2.4. Қауіпсіздікке қойылатын талап
Бағдарламалық қамтамасыздық оперативті контент, түпкі пайдаланушының ресурстары мен функцияларын іріктемелі шектеуін және оған қол жеткізуді басқаруын қарастыруы қажет. 1-курс студенті конфедициалды түрде деканаттан ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСЫНДА өзінің логин және паролін алуы тиіс. Ол университеттің ресурсын пайдалану және компьютерлі тестілеу кезінде аралық бақылаудан өту үшін, порталға шығу мүмкіндігін береді.
3. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУМЕН КРЕДИТТІК ЖҮЙЕ БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1. Жалпы ережелер
1. Оқытудың кредиттік технологиясы – бұл өздігінен білім алу деңгейін арттыруға және білім беру траекториясын дараландыру, таңдау және кредиттер түріндегі білім көлемінің есебі негізінде білімді шығармашылықпен енгізуге бағытталған білім беру жүйесі.
2. Кредит – студенттің оқу жұмысының көлемін өлшейтін жалпыландырылған бірлік.
3. Оқуды аяқтайдың міндетті шарты – студенттің белгіленген кредит санын алуы, ол міндетті және таңдауы бойынша компонеттерден тұрады, теориялық оқытудың 128 кредитін құрайды.
4. Бір оқу жылы, әдетте, 34 аптаны құрайды, олардың 30-ы теориялық оқыту, 4 – аралық/ қорытынды бақылау. Оқу процесіне жазғы семестр енгізілді, ол қысқаша, қосымша оқыту және оқу бағдарламаларындағы айырмашылықтарды жою қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасалған.
5. GРА (Grade Point Average), оқу үлгерімінің орташа балы – таңдаған бағдарлама бойынша студенттің бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің орташа балы, аралық аттестацияның пәндері бойынша балдық бағаның кредиттік және сандық эвивалеттік қатынасы ретінде анықталады.
6. Жоғарғы оқу орны курстан курсқа көшіру кезіндегі GРА көшірме балын өздігінен анықтайды.
7. Оқу пәндері бойынша студенттердің білімін бақылау формасы болып, оларды игеру соңында жүргізілетін жазбаша емтихан немесе білімін компьютерлі тестілеу табылады.
8. Курс саясаты: кеңестерге кешікпеу және оның үстінде сөйлеспеу; емтиханды босатпау; сырқат себебімен келмеу жағдайында, медициналық анықтаманы көрсету; ұжымдық жұмысты қолдау; деканатпен байланысты үзбеу; дер кезінде сессияны тапсыру; оқу бөлмелерінде тәртіпті сақтау.
9. Бірінші курс студенті Кіріспе курсын өту кезінде деканаттан дайындалған жеке жоспар үлгісін алып, оқу процесін ұйымдастырудың кредитті жүйесі және қашықтықтан оқыту технологиясымен танысады.
10. Емтихан сессияларының нәтижелері бойынша үлгерген студенттер келесі курсқа көшіріледі. Белгіленген GPA мөлшерін жинаған және академиялық борышы жоқ студенттер соған жатады.
11.Емтихандардың қайта тапсырылуы жазғы семестр кезінде қосымша ақы төлеу жағдайында жүргізіледі.
12. Аралық аттестация (қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша деканат студенттердің академиялық рейтингін құрайды. Бақылаудың қорытынды формасы бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған студент, жазғы семестр кезеңінде қосымша ақы төлеп, пәнді қайта тыңдауға және ол бойынша емтихан тапсыруына болады.
13. Академиялық борыш деп, оқу пәні бойынша білімді қорытынды бақылаудан студенттің қарызын айтады, ол емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алу немесе себепсіз емтиханды босату нәтижесінде қалыптасады. Мұндай жағдайда, студент ағымдық академиялық кезеңді аяқтау үшін қажетті кредит санын жинамайды, сондықтан ол қайтара оқуға қалады немесе жазғы семестр кезінде қосымша оқып, емтихандарды тапсырады.
14. Белгіленген көлемнен GРА көшірме балы төмен болса, студент, академиялық борыштың болмауына қарамастан, оқытудың қайтара курсына қалады.
15. Қорытынды аттестация, диплом жұмысын қорғау және мамандық бойынша мемлекеттік емтихандарды тапсыру түрінде жүргізіледі. Мұнда дәстүрлі немесе компьютерлік тестілеу әдістері қолданады.
16. Жазғы семестр академиялық үлгерімі бойынша борышы бар, ЖОО-нан екіншіге ауысу кезінде оқу жоспарында қалыптасқан айырмашылықтың болуы, келесі курсқа көшу кезінде GРА-дің жеткілікті болмауы жағдайларында, сондай-ақ, қосымша білім алу үшін студенттерге ұйымдастырылады. Жазғы семестрдің басталуы туралы ақпаратты деканаттан 1-маусымға дейін алуға болады.
Жазғы семестрге тіркелуге, кесте бойынша оқуға төлем жасаған студенттер жіберіледі. Курсты қайта игеру, ҚЭУ-нің Ғылыми Кеңесі бекіткен көлемдегі ақыны қарастырады.
3.2. Жазғы семестрге тіркелу процедурасы
Жазғы семестрді ұйымдастыру келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
студенттер жазғы естихан сессиясы басталғанға дейін деканатта жазғы семестрге қатысу ниеті туралы өтініш береді;
бір кредиттің құны негізінде, студенттер алдағы жазғы семестрге оның ақысын төлейді;
өтініш негізінде жазғы семестрдің кестесі жасалады;
Егер Сіз жазғы семестрге өтініш бермесеңіз немесе өтініш беріп, бірақ жазғы семестрдегі оқу ақысын төлемеген болсаңыз, онда Сіз қайтадан оқу мерзіміне қалдырыласыз немесе оқудан шығарыласыз.
Жазғы семестрдегі емтихандар нәтижелері бойынша студенттің балы GPA қайта саналады. Қажетті көшіру балын жинаған студент, келесі курсқа көшіріледі; барлық борыштарын тапсырған, бірақ GPA-ны жинай алмаған студент сол жылды қайтадан оқуға (ақылы түрде!) қалдырылады және барлық пәндерді қайтадан оқиды.
Мынаны назардан шығармаңыз! Жазғы семестрде Сіз 5 пәнге дейін оқи аласыз. Сондықтан да, егер Сіздің 5 пәннен көп борышыңыз бар болса, онда Сіз бірден сол жылды қайтадан оқуға қалдырыласыз.
Егер Сіздің жазғы семестрге қалғыңыз келмесе, сессия қорытындылары бойынша академиялық борыштың болуына жол бермеңіз және қажетті GPA алу үшін пәндердің басым көпшілігінен жоғары балл алуға тырысыңыз.
3.3. Студенттерді дайындау сапасын бақылау
Студенттердің оқу жетістіктерін тексеру үшін, бақылау мен аттестаттаудың әр түрлі нысандары қолданылады.
Студенттердің білімін бақылау мен бағалау кешені шептік, қорытынды бақылауды және қорытынды мемлекеттік аттестациялауды болжайды.
Сырттай-қашықтықтан оқыту формасында шептік (аралық) бақылау – сессияаралық кезеңдегі студенттің сәйкес пәннің екі блогы бойынша компьютерлік тестілеуден өту түрінде дайындығы бағалауды білдіреді. Оқу жылының басында әр студент өзіне тиесілі логинін және паролін алады да Интернет арқылы немесе университетке келіп ішкі байланысты пайдаланып тестілеуден өтеді. Тесттер әр пән бойынша белгіленген уақыт ішінде тапсырылуы тиіс. Тестің нәтижесі емтиханға деканаттың немесе өкілдіктердің жіберуіне негіз болып саналады.
Студенттердің білімін шептік (аралық рейтингтік) бақылау - әрбір пән бойынша 2 рет – бірінші және екінші рейтинг- тиісінше оқу жылы ішінде белгіленген график бойынша жүргізіледі.
Шептік бақылау бағалары негізінде (50%-ға 50% ретінде қабылданатын) оқытушы шептік рейтинг (Р1 немесе Р2) шығарып, ол «Рейтинг ведомосіне» жазылады. Нәтижелері тұтас санға дейін ықшамдалады.
Егер Сіз объективті себептер бойынша Р1 және Р2 өткізуге қатыспасаңыз, Сіз одан жеке өтуге құқыңыз бар. Сондықтан да факультет деканының рұқсаты бойынша Сіз емтихан сессиясы басталғанға дейін жеке кесте бойынша Р1 және Р2 тапсыруға тиіссіз.
Емтихан алдында пән бойынша Р1 және Р2 негізінде орташа рейтинг есептеліп шығарылады.
Орташа рейтинг мына формула бойынша есептелінеді:
Рорташа =;
Егер пәннен курстық жұмыс қорғау көзделсе, онда курстық жұмыстың бағасы Р3 ретінде қабылданады және орташа рейтинг мына формула бойынша есептелінеді:
Рорташа = ;
Бұл ретте, егер Сіз курстық жұмыс қорғамаған болсаңыз, онда Сіз емтиханға жіберілмейсіз.
Егер Сіздің орташа рейтингіңіз D(50) –дан төмен емес болса, онда Сіз пәннен емтихан тапсыруға жіберілесіз. Егер Сіздің рейтингіңіз төмен болса, Сіз оны емтиханға дейін көтеруге тиіссіз.
Студенттер біліміне қортынды бақылау (емтихан).
Рейтингі 50%-дан төмен емес студенттер қорытынды емтиханға жіберіледі. Қалған студенттер қорытынды бақылау басталғанға дейін өздерінің орташа рейтингін (Рорта) көтеруі тиіс. Студенттер біліміне қорытынды бақылау жасалған кесте бойынша емтихан сессиясында жүзеге асырылады.
Жазбаша емтиханның ұзақтығы 3 сағаттан аспайды. Емтихан компьютерлік аудиторияларда тест арқылы да қабылдануы мүмкін.
«Автоматты түрде» - емтиханды тапсыруға рұқсат етілмейді.
Жазбаша емтиханның нәтижелері, емтихан тапсырған күнді қоса алғанда, 2 күн ішінде хабарлануы тиіс.
Егер Сіз объективті себептер бойынша емтиханға келе алмасаңыз, тиісті құжаттар болған жағдайда Сіздің, факультет деканы мен қашықтықтан оқыту орталығының директорының рұқсат беруімен, емтиханды жеке тапсыруға құқыңыз бар.
Орташа рейтинг пен емтихан бағалары негізінде, қорытынды баға шығарылып, ол пән бойынша түпкілікті баға болып саналады.
Пән бойынша қорытынды баға келесі формула бойынша анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |