Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



жүктеу 3,59 Mb.
Pdf просмотр
бет114/444
Дата04.10.2023
өлшемі3,59 Mb.
#43645
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   444
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
сақтықтарды осы 1939-1941 жыл да-
ры жазылған мақалалардың көбін-
де кездесетінін ескеретін болсақ, 
С. Мұқановтың алғы сөз ретінде жа-
зылған бұл мақаласы эпикалық жыр-
лардың жанрлық тарихи сипаттары 
мен әдебиеттегі орнын белгілеуде 
фоль клорлық мұраны жариялау, зерт-
теу жолында фольклористика ғылы-
мына өзіндік үлесін қосты.
Батырлар жырының туу не гіз-
дерін, халықтың тарихына қарым-
қатынасын терең зерттеп бірнеше 
еңбектер жазған Ә. Марғұланның 
«Халық жырын туғызған мотив-
тер» атты мақаласы соны пікірлер 
көтеруімен құнды. Халық шы ғар-
машылығының, оның ішінде ертегі, 
жырлардың бостан-босқа туа сал-
майтынын, халықтың тұрмыс-тір-
шілігінде ерекше орны бар әдеп-
ғұрып, салт-сана белгілері мен тари-
хи оқиғаларына қатысты мотивтердің 
әсері, эстетикалық рөлі болғанын 
ғылыми дәлелдейді. Бұл мотивтерді 
халықтық әлеуметтік өмірмен тығыз 
байланыста қарай келіп, олардың 
бірнешеуін атап көрсетеді. Автор не-
гізгі мотивтер деп: а) бейбіт тұр мыс, 
еркін өмірді аңсау, ә) әдет-ғұрып, 
салт-сана жолын ұстау (тұрмыс-салт 
жырларын туғызатын мотивтер. – 
Ж. С.
), б) төрт түлік мал, в) ел қорға-
ны ерлерді сүю, мадақтау, г) ел бас-
шысы, ақылшы қарияларды құрмет-
теу, ғ) ер анасы әйелді ардақтау
д) ғашықтық, сүйіспеншілікті дә-
ріптеу, е) өлеңге, өнерге деген құш-
тарлық және тағы басқаларды атап, 
халық поэзиясының әр түрінің шы-
ғуының негізгі себептерін ашады. 
Бұл мотивтердің халық поэзиясын 
жанрлық табиғатына сай зерттеу 
жүргізуде әр шығарманың халықтық 
сипатын ашудағы маңызын нақты 
көрсетеді. Сол сияқты жыр мен 
ертегінің сюжеттік ұқсастығы олар-
ды айтушыға, жырлаушыға байла-
нысты болғанын, батырлық ерте-
гіні жыршы-жырау эпостық жырға 
қалай айналдырса, эпостық жырды 
ертегішілер ертегіге солай өзгертіп 
жібере алатынын нақты мысалдар-
мен дәлелдей келіп, «кейбір жыр 
түрі уақыт өте келе ұмытылып, қара 
сөзбен айтылатын ертегіге айналуы 
мүмкін», – деген пікір білдіреді.
Ғылыми зерттеу мақалалардың 
негізгі нысанасына айналған ауыз 
әдебиетінің бір көлемді саласы – ер-
тегілер. Е. Ысмайыловтың, Б. Кен-
жебаевтың т.б. мақалаларында ерте-
гілер халық шығармашылығының 
аса бай мұрасы ретінде қаралып, 
жанрлық сипаты мен тақырыптық-
идеялық, мазмұндық жағынан бір-
неше түрлерге жіктеледі. Әр түрін 
бір-бірінен салыстыра отырып ерек-
шеліктерін, халық өмірінің айнасы 
болғанын, яғни халықтың арман ті-
легі, қиялы, тұрмыс-салты, әлеу мет-
тік-эстетикалық көзқарасы се зі ле тіні 
жүйелі баяндалады. Е. Ис ма йылов 
қазақ ертегілерінің шы ғу себептерін 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


131

жүктеу 3,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   444




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау