1. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз : метан → А →сірке альдегиді → Б→В →аминосірке қышқылы. Мұндағы А,Б және В заттарын ата.
2. Неге аминосірке қышқылынан өзгеше көкшілік амин қышқылдары индикатор бойынша бейтарап (нейтрал) реакция ортасын көрсетпейді?
3. Белоктарды неліктен полимерлерге жатқызады? Өзге полимерден белоктың құрылысы бойынша ұқсастығы мен өзгешелігі неде (полиэтилен, крахмалмен салыстыру)?
4. Адам ағзасында белоктар қандай қызмет атқарады ?
5. Келесі реакция теңдеулерін жаз:
а) α – аминомай қышқылы және калий гидроксиді;
ә) аминосірке және тұз қышқылы.
б) β - аминопропион қышқылы және метанол.
6. Құрамы болатын амин қышқылының барлық изомерлерінің құрылыс формулаларын құрып, ата.
7. Белок гидролизінде қандай өнімдер түзіледі. Гидролиз сызбасын келтір.
8. Белок денатурациясы деген не? Оның мәні неде? Қандай факторлардан денатурация болады?
9. Алмастырылмайтын қандай амин қышқылдарын білесің? Олардың құрылым формулаларын жаз. Адам ағзасы үшін олардың маңызы неде?
10. Нуклеин қышқылдары деген не? Олардың белоктардан айрмашылығы неде?
Есептер
№ 1. 147,6 г нитробензолды тотықсыздандыру арқылы 96 г анилин алынды. Реакция өнімінің шығымын (%) есепте.
Жауабы: 80%.
№ 2. Массасы 246 г нитробензолды тотықсыздандырып қандай масса анилин алуға болады , егер анилиннің массалық үлесінің шығымы 0,9 болса?
Жауабы: 0,91 немесе 91%.
№ 3. Массасы 150 г аминосірке қышқылы массалық үлесі 30 % , құрамында 30 г болатын ерітіндімен әрекеттескенде қандай масса тұз түзіледі?
Жауабы: 58,2 г.
№ 4. Көміртегі, сутегі, оттегі және азоттың массалық үлесі 32; 6,66; 42,67 және 18,67 % болатын амин қышқылының молекулалық формуласын анықта. Осы амин қышқылының құрылыс формуласын жазып, ата.
Жауабы: .
№ 5. Көлемі 25 л метиламинді жағуға қандай көлем ауа жұмсалады, егер оның құрамында 4% жанбайтын қоспа болса. Ауаның құрамындағы оттегінің көлемдік үлесі 21 % құрайды.
Жауабы: 257 л .
Органикалық қосылыстардың жіктелуі.
І. Органикалық қосылыстар көміртек қаңқасы бойынша ациклдік және циклдік қосылыстарға бөлінеді. Ациклдік қосылытардың негізінде алифаттық, тек көміртек пен сутек атомдарынан құралған, қосылыстар жатады. Олар қаныққан және қанықпаған болады. Циклдік қосылыстар карбоциклдік және гетероциклдік болып бөлінеді. Карбоциклдік қосылыстардың сақинасына тек көміртек атомдары кіреді, ал гетероциклдік қосылыстардың сақинасында көміртек атомдарынан басқа N, S немесе О болады. Карбоциклдік қосылыстар алициклдік және ароматтық болады.
Алифаттық көмірсутектердің мысалдары:
пропен
2-метилбутан;
СH≡CH
этин
2-метилбутадиен-1,3
Циклдік (алифатты) қосылыстардың мысалдары:
Циклопропан циклопентан циклогексан бензол
Гетероциклдік қосылыстардың мысалдары:
Пиррол пиридин пиримидин пурин тиофен фуран
2. Функциялық топтары бойынша: органикалық қосылыстар әр түрлі кластарға бөлінеді. (1 кесте).
Функциялық (функционалдық) топтар – көміртек қаңқасымен қосылған көміртек емес атомдардың топтары, сутектің орынбасарлары. Олар берілген зат қосылыстардың қай класына жататынын көрсетіп тұрады және сол класқа тән жалпы химиялық қасиеттерді қамтамасыз етеді.
І- кесте.
Функциялық топтар және оларға сәйкес қосылыстардың кластары.
Достарыңызбен бөлісу: |