Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



жүктеу 3,59 Mb.
Pdf просмотр
бет442/444
Дата04.10.2023
өлшемі3,59 Mb.
#43645
түріОқулық
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   444
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ.
 
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
Қосымша әдебиеттер
1. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті, Алматы: Ғылым, 1997. – 400 б.
2. 40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті. Алматы: Ғылым, 1998. 
3.
 
Мұқанов С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы:Атамұра, 2008. 384 б.
4. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры.Астана: Күлтегін, 2002. 528 б.
5. Жүсіпова А. Қазақ әдебиеті сынының тарихын жасау мәселелері және 
Т. Кәкішұлы ғылыми ізденістері. Фил. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2002. 127 б. 
6. Төреқұлов Н. Профессор Бейсембай Кенжебаевтың творчестволық өмірі. 
– Алматы: Қазақ мемлекеттік университеті, 1974. – 64 б.
7. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы қазақ демократ жазу-
шылары. – Алматы: Қазмембас, 1958. – 308 б.
8. Кенжебаев Б. Жиырмасыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті. – Алма-
ты: ҚМКӘБ, 1961. – 120 б.
9. Кәкішев Т. Кер заманның кереғар ойлары. – Алматы: Атамұра, 1995. – 169 б.
10. Кәкішев Т. Санадағы жаралар. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 264 б.
11. Қабдолов З. Әуезов. – Алматы: Санат, 1992. – 350 б.
12. Жұмағұлов С. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану 
ғылымы. (1956-1991 ж.ж.). – Қарағанды: Гласир, 2008. – 551 б. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


464
КІРІСПЕ
ҚОРЫТЫНДЫ
Халқымыздың тарихындағы ежелгі дәуірінен бастап ояна бастаған әдеби-
теориялық, әдеби-тарихи, сыншылдық-эстетикалық ой-пікірдің ғылыми-
зерттеушілік сипатқа ие болу, ғылыми талдау принципіне орай кемелдену 
жолын қарастыру барысында біз қазақ әдебиеттануы өзінің ұлттық ғылым 
ретінде туу, қалыптасу жолында қиын да күрделі жолды бастан кешіргеніне 
көз жеткіздік. Көне жазба ескерткіштерді әдеби мұра ретінде бағалап алғаш 
хатқа түсірген кезеңнен басталған қадамдары тарихи сабақтастық принципіне 
сай өсіп-толысу, эволюциялық даму сипатында болғанын байқадық. Ол ХІХ 
ғасырға келгенде орыс ориенталист-фольклорист ғалымдарының еңбектерімен 
ғана шектелмей ұлттық зиялы қауым өкілдері Шоқан, Ыбырай, Абай, Әлихан, 
т.б. тұлғалары арқылы өзіндік мәнге ие болып, жеке ғылым саласы болып туу 
дәуіріне дейін жетуге мүмкіндік алды. Яғни, тарихи алғы шарттардан тұратын 
тарих алдындағы кезеңіне тән эволюциялық тұрғыдағы ояну, өсіп-жетілу 
кезеңін бастан өткерді.
Әдеби мұраны ғылыми тұрғыда игерудегі барлық талап-тілек пен әдіс-
тәсілді меңгеруге дейін қол созған ғылыми-зерттеушілік ой-пікір ХХ ғасыр ба-
сынан бастап әдебиет тарихы мен теориясын зерттеуде, әдеби сынды тудыруда 
ғылымдық және эстетикалық биіктіктерге ұмтылды. 20-жылдары әдеби мұра 
керек пе, жоқ па деген мәселеде пролеткульшылдық нигилизмге қарсы күресе 
отырып, әдеби мұраны игеруде «бірыңғай ағым теориясының» оң бағытын 
пайдаланып, оны жинау, жариялау, ғылыми тұрғыда бағалау, дәуір талабына 
сай пайдалану, творчестволық үйрену секілді өзекті проблемаларды шешіп 
алды. Ал 1930 жылдары «тұрпайы социологизм» теориясының ықпалындағы 
қателіктерге ұшырай отырса да, фольклор мен қазақ әдебиетінің сан ғасырлық 
даму жолын тарихи тұрғыдан тану, зерттеу және дәуірге бөлу секілді келелі 
мәселелерге батыл бара білді. Сонымен қатар, осы уақыт аралығы қазақ 
әдебиеттану ғылымы үшін ғылыми-зерттеу әдіснамасын меңгеру, идеялық, 
шығармашылық принциптерді игеру кезеңі де болды. Ұлттық әдебиеттану 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


465
Қорытынды
ғылымының туу дәуірі тап келген бұл мезгіл республика тарихындағы өте ірі 
оқиғалар мен орны толмас қателіктерге толы кезең еді. Халық ағарту ісінің 
жолға қойылуы, мәдениет орындарының ашылуы, баспасөздің өркен жаюы, 
зерттеу институттарының ашылуы т.б. әдеби-мәдени іс-шаралар әдеби мұ-
раны игеруге қолайлы жағдай туғызғанымен, қызыл империяның құрылған-
нан бастап қолға алған қанды қырғыны, ұлт саясатының бұрмалануы, жеке 
басқа табынушылық, маркстік-лениндік әдіснаманың тапшылдық, партиялы-
лық қағидалары кері әсер етті. Атап айтқанда, «ұлтшылдық-алашшылдарға» 
қарсы күрес қазақ әдебиеттануының ізашарларын, 37-жыл зұлматы тәжіри-
бесі қалыптасып қалған әдебиетші-ғалым мамандарды, бүкіл ұлт зиялыла-
рын түгелге жуық жазықсыз жазалап, қуғын-сүргінге ұшыратты, ғылыми 
жұмыспен еркін шұғылдануға мүмкіндік бермеді. Осындай қиыншылықтарға 
қарамастан, орны толмас құрбандықтарға бара отырса да қазақ әдебиеттану 
ғылымы соғысқа дейінгі 1900-1940 жылдар аралығында туу дәуірін аяқтады.
Кеңестік идеология мен маркстік-лениндік әдіснама қағидалары құрсауына 
ұшыраған қазақ әдебиеттануы 1940 жылдары бұрынғы ізденістерін жалғас-
тыра отырып біршама жетістікке қол жеткізді. Қазақ әдебиет тарихын дәуір-
леуде, жеке ақын-жазушылар шығармашылығын монографиялық тұрғыда 
зерттеуде, фольклортану мен әдебиет теориясының мәселелерінде көңіл 
аударарлық соны қадамдар жасады. Бірақ, партиялық қаулы-қарарлар ұлттық 
мүддеге сай бағыт алған ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге тағы да тоқтау сал-
ды, көрнекті әдебиетші-ғалымдарды қуғынға ұшыратты. 50-жылдардың орта 
кезінен басталған жаңа бетбұрыс жеке басқа табынушылықтың зардапта-
ры мен бұрмалаушылықтарды түзете бастағанымен, қазақ әдебиеттануының 
ұлттық мақсат-мүддеге сай ізденістер жасауына еш мүмкіндік бермеді. 
Маркстік-лениндік әдіснаманың әдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялығы 
қағидалары, оның «тұрпайы социологизмді» ұтымды пайдаланып отырған 
сая саты, ұлттық нигилизмнің өріс алуы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің ады-
мын аштырмады. Әйтсе де кеңестік дәуірдегі әдебиетті тексерудегі зерттеулер 
мен монографиялардың көбеюі, қазақ әдебиеті тарихының көп томдығының 
шығуы, әдебиет теориясы мен әдебиет сынының зерттеу нысанасына алы-
нуы, төңкерістен бұрынғы әдебиет тарихының ежелгі дәуірден бері зерттеле 
бастауы, тағы да басқа өзекті де көкейкесті мәселелерді шешіп алуы, қазақ 
әдебиеттануының қалыптасу дәуірінде қол жеткізген табыстары болды. 
Ұлт әдебиеті тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға дейінгі жетістікке жетуі 
қалыптасу дәуірі үшін аз табыс емес еді. Біз мұны маркстік-лениндік әдіснама 
мен тоқырау заманындағы идеологиялық қатал бақылауда болғандығын ескере 
отырып айтып отырмыз.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


466
Қорытынды
Қорытындылай айтқанда, ХХ ғасырда қазақ әдебиеттануының туу, 
қалыптасу дәуірлерін бастан өткеру барысында төмендегідей нәтижеге қол 
жеткізді:
– бүкіл түркі халықтарына ортақ ежелгі дәуірдегі әдеби мұраны игеру-
ден басталған сыншылдық-эстетикалық, әдеби-тарихилық, әдеби-теориялық 
сипаттағы ізденістер ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір дәрежесіне дейін 
көтерілді;
– әдеби мұраның өте мол қоры жинақталды, көптеген үлгілері жарияланып, 
жинақтар, көп томдықтар болып шығу арқылы қалың жұртшылықтың рухани 
азығына айналды;
– қазақ фольклортану ғылымы жеке сала болып оңаша отау тікті, оның жаз-
ба әдебиетпен байланысы, кеңес дәуіріндегі фольклордың тарихи жан-жақты 
зерттеліп, түйінді тұжырымдар жасалды;
– төңкеріске дейінгі және одан кейінгі әдебиет тарихының көрнекті өкілде-
рінің өмірі мен шығармашылық мұрасы ғылыми тексеріліп, монография лық 
тұрғыда тұтас және толық қарастырылды, абайтану, шоқантану, мұхтартану, 
сәкентану ілімдері қалыптасты. Алайда, «ұлтшыл-алашшылдарға» байла-
нысты көзқарас әсерінен ұлт әдебиетінің біршама беттері «ақтаңдақ» күйінде 
қалды;
– әдебиетті теориялық тұрғыда зерттеу алға басты, бүкіл әлемдік теориялық 
ұғым-түсініктерді ұлттық сипатта меңгерумен қатар, жеке жанр түрлерінің 
туып-өркендеу жолдары маркстік-лениндік әдіснама талаптарына сай болса да 
жан-жақты сөз болды;
– қазақ әдебиетінің сыны жеке жанр ретінде қалыптасты, көркемдік 
дамудағы жетекшілік рөлі артты, эстетикалық өрелі биіктіктерге көтерілді, 
әдебиеттанудың жеке пәні ретіндегі кескін-келбетін анықтады;
– әдеби мұраны игеру мәселесіне сай ғылыми-зерттеу әдіснамасы, теория-
сы, тарихилық принципі біршама дұрыс шешілді; 
– қазақ әдебиеті мектептер мен жоғары оқу орындарына жеке пән ретінде 
жүргізіліп тұрақты оқу құралдарымен қамтамасыз етілді;
– ғылыми-зерттеушілік ой-пікір кеңес дәуіріндегі әдебиетті теориялық, 
методологиялық тұрғыдан тексеруде, сыншылдық тұрғыда бағалауда бүкіл 
әлемге таныта алатындай дәрежеге көтерілді;
– кеңестік идеология мен маркстік-лениндік ілімнің әсерінен түрлі 
бұрмалаушылықтарға барған теріс тұжырымдарын түзетіп тарихи тұрғыда 
әділ, ұлттық сипатта дұрыс, ғылыми бағытта терең зерттей алуына кең жол 
ашты;
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


467
Қорытынды
ұлттық библиографияның туып, қалыптасу тарихы ғылыми зерделенді;
– қазақ әдебиеттану ғылымында ғылыми мектептер қалыптасты.
Сонымен, көне дәуірден алғашқы бастауларын алған қазақ әдебиеттану 
ғылымы өзінің тарих алдындағы алғышарттарға сай өсіп-өркендеу және жеке 
ғылым ретінде туу, қалыптасу дәуірлерін бастан өткеріп, еліміз тәуелсіздік 
алған жылдардан бастап даму және өркендеу жолындағы жаңа қадамдар 
жасауға бет алды. Егер әдебиет туралы ғылым өзінің сандық және сапалық 
мәніндегі сипатын өз тарихындағы бар-жоғын түгелдеп алғанда ғана толық та-
ныта алатын болса, оның әлі де нақтылай тексеріле түсетін мәселелері аз емес. 
Олар, әрине, алдағы күннің міндеті деп ойлап, оқулықтағы зерттеу нысанасы-
на алынған тақырыптар туралы көңіл аударарлық ой-тұжырымдар айта алсақ, 
алға қойған мақсаттың орындалғаны.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


468
Әдістемелік дәйектемелер

жүктеу 3,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   444




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау