Туменбаева Н.С.
Жармухаметова Р.О.
Органикалық химия практикумы
Семей 2012
Туменбаева Н.С. Жармухаметова Р.О. Органикалық химия практикумы. Әдістемелік құрал.
Семей, 2012 ж.
ISBN 978-601-248-079-5
Пікір жазған: Аубакиров Е.А. Аль-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы.
ISBN 978-601-248-079-5
©Туменбаева Н, Жармухаметова Р.О. 2012
Алғы сөз
Оқырмандар назарына ұсынылып отырған органикалық химиядан зертханалық жұмыстар, жаттығулар мен есептер мектептің 10, 11- сынып оқушылары мен колледждердің 1-курс студенттеріне көмекші құрал болып саналады.
Жинаққа тақырыптар бойынша зертханалық жұмыстар, сапалық реакциялар, органикалық қосылыстардың негізгі кластарының номенклатурасы мен изомериясына, химиялық қасиеттері мен алу жолдарына арналған деңгейлік жаттығулар мен есептер топтастырылған..
Зертханалық жұмыс
Жұмыстың мақсаты: Қаныққан көмірсутектерді зертханада алу тәсілін игеру, олардың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу.
Реактивтер мен жабдықтар:
1. Натрий ацетаты (сусыздандырылған)
2. Натронды ізбес ( сусыздандырылған), NaOH, Ca(OH)
Калий перманганаты aq.
Иод суы I aq. 5. Штатив. 6. Пробиркалар.
7. Спирт шамы. 8. Газ шығатын түтігі бар тығын. 9. Сіріңке.
10. Фарфор табақшасы. 11. Химиялық қасық 12. Вазелин майы
Жұмыс барысы:
1. Сусызданған натрий ацетаты мен натронды ізбесті 1: 2 қатысында фарфор табақшасына салып, араластырып, химиялық қасық көмегімен таза құрғақ пробиркаға салып, штативке пробирканың аузын түтікті тығынмен жауып, сәл көлбеу (пробирка аузын төмен қарай сәл еңкіштеу) етіп бекіту.
Келесі 2 және 3 пробиркалардың біріне калий перманганаты ерітіндісін, келесісіне иод суын құю.
1-ші пробирканы қыздыру, түтіктің аузын №2 және №3 пробиркалардағы ерітінділерге батыру. Бөлініп жатқан газды түтік ауызында жағып, жалынның түсіне көңіл аудару.
Болған өзгерістерді химиялық теңдеулермен өрнектеп, қорытынды жасау.
2. Екі пробиркаға зерттеліп отырған вазелин майынан үш тамшыдан құйып, оған бес тамшыдан ерітіндісінен қосып, жақсылап шайқап араластыру. Өзгеріс болды ма ? Түсіндір.
Жаттығулар:
№ 1. Вюрц синтезін жасау үшін екі галоген туынды алынды:
және . Осы екі галогентуындының арасында жүретін реакция теңдеуін жазып, түзілетін көмірсутекті ата.
№ 2. Вюрц реакциясының көмегімен а) гексан; ә) 2,3-диметилбутан; б) этан; в) бутан алуға болатын реакция теңдеуін жаз.
№ 3. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:
№
Достарыңызбен бөлісу: |