Пероралды енгізу жолы
Артықшылығы:
ыңғайлы, мед. қызметкердің көмегі қажет емес
қарапайым
қауіпсіз
препараттың стерилдігін
қажет етпейді
Кемшіліктері:
Емдік әсері баяу дамиды (60-90 минут)
Жедел жағдайда қолдануға тиімсіз
Д.з. сіңірілуіне тағам,
ортаның рН әсер етеді
Барлығы бауырлық тосқауылдан өтеді, аш ішек арқылы барлық заттар бауырдың қақпа венасына түседі, бұл жерде аздап бұзылысқа ұшырайды, содан соң – жүйелік қанға түседі
АІЖ бұзылысқа ұшырайтын және айқын тітіркендіргіш әсер шақыратын д.з. қолданылмайды
Құсуда, диареяда және науқас ес-түссіз жатқанда қолдануға болмайды
Ректалды
Артықшылығы
Д.з. жүйелік қанға төменгі геморроидалды веналар арқылы түседі, 50% бауырға бармай
Ауыз арқылы енгізгенге қарағанда мөлшерлеу нақтырақ
АІЖ ферменттерінің әсерінен және қышқыл ортада бұзылысқа ұшырамайды
Кемшіліктері:
сіңірілу алаңы аз
сіңірілу жылдамдығы науқастың ішегінің жағдайына (моторикасына, нәжістің болуы) байланысты әртүрлі болады
Қолдануға қолайсыз, ыңғайсыз (жұмыста, саяхатта)
Көктамырға енгізу
Артықшылығы:
Әсер жылдам дамиды және нақты мөлшерлеу
Биожеткіліктігі 100%
Үлкен көлемде енгізуге болады
Жанама әсерлер дамығанда препаратты көктамырға енгізуді бірден тоқтатуға болады
АІЖ сіңірілмейтін және шырышты қабатты тітіркендіретін дәрілік заттарды енгізу мүмкін
Кемшілігі:
Ерімейтін заттарды;
Майлы ерітінділерді (эмболия шақыруы мүмкін);
Айқын тітіткендіргіш әсері бар заттарды (тромбоз, тромбофлебит дамуы мүмкін);
Қанның ұюын немесе гемолиз шақыратын препараттар
Бұлшық етке енгізу
Көктамырға енгізгенге қарағанда әсері баяу дамиды (10-30 минут)
Әлсіз тітіркендіргіш әсер көрсететін дәрілік заттарды, сонымен қатар депо- препараттарды енгізуге болады
Енгізілетін заттың көлемі 10 мл-ден аспауы керек
Айқын тітіркендіргіш әсер көрсететін заттарды, сонымен қатар жүйке бағанасына жақын енгізуге болмайды, себебі қатты ауыру сезімі, қабыну үрдістері, инфильтраттар, бұлшық еттің салдануы байқалуы мүмкін
Тері астына
Сіңірілуі, сәйкес емдік әсерлерінің көріністері бұлшық етке және көктамырға енгізгенге қарағанда баяу дамиды, бірақ ұзағырақ әсер етеді
Үлкен көлемде, тітіркендіргіш әсері бар препараттарды енгізуге болмайды
5.Тігу материалдары, жіктелуі қойылатын талаптар.
Тігу материалы немесе тіндерді біріктіруге арналған материалдар- бұл операция кезінде әртүрлі тіндерді біріктіруге және қанды тоқтатуға қолданылатын материалдар.
Тігу материалдары сіңетін және сіңбейтін болып бөлінеді.
Тігу аппараттары- бұл мүшелерді, тіндерді, тамырларды тігуге қолданылатын аппараттар. Тіккіштер механикалық тігісті салуға немесе тамырлар мен мүшелерді тігуге арналған.
Кішірейтіп тіккіштер(ушиватели)-мүшелер мен тамырларды олардың бір бөлігін алып тастағаннан кейін тігуге арналған.
Мүшелер мен тіндерді тігуге арналған аппараттардың өндірісте келесідей түрлері шығарылады:
тамырларды циркулярлы тігуге арналған.
Ас қорыту жолының мүшелеріне дөңгелек анастамоз жасауға арналған.
Асқазан-ішектің бүйір анастамозын салуға арналған
Қабырға мен көкіректі тігуге арналған.
Сіңетін материалдар: Кетгут, хромдалған кетгут, полигликолидті жіп,
Сіңбейтін: Жібек жіп, ширатылған капрон, өрілген капрон, ширатылған лавсан, өрілген лавсан, фторест, монофиламентті полипропилен, фторлон, сым.
6. Инъекцияға арналған саймандар.
Дәріні ағзаға тез парентеральды жолмен еңгізу( ас қорыту трактісін соқпай) олардың қанға тез әсер етуі мен толық түсуін қамтамасыз етеді. Бұлшықет ішілік және басқа да дәрілік заттарды инъекциялау әдісі, әсіресе жедел дәрілік көмек және дәл мөлшерлеу қажет болғанда, медицинада кеңінен қолданылады. Инъекция инелер мен шприцтердің көмегімен жүзеге асырылады.
Медициналық шприцтер және инъекциялық инелер:
дәрілік сұйықтықтарды парентеральды еңгізу.
Ағзадан түрлі сұйықтықтарды сору
Кейбір талдау жұмыстары
Қан құюға арналған хирургиялық инелер (Дюфо инесі)- дәрілік препарттарды, қанды, рентген контрастты заттарды еңгізу немесе шығару мақсатымен тамыр саңылауына инені тері арқылы еңгізу. Венофункция үшін әдетте қол басы, білек, бүгілулі жеріндегі беткей веналарды, аяқ басынынң веналарын қолданады. Созылмалы инфузиялық терапия үшін магистральді веналардың (бұғана асты, сан, сыртқы мойындырық, ішкі мойындырық) пункционалды катетеризацияны қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |