"Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру
қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің
2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 40 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 ақпанда № 13105 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Оқу әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29
қарашадағы № 583
(Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007
бұйрығына
жылғы 13 желтоқсанда № 5036 болып тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпандағы «Заң газетінің» № 16 (1416)
. Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының
актілер жинағының 2008 жылғы 27 наурыз № 1 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты
ұйымдастыру және жүзеге асыру
:
қағидаларында
мынадай редакцияда жазылсын:
2-тармақ
«2. Осы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру
қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы
орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім беру
бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын, жоғары және жоғары орнынан
кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік
жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
мынадай редакцияда жазылсын:
3-тармақ
«3. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: әдіскер - оқу-әдістемелік,
ғылыми-әдістемелік жұмыстарды орындаушы білім беру ұйымының педагогикалық қызметкері (жоғары оқу
орындарынан басқа);
әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес - білім беру ұйымының
оқу-әдістемелік жұмысын алқалық басқару нысаны;
әдістемелік кабинет - ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық ететін білім беру
ұйымның, облыстық (қалалық) білім департаментінің құрылымдық бөлімшесі;
білім беру ұйымы оқу (оқу-әдістемелік) жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары - білім
беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын тікелей басқаратын басшының лауазымы;
ғылыми әдістемелік жұмыс - педагогтардың кәсіптік құзыретін арттыру және білім беру
процесінің инновациялық проблемаларын шешу арқылы білім сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін
білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтардың және құрылымдық бөлімшелердің бірлескен
қызметінің көп деңгейлі, көп функциялы жүйесі;
оқу-әдістемелік басқарма (орталық, кафедра, бөлім, кабинет) - білім беру ұйымында
оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше;
оқу-әдістемелік бірлестіктер - әр түрлі деңгейдегі білім беру оқу бағдарламаларын іске
асыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу үшін салалық (мамандық топтары, пәндер)
белгісі бойынша білім беру үдерісі субъектілерінің бірігуі;
оқу-әдістемелік бірлестіктер - әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыру
жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу үшін салалық (мамандық топтары, пәндер) белгісі
бойынша білім беру процесі субъектілерінің бірігуі;
оқу-әдістемелік жұмыс - білім беру үдерісін оқытушылық, тәрбиелік және дамытушылық
мақсаттарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және
оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының қызметі.»;
мынадай редакцияда жазылсын:
8-тармақ
«8. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және
ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:
1) нормативтік құқықтық құжаттарды, білім беруді басқару органдарының ұсынымдамаларын,
оқу-бағдарламалық құжаттарды жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу;
2) жаңа оқу бағдарламалардың зерделеуін ұйымдастыру және оларды оқу үдерісіне енгізу
туралы ұсыныстар беру;
3) еңбек нарығының талаптарын ескере отырып оқу бағдарламаларына және стандарттарға
өзгерту енгізу туралы ұсыныстар енгізу;
4) ағымдық, аралық бақылаудың қорытындыларын талқылау; оқушылардың білімнің, іскерлігінің
дағдысының сапасын талдау және нәтижелерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
5) педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, еңбек жолын жаңа бастаған педагогикалық
қызметкерлер мен өндірістік оқыту шеберлеріне оқу сабақтарын өткізу, оқу-әдістемелік,
ғылыми-әдістемелік материалдар әзірлеу және оқудан тыс іс-шаралар өткізу;
6) сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау;
ғылым және техника жетістіктерін, оқу-тәрбие жұмысындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені және
оқытудың жаңа технологияларын зерттеу, іріктеу және практикаға енгізу;
7) мамандықтар мен кәсіптер бойынша кәсіптік шебершілік конкурстарын тақырыптық және
ғылыми семинарлар, конференциялар және ғылыми-әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
8) педагогикалық, ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге, рефераттарға, әдістемелік әзірлемелер
мен құралдарға, оқытудың техникалық құралдары және электрондық-есептеу техникасына шолу жасауды
ұйымдастыру;
9) ынтымақтастық педагогикасы, өзін-өзі басқару жөніндегі жұмыстарды жетілдіру,
оқу-тәрбие үдерісін жақсаруына және еңбекті ұйымдастыру, өзара тексеру және өзара көмектің
тиімді нысандарын кеңінен қолдануға білім алушыларды тарту.»;
мынадай редакцияда жазылсын:
9-тармақ
«9. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгінің берудің білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай
бағыттарды қамтиды:
1) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мен білім беруді ақпараттандыруды қорыту және
тарату жөніндегі іс-шараларды өткізу;
2) арналған оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың білім
алушылардың ағымдық үлгеріміне әсерін талдау;
3) білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;
4) білім алушылардың контингентін, олардың бейінін, дайындық деңгейін және мүмкіндіктерін
ескере отырып, жыл сайын қалыптастыру жұмысты әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;
5) білім беру процесін оқу әдебиеттерімен және ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен
қамсыздандыру мониторингін жүзеге асыру;
6) білім беру үдерісін келешектегі демографиялық, экономикалық және салалық ахуалды
ескере отырып, өңірлер бойынша және жалпы ел бойынша жоспарлауды ұйымдастыру;
7) оқытудың жаңа технологиялары бойынша, оның ішінде кредиттік және қашықтықтан оқыту
технологиялары бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу;
8) ғылыми жобаларды, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу және конкурстарға қатысу,
олардың нәтижелерін өндіріске, оқу процесіне енгізу;
9) даярлаудың қолда бар және болашағы бар бағыттары бойынша мамандарға қажеттілікті
болжау үшін деректер базасын құру мақсатында маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру;
10) дидактикалық-әдістемелік, оқу материалдық оқыту құралдарын әзірлеу және енгізу;
11) диссертациялардың, монографиялардың, ғылыми мақалалардың, ғылыми-әдістемелік
әзірлемелердің, жобалардың сараптамасын жасау;
12) білім беру процесін оқу әдебиеттерімен және ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен
қамсыздандыру мониторингін жүзеге асыру;
13) мәндес мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын бірыңғайландыру жөніндегі
ұсыныстарды енгізу;
14) нормативтік құқықтық құжаттарды, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім
мамандықтарының жіктеуішін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру
жөнінде ұсыныстар енгізу;
15) оқу үдерісіне қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, дидактикалық
материалдарды, және оқытудың автоматтандырылған жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз етуді,
ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық кітапханалық жүйелерін енгізу;
16) оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, типтік оқу бағдарламасының жобаларын дайындауға
қатысу;
17) оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттарының талаптарын ескере отырып сараптау;
18) оқулықтар, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік, оның
ішінде электрондық тасымалдағыш құралдарын және дидактикалық материалдарды әзірлеу;
19) оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттар
әзірлеу және енгізу;
20) оқыту сапасын, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін талдау;
21) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша тақырыптық ғылыми,
ғылыми-әдістемелік семинарларды, конференцияларды, вебинарларды, кеңестерді ұйымдастыру және
өткізу;
22) студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми-әдістемелік жұмысының мазмұны
мен нысандарын ұйымдастыру, үйлестіру, талдау;
23) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша тақырыптық ғылыми,
ғылыми-әдістемелік семинарларды, конференцияларды, вебинарларды, кеңестерді ұйымдастыру және
өткізу;
24) ғылыми жобаларды, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу және конкурстарға қатысу,
олардың нәтижелерін өндіріске, оқу процесіне енгізу;
25) мамандықтар бойынша магистранттарды, философия докторларын даярлауды ұйымдастыру және
іске асыру;
26) диссертациялардың, монографиялардың, ғылыми мақалалардың, ғылыми-әдістемелік
әзірлемелердің, жобалардың сараптамасын жасау.»;
мынадай редакцияда жазылсын:
10-тармақ
«10. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің оқу процесін, білім беру бағдарламаларын іске асыратын, үйлестіретін барлық құрылымдық
бөлімшелерде (әдістемелік бірлестіктерде, әдістемелік пәндік және циклдік комиссияларда,
кафедраларда, бөлімдерде, факультеттерде, институттарда), әдістемелік жұмыс қызметтің негізгі
түрі болып табылатын ұйымдарда (республикалық, облыстық, аудандық, қалалық әдістемелік
кабинеттерде), оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерде (оқу-әдістемелік
бөлімдерде, басқармаларда, орталықтарда, кабинеттерде) жүзеге асырылады.»;
11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
33-тармақтың
«11) мамандар даярлауда сапа мониторингін ұйымдастыру, берілген білім беру
бағдарламаларында ақпараттық банк құру.».
мынадай редакцияда жазылсын:
36-тармақ
«36. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің берудің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және атқару үшін
оқу-әдістемелік секциялар құрылады.».
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (
С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет»
ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік
құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми
интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен
кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң
департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым Министрі А. Сәрінжіпов
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |