ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
лениндік әдіснамаға мойынсұнба ған
әдебиетші-сыншылар, ғалымдар да
кетті. Осыған байланысты «тұрпайы
социологизмнің» дауылы бәсең тар-
тып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жаңа әдіснама талаптарына сай жүр-
гізу қолға алынды. Заман тала бына
сай әдеби мұраны игерудің жаңа
проблемалары көтерілді. Ол проб-
лемалардың ең ірісі – қазақ фолькло-
ры мен әдебиетінің тарихын жазу,
дәуірлеу мәселелері еді. Бұлар 1920
жылдардағы мақалаларда сөз ара-
сында айтылып жүргенімен, әдебиет
тарихын жазуға ғылыми тұрғыдан
көңіл аударып, практикалық тұрғыда
орындаудың кезі келгенде С. Сей-
фуллин 1929 жылы «Қазақ әдебиеті
туралы» ашық хат жариялады. Онда
қазақ әдебиетінің тарихын мектепке
лайықтап жаңа заман талабына сай
жасау мәселесін көтереді.
Қазақстанда бастауыш, орта мек-
тептердің көптеп ашылуы, педа-
гогикалық техникумдер мен учили-
щелер, 1928 жылы Қазақтың мем-
лекеттік университетінің ашылуы,
оларда қазақ әдебиетінің пән ретін-
де оқытылуы қазақ әдебиетінің бір
жүйеге түскен оқулығы мен тарихын
жазуды талап етті. «Қазақ әдебиеті
тарихынан университетте дәріс бе-
ріледі. Дәріс берілуі үшін тәртіпке
қойылған аңғармен құрылған құрал
боларлық қорытылған кітап керек»
болды.
С. Сейфуллиннің қазақ әдебие-
тінің тарихын жазуға байланысты кө-
терген осы проблемалық пікірі ауыз
әдебиеті үлгілерін жинау, жария-
лауды насихаттау мақсатында жазы-
лып жатқан сан түрлі мақалалардың
бетін жаңа арнаға, ғылыми негізге
қарай бағыттады. С. Сейфуллин қа-
зақ әдебиетінің ғылыми тарихын жа-
сау мәселесін 1931 жылы жазған «Ер-
тедегі жырлы әңгімелер, яки ноғайлы
дәуірінен қалған әдебиет нұсқалары»,
«Билер сөздері» атты мақалаларында
жалғастырды. Оның бұл бастамасы-
на ақын-жазушылар, қазақ зиялыла-
ры қызу үн қосты.
Егер де 1920 жылдары ауыз әде-
биетін жинау жалпылама түрде жүрсе,
енді халық әдебиетінің ғылымдық
тарихын жасау мақсатында белгілі
бір жүйемен ғылыми-зерттеу жұ-
мыс тары жүргізілді. Соның нәти-
же сінде мектептер мен жоғарғы оқу
орындарын оқулық, хрестоматия-
лармен қамтамасыз ету процесі бас-
талды. Осы игі қадамға Ораз Исаев-
тың фольклорлық мұра жайында
ҚазАПП басқармасына жазған хат-
тары әдеби мұраға деген мемлекеттік
қамқорлықты ғана көрсетіп қой май,
әдебиет тарихын зерттеу барысына
ай рықша назар аударды. «Көркем
шы ғармалардың бәрі де байшыл шы-
ғарма деп, бәрін де іске алғысыз етіп
тастаймыз деу дұрыс емес дей келіп,
әдебиет зерттеушілерін әдеби мұраны
біржақты бағалаудан сақтанды рады.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
123
Достарыңызбен бөлісу: |