ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
мерзімді баспасөз бен ғылыми ба-
сылымдарды қырағы қадағалаған
сияқты. Оған дәлел – соғыстан соң
іле-шала 1947 жылғы қаулының
шығуы. Бұл ғылыми-зерттеушілік
ой-пікір барынша еркіндік алып ке-
те алмағандығын көрсетеді. Соның
салдарынан да ұлы ағартушылар
және Махамбет, Сұлтанмахмұттан
басқа ақын-жазушыларымыз оқу
құралдарындағы таныстырулар мен
талдаулардан әріге бара қоймаған
деңгейде қалып қойды. Ол жеке да-
рындарды монографиялық тұрғыда
тексеру жұмыстарының тұтастай өріс
алуына, сол арқылы ұлттық әдебиет
тарихының жүйелі түрде зерттелуіне
кесірін тигізді.
Ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің
оқулықтарда сөз болып жүрген басқа
ақын-жазушылардан гөрі Махам-
бет пен Сұлтанмахмұтқа көбірек ден
қоюының объективті себептері де жоқ
емес. Махамбет шығармашылығы-
на байланысты ол екі жағдайда та-
нылды. Біріншіден, 1943 жылғы
М. Әбдіхалықов пен А. Панкрато-
ваның революциясымен шыққан
«Қазақ ССР-інің ерте заманнан
осы күнге дейін тарихы»аталатын,
шықпай жатып-ақ қатты «сынға»
ұшыраған еңбектегі Исатай-Махам-
бет көтерілісінің сұлтандар бастаған
ұлт-азаттық қозғалыс емес, шаруалар
көтерілісі болып дәріптелуі болса,
екіншіден, соғыс кезіндегі ата-баба
аруағын шақырған күрескерлік рух
пен патриотизмге бет алу өз әсерін
тигізді. Сұлтанмахмұттың зерттеле
бастауына, туғанына 50 жыл, қайтыс
болғанына 25 жыл толуын атап өту
секілді даталар себеп болды.
Осы кезеңде ғылыми ой-пікір-
дің дамуына ерекше еңбек ет-
кен Е. Ысмайылов пен Б. Кенже-
баевтың Сұлтанмахмұт туралы,
Қ. Жұмалиевтің Махамбет туралы
мақалалары жеке дарындарды мо-
нографиялық тұрғыда зерттеудің
биік үлгісін көрсетті. «Әдебиет және
искусство» журналы және басқа ба-
сылымдар бұл ақындар туындыла-
рын жиі жариялады. Соның нәтиже-
сінде С. Торайғыровтың таңдамалы
шығармалары (1950) жарық көрді.
Махамбет мұрасын жинау-жариялау
жұмыстары қолға алынды. Осындай
ізденістер жемісі ретінде 1948 жылы
Қ. Жұмалиевтің «М. Өтемісұлы»
атты ғылыми очеркі, 1949 жылы
Б. Кенжебаевтың «Сұлтанмахмұт тың
ақындығы» аталатын зерттеуі басы-
лып шықты. Бұған Қ. Жұмақұлов-
тың «Қазақ халқының ұлы демократ
ағартушылары» атты кітапшасы
қоссақ,
40-жылдардағы
ұлттық
әде биеттану ғылымы әдебиет та-
рихы ның жалпы мәселелері мен
дәуірге бөлу проблемасымен ғана
шек теліп қалмай, жеке дарын-
дар шығармашылығын тексеруде
де шешуші қадамдар жасай ал ға-
нын көреміз. Өкінішке орай, ке-
ңес дәуіріндегі әдебиет өкілде-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
288
Достарыңызбен бөлісу: |