Қорытынды % = (Рорта * 0,6) + (Е* 0,4). Басқалай айтсақ, біз оны орташа рейтинг бағасының 60%-ынан және емтихан бағаларының 40%-ынан қалыптастырамыз.
Бақылаудың барлық формалары бойынша бағалар әрбір пән бойынша бөлек білімді бағалаудың көп баллдық әріптік жүйесінің 100% шкаласы бойынша пайызбен қойылады.
Сіздің біліміңізді бағалау өлшемдері:
«А», «А–» («өте жақсы») – егер Сіз бүкіл бағдарламадағы материалды терең және мықты меңгерсеңіз, тапсырманың түрін өзгерткен кезде жауап беруге қиналмай, материалды толық, сабақтастықпен, сауатты және логикамен баяндасаңыз, алдыға қойған міндеттерді еркін жүзеге асыра алсаңыз, монографиялық материалдарды игеріп көрсетсеңіз, қабылдаған шешімді дұрыс негіздей білсеңіз, жұмыстарды тәжірибеде орындаудың жанжақты дағдылары мен тәсілдерін меңгерген болсаңыз, материалды қателік жібермей, өздігіңізден жазып алып, қорытынды жасай алсаңыз;
«В+», «В», «В–» («жақсы») – егер Сіз бағдарламалық материалды нақты білсеңіз, оны сауатты түрде және негізгі мәнін айтып бере алсаңыз, сұраққа жауап беру кезінде түбегейлі дәлсіздікке жол бермесеңіз, теориялық ережелерді дұрыс қолдана білсеңіз және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қажетті дағдыларға ие болсаңыз;
«С+», «С», «С–», «D+», «D» («қанағаттанарлық») – егер Сіз негізгі материалды ғана меңгерсеңіз, дәлсіздіктерге жол берсеңіз, тұжырымдарыңызды жеткілікті түрде жеткізіп бере алмасаңыз, бағдарламалық материалды баяндау дәйектілігін бұзсаңыз және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қиналсаңыз;
«F» («қанағаттанарлықсыз») – егер Сіз бағдарламалық материалдың маңызды бөлігін білмесеңіз, түбегейлі қателіктер жіберсеңіз, тәжірибелік жұмыстарды үлкен қиындықпен орындасаңыз.
Білімді бағалаудың көп балды әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Баллдардың цифрлық эквиваленті
|
Пайыз
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А –
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В–
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С–
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
А- -дан А-ға дейінгі, В- - тен В+ - ке дейінгі, D-дан С+ - ке дейінгі ауытқу амплитудасындағы бағаларды таңдау Сіздің біліміңіз бен біліктілігіңіздің жоғарыда берілген өлшемдерге сәйкестік дәрежесімен анықталады.
Оқытушы бағалардың әріптік және пайыздық эквивалентін оқу сабағының журналына қойып, белгілеп отырады. Мысалы: В+(87).
Мынаған назар аударыңыз! Егер Сіз емтиханда «F» баға алған болсаңыз, орташа рейтингіңіз жоғары болса да, қорытынды баға автоматты түрде «F» (қанағаттанарлықсыз) болады. Мұндай жағдайда Сіз борышкер қатарына ілігіп, жазғы ақылы семестрге қаласыз.
Бағаны көтеру мақсатында, сол сияқты қанағаттанарлықсыз бағаны түзету мақсатында емтихан бағасын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Сіздің емтихан нәтижелеріне шағым беруге құқыңыз бар.
Шағым беру рәсімі Сіздің жауабыңызды қайта рецензиялауды болжайды. Шағымдану нәтижесінде баға жоғарылатуы, сол сияқты төмендетілуі немесе өзгеріссіз қалдырылуы мүмкін.
Студенттер білімін қорытынды бақылау нәтижелері бойынша шағымдану үшін арызды емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін үш күн ішінде деканат қабылдайды.
Мынаны назардан шығармаңыз! Сессияны жай ғана бағаға тапсыру жеткіліксіз! Белгіленген бір курстан келесі курсқа көшіру балын (GPA) жинау қажет. ҚҚЭУ-де келесідей орташа курстан курсқа көшіру балы GPA белгіленген:
3 жыл оқу мерзімі (колледждан кейін)
1 курстан 2 курсқа – 1,3
2 курстан 3 курсқа – 1,5
3 курстан мемлекеттік қорытынды аттестацияға (мемлекеттік емтиханға) жіберу үшін – практиканы есептегенде 1,6-тен кем емес.
2 жыл оқу мерзімі (жоғары білімнен кейін)
1 курстан 2 курсқа – 1,5
2 курстан мемлекеттік қорытынды аттестацияға (мемлекеттік емтиханға) жіберу үшін – практиканы есептегенде 1,6-тен кем емес.
Орташа балл студенттің қорытынды нәтижелері негізінде барлық пәндерден есептеледі. Ол келесі формула бойынша, анықталады:
GPA (орташа балл) =
Мұнда: Иц1, Иц2, ...Ицn – цифрлық эквиваленттегі пәндер бойынша қорытынды бағалар;
К1,К2, ...Кn – кредиттерде оқылған пәндердің көлемдері;
n – бүкіл оқу кезеңі ішіндегі оқытылған пәндердің саны.
Мысал. 3-ші курс студенті сессия қорытындылары бойынша келесі нәтижелерге ие болды:
Пәндер
|
Баға
|
Балл
|
Кредиттер
|
Математика
|
А-
|
3,67
|
3
|
Информатика
|
В-
|
2,67
|
3
|
Философия
|
С+
|
2,33
|
3
|
Қазақ тілі
|
D+
|
1,33
|
3
|
Педагогика, психология және өзіндік таным негіздері
|
В+
|
3,33
|
3
|
mo GPA =
Өйткені 3 курс үшін белгіленген балл GPA 2,5 құрайды, біздің студентіміз 4 курсқа көшіріледі.
Студенттердің қорытынды аттестациясына қойылатын талаптар
Қорытынды аттестация, ҚҚЭУ-дің оқу жұмысының жоспарларында көзделген мерзімдерде жүргізіледі. Оның ұзақтығы 4 аптадан кем емес мерзім болып белгіленеді. Сіздің диплом жұмысын жазу ережелерімен танысуға және қажет болған жағдайда таңдап алған зерттеу бағыты бойынша эдвайзерден консультация алуға құқыңыз бар.
Бүкіл оқу кезеңінде барлық емтихандар және дифференциалдық сынақтардың қорытындысы бойынша оқу жоспарындағы барлық пәндердің 75 пайызы А, А- «өте жақсы» бағамен, қалған пәндерді В-, В, В+ «жақсы» бағамен тапсырған және қорытындысында 3,5-тен кем емес орташа үлгерім балы GPA жинаған, сондай-ақ барлық мемлекеттік емтихандарды және дипломдық жұмысын «А» немесе «А-» бағаға қорғаған (тапсырған) ҚҚЭУ-дің түлегіне үздік бітіргендігі туралы диплом беріледі.
Студентке мынадай жағдайда дипломдық жұмыстың (жобаның) орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі:
1) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың негізінде стационарда ұзақ емделуде (бір айдан артық);
2) бала тууы туралы куәлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар;
3) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде ауру ата-анасын күтуші;
4) мүгедек туралы медициналық анықтаманың негізінде мүмкіндігі шектеулі мүгедек.
Осы ретте, білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады және тиісті құжаттарды ұсынады. Басқа жағдайда дипломдық жұмысты қосымша мемлекеттік емтихандар тапсыруға ауыстыруға рұқсат етілмейді.
3.4. Сырттай-қашықтықты форма бойынша білім алушылардың оқудан шығарылу, қайта қалпына келтіру және ауыстыру ерекшеліктері
Өз оқуыңызды жалғастырғыңыз келмеген жағдайда Сіздің өз еркіңізбен, дәрігер айғақтары бойынша немесе өзге ЖОО-ға ауысуымен байланысты оқудан шығуға құқыңыз бар.
Жоғарғы оқу орнының Жарғысында көзделген міндеттерді, жоғары оқу орнының ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны, оқу тәртібін бұзғаны, жоғары оқу орны әкімшілігінің оқу ақысының төлеу туралы шартын бұзғаны үшін жоғары оқу орнының әкімшілігі оқудан шығаруға дейін тәртіптік шара қолдануға құқылы.
Оқудан шығару мәселелері бойынша деканатқа немесе оқу процесін жоспарлау бөліміне жолығыңыз.
Оқу процесін жоспарлау бөлімінің меңгерушісі – Сіргебаева Жанар Ақтайқызы.
Тел: 44-16-24, ішкі тел: 137, офис – 261
Оқуды қалпына келтіру туралы өтінішті жазғы және қысқы каникулдар кезеңінде ректор қарайды.
Жоғары оқу орнынан шығарылған студентке белгілі формада транскрипт беріледі.
Оқуды қалпына келтіру рәсімі келесі түрде жүзеге асырылады:
студент оқуын жалғастырғысы келетінін айтып, жоғары оқу орнының ректоры атына оқуын қалпына келтіру туралы өтініш береді. Өтінішке транскрипт тіркеледі;
деканат берілген транскрипт негізінде, оқитын курсты, оқу жоспарындағы айырманы анықтайды;
факультет деканының бұрыштамасы негізінде тіркеу бөлімі көрсетілген айырманы тапсыру мерзімін белгілейді;
факультет деканының, оқу жұмыстары жөніндегі проректордың бұрыштамаларына сәйкес жоғары оқу орнының ректоры студенттің оқуын қалпына келтіру туралы бұйрық шығарады.
Студенттің бір жоғары оқу орнынан екінші жоғары оқу орнына ауысу рәсімі келесі түрде жүзеге асырылады:
студент өзі оқитын жоғары оқу орнының ректоры атына ауыстыру туралы өтініш береді және мөр басылған жазбаша келісімді алғаннан кейін, өзі ауысқысы келетін жоғары оқу орнының ректорына өтініш береді; өтінішке тиісті факультетің деканы растаған транскрипт көшірмесі және болған жағдайда мемлекеттік білім грантының иегері куәлігінің көшірмесі тіркеледі;
факультет тьюторы оқитын курсты және оқу жоспарындағы айырманы анықтайды;
факультет деканының бұрыштамасы негізінде оқу жоспарлары бойынша айырма шығарылады;
факультет деканының оқу жұмыстары жөніндегі проректордың бұрыштамалары негізінде жоғары оқу орнының ректоры студентті ауыстыру туралы бұйрық шығарады;
үш күн мерзім ішінде, оның бұрынғы оқыған жоғары оқу орнына студенттің жеке ісін сұрату жіберіледі;
студенттің бұрын оқыған жоғары оқу орнының ректоры, өзге жоғары оқу орнынан сұрату алғаннан кейін, үш күн ішінде поштамен студенттің жеке ісін жіберуге жеке жауапкершілік көтереді.
Студенттің бір жоғары оқу орнының ішінде бір оқу формасынан екіншісіне, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуы келесі рәсімге сәйкес жүзеге асырылады:
студент жоғары оқу орнының ректоры атына ауыстыру туралы өтініш береді, өтінішке тиісті факультеттің деканы растаған, транскрипт көшірмесі тіркеледі;
факультет тьюторы тапсырылған транскрипт негізінде оқитын курсты және оқу жоспарларындағы айырманы анықтайды;
факультет деканының бұрыштамасы негізінде айырманы тапсыру мерзімін белгіленеді; күндізгі оқу түрінен сырттай оқу түріне ауысқан кезде көрсетілген айырманы тапсыру мерзімі бір академиялық кезеңнен көбірек болып белгіленуі мүмкін немесе студентке аталған айырманы күндізгі бөлімде оқитын студенттермен тапсыру құқығы берілуі мүмкін;
факультет деканының, оқу жұмыстары жөніндегі проректордың бұрыштамаларына сәйкес жоғары оқу орнының ректоры студентті бір оқу формасынан екіншісіне немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
Студенттің оқуын қалпына келтіру және ауыстыру кезіндегі оқу жоспарындағы айырманы тапсыру мерзімдері, негізінен, осы уақыт ішінде студент пән айырмасын тапсыруға жазылуы, оқу ақысын төлеуі, олардың бағдарламаларын меңгеріп, қорытынды бақылаудан өтуі тиіс бір академиялық кезең ұзақтығына ие.
Егер, студент оқуын қалпына келтіру немесе ауыстыру кезінде белгіленген мерзімде оқу жоспарындағы айырманы тапсырмаса, онда аталған айырма академиялық борыш (берешек) ретінде белгіленеді және орташа үлгерім балын (GPA) анықтау және курстан курсқа көшіру кезінде нөл болып есепке алынады.
Оқуды қалпына келтіру және ауыстыру мәселелері бойынша оқу процесін жоспарлау бөліміне хабарласып біле аласыз.
3.5. Білім алушылардың академиялық демалыс алу тәртібі
Академиялық демалыс – білім алушылардың денсаулығына, оның ішінде жүктілігі және бала тууына қарай, сондай-ақ, ер азаматтардың Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарына шақырылуына байланысты өз оқуын уақытша тоқтата тұратын кезең.
Академиялық демалыс 6 айдан 12 айға дейін, ерекше жағдайларда – 2 жылға дейін, қалалық студенттер поликлиникасының дәрігерлік-консультативтік комиссиясының (ВКК-ДКК) қорытындысы, ал әскер қатарына шақырылғандарға соған сәйкес құжаты негізінде беріледі.
Студент емтихан сессиясы басталғанға дейін академиялық демалыс алу үшін өтініш береді.
Академиялық демалысты рәсімдеу үшін, білім алушы университет ректоры атына өтініш білдіріп, ДКК-ның анықтамасын ұсынады. Мәселе оң шешілген жағдайда, ректор білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.
Академиялық демалыстан оралғаннан кейін студенттер, студент оқу сабақтарына қатыса алатыны туралы, дәрігерлік-консультативтік комиссияның (ВКК) қорытындысын, әскер қатарынан босағандар әскери кіташасының көшірмесін тапсыруы тиіс. Академиялық демалыстан шыққаннан кейін оқу жұмысының жоспарларындағы айырманы (егер ондай қажеттілік болса) белгіленген мерзімде жоюы қажет.
Құрметті студент!
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне оқуға түсу арқылы, дұрыс таңдау жасадың. Біздің университет Қарағанды өңіріндегі ғана емес, сонымен бірге еліміздің бүкіл аумағында лайықты беделге ие. Сіз университетпен өздігіңізбен танысу және өз алдыңыздан ашылып отырған мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін осы анықтамалық-жолсілтегіш әзірленді.
Қосымша 1
СЫРТТАЙ-ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАСЫ БОЙЫНША 2011-2012 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҚҚЭУ-ДІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ
Сессия кезеңі
|
Мамандық
|
Курс
|
23.01.12 - 04.03.12
|
«Есеп және аудит»
|
1-курс (қысқартылған және екінші жоғарғы)
|
«Қаржы»
|
1-курс (қысқартылған)
|
«Юриспруденция»
|
1-курс (екінші жоғарғы)
|
16.04.12 - 31.05.12
|
«Есеп және аудиттен» басқа барлық мамандықтар
|
1-курс (қысқартылған және екінші жоғарғы)
|
«Қаржыдан» басқа барлық мамандықтар
|
1-курс (қысқартылған)
|
«Юриспруденциядан» басқа барлық мамандықтар
|
1-курс (екінші жоғарғы)
|
1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ НАЗАРЛАРЫНА!
2011-жылы оқуға түскен 1-курс студенттері үшін «Кіріспе курс» ҚЭУ-нің Студенттер сарайында өтеді:
СЫРТТАЙ-ҚАШЫҚТЫҚТЫ БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ барлық мамандықтарына арналған жиын 2011-жылдың 17-қыркүйегінде (сенбі), басталуы сағат 10.00
СЫРТТАЙ-ҚАШЫҚТЫҚТЫ ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ бойынша:
А) барлық мамандықтар бойынша жоғарғы білім базасында түскендер үшін, жиын 2011-жылдың 24-қыркүйегінде (сенбі), басталуы сағат 10.00
Б) Орташа арнайы білім базасында (колледжден кейін):
- «Есеп және аудит» пен «Қаржы» мамандықтарының студенттері үшін жиын 2011-жылдың 1-қазанында (сенбі), басталуы сағат 10.00
- Қалған мамандықтардың (Экономика, Менеджмент, ГМУ, Бағалау, Ақпараттық жүйе, ЕТ және бағдарламалау, Әлемдік экономика) студенттері үшін жиын 2011-жылдың 8-қазанында (сенбі) өтеді, басталуы сағат 10.00
Достарыңызбен бөлісу: |