ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
КМҚК «БИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ»
Сырттай бөлім студенттеріне арналған
курстық жұмысты орындау және қорғау
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Семей-2018
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
05.04.04 ж. № 287бұйрығы
Осы әдістемелік ұсыныс ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 4 шілдедегі №
539 бұйрығымен бекітілген және ҚР Әділет министрлігінде 2001 жылғы 10 тамыздағы № 1621
тіркелген орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының қызметін ұйымдастыру Ережелеріне
сәйкес әзірленді.
Әдістемелік ұсыныстар мамандықтар бойынша жалпыға міндетті білім беру
стандарттарына сәйкес әзірленген.
Курстық жұмысты орындау Жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша оқу
бағдарламаларын орындау бойынша студенттердің өзіндік шығармашылық жұмыстарын
аралық бақылау формаларының бірі болып табылады.
Курстық жұмысты орындау мақсаты:
- мамандық бойынша теориялық және практикалық білім мен іскерлікті жүйелеу және
бекіту және қойылған мәселелерді шешу кезінде оларды қолдану;
-студенттердің өзіндік шығармашылық жұмыс дағдыларын дамыту, сонымен қатар
өндірістік-техникалық сипаттағы мәселелерді шешу үшін теориялық білімді тәжірибеде
қолдану қабілеттерін дамыту.
Курстық жұмыс жұмыс оқу жоспарымен белгіленген мерзімде орындалады.
Курстық жұмыс студент жұмыс істейтін немесе танысу тәжірибесінен өткен мекеменің
тәжірибелік материалын қолданып орындалады.
Курстық жұмыстарды орындау бойынша ұсыныстар:
1. Тақырыпты таңдау.
1.1. Білім алушыларға тікелей кәсіптік қызметпен байланысты оның орындылығын
негіздеу жағдайында курстық жұмыстың тақырыбын таңдау құқығы беріледі.
1.2. Курстық жұмыс жетекшісі курстық жұмыс тақырыбын ұсынады
1.3. Курстық жұмыстардың тақырыптарымен танысыңыз:
- онда қандай мәселеге көңіл бөлу керектігін, жаңа өзекті мәселе бар екендігін
анықтаңыз.
- сіз сол мәселені өз тәжірибеңізде қалай шешесіз
- мәселелерді шешудің нақты мақсатын алдыңызға қойыңыз
- мәселелерді шешу барысын анықтаңыз
- осы мәселе бойынша алғыңыз келетін соңғы нәтижені анықтаңыз
- курстық жұмысты орындаудың бағдарлы жоспарын белгілеңіз.
1.4. Курстық жұмыс тақырыбы бойынша бар әдеби көздермен, нормативтік-құқықтық
құжаттармен, ведомстволық материалдармен, оқулықтармен және оқу құралдарымен, шолу
материалдарымен және экспресс-нұсқаулықтармен және т. б. танысыңыз.
1.5. Курстық жұмыстың соңғы таңдауын жасаңыз, оқытушы – жұмыс жетекшісімен
келісіңіз.
1.6. Курстық жұмысты орындау жоспарын құрастырыңыз, оны оқытушымен бекітіңіз,
жұмысты орындау мерзімін бекітіңіз.
2. Курстық жұмыстың мазмұны
2.1. Мазмұны бойынша курстық жұмыс реферативтік, тәжірибелік, конструкторлық,
технологиялық немесе тәжірибелік – эксперименттік сипатта болуы мүмкін. Көлемі бойынша
курстық жұмыс 20-25 беттен кем болмауы тиіс.
2.2. Курстық жұмысты орындау кезінде:
- Реферативтік сипаттағы, негізгі бөлімдердің мазмұнын ашудан басқа, жұмыстың
теориялық бөліміне назар аудару қажет, онда зерттеуге жататын тақырыптардың сұрақтары
қойылып, шешілуі тиіс, теория мен тәжірибедегі мәселенің әзірлену деңгейі.
- Тәжірибелік сипаттағы, есептермен, кестелермен, сызбалармен ұсынылатын
теориялық және практикалық бөлімдерді орындауға назар аудару қажет.
-Тәжірибелік-эксперименталды сипаттағы, теориялық бөлімнен басқа, тәжірибелік
жұмысқа назар аудару қажет, онда эксперимент жүргізу жоспары, эксперименталды жұмыс
әдістерінің сипаттамасы, таңдалған әдістің негізділігі, тәжірибелік-эксперименталды жұмыс
нәтижелерін өңдеу және талдауға назар аудару керек.
2.3. Курстық жұмыстың құрылымы түсіндірме жазбадан, графикалық және тәжірибелік
бөлімдерден тұрады.
2.4. Түсіндірме жазба негізгі есептерді, технологиялық процестің қысқаша мазмұнын,
жобалау жұмыстарын орындауды қамтиды.
2.5. Курстық жұмыстың түсіндірме жазбасының көлемі баспа мәтінінің 3 беттен кем
болмауы тиіс, графикалық бөлігі сызу бойынша стандарттардың белгіленген талаптарын
сақтай отырып, А1, А2, А3 формасындағы сызба қағазының 1-2 бетінде қарындашпен
орындалады.
2.6. Конструкторлық сипаттағы курстық жұмыстың түсіндірме жазбасы негізгі
бөлімдерден басқа мыналарды қамтуы тиіс: қажетті есептеулері бар есептік бөлім; жобаланған
бұйымның конструкциясының сипаттамасы мен әрекет ету принципі бар сипаттамалық бөлім;
экономикалық негіздемелері бар ұйымдық-экономикалық бөлім, курстық жұмыстың
орындылығы.
2.7. Технологиялық сипаттағы курстық жұмыстың түсіндірме жазбасына негізгі
бөлімдерінде өндіріс технологиясы сипаттамасы мен технологиялық процесстерді сипаттау
кіреді.
2.8. Курстық жұмыстың тәжірибелік бөлімі конструкторлық және технологиялық сипат
ретінде сызбалар, схемалар, диаграммалар, графиктер, шығармашылық жұмысының
бұйымдары және өнімдері түрінде ұсынылуы мүмкін.
2.9. Түсіндірме жазбаның қорытынды бөлігі - қорытындылар мен ұсыныстар. Онда
жұмысты талдау деректері қорытылады, ұсынылатын іс-шаралардың экономикалық тиімділігі
мен өндірістік орындылығы айқындалады.
3. Әдеби көздерімен және тәжірибелік материалдармен жұмыс.
3.1. Әдеби көздерімен танысу негізінде қажетті әдебиеттерді таңдап, мәтін бойынша ең
бастысын таңдап алынып, курстық жұмысты орындау кезінде қолданылуы тиіс.
3.2. Курстық жұмыс мәтінінің мазмұнын жүйелеу үшін жоспар-конспект, тезистар
немесе конспект құру керек.
3.3. Курстық жұмыстың бірінші бөлігін (түсіндірме жазбаны) орындау және оны
жетекшіге тексеруге ұсыну.
3.4.Содан кейін бөлімнің негізгі бөлігін орындауға кірісу қажет:
- бастапқы тәжірибелік деректерді жинау, жинақтау, жүйелеу.
- бастапқы деректерді іріктеу және өңдеу, оларды салыстырмалы түрге келтіру
- бастапқы деректерді талдау, тиісті қорытындылар мен ұсыныстар жасау.
- мәтіндік бөлімді жазу.
- жұмысқа қосымшаларды аналитикалық кестелер, диаграммалар, басқа да
иллюстрацияланған материалдар түрінде ресімдеу.
Курстық жұмысты орындау барысында қиындықтар кездескен жағдайда оқытушы-
жұмыс жетекшісінен кеңес алу қажет.
Курстық жұмыс бойынша кеңес беру кестесін сырттай оқыту бөлімінде алуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде төмендегілер болуы тиіс:
- Қаулы заңдары
- Нормативтік құжаттама
- Әдебиет (автор, атауы, баспасы, шығарылған жылы, беттер саны)
Ескертпе:
Ұйымның тәжірибелік қызметі туралы ақпарат көздері, пайдаланатын бастапқы
материал болуы мүмкін:
- жедел және бухгалтерлік есеп пен есептілік деректері
- статистикалық мәліметтер
- шолулар, ақпараттар
- сұрау, бақылау, зерттеу материалдары
4. Курстық жұмысты орындауға және ресімдеуге қойылатын негізгі талаптар
4.1. Мазмұны бойынша курстық жұмыс келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
- ғылыми негізделген
- жеткілікті терең ақпараттардан (теориялық негіздер мен жүйенің тәжірибелік жұмыс
тәжірибесі деректері)
- қолданған фактілер нақтылы болуы керек
- материалды баяндау логикалық реттілігі, ұғынықты, сауатты болуы тиіс
4.2. Курстық жұмыс өз бетінше орындалуы және сырттай бөлім әдіскерінің тексеруіне
уақытылы ұсынылуы тиіс.
Курстық жұмыстарды қорғау белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Курстық жұмыстарды қорғау тәртібі туралы мәліметті сырттай бөлімнен курстық
жұмыс жетекшісінен алуға болады.
4.3. Курстық жұмыс іс жүргізу ережелерін сақтай отырып, бір жарым интервал арқылы
А4 қағаз форматында орындалады.
4.4. Әрбір жаңа тарау қызыл жолдан жаңа парақтан басталады; тарау бөлімдері бірінен
кейін бірі жалғастырылады.
4.5. Тараулардың нөмірленуі араб әріптерімен жүргізіледі, атауы абзацтың басынан
жазылады.
4.6. Тараулар атауларының арасындағы қашықтық -2 интервал (10мм); тарау
бөлімдерінің атауларының және мәтіннің арасындағы қашықтық және тарау бөлімдерінің
келесі атауы – 3 интервал (15мм)
4.7. Курстық жұмыс бір түсті сиямен жазылады немесе басылады.
4.8. Беттердің нөмірленуі титулдық парақтан басталады, беттің жоғарғы оң жақ
бұрышында немесе ортасында қойылады.
4.9. Сөздерді немесе сөз тіркесін қысқартуға болмайды. Титулдық парақты рәсімдеу №
1 қосымшадан қараңыз
5. Курстық жұмысты қорғау.
5.1. Студенттің қалауы бойынша курстық жұмысты қорғау мемлекеттік немесе орыс
тілдерінде жүргізіледі.
5.2. Курстық жұмыс 5 балдық бағалау жүйесімен бағаланады. Курстық жұмыс
орындалған пән бойынша "өте жақсы" бағасы курстық жұмысты "жақсы" бағасынан төмен
емес бағаға тапсырған жағдайда ғана қойылады.
5.3. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған студентке:
- берілген пән бойынша қорытынды бақылауды тапсыруға рұқсат етілмейді
- жаңа тақырыпты таңдау құқығы беріледі немесе тиісті пәндік комиссияның шешімі
бойынша бұрынғы курстық жұмысты пысықтауға рұқсат етіледі.
5.4. Курстық жұмысты қорғау пән комиссиясының шешімі бойынша оқытушылар
қабылдайды.
5.5. Курстық жұмыстар оқу орнының мұрағатында 1 жыл мерзімде сақталады. Осы
мерзім өткеннен кейін барлық курстық жобалар акт бойынша есептен шығарылады және
жойылады.
5.6. Оқу-әдістемелік құндылықты үздік курстық жобалар тиісті комиссияларда
сақталады және білім беру ұйымдарында оқу құралдары ретінде пайдаланылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
КМҚК «БИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
_____________________________________________ пәні
(пәннің атауы)
тақырыбы _______________________________________________
Баға ________
«_____» ___________2018 ж.
Студенттің аты-жөні ____________
____________ курс
___________тобы
Жетекші ________________
Оқытушының аты-жөні
Семей қаласы
Достарыңызбен бөлісу: |