Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



жүктеу 3,59 Mb.
Pdf просмотр
бет298/444
Дата04.10.2023
өлшемі3,59 Mb.
#43645
түріОқулық
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   444
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
ке тексерілмейді. Олардың твор-
чествосындағы заңды байланыстар 
айтылмайды. Басқалары сөз арасын-
да аталады да, әдебиет тарихы деп 
бір ғана ақынды ұсынады.
Қазақ әдебиетінен 9 класқа ар-
налған оқу құралында (авторлары 
Қабдолов, Қирабаев, Нұрқатов) қазақ 
әдебиетінің тарихы Белинский-
ден, Чернышевскийден, Добролю-
бовтен басталады... Кітапты «Қа-
зақ әдебиетінің тарихы» деп Бе-
линскийді, Чернышевскийді, Добро-
любовті қазақ әдебиетінің өкілі 
етуде авторлардың қандай принцип 
ұстағаны белгісіз» деген өткір сын-
да ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің 
қандай деңгейге дейін төмендеге-
нінің шындығы жатыр.
Ғылыми айтыс қорытындысы мен 
соңғы қаулыдан туындаған ниги-
лис тік көзқарас мектеп бағдарла-
ма лары мен оқулықтарын, хресто-
матияларды әлі де болса жақсарта 
түсуге шақырды. «Социалистік Қа-
зақстандағы», М. Ғабдуллиннің «Қа-
зақ әдебиетінің оқулықтарын жазу 
туралы» (1952, 16 қараша), М. Базар -
баевтың «Қазақ әдебиетінің оқу-
лықтарын жазу туралы» (1953, 
9 сәуір), «Халық мұғалімінде» 
Ә. Дербісалиннің «Халық ауыз 
әдебиетінің орта мектепке арналған 
оқулығы» (1953, №1) секілді мақа-
лалары әдебиеттің таптығы мен ха-
лықтығы қағидаларының әлі де 
болса толық басшылыққа алынбай 
жатқанын бір жақты сынады. Ал сын-
шы Қ. Нұрмаханов «Қазақ әдебиеті 
оқулығындағы елеулі қателер ту-
ралы» мақаласында, ІХ класс үшін 
жазылған оқулықтағы жоғарыдағы 
Қ. Жұмалиев айтқан қателікті сынай 
отырғанымен, «екі түрлі мәдениет-
тің элементі» туралы В. И. Ленин 
қағидасын тілге тиек етіп, сол кездегі 
«тұрпайы социологизм» позициясы-
нан аулақтап кете алмады. 
Ұлттық әдебиеттану ғылымы 
өзінің туу дәуіріндегі және даму 
кезеңінің алғашқы жылдарындағы 
азды-көпті жетістігінен бас тартуға 
дейін барған осы бір қиын кезеңде 
И. Сталин өлді де, Коммунистік пар-
тия мен кеңес өкіметіндегі «халықтар 
көсемінің» жеке билігі құлады. 1929 
жылдан бастап Сталиннің жеке ба-
сына табынудың ықпалында келген 
кеңестік идеология Ленин өлгендегі 
«Ленин өлді, бірақ, ленин жолы 
мәңгі жасайды» деген ұранын, «Ста-
лин өлді, бірақ сталин ісі жалғаса 
береді» деп қайта көтерген жоқ. Бұл 
«буржуазияшыл-ұлтшыл» таңбасы 
басылған, енді ұсталып темір тордың 
ар жағынан шығуға тиісті әдебиетші-
ғалымдар мен ақын-жазушылардың 
аман-сау қалуына басты себеп бол-
ды. Жоғарыдағы партиялық билік 
үшін таласта Сталиндік дәуірдің қай-
та оралмайтыны, керісінше сынға 
ұшырайтыны белгілі бола бастағаны 
және жергілікті басшылардың ау-
ысуы үлкен өзгерістің болатыны-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


317

жүктеу 3,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   444




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау