Тренинг: «Түсіністікке үйренеміз»
Мақсаты: өзара вербальді әрекеттесуге дағдыландыру, әлеуметтік бақылағыштықты дамыту.
Тренинг барысы:
«Қимылдарды көшіру» сергіту жаттығуы.
Ақпараттық блок: «Үш мүсін».
«Бип» жатттығу.
«Ғажайып қолданыс» жаттығу.
«Жүректен жүрекке» ойын—жұмбақ.
«Қимылдарды көшіру» сергіту жаттығуы. Қатысушылар шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші белгі берген кезде әр қатысушы қиынға соқпайтын қимыл-қозғалыстар жасауы тиіс. 5-10 секундтан соң жүргізуші келесі белгі бергенде, әр қатысушы өзінің сол жағында тұрған қатысушының қимылын жасауы тиіс. Ойын әр қимыл өз авторларына қайтқанша жалғасады.
Ойынның психологиялық мәні: қатысушылардың белсенділігін арттыру, байқағыштық қабілеттерін дамыту, топ жұмысына қызығушылықтарын арттыру.
Талқылау:
Жаттығуды орындағанда қандай әсерде болдыңыздар?
Жаттығу қиынға соқпады ма?
Ақпараттық блок: «Үш мүсін». Тыңдаушыларға ежелгі аңыз-әңгіме ұсынылады:
Бұрынғы өткен заманда қытай императоры мен хан дос болыпты. Екеуінің
достығына дүйім жұрт қызығушылықпен, қызғанышпен қарайды екен. Ұзақ уақыт мемлекет басқару ісіне байланысты бір-бірін көрмей қалса, біріне-бірі сыйлық, сәлемдеме жіберіп, сағыныштарын басып отырады екен.
Күндердің күнінде қытай императоры өз империясындағы уәзірлерінің іс -
әрекеттеріне ренжіп, соның шешімін табу үшін ханға жұмбақ-сыйлық жібереді. Оның ішінде адамның алтыннан жасалған үш мүсіні болады. Бұл үш мүсіннің бір-бірінен көзге бірден көрінетін айырмашылығы болмайды. Бірақ император өз хатында «... Қымбатты, досым! Мына үш мүсіннің бір-бірінен айырмашылығы жоқ сияқты көрінгенімен, жақсылап ойланып қараған көреген көзге бірден көрінетін үлкен айырмашылықтарын табуға болады. Досым соның шешімін тауып көрші....» деп хат жазыпты. Хан әбден ойланып шешімін таба алмаған соң уәзірлеріне тапсырма береді. Уәзірлері олай-бұлай іздеп шешімін таба алмайды. Үшеуінің салмақтары да, ұзындықтары да, алтын құрамы да, тіпті бейнелері де бір-бірінен айнымайды екен. Уәзірлері не қыларын білмей әбден сасады.
Сол кезде ең жас, ақылды уәзірі тұрып: «Хан ием, егер рұқсат берсеңіз бұл жұмбақтың шешімін мен айтайын» деп рұқсат сұрапты. «Бұл мүсіндердің сырт көзге айырмашылықтары байқалмағанымен, жақсылап қарасаңыздар мүсіндердің үшеуінің де құлақтарында көзге ілінер-ілінбес тесіктер бар екен. Бұл не қылған тесік деп, сым темір өткізіп едім, сым темірдің екінші ұшы біреуінің екінші құлағынан, екіншісінің аузынан, үшіншісінің кіндігінен шықты. Содан бұл адамның мінез-құлқына байланысты-ау деген шешімге келдім. Себебі, бір адам естігенін бірден екінші құлағынан шығарып жібереді, екінші біреулер бірден түсінбей жатып, басқаларға айтады, ал үшінші біреулер естігенін жүректен өткізіп, талдау жасайды емес пе?! Яғни, «ақпа құлақ», «ашық ауыз», «есті, жүректі адам» дегенге келеді. Сіздің досыңыз өз уәзірлерінің ішінде осындай адамдардың бар екендігін айтқысы келген болуы керек» деп жауап беріпті.
3. «Бип» жатттығу.
Қатысушылар бір-біріне өте жақын аралықта шеңбер құрып отырады. Бір қатысушының көзін байлап ортаға жібереді. Ол 2-3 рет айналып, шеңбердегі бір қатысушының аяғына отыруы тиіс. Аяқтың иесі «БИП» деген дауыс шығарады. Ал көзі жұмулы қатысушы дауыс кімдікі екенін табуы тиіс. Дұрыс тапқан жағдайда екеуі орындарын ауыстырады, ал дұрыс таппаса, ойын ары қарай жалғасады. Жаттығуды ойынға қатысушылардың қызығушылығы бәсеңдегенше жүргізуге болады.
Талқылау:
Дауыс иесін табу оңай болды ма? Неліктен?
Қатысушылардың аяқтарынан кім екенін сеінуге бола ма?
4. «Ғажайып қолданыс» жаттығу.
Қатысушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға қолдарында бар заттарды басқа
мақсаттарда қалай қолдануға болатынын анықтау туралы тапсырма беріледі. Әр топқа 10 минут уақыт беріледі. Бір-бірінің айтқандарын қайталауға болмайтынын ескерткен жөн. Идеяны айтқаны үшін – 1 ұпай, ал көрсетіп бергені үшін – 2 ұпай беріледі.
Талқылау:
Топта ролдер қалай бөлінді?
Идеяны ұсынуда кім басымдық танытты?
Бір-бірлеріңізге олдау көрсете алдыңыздар ма?
«Жүректен жүрекке» ойын—жұмбақ. Қатысушылар шеңбер жасап тұрып, бір
біріне ым-ишара (пантомима) арқылы сыйлықтар сыйлайды, ал сыйлықты қабылдаушы оның не екенін табуы тиіс.
Эмоционалды өрістің жай-күйін анықтау. Түстерді анықтау. (Люшер-Лутошкин бойынша)
Әрбір адам өз бетінше қандай да бір жағдайды немесе құбылысты басынан кешіреді. Бұл жағдай біреуді қайғыртса, екінші біреулерде немқұрайдылықты тудырады, үшінші біреулер ашу шақыруы мүмкін. Мұндай психологиялық жағдайлар кез-келген адамның басынан өтеді. Егер қайғырған адамға өзінің қайғысын қандай түспен көрсетер едің деген сұрақ қояр болсақ, бірінші адам көгілдір, екінші біреу сұр түспен, үшінші адам тағы да басқа түстермен белгілеуі мүмкін. Әдістеме бойынша түстерге мына төмендегі анықтамалар беріледі:
Қызыл түс. Күшті эмоциялар: махаббат, жек көру, ашу, қорқыныш.
Сәбіз реңді түс. Тынышталу. Ішкі тепе-теңдік.
Сары түс. Тұрақсыз көңіл. Өзінің көңіл-күйін баршаға білдіру сезімі. Қызықты және күлкілі оқиғаларды еске түсіру.
Жасыл түс. Сағыныш сезімі. Немқұрайлық. Зерігу.
Көгілдір түс. Жеңіл қайғы. Армандау. Аутизм.
Көк түс. Түсініксіз қайғы. Мазасыздану. Тынышсыздану. Ұйқысыз түн.
Күлгін түс. Қатерге бас тігу. Құпиялық. Біреуді алдау сезімі.
Сұр түс. Қызық емес нәрсе. Немқұрайлық.
Қоңыр түс. Жасанды белсенділік.
Қара түс. Қайғылы бір нәрсені еске түсіру, жағдай, қайғылы жағдайды бастан кешіру.
Ашық түстер.
ашық жасыл: өмір қуанышын сезіну;
ашық қызыл: қандай да бір жақсылықты күту;
ашық сары: күтпеген қуаныш;
сирень түсті: кереметті, ғажайыпты күту.
Жасөспірімдердің танымдық қажеттілігін, қызығушылығын және бейімділігін диагностикалау
Ескерту: Сөйлемдерді оқи отырып, «ия» немесе «жоқ» жауаптарын жазу керек
Маған ғылыми-көпшілік әдебиеттерден гөрі, көркем әдебиеттер оқыған ұнайды.
Мен кейде 2-3 кітапты бірден оқимын.
Оқып жаткен кезде кейбір цитат және нақыл сөздерді жазып аламын.
Мені классикалық әдебиеттен қарағана детективті әдебиет қызықтырады.
Мен теледидар көре отырып, кітап оқимын.
Мен «Әлемге әйгілі адамдар өмірі» туралы кітап бөлімдерін оқығанды ұнатамын.
Әдетте, мен кітап оқитын алдын, қандай кітап оқу керектігін жоспарлаймын.
Мен білімімді көтеру үшін, менде жігер жеткіліксіз.
Абстрактілі түсінік дамыған адамдар үшін ғана.
Философиямен айналысу керек.
Қиын тапсырма ақылды дамытады.
Мен өздігімнен және үнемі өз білімімді жетілдіремін.
Кілті: 5, 8 сұрақтардағы «жоқ» жауабына және қалған сұрақтардың «ия» жауабына 1 ұпай беріледі. Егер ұпай саны көп болса онда оқушының таным қажеттіліктерін жоғары болғаны.
Сабақтан тыс оқушылардың оқу әрекетін анықтау
Сабақтан тыс қандай іспен айналысқанды ұнатасың?
Кітап оқығанды ұнатасың ба? Қандай кітап және не туралы?
Қандай пәнді ұнатасың?
Қандай үйірме, секцияларға қатысасың?
Өмірде немен айналысқанды ұнатасың?
Сабақта қай пәнді көп оқисың?
Сен не туралы көп білгің келеді?
Аяқталмаған сөйлем
Табиғат – бұл ...
Адам – бұл ...
Мәдениет – бұл ...
Мемлекет – бұл ...
Экономика – бұл ...
Саясат – бұл ...
Дін – бұл ...
Жасөспірімдердің ішімдік пен нашақорлық туралы хабардарлығын және қатынас деңгейін анықтау
САУАЛНАМАСЫ
Сенің айналаңда наша қолданатын адам бар ма?
а) ия б) кейде
ә) жоқ в) білмеймін
Сенің айналаңда ішімдік қолданатын адам бар ма?
а) ия б) кейде
ә) жоқ в) білмеймін
Мен наша қолданып көргенмін.
а) ия ә) жоқ
Мен ішімдік ішіп көргенмін.
а) ия ә) жоқ
Сіз ішімдік, наша және токсиконды заттар туралы білесіз бе?
а) өте жақсы білемін б) естігенмін, бірақ көп білмеймін
ә) ақпарат білемін в) мені бұл қызықтырмайды
Егер белсеңіз, кімдер арқылы?
а) достардан б) ата-анадан
ә) мұғалімдерден, тәрбиешілерден в) бұқаралық ақпарат құралдарынан
Мен темекі шегемін.
а) ия б) кейде
ә) жоқ
Сен қалай ойлайсың, не үшін жасөспірімдер наша қолдануға барады?
а) қызығушылықтан
ә) туындаған мәселені уақытша ұмыту ниетімен
б) топта «ақ қарға» болмас үшін
в) абыройы биік болу үшін
г) достарының құрығында болмас үшін
д) ол туралы түсініктің жоқтығынан
е) өзіндік шешім қабылдайтындығын көрсеткісі келеді.
Егер Сен досыңның наша қолданатынын білсең, не істейсің?
а) наша қолданудың зияндылығын айтамын.
ә) қарым-қатынасты үземін
б) милицияға хабарлаймын
в) бұдан кейін оны қолданбау керектігіне сендіремін
г) өзімде көргім келеді.
Д) әркім өзіне жауап берцу керек деп қоя саламын.
Сен қалай ойлайсың, егер сенің тобың наша қолданса, оларға ерер ма едің?
а) ия ә) жоқ б) білмеймін
Сен өз денсаулығыңды қадағалайсың ба?
а) ия ә) жоқ б) ол туралы ойланбаппын
Оқушылар туралы жалпы мәліметті анықтауға арналған сауалнама
Анкеталық сұрақтар
Аты-жөнің___________________________________________________
Отбасыда неше жан бар және кімдер?____________________________
Сенің алға қойған мақсатың қандай?_____________________________
Мектепте қандай пәндер ұнамайды, неге?__________________________
Қандай пәндер ұнайды және несімен?_________________________
Мектепте өтілетін қандай шараларға қатысасың?__________________
Сабаққа қанша уақыт дайындаласың, қай мезгілде?__________________
Сенің достарың кімдер, олардың қандай болғанын қалайсың?_________
Арақ ішіп көрдің бе, қай кезде?__________________________
Темекі шегіп көрдің бе, ұнайды ма, ұнамайды ма?___________________
Нашақорлық дегенді қалай түсінесің? Өзің қолданып көрдің бе?_______
Өмірге көзқарасың қандай?__________________________
Жанұяда кіммен көп сырласасың? (әкеңмен, анаңмен, ағаңмен, әпкеңмен т.б.) _____________________________________________________
Өзің туралы көзқарасың қандай?______________________________
Адамгершілік деген ұғымды қалай бағалайсың?_____________________
Оқушы қандай болу керек?____________________________________
Мектептегі ережелер ұнайды ма, әлде ұнамайды ма? Не себептен?____________________________________________
Қандай тақырыптағы кітаптарды (газет-журналдарды) оқисың?_______________________________________________________
Ата-анаңмен жиі ұрсысасың ба? Не себептен?_______________________
Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?_____________________________
Оқушылардың өзі және отбасы жағдайын анықтауға арналған
САУАЛНАМА
І. Оқушы туралы мәлімет
1. Оқушының аты-жөні: ____________________________________________
2. Туған жылы, айы, күні:___________________________________________
3. Сыныбы:_______________________________________________________
4. Қай мектептен келді?_____________________________________________
5. Сүйікті ісің:
а) кітап оқу;
ә) теледидар көру;
б) компьютерлік жұмыстар және ойындар;
в) техникалық заттар мен қолөнер бұйымдары;
г) бос серуендеу.
ІІ. Отбасы және тұрмыс жағдайы туралы мәлімет
Отбасы құрамы, саны: _____________________________________
_______________________________________________________________
а) Әкесінің аты-жөні:____________________________________________
Туған жылы:____________________________________________________
Қызметі, жұмыс орны:____________________________________________
ә) Анасының аты-жөні:__________________________________________
Туған жылы:____________________________________________________
Қызметі, жұмыс орны:____________________________________________
б) Отбасы мүшелері (аты-жөні, туған жылы, қызметі):_____________
Ағасы__________________________________________________________
Әпкесі_________________________________________________________
Інісі___________________________________________________________
Сіңлісі (қарындасы)______________________________________________
Отбасы бюджеті:
Әр адамға шаққанда орташа ақшалай кіріс:______________________
Тұрмыс жағдайы:
А) Өте жоғары (100-80%)
Б) орташа (80-40%)
В) төмен (40-10%)
4. Баланың оқуына және демалуына жағдай жасалған ба?
А) Ия
ә) Жоқ.
5. Отбасында төмендегі заттардың қайсысы орын алады?
- кітапхана.
- телевизор.
- саяжай.
- машина.
- компьютер.
Ата-аналарға арналған сауалнама
Ата-ананың аты-жөні:________________________________________
№
|
Тапсырмалар
|
Иә
|
кейде
|
жоқ
|
1
|
Сіз отбасының барлық мүшелері тең құқықты болуы керек деп санайсыз ба?
|
|
|
|
2
|
Балаңыз сізбен бірге үйдің шаруашылық істеріне араласады ма?
|
|
|
|
3
|
Баланы күш көрсетіп жазалау-тәрбиелеудің ең тиімді әдісі дегенге келісесіз бе?
|
|
|
|
4
|
Баланы жиі мадақтау пайдалы ма?
|
|
|
|
5
|
Сіз балаңызбен әлемдегі болып жатқан жаңалықтарды және отбасылық мәселелерді жиі талқылайсыз ба?
|
|
|
|
6
|
Кейбір тақырыптарды балаларға жария ету аса қажет емес деп санайсыз ба?
|
|
|
|
7
|
Сіздің ойыңызша,педагогтар сіздің балаңызға әділетсіз қарайды ма?
|
|
|
|
8
|
Сіздің қолыңыз жетпеген нәрсеге балаңыздың жетуін қалайсыз ба?
|
|
|
|
9
|
Баланың өз ата-анасын сынауға құқығы бар ма?
|
|
|
|
10
|
Балаңыздың отбасылық кеңестің шешімін бұзуға құқығы бар ма?
|
|
|
|
11
|
Отбасының әрбір мүшесі өз көзқарасын білдіруге құқығы бар ма?
|
|
|
|
12
|
Балаларыңыз сізбен сырласа ма және жеке бас мәселесіне байланысты сізден кеңес сұрайды ма?
|
|
|
|
13
|
Баланы дұрыс бағытта тәрбиелеу үшін педагогикалық ұстанымдарға жүгінесіз бе?
|
|
|
|
14
|
Баланың өткен қателіктерін есіне түсіресіз бе?
|
|
|
|
15
|
Отбасымда балаларыммен өзара түсінушілік бар деп есептейсіз бе?
|
|
|
|
Ата-аналарға арналған сауалнама
Құрметті ата-ана сізге ұсынылып отырған сұрақтардың ішінен өзіңіздің қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді белгілеңіз!
Алдын-ала рахмет!
Тәрбиелеу ісіне қандай әдістерді көбірек қолданасыз?
а) өзіне мысал келтіру;
ә) талап етушілік;
б) сендіру;
в) жазалау;
г) мадақтау.
2. Сіздің отбасыңызда балаға талап етушілікте ынтымақтастық, ауызбірлік сақталады ма?
а) ия;
б) жоқ.
3. Тәрбиеде мадақтаудың қай түрін қолданасыз?
а) мақтау;
ә) отбасы мүшелері бірауыздан баланың жақсы қылықтарын, жаңа кітап, ойыншық сатып алғанда мақтау;
4. Баланы тәрбиелегенде күш қолданасыз ба?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
5. Сіздің таңдаған әдісіңіз балаға оң ықпал етеді ме?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
6. Балаңыз сізге сенім білдіре ме, құпиясымен бөлісе ме?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
7. Бала тәрбиесі үшін сіз өз жүріс-тұрысыңызды, мінез-құлқыңызды бақылауға тырысасыз ба?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
8. Баланы тұлға ретінде құрметтейсіз бе?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
9. Бала тәрбиесіндегі кездесіп жатқан қиыншылықтарды кімдермен бірге шешуге талпынасыз?
а) жеке өзім;
ә) әкесімен;
б) көршілермен;
в) туған-туыстарымен;
г) педагог-психологпен, әлеуметтік педагогпен;
д) сынып жетекшісі немесе пән мұғалімдерімен.
10. Бала тәрбиелеуде мектепке қояр талабыңыз бен ұсынысыңыз:__________________________________________________
Ойындар
“Кім екенін тап” ойыны
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек.
“Шөлдеу” ойыны
Балалардың қолдары шынтақтан қозғалмайды. Балалар өздерін “ыстық шөп” даладамыз деп елестедеді, қатты шөлдейді. Бір кезде тостағандарға құйылған суға кездеседі. Енді осы суды ішуге амал табулары керек.
“Алып” ойыны
Екі бала қатар тұрады, біреуінің сол аяғын екіәншісінің оң аяғын байлайды, сөйтіп, бір белгіленген жерге барады. Немесе: үш, төрт, т.б. балаларды бірге байлайды, сосын олар бірге жүруге тырысады (бақаға ұқсап секіреді).
“Көпір” ойыны
Еденге бормен “көпір” (түзу) сызылады. Екі топ бір-біріне қарсы шыққан балалар “көпірден” құлап қалмай өтуі керек. Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек.
“Көңіл-күйімізді жаттықтыру”
Жүргізуші: Бүгін мен сендерді актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсетіңдер десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.
Қабағы түйілген, ашулы адамның кейпі;
Қасқырдан қорыққан қоянның, ұядан түсіп қалған балапанның, мысықтан қорыққан тышқанның, иттен қорыққан баланың бет-әлпеті;
Жылап тұрған адамды көрсету;
Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету;
Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу
Оқушылардың зейінін дамытуға арналған
психологиялық тренинг
Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, оны күнделікті қолдануды әдетке айналдыру.
Міндеттер:
Мұғалім мен оқушылар арасында жылы қатынас тудыру;
Оқушыларды әртүрлі адамгаршілік қасиеттермен таныстыру;
Оқушыларға мейірімділік пен қатыгездікті айыра білукге, жақсы қылықтарды үйренуге, жаман қылықтардан аулақ болуға үйрету.
Интерактивті стратегиялар: пікірталас, шағын топтармен жұмыс, әңгіме, ойын
“мен және айна”, “Құпия сурет”.
Жетекші топ мүшелеріне арнап сұрақ даярлайды. Топқа аяқталмаған сөйлем әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылады. Топтың әрбір мүшесі ортадағы жәшіктен қағазды кезектесіп алады, онда жазылған ойды аяқтау керек.
“Жақсы қасиет” деп ------------------------------?
“Жаман қасиет деп”-------------------------------?
Адамдардың бойындағы қасиеттер------------?
Ақылсыз болу деп ---------------------------------?
Ақылды болу үшін не істеу керек--------------?
Түйін. Оқушылар өз ойын айтуға дағдыланды, ой-пікірі қалыптасты. Тез ойлап, шешім шығара білуге, шын көңілден жауап беруге үйренді.
“Бала тәрбиесі” тесті
Анықтама: Сіздің назарыңызға әр баланың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде кездесуі мүмкін 10 жағдай берілген. Ата-ана ретінде сіздің бұл жағдайларға көзқарасыңыз қандай? Яғни әрбір сұрақтан кейін берілген жауап нұсқауларыңыз сіздің тәрбиелеу әдістеріңізге сәйкес келгенін белгілеңіз. Іске сәт!
Сіздің балаңыз өте бұзық және төбелесқұмар делік. Күн сайын үйге киімі
жыртылып немесе бет-аузы көгеріп келеді. Сіз:
а) не болғанын сұрап, киімдерін тігіп, жуып, жараларының күтімін жасайсыз;
ә) балаңызға көмек бересіз, бірақ бұзақылықтарының жақсылық әкелмейтіндігі, бір күні соның азабын көретіндігі туралы қайта-қайта айтып, балаға ұрсасыз;
б) оған тіпті қарамайсыз, өзінің мәселелерін өзі шешу керек.
Балаңыздың жақын достары бар, бірақ олар жақсы тәрбие көрмеген, бұзық балалар. Сіз:
а) олардың ата-аналарымен сөйлесесіз;
ә) балаларды үйге шақырып, оларды ықпал етуге шақырасыз;
б) балаңызға достарының жаман жақтарын түсіндіріп, өзіне жаман үлгі болғандығын айтасыз.
Балаңыз ойын ойнағанды жақсы көреді, бірақ ешқашан ұтылғысы келмейді. Сіз:
а) еш нәрсе жасамайсыз, ойнауды білетін болса жеңілуді де білуі тиіс деп ойлайсыз.
ә) жеңілуді үйренгенше онымен ойнамайтыныңызды айтасыз.
б) балаңыздың жеңілуді ұнату үшін әдейі ерекше жағдайлар жасайсыз.
Балаңыздың белсенділігі соншама, күніне 24 сағат ойнап жүгіріп жүре береді. Ұйқтауы керек болсада жатқысы келмейді. Сіз:
а) оған ұйқының маңыздылығын түсіндіресіз;
ә) қалаған уақытында жатуына рұқсат бересіз, бірақ таңертең белгіленген уақытта тұруын тексеріп тұрасыз;
б) ұйықтайтын уақыт келгенде баланы жатуға зорлап, мұны ереже қылуға тырысасыз.
Балаңыз өзіне қатысты болсын, болмасын күнін азаннан кешке дейін теледидар қараумен өткізеді. Сіз:
а) ол үшін кейбір бағдарламаны таңдап, тек қана соларды қарауын ғана талап етесіз;
ә) теледидар қарау үшін белгілі уақыт бөлесіз, бірақ не қараса да бала өзі таңдайды; б) теледидарды өшіріп тастайсыз.
Балаңыз жеткілікті дәрежеде дөрекі, сөзге әуес делік. Тіпті мұндай құлқымен айналасындағы адамдардың мазасын алады. Сіз:
а) оған мұндай мінез-құлықтың жақсы болмағандығын түсіндіріп, дөрекі болмауын керек екенін айтасыз;
ә) дөрекі іс-әрекет жасауына тыйым салып, бұзақылығына жаза бересіз;
б) жақсы іс-әрекеттерін қайталау үшін мақтап, мәпелейсіз;
Балаңыздың жасы әлі кішкентай болса да қыздарға /ұлдарға/ қырындауын бастаған. Сіз:
а) еш нәрсені қозғамай, болған күйінде тастайсыз;
ә) мұның тек балалық махаббат болғандығын ойлап, қарсы шығасыз;
б) балаңызға махаббат түсінігін айқындап түсіндіріп, әйел мен ер адам арасындағы қарым-қатынастардың қандай болуы керек екендігін жақсылап түсіндіріп бересіз.
Басқа балалар сіздің балаңыздың артынан қалмайды: оны ұрады. Мазақтайды т.б. делік. Сіз:
а) балаңызға қарсылық беру жолдарын үйретесіз;
ә) бұл балалардың ата-аналарымен кездесіп сөйлесесіз;
б) балаңыздың мұндай балалармен кездеспеуі үшін мүмкіндік жасайсыз.
Сіз үлкен қызыңызға немесе ұлыңызға барлық мүмкіндіктерді жасайсыз. Бірақ ол соған қарамастан еш нәрсенің қадірін білмей, кішкентай бауырларына айқайлайды. Сіз:
а) оны ақылды болуға, саналы әрекет жасауға шақырасыз, бірақ мұның барлығын кішкентай бауырларының да естуін қамтамасыз етесіз;
ә) балаңызға одан әрі көп көңіл бөлуге тырысасыз;
б) тіпті араласпайсыз.
Егер балаңыз дөрекі іс-әрекет жасап, басқаларды түсінбей, бөтен балаларға тиісетін болса, Сіз:
а) өзінің қатесін түсінуі үшін оған қарсы да тап солай әрекет етуді бастайсыз;
ә) оған көбірек көңіл аударып, проблемаларын түсінуге тырысасыз;
б) күш пен зорлықты тақырып еткен киноларды қарауына тыйым саласыз.
Рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |