.
Мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері.
Материалдық жағдай – жалақының, зейнетақының, басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мөлшері; мүліктің болуы; еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі; отбасының басқа мүшелерінен материалдық көмек алу немесе алмауы.
Мүліктің шарттық режимі – ерлі- зайыптылардың және олардың осы некеден туған баларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі.
Мемлекеттік басқару - негізгі заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі;
Мемлекеттік билік - мемлекеттік құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі;
Мемлекеттік орган - белгіленген тәртіппен құралған азаматтар ұжымы, біріңғай мемлекеттің аппараты..
Мемлекеттік аппарат-мемлекеттік міндеттерді шешу мемлекет функциясын орындау мақсатында мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін өкілеттіліктер жүктелген құзыретті органдар мен мекемелер жүйесі жүргізеді;
Мемлекеттік қызмет- азаматтардың мелкеттік органдар мен олардың аппарттарында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызметі;
Мемлекеттік лауазым- мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктлген құрылымдық бірлігі;
Мемлекеттік әкімшілік қызметші- мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші;
Мемлекеттік әкімшілік қызмет санаты- мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын, лауазымдық өкілеттіктің көлемі мен сипатын көрсететін әкімшілік лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы;
Мемлекеттік саяси қызметші- тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Нормативтік келсім - құқықтық–шығармашылық субьектілерінің арасындағы келсім, оның нәтижесінде жаңадан құқық нормасы пайда болады.
Нормативтік акт - құқықтық акт, мемлекеттің шығармашылық субьектілерімен қабылданады, ерекше ресми жазба нысаны бар және белгілі қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Негізгі жалақы - жалақының тарифтік ставка, лауазымдық айлықақы, кесімді бағалау бойынша төлемді қамтитын, салыстырмалы түрде тұрақты бөлігі және еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер.
Неке– ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Неке жасы – адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы.
Өтемақы төлемдері - жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айрылуына, қызметкерлердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер.
Отбасы- некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.
Отбасылық жағдай- некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы.
Патронат – уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны.
Референдум - бүкіл халықтың дауыс беруі (референдум) ең жоғарғы заңдылық күші бар, аса маңызды мемлекеттік және қоғамдық өмірдің мәселелері бойынша, азаматтардың тікелей басқару шешімін қабылдануы.
Репродукциялық денсаулық- адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы.
Саяси режим - тәсілдердің ,амалдардың, құралдардың жүйесінің негізінде саяси билік жүргізіледі және сол қоғамның саяси жүйесі сипатталады.
Суррогат ана - суррогат ана мен ықтимал ата –ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу.
Суррогат ана шарты-өндіріс құрал- жабдығының құрамдас бөлігі; адамның еңбегімен өңделетін нәрселер.Ол табтғаттың тартуы (мыс.,көмір, мұнай, кентас) немесе (металл, мақта, ағаш, т.б.) болып табылады.Олар тозғыш, арзан бағалы болып келеді және кейбір еңбек құралдарымен бірге өндірістік айналым қорларын құрайды.
Сот билігі- Жоғарғы Сот және төменгі буын соттары;
Тәртіп - қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалардың талаптарына субьектілердің тәртіптерінің сай болуы.
Ұжымдық шарт - ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.
Үстеме жұмыс - қызметкер жұмыс берушінің бастамасы бойынша орындайтын, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс жұмыс.
Іссапар - жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу.
ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ
ДӘРІС 1
МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МӘНІ
Мақсаты: Студенттерге мемлекет туралы, оның билік саласындағы ерекше ролі туралы түсінік беру. Мемлекеттің негізгі белгілері арқылы мәнін анықтап беру.
Жоспар:
Мемлекеттiң түсінігі және белгiлерi.
Мeмлекеттiк бuлiк әлеуметтiк бuлiктiң ерекше түpi ретiиде.
Мемлекеттiң мәні.
1. Мемлекеттiң түciнiгi және белгiлерi. Мемлекет - бұл арнайы баскару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкiлi бола тұра оны 6аскаратын және оның дамуын камтамасыз eтетін бұқаралық билiктiң саяси-аумактық егемендi ұйымы. Мемлекеттi рулык құрылымдағы әлеуметтiк билiктен ажырататын төмендегiдей белгiлерi болады:
Бұқаралык 6илiктiң болуы. Мiндеттi түрде мемлекеттiң басқару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиiс, себебi, бұқаралық билік - бұл шенеунiктер, әскep, полиция, түрме мен басқа да мекемелер.
Аумақтык бөлiнiс. Мемлекет өз аумағында өмip сүрушi барлық адамдарды өз билiгiмен және қорғау арқылы бiрiктiредi.
Салыктар жүйесi. Олар мемлекеттiк аппараттың өмip cүрyiн қамтамасыз ету ушiн кажет.
Егемендiк. Бұл мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдiк пен халыкаралык қатынастардағы тәуелсiздiк.
Құқықтың болуы. Мемлекет құқыксыз өмip сүре алмайды, себебі құқық мемлекеттiк билiктi заңдастырады.
2. Мемлекеттiк билiк әлеуметтiк билiктiң ерекше түpi ретінде. Мемлекеттiк билiкке сипаттама берместен бұрын әлеуметтік билiкке аныктама берiп алу кажет. Әлеуметтiк билiк- бұл адамдардың кез-келген бiрiгуiне тән устемдiк пен багынушылык қатынастары. Бұл кезде бip тұлғалардын - билiк құрушылардың еркі мен әрекеттерi баска тұлғалардын - бағынушылардың – epкі мен әрекеттерiне үстемдiк құpaды. Әлеуметтiк билiк кез-келген ұйымдacқaн, белгiлi бip дәрежеде тұрақты адамдар тобына - руға, тайпаға, отбасына, қоғамдык ұйымға, партияға, мемлекетке, қоғамғa және т.б. тән.
Мемлекеттiк билiк әлеуметтiк билiктiң ерекше бiр түpi ретiнде көрініс табады. Бұл мемлекеттiк мәжбүрлеуге сүйенген, субъектілер арасындағы үстемдiк және бағынушылык сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас.
Мемлекеттiк билiктiң ерекшелiктерi:
Бұқаралық билiк. Ол бүкiл қоғамның, халықтың атынан қызмет етедi және өз қызметiнде бұқаралық, негiзге – казына мүлкіне, өз кipicтеріне, салықтарға ие.
Аппараттық билік. Ол аппаратка. мемлекетгiк органдар жүйесіне сүйенедi және олара арқылы жузеге асырылады.
Заң қолдайтын билік. Сол себептi. ол аппарат пен заң нормаларының көмегімен елдегi барлык халық үшiн мiндеттi сипатты иеленеді.
Егемендi билiк- ол кез-келген билiктен дербес және тәуелсiз.
Заңдастырылған билiк. Яғни, ал заңды негiздi және қоғамдык тануды иеленген.
Мемлекетте енбек бөлiнiсi болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түpiнe негiзделген дербес билiк түрлерi қалыпасқан жағдайда ғана, мемлекеттiк билiктiн тиiмдiлiгi артады. Мұндай билiктiң үш тypi бар: заң шығарушы билiк, атқарушы билiк және сот билiгi.
Достарыңызбен бөлісу: |