ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
әкеле алмай келеміз. Осы неліктен?
Жақын арада шолып қарасам, Шор-
танбай туралы жиырма бес мақала,
Бұқар туралы отыз екі мақала
басылғанына кездестім. Айналасы
250 жол өлеңі бар Бұқарды тануға
осынша уақыт неге кетіп жүр. Бұл
халық ақындарының еңбектерін тек-
серуге советтік ғылымның өресі
жетпей жүргендіктен емес, өлі ақын-
ға да, тірі ақынға да партиялық
обьективті көзқарасымыз бірікпей
жүргендіктен» деген секілді пікір-
лер әр түрлі сипатта айтыла бас-
тағандықтан, әдебиетші-ғалымдар-
дың идеялық көзқарасын біріктіруге
кеңестік идеология да мүдделі бол-
ғанын ашып айту керек [67, 368].
Бұл конференцияның қазақ әде-
биеттануының қалыптасу тари хын-
дағы маңызы туралы пікір айтқан-
дардың барлығы да ғылыми-зерттеу
жұмыстарына кедергі болып келе
жатқан көптеген мәселелердің бе-
ті ашылғанын, біраз ілгері басу
бол ғанын, қазақ әдебиеті тарихын
жүйелі тексерудің жолға қойылғанын
атап көрсетеді. Негізінен дұрыс бол-
ғанмен партиялық-әкімшілік жүйе
кезінде айтылған ойды қайталау
бар. Бұл жерде біз конференцияның
фольклорлық мұра мен әдебиет тари-
хын тексеруде соны қадам болып та-
былатын табысын жоққа шығарайын
деп отырған жоқпыз. Мәселе – осы
бағалауларда қазақ әдебиеттану ғы-
лымының бұдан былай маркстік-
лениндік әдіснаманың жаңа кезеңге
лайықталған қағидаларының ықпа-
лына біржола түскенінің ашып ай-
тылмауында. Мысалы, тіпті беріде
ғана шыққан еңбекте Д. Мыңбаев
конференциядағы Е. Ысмайыловтың:
«Әдебиет тарихының негізгі проб-
ле малық мәселелерін жан-жақты
шешіп зерттеуде бір тарихшылдық
принципті, яғни әдеби құбылыстарды
тарихи даму процесінде, әрбір ақын-
ды өзінің туған тарихи-қоғамдық ор-
тасына нақты байланыста алып тек-
серу принципін қолданамыз» дегенін
сындарлы пікір деп табады [84, 219].
Егер тереңірек үңіліп қарасақ, ғалым
бұл пікірді идеялық қайшылығы
бар деп дау-дамайға түсіп жүрген
ақындарды таптық қоғамның өкі-
лі ретінде бағалау қажеттігін негіз-
деу мақсатында айтып отыр. Жалпы
алғанда конференцияның маркс-
тік-лениндік әдіснаманы, оның әде-
биеттің таптығы, халықтығы, пар-
тиялығы қағидаларын ғылыми жұ-
мыстарда түпкілікті орнықтыру
мүд десін ұстағаны тарихи шындық.
Сон дықтан оған баға берген уақытта
егемендік алғанға дейінгі қазақ
әдебиеттануының ұлттық мүддеге та-
мыр тарта алмаған, өткендегі мұраны
тарихи ақиқат тұрғысынан баға лай
алмаған кемшіліктерінің барлығы
осы конференциядан басталғанына
көңіл аудару қажет деп ойлаймыз.
Конференциядағы жасалған не-
гізгі баяндамалардың тақырыптық
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
343
Достарыңызбен бөлісу: |